Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Қазан 2017 06:46

Ғасырлық тарихи бар білім ұясы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Мектеп, ұстаз - қасиетті де қастерлі сөз. Барша адамның жүрегінен жылы орын алады. Сапалы білім, са­налы тәрбие арқылы жан-жақты да­мыған тұлғаны тәрбиелеп, еліміз­дің ертеңгі болашағын қалыптастырады. Ал ауыл мектебі бұл сол өңір­дің рухани, мәдени ордасы. Жүз жыл­дық тарихы бар №21 Қамыстыбас орта мектебінің алтын әріптермен жазылған шежіресі осы ауылдың жүз жылдық тарихы десек болады. Қамыстыбас ауылынан шыққан қаншама тұлғалы қайраткерлері еліміз танитын жандарға айналса, олардың бәрі осы мектептің әр жыл­дардағы түлектері.

   Іргетасы 1917 жылы қаланған мек­­теп алғашқыда орыс-қазақ мек­­теп-интернаты болып ашылып, онда Орынбор-Ташкент теміржол бойында жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлердің балалары оқыған. 1938 жылы жетіжылдық мектепке айналған білім ұясы 1954 жылдан бастап орта мектеп болды. Алғашқы мұғалімдер Қ.Төртімбаев, Ж.Ақсатбаев, И.Зыков, Б.Проватровтар еді. Сонан бастау алған ұстаздардың бір­неше легі теміржол бойындағы ауыл балаларының сапалы білім алуы мақ­сатында тер төкті. Олардың арасында елімізге танымал тұлғалар, жа­зушылар мен қоғам қайраткерлері жетерлік. Олар - мемлекет қайраткері Шақпақ Артықбаев, қоғам қайраткері Қарасай Шоқанов, филология ғылымдарының кандидаты Батырхан Дәрімбетов, атақты ақын Шөмішбай Сариев.

   Ел тәуелсіздігін алып, өз алды­мыз­ға мемлекет болғалы мектебі­міз­дің материалдық-техникалық базасы жақсарды. Оқу кабинеттері заман талабына сай қайта жабдықталып, мұғалімдердің шығармашылықпен ай­налысуына, білім сапасын жақсартуға барлық мүмкіндік­тер туып отыр. Мәселен, оқу-тәрбие саласындағы заман талабына сай технология түр­лерін қолданып, өзде­рінің озық тәжірибесін жариялап жүрген мұғалімдеріміз көп-ақ. Олар үнемі ком­пью­терлік кабинеттерде мултиме­дия­лық жүйе арқылы интерактивті тақталармен жұмыс жасап, осы технологиялар арқылы жоспарға сай са­палы білім беріп отырады.

  Бүгінгі таңда Қамыстыбас орта мек­тебінде 63 мұғалім ауыл балаларына тәлім-тәрбие беруде. Олардың ішінде саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған жоғары санатты мұғалімдер баршылық. Соңғы кездердің өзінде аудандық білім сайыстарында көзге түскен ізденімпаз мұғалімдеріміз ғылыми шығармашылық бағыттағы жұмыстарға белсене қатысып, байқау жүлдегерлерінің қата­ры­нан көрініп келеді. Мысалы, бастауыш сынып мұғалімдері Н.Ақмамбетова, Б.Тоқсанбаева, Қ.Өтепбергенова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Жақыпова, химия-биология пәнінің мұғалімі Л.Сүлейменова мен Қ.Айғараева, ағылшын тілі мұ­ғалімі Л.Әнесова, мектеп психологтары С.Тыныштықбаева, А.Жакуповалар өз ізденістерімен аудандағы жаңашыл мұғалімдердің санатына кі­ріп отыр. Өткен оқу жылында өз пәні бойынша жаңартылған білім мазмұны, критериалды бағалау, сынып же­текшісі курсы бойынша 40 мұғалім өз біліктілігін арттырды. Соның ішін­де жаңартылған білім мазмұны бойынша 21 мұғалім біліктілік арттыру курсынан өтті.

   Жалпы білім деңгейінің көрсет­кіштері пәндік олимпиада, ҰБТ, кәсі­би байқаулар мен сайыстардан мектебіміздің жетістіктері жылдан жыл­ға артып келеді. ҰБТ бойынша орташа баллдық көрсеткіш 2016 жылы 80,9 баллды құ­рады. "Алтын белгі" ие­герлері Нұргүл Махатова, Гүлжайна Асанова, Арайлым Аязова, биылғы жылғы түлегіміз Қайыржан Бозғұлановтар мектеп мұғалімдерінің күн-түн демей жас ұрпаққа білім беру жо­лындағы үлкен жемісі.

    Барша ауылдастарымыздың рухани ұясына айналған мектептің жүз жылдық мерейтойы әрбір тұрғынның жүрегінде қуаныш сезімдерін оятады. Білім ордасының ғасырлық тойын тойлау - ұрпаққа ұлағат.

Рысжан ӘЛІПОВ,

№21 Қамыстыбас орта мектебінің директоры

Оқылды: 326 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C