Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 04:30

Өр рухты жастарымыздың тілге деген жанашырлығы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

  Қызылорда қалалық білім бөлімі және №5 мек­теп-лицейінің басшысы А.Избасованың ұйым­дас­ты­­руымен мектебімізде "Көп тілді білім беру мә­селелері мен болашағы" атты 10-11 сынып ара­сында дөң­гелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақ­саты - Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жол­дарын тал­қылауға салу, мемлекеттік тілдің қол­дану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын ке­ңінен насихаттау, мектеп оқу­шы­сының қазақ ті­лін білу деңгейін көтеру және оқып-үйренуге деген ықы­ласы мен қызығушылығын арттыру. Көп тілді білім беру - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін сам­ғауына жол ашатын, әлемдік құпияларға үңіліп, өз қабілетін танытуға мүмкін­ді­гін арттыратын, пат­риоттық сезімін оятып, ті­лін, Отанын, елін жерін сүюге, құрметтеуге тәр­биелеу.

    Дөңгелек үстелге қаламыздың ең іргелі 18 мек­теп­тің ұстаздары, оқушылары атсалысты. Қызыл­ор­да қалалық білім бөлімінің әдіскері Р.Мұхашова, Қызылорда облыстық түрік мәдени орталығының тө­райымы, Қазақстан халықтарының Ассамблея мү­шесі Г.Гейдарова, "Ұстаз мәртебесі" газеті мен "Әлімсақ" журналының бас редакторы Н.Нұрма­ха­нов қатысып, сөз сөйледі. Дөңгелек үстел тізгінін Н.Көбегенұлы қолға алды.

   Дөңгелек үстел барысында "Тіл - ұлы байлық" ат­­ты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Дөңгелек үс­телдің ерекшелігі, бұл жолы тіл тақырыбында оқу­шылар баяндамалар оқыды. №3мектеп-гимна­зия­сының 11-сынып оқушысы Алмас Аппазов "Латын әліпбиіне көшу - ағылшын тілін жетік меңгерудің тиім­ді жолы", №5 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Диана Болат "Тілдерді меңгеру - жарқын бо­лашақтың бағдаршамы", №136 мектептің оқу­шысы Арайлым Жорабаева "Үш тұғырлы тіл - бәсе­кеге қабілетті ел", №198 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Арайлым Отарбаева "Ұлылар ұлықтаған ана тілі" және №222 мектебінің 10-сынып оқу­шы­сы Арайлым Нұрымбетова "Үш тұғырлы тіл бәсе­кеге қабілетті ел" тақырыбында баяндама оқып, ой­ларын ортаға салды.

   Баяндамашыларға дөңгелек үстелге қатысушы оқушылар сұрақтар қойды. Әділқазылар дөңгелек үстелінде отырған оқушыларға жетек сұрақтарын тарат­ты. Жетек сұрақтарына әрбір оқушы кідір­мей, мүдірмей жауап берді. Оқушылар өз ой-пі­кірлерін еркін айтып, ұсыныстар тастады. Оқу­шылар сал­мақты ой айтып, белсенділік танытты. Тілге деген жанашырлықтары көрермендерді таң­ғалдырды.

   Дөңгелек үстел соңында қалалық білім бөлі­мі­нің тарапынан белсенді оқушылар марапат­талды. Жүлделі І орынды №136 мектептің 11-сынып оқушысы Арайлым Жорабаева, ІІ орынды №5 мек­теп-лицейінің 11-сынып оқушысы Диана Болат пен №3 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқу­шысы Алмас Аппазов, ал ІІІ орынды №11 мек­теп­тің оқушысы Зейін Шанжархан, №233 мектеп оқу­шысы Інжу Борамбаева, №4 мектеп оқушысы Наргиз Қаныбекқызы иеленді. Осы іс-шараның өз мәнінде өтуіне қазақ тілі пәнінің бірлестік же­текшісі Р.Кокилова, пән мұғалімдері А.Мақұл­бе­кова, А.Жұмадилова, Т.Тастаева сынды ұстаздар өз үлестерін қосты. Тәрбиенің сан қырынан сыр шертетін, өр намысты, өр рухты жастарымыздың тіл­ге деген жанашырлығын арттыратын мерейлі іс-шаралар тізбегі тарқамасын.  

Наргиз Жайманова,

№5 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Қызылорда қаласы

Оқылды: 154 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер