Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 03:27

БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТКЕНДЕР

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

        Ғасырға жуық тарихы бар қа­ламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №64 орта мектеп. Ондаған жылдар бойы мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан тү­лектер еліміздің түкпір-түкпі­рінде еңбек етіп, өңіріміздің атын шығарып жүр.

   Мектебіміз 2014-2015 оқу жы­лында 300 орындық жаңа тип­ті үлгідегі ғимаратқа көшті. Жаңа ғимараттың сынып кабинеттері жарық, қыс мезгілінде өте жылы. Оқушылар үшін оқу­ға, білім алуға барлық жағдайлар жасалған. Білім көкжиегін ке­ңейтіп, жаңаша білім бағдарламасы бойынша ізденістер танытып, жаңа биіктерге көтерілуіне ұйытқы болып жүр­ген, бірнеше мектепте басшылық еткен тәжірибелі педагог, осы саланың аудандағы саң­лақ­тарының бірі, Қазақстан Рес­публикасының Білім беру ісі­нің Құрметті қызметкері - Аманкелді Бөлекбаев мектебі­міздің уақыт көшімен бірге замана талабына сай ілгері басуы­на барлық жағдайлар туғызып келеді. Педагог-қызметкерлер­дің деңгейлік бағдарламалары бойынша курстарынан бірінші деңгей бойынша - 3, екінші дең­гей бойынша - 1 және үшін­ші деңгей бойынша - 6 ұстаз өткен. Өткен оқу жылы да пән және жаңартылған білім беру барысы бойынша ондаған мұға­лім біліктіліктерін арттырды. Сондай-ақ ұстаздық жолды таң­дап, шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүр­ген ұстаздарымыз Ақжанай Көп­тілеуова, Нұрлыгүл Байетова, Ботакөз Ибраева, Сәбила Нұржанова, Қуаныш Мырзатаев, Бағдагүл Кенжебаева, Ізбасар Жолмаханов, Несібелі Бө­ке­шовалар біздің мақтаныштарымыз.

   Өткен оқу жылында да жоспарланған апталықтар, ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өз уақытында жоғары дәрежеде өтті. Жыл көлемінде өтіл­ген апталықтардың ішінде "Біз­дің болашағымыз тілімізде" тақырыбындағы бастауыш сыныптар арасындағы пән апталығы мектепішілік әдістемелік кеңес отырысында "Ең үздік апталық" деп танылды. Әдіс­те­мелік кеңес отырыстарында пән мұғалімдері мен шығармашылық ұстаздар өзара тәжірибе бөлісіп отырды. Оқу жылындағы соңғы кеңес қорытындысымен оқушылар жетістігі бо­йынша тарих пәні бірлестігі "Үз­дік бірлестік", бастауыш сыныптар мұғалімі Мәдина Хайрованың 4-сыныптағы "Ұмытылмайды Ұлы Жеңіс" атты сыныптан тыс жұмысы "Ең үздік сыныптан тыс жұмыс", орыс тілі пәні мұғалімі Бағдагүл Кен­жебаеваның 9-сыныпта өткізген "Русские женщины" атты сабағы "Ең үздік ашық сабақ", 7-сыныпта математика пәнінің мұғалімі Фариза Бердалының "Он үш жас - мүшел жас" тәр-бие сағаты "Ең үздік тәрбие сағаты", 9 "А" сынып оқушылары сабақ үлгірімі мен үлгілі тәртібі, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласқандары үшін "Ең үздік сынып" (сынып жетекшісі Ақжү­ніс Есмағамбетова), 2-сынып оқушылары арасында "Математика әлемінде" тақырыбындағы үйірме отырысы (жетекшісі Сәбила Нұржанова) "Ең үздік ашық үйірме отырысы" аталымдары бойынша үздіктер деп танылды.

 Мектепте тоғыз пән бірлес­тігі жұмыс атқарады. Ұстаздар мен оқушылардың үйлесімді жақсы жұмыстарының арқасында аудандық олимпиадада 15 оқушымыз түрлі жүлделі орын­дар алып және 8-і Алғыс хаттар иеленді. Соның ішінде 8-сынып оқушысы А.Кеңес (пән мұғалімі Б.Кенжебаева) орыс тілі, 9-сынып оқушысы С.Әлім­баева (пән мұғалімі С.Нұрпейісова) құқық негіздері пәндері бойынша топ жарып, І орынға ие болды. Мектепішілік мұғалімдерінің кәсі­би "Жыл мұғалімі - 2017" байқа­уын­да өзінің жан-жақты білім­ді­лігін көрсеткен, педагогтық шеберлігін танытқан бастауыш сынып мұғалімі Г.Жоланова бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ физика пәнінің мұғалімі Қ.Сәдібекова (І орын), география және орыс тілі пәндерінің мұғалімдері Ж.Исаева, Т.Махатова (ІІ орын), қазақ және ағылшын тілдері пәндерінің мұғалімдері М.Еншібай, Ж.Махамбетова (ІІІ орын) жүлдегерлер атанды.

    Мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдері жыл көлемінде ұйымдастырылған аудандық, облыстық түрлі сайыстарда ұдайы жүлделі орындар иеле­ніп, биіктерден көрінді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен "Ана тілің - арың бұл" атты жас ақындар мүшәйрасында 9-сынып оқушысы, балауса ақын А.Біләлова ІІ орынды жеңіп алды. Республикалық қа­шықтық олимпиадасында география пәнінің мұғалімі Ж.Исаева аудан бойынша ең жоғары нәтиже көрсетіп, мерейі үстем болды. Аудандық білім бөлімі мен "Жастар ресурс­тық орталығының" ұйымдасты­р­уы­мен оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға байланысты өткізілген "Ғылым жолында" атты ғылыми жобалар байқауында «Этномәдениет» секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Г.Жолдыбаева (жетекшісі Е.Абдуллаев) білімді­лігімен өзгелерден оқ бойы оза шауып  І орынды жеңіп алса,  "Био­логия" секциясы бо­йынша 2-сынып оқушысы А.Жақсылықова (жетекшісі С.Нұр­жанова) ІІ орынды иеленді. "Жаңа инновациялық техноло­гия­ларды қолдану, Мәңгілік Ел болудың қарышты қадамы" тақырыбындағы облыстық ғылыми практикалық конференцияда көрсеткен нәтижелі жұмыстары мен шығармашылық ізденістері үшін математика пәнінің мұға­лімі Ж.Тасмамбетова Алғыс хатпен марапатталды. "Үздік авторлық оқу-әдістемелік кешендер және элективті курстар - 2016 " аудандық байқауында бас­тауыш сынып мұғалімі С.Нұржанова ІІІ орын алып, дипломмен марапатталды.

    Қызылорда қаласында өткен жалпыға білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының об­лыс­тық кезеңінде "Тарих: адам жә­не қоғам" секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Н.Тахауиев (пән мұғалімі А.Көптілеуова), 11-сынып оқушысы Н.Тілепбергенов (пән мұғалімі  К.Дәулетов) ІІІ орын алды.  "Современные педагогические технологии в преподавании русского языка и литературы" тақырыбында облыстық семинарда кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін көрсеткен, жоғары білікті  мұғалім Б.Ибраева дипломмен марапатталды.

    Республикалық бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығы ұйымдастырған бастауыш сыныптар арасында өткен қазақ тілі пәні олимпиадасында 1-сынып оқу­шы­лары Ә.Абдрасуллаев І дәрежелі, Ә.Шапатуллаев математика пәні олимпиадасында, 2-сынып оқушылары Б.Жанболатұлы, Ш.Жамағатова ІІІ дәрежелі, Т.Толыбай, 2-сынып оқу­шы­­сы Д.Әбдіхалықов ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Осынау жетістікке шәкірт­тері білімділік танытқан, мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Н.Байетова, Г.Оспанова, С.Нұржанова, Ф.Мырзалиеваның еңбегі зор.

    Бала денсаулығы бәрінен қымбат. Мектебімізде денешынықтыру сабағының өткізілуі мен спорттық үйірмелер жақсы жолға қо­йылған.  Аудандық спар­такиада бағдарламасында қол күресінен 11-сынып оқушысы Б.Бақытбекұлы ІІ орын, 10-сынып оқушысы А.Бақытбекқызы І орын, М.Тоғысбаева ІІІ орынды жеңіп алды. Командалық есепте мектеп командасы жүлделі ІІ орынды еншіледі. Атырау қаласында өткен грек-рим күресінен болған республикалық турнирде 54 салмақ бойынша оқушымыз Ә.Нұралиев ІІІ орын алып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Мектеп оқушылары арасындағы қалалық баскетбол спартакиадасында мектеп командасы (жетек­шісі Қ.Мырзатаев) ІІ орын­ға көтерілді. Асық ату жарысында 8-сынып оқушысы Н.Мақсұтбекұлы, 11-сынып оқушылары Ә.Өте­мұратова, А.Дәулет командалық есепе І орынды жеңіп алып, жеңімпаз атанды.

   №4 қалалық кітапханада Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың "Ядроға қарсы жаһандық бастамаларын" насихаттау барысында өткізілген іс-шараға оқушылар Ш.Әбез, Н.Ерболатқызы, үйірме жетекшілері З.Өтешова, А.Өтепова, бастауыш сынып мұғалімі А.Хайрова белсене қатысты. Бұл шараның тәрбиелік маңызы зор болды.

   Жаңартылған білім бағдарламаларына иек артқан білім саласының саңлақтары алдағы уақыттарда да оқушыларға жан-жақты білім беріп, олардың үлкен азаматтық тұлға болып қалыптасуына ерен еңбек ететін ұстаздарымыздың алар асулары мұнан да әрі биіктей береді деп сенеміз. Ұстаз еңбегі ешқашан уақыт талабынан кеш қалып қоймауы тиіс екендігін естен шығармаймыз. Сонда ғана біздің еңбегіміз жемісті болмақ.

Биғазы ҚОНЫСБАЕВ,

№64 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Оқылды: 142 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер