Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 12 Қазан 2017 10:23

«Екі апта ауылда» жобасы ауыл мен қала арасын жақын етеді

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

        Қала мен ауыл арасында әлі де алшақ­тық­тың бары рас. "Тіршілігі қыз-қыз қайнаған ауыл өмірін бүгінгі ұрпақ жете түсіне білмейді" деген сын да қала балаларына жиі айтылады. Мұн­дайда алашордашылардың "қала дегенің, да­лаға шашырай қонған қазақты бір жерге әкеп, үйіп қою. Олай етсең, дала қаңырап қалмай ма?" деген алаңдаушылығы ойға оралады. Әйтсе де, тіршілік көзі жанданып тұрған қала өміріне аяқ басу - уақыт талабы. Қалай болғанда да, ауыл еңбек адамын шыңдайды, қала дүрмектен қалмаудың жолын үйретеді. Білімнен бас алмайтын бүгінгі оқушыларды қысқа мерзімде ауыл өміріне аттандыру Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бар үрдіс. "Екі апта ауылда" деп аталатын әлеуметтік жоба зияткерлік мектеп­тегі 7-11 сынып оқушыларын жазғы демалы­сын тиімді өткізуге себеп. Оқушыларды топ бо­лып біріктіріп, жақын маңдағы ауылдарға апа­рып, қазақы тіршіліктің қайнарымен таныс­тыруды мақсат еткен жоба оқушылардың да, ата-аналардың да оң бағасын алып үлгерді.

   Зияткерлік мектеп мұғалімдері "Екі апта ауылда" әлеуметтік тәжірибесі білім алушы­лар­дың ауыл өмірінің ауырлығы мен қиындығын түсінуге, еңбек етуге, бой сергітіп, ауыл тір­шілігімен танысуға мүмкіндік береді дейді.

 

     Біз де екі апта уақытын ауылда өткізген Қы­зылорда қаласындағы Назарбаев Зият­керлік мектебінің 11-сынып оқушысы Бақдәулет Райымбекті әңгіме тарттық. Айтуынша, ауылға аттану тек оқуды мақсат етіп, жыл бойы бой жазбай жүрген оқушылардың тынысын ашып, миын тынықтыруға жол ашады.

   - Біз осы жазда Қоғалыкөл ауылына бар­дық. Расын айтқанда, алғашқы кезде ауыл өмі­ріне бірден сіңісіп кете алмадық. Әйткенмен, ауылдың бір күні бір күніне ұқсамайды. Таң ата тұрып, кешке дейінгі уақытта тіршілік өз ре­тімен жалғасады. Осы күндер ішінде ұлдар жағы қой кезек, мал қорасын тазалап, тезек теру, су тасу сынды жұмыстарды атқардық. Ал, қыздар күбі пісіп, құрт жайып, нан пісіріп, аула тазалады. Ең бастысы, ер жігіттер болып кірпіш басу технологиясын меңгердік. Бұрыннан білге­німізбен, кірпіштің өзіндік жасау тәсілін үйреніп, екі апта ішінде 3000-ға жуық кірпіш бастық. Әри­не, ауылдағы әрбір тірлік ептілікке, шыдам­ды­лыққа тәрбиелейді,-дейді оқушы.

   Ауылдың күйбең тірлігі мен қала өмірінің күні бір-біріне қабыспайды. Жаңа оқу жылына қосылған оқушылар ауылдағы күндерді әлі күнге дейін еске алады. Ауылдың кешкі өмірі, мал жайғару, бір-біріне қабысатын толғаусыз тір­ші­лікті көз алдынан өткізген мектеп оқушы­лары ауыл­дағы күндерді босқа өткізбей, жасалған жұмыстарды фотоға түсіріп, видео әзірлеп, ауыл өмірін таспалап қайтады. Мұнымен қоса, екі апта ішіндегі көзбен көрген тірлікті өн бойынан өткізіп, қағазға түсіріп эссе жазады. Ауыл ішіндегі өмір­ді бейнелеп, презентация ретінде қорғаған оқу­шылар еңбегі оқу жылының басында бағаланып, марапатталады.

   Жалпы педагогтар балаға бос уақыт қалдыр­мау қажет деп есептейді. Әсіресе, жаз мезгілінде. Сондықтан зияткерлік мектеп түрлі жобалар жасап, оқушының бір сәт миын тынықтырып, қоғаммен араласуына жағдай жасайды. Екі апта ауылда жобасынан бөлек, мұнда "Балаңызды бір күнге жұмысқа алыңыз", "Ата-ана жұмысындағы 10 күн" сынды әлеуметтік жобалар жүзеге асады. 

   Мақсатымыз ой еңбегінен алыстап, қол еңбекке бағыт беретін жобалардың бар екенін айту. Әрине, бұл тек Назарбаев зияткерлік мек­теп­терінде ғана жүргізілмеуі керек. Кейін келе, оқу­шының жаңа тынысын ашатын жобалар мектеп-лицейлерде де жүзеге асса деген ұсыныс бар ұстаздарда.

Абай Тағыберген

Оқылды: 306 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 12 Қазан 2017 10:56

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер