Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Қазан 2017 09:56

МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕЙІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты мін­деттердің бірі - бала тәрбиесі еке­ні аян. Ал, осы игілікті істе бойында ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік қасиеті бар, ата-анасын, Отанын құрметтей білетін, ұлттық санасы мен кісі­лік келбеті қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу - барша педагогтар қауымының төл міндеті. Яғни, осындай білімді оқушылар мен білікті ұстаздардың ортақ үйі, ол, әрине, білімнің қасиетті қара шаңырағы саналатын - мектеп.

    Осынау бір үлкен ұжым мүшелерінің басын бі­ріктіріп, өз жүмысын жогары деңгейде атқарып отыр­ған директорлар арамызда баршылық. Соның бірі де бірегейі №64 орта мектептің директоры Амангелді Бөлекбаев. Ол 1977 жылы Қызылорда қаласындагы Н.В.Гоголь атындагы пединституттың физика-математика факультетін бітіргеннен кейін, алғашқы еңбек жолын ауыл мектебінен бастады. Ұстаздық өмір жолында 1977-1994 жылдары аралығында №58, №13 орта мектептерінде физика пәнінің мұғалімі, №2 мектеп-интернатта тәрбиеші, мұғалім, мектеп-интернат директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін абыройлы атқара білді. Сондай-ақ, I санатты физика пәнінің мұғалімі 1994-1997 жылдары №92 негізгі мектебінің директоры болды.

    40 жылға жуық уақыт бойы білім саласында  қызмет жасап келе жатқан білікті басшы, баршаға өзінің талабы жоғары  білімді ұйымдастырушы екенін көрсете білді. Мәселен, ол №220 орта мектептің директоры болып тұрған тұста ұжым мүшелері жетістіктерге жетіп, оқушылар білім биігінен көріне білді. Яғни, 2004-2005 оқу жылында ауданымыз бойынша білім ордасының Айсәуле Әбіл­даева есімді оқушысы "Алтын белгі" иеленіп, үстаз мерейін үстем етті. Сондай-ақ, 17 оқушы гранттық негізде жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Бірнеше оқушылары аудандық, облыстық, пәндік олимпиадаларда жүлдегер атанып, осындай жемісті жетістіктері үшін жыл қорытындысы бойынша мектеп "Аудан мектептерінің кешбасшысы" атанып, арнайы дипломмен марапатталды.

    А.Бөлекбаев №220 орта мектепте басшылық жасаған кезде 3 оқушы "Алтын белгі" иеленіп, мек­тептің материалдық-техникалық базасы нығайды. Еңбегі еленіп, облыстық білім басқармасының "Құрмет" грамотасымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды. Жуырда ұстаздың еңбегі тагы да бағаланып, "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі берілді.

   Ұзақ жылдық тәжірбиесі бар басшы білім саласы туралы бізбен әңгімесінде:

   - "XXI ғасыр-білім-ғылым ғасыры" деп Елбасы атап өткендей, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу­де алда тұрған міндет те зор. Осы бағытта "Қазақс­тандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында" Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру  үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру керектігі айтылды. Сонымен қатар, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз етіп, пе­да­гогтердің еңбегін мемлекеттік деңгейде қолдап, жетістіктерін ынталандыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыган байланысты, қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп, әрбір педагог жаңа идеялармен және жаңа жүйелермен жұмыс жасауға кірісіп жатыр. Әрине, ол үшін мұғалімдердің білімі оқу­шыларға сапалы да саналы түрде берілуі қажет. Осы мақсатта ұдайы  мұғалімдеріміз білімін жан-жақты көтеру үшін оқыту курстарына барып тұрады. Бағ­дарлама бойынша жаңаша білім беріп, оқу үрдісін ұйымдастырып, оқушыларды жүйелі түрде оқыту-мұғалімдеріміздің басты міндеті. Сол себепті, мұғалімдеріміз алдағы уақытта біліктілік­терін жетілдіре отырып, алған білімдерін тәжірибеде қолданып, жас үрпаққа білім беруде бар күш-жігерін аямай, жаңа бағдарлама аясында кең түрде білім беретін болады-деп, әрбір ұстаздың жаңа бағдарламаны жетік меңгеруі қажет екенін айтты.

    Елбасының Жолдауында: "Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет"-деген. Бүл ұлағатты сөздер қазірде жеке адамның дамуына үлкен мән беру дегені. Ел болашағы - тәжірибелі тұлғаның қолында десек, осындай білікті ұстаздарды бала тәрбиелеу ісіне багыттап отырған  мектеп басшысының да еңбегі зор.

     Арал қаласындағы №64 мектептің директоры Амангелді Бөлекбаев өздерінің төл мерекесіне орай барша ұстаздар қауымын шын жүректен құттықтап, ел болашағы - жас ұрпаққа білім беру жолындағы ерен еңбектеріне толағай табыс тілейді.

С.АРТЫҚБАЙҚЫЗЫ

Арал қаласы

Оқылды: 347 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

"Халық таңдауы" айдарының бұл жолғы санында сусындарды сараптаймыз. Cіз қай сусынды көп тұтынасыз?

Coca-Cola - 28.6%
Fanta - 34.7%
Sprite - 16.3%
Pepsi - 20.4%
Holiday - 0%

Total votes: 49
The voting for this poll has ended on: 17 Қаз 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C