Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 12 Қазан 2017 09:11

Бүлдіршін жанын түсінген

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

  Аралдағы ір­гелі оқу орында­ры­ның бірі - №64 орта мек­тепте оқу­шыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ізденіс танытып жүрген мұ­ғалімдер жетерлік. Со­ның бірі -бас­тауыш сы­ныптың І санатты мұға­лімі Бақтыгүл Қошабаева.

    Бақтыгүлдің тәжі­рибелі ұстаздығы ту­ралы қолымызға қа­лам алған сәтте кө­зімізге мектеп ди­ректоры А.Бө­лек­баевтың берген мінездемесі түсті. Онда "Бастауыш сыныптар мұғалімі Қошабаева Бақтыгүл 1987 жылдан бері қызмет етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі отыз жыл. Осы жылда талай жетістікке жетіп, мектепішілік, аудандық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Сонымен қатар, Бақтыгүл өз іс-тәжірибесін облыс және республика көлемінде таратып жүрген мұғалім.

   Оқушылары да мектепішілік, аудандық, республикалық ғылыми жобалар, пәндік олимпиадалар мен интеллектуалдық марафон­дарда жүлделі орындардан көрініп жүр" делінген ресми мінездеме жолдарын оқығанда ұлағатты ұстаз туралы жақсы пікір түйіп үлгердік.

  Бақтыгүлдің өзімен де тілдестік. Ибалы мұғалім жетістіктерін алдымызға жайып сал­ма­ға­нымен де, мұғалім портфолиясына көз жүгірт­кенімізде шәкірттерінің жетістіктері жайылып сала берді. Бәрін бірдей мақалада тізіп бере алмаспыз, дегенмен бір-жарын атап өтсек. 2015 жылы "Ғылым жолы" атты ғылыми олимпиа­дасында шәкірті Аян Махмудов ІІІ орын алса, бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиадада математика пәні бойынша Мөлдір Медеубайқызы ІІ орын иеленіпті. Ал 2016 жылғы жетістіктері тіпті қомақты. 11 зерде конкурсының аудандық кезеңінде шәкірті І орын. Облыстық кезеңде де жеңімпаз атанса, респуб­ли­калық конкурсында грамотамен мара­патталыпты. Республикалық "Нұрлы болашақ" атты қашықтан олимпиадалар өткізу орталығы ұйымдастырған бәсекеде А.Мах­мудов І орын алыпты. Облыстық мектеп оқу­шылары арасында экологиялық тақырыпта өткізілген "Қоршаған орта балалар көзімен" атты суретшілер байқауында М.Жол­дыбаев ІІ орын, "Пони" халықаралық байқауында Жаңалық Нұрымжан байқау жүлдегері атанып дипломмен марапатталыпты. Шәкірттер жетістігі ұстаз еңбегінің өтеуі.

 Ізденімпаз мұғалім ретінде Бақтыгүл өз же­тістіктерін, әдістемелік тың бастамаларын бас­пасөзде жариялап, түрлі әдістемелік семи­нар­ларға ұсынып, ұстаздар арасында таратудан жа­лыққан емес. 2014 жылы "Болашақты бірге жа­саймыз" ғылыми-практикалық семинар мате­риал­дарының қатарында "Суды қорғау" атты сабағы жа­рияланды. Ал өткен жылы "Бастауыш сыныптарда оқу­шылардың танымдық қабілетін дамыту" тақырыбындағы әдістемелік құралы жарық көріп, мектеп ұстаздарына көмекші әдістемелік ретінде таратылды.

   Өз еңбегінің нәтижесімен аудандық білім бөлі­мінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына бірнеше мәрте ие болған Бақтыгүл Қошабаева әрбір күнін шәкірттеріне арнап, олардың білім сапарындағы қадамдарының нық болуына барлық күш-жігерін салып жүр.

Ерғали АБДУЛЛА

Оқылды: 246 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C