Айдарлар
Айтарым бар
Жанболат Мелдешев:
халықаралық бағдарламалар орталығының директоры:
Манчестер университеті Малайзияда өз кампусын ашады немесе Малайзияның кейбір университеті әлемдегі үздік университеттің франшизасын сатып алады. Бұндағы оқыту осы университеттің бағдарламасына сәйкес, сол университет мұғалімдерінің қатысуымен жүргізіледі, бірақ құны 10 есе төмен. Сондықтан Малайзияға британдық жоғары оқу орындарының дипломы үшін оқуға түсу бүгінгі таңда кең етек алған, ал Малайзия үшін бұл «білім беру туризмін дамыту» тұрғысынан тиімді. Бізге де сол жолмен жүрсе болады, яғни әлемнің жетекші университеттері үшін Қазақстанда оқу орындарын ашу мүмкіндігін беру. Соның нәтижесінде Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Иран және басқа елдерден келген студенттерді Қазақстанда оқытып, Орталық Азиядағы ірі білім беру орталығына айналар едік.
Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!
Бізге жазылыңыз!
Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны
Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)
6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)
Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге
Редакцияға хат
Біз туралы
Редакция құрамы
Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан
Жауапты хатшы –
Абай Тағыберген
Журналистер
Толыбай Абылаев
Айдар Сайлауов
Жүлдызай Қалиева
Байланыс телефоны: 8(7242) 20-16-19
Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz
ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ БАҚЫТ БАСЫН ИЕДІ Сағатбек Қарапаев – жылдың үздік педагогы
Ұстаздық қызметтің жүгін көтеріп жүргендердің дені - әйелдер. Ер азаматтардың бұл мамандыққа беттемей кетуі қоғам ішінде үлкен мәселеге айналды. Алайда, бұл педагогикада ер азаматтар түбегейлі жоқ дегенді білдірмейді. Ұстаздықты мұрат еткен, өз маңдай тер еңбегімен биікке жеткен ер мұғалімдердің қатары көп емес. Соның бірі жақында "Жылдың үздік ұстазы" атанған қызылордалық ұстаз - Сағатбек Қарапаев. Расында, музыка пәні мұғалімдері арасында білімдегі жоғары марапатқа қолы жеткен Сағатбек Жұмабекұлының көптің алдын орап шығуы тегін емес. Ұстаздықты ту еткен Сағатбек Қарапаевтың шыққан шыңы, жеткен биігін білу үшін үздік ұстазды әңгімеге тарттық. Екеуара сұхбаттан байқағанымыз, мұғалім мамандығына жанын берген, ісінен береке тапқан бақытты жанның өмірде де, еңбекте де жолы ашық.
Сағатбек Қарапаев 1960 жылы жұмысшы отбасында дүниеге келген. Отбасында көрген тәлімі мен тәрбиесі шығар, бала кезден қарапайымдылық қағидатын ұстанған ол мансап қуып, мәртебе іздеп бас қатырған емес. 1977 жылы Қызылорда қаласының В.И.Ленин атындағы №144 қазақ орта мектебін үздік бітірген оның ұстаздыққа қызығушылығы бала кезден оянған. Сынып жетекшісіне деген еліктеушіліктен туған дүние, үй ішіндегі әпкесінің ұстаздық жолды таңдауы Сағатбек Жұмабекұлын ұстаз болуға құлшындырады. Ән құдіретін бойына сыйғызған ұстаз шығармашылықты жаны қалайды. Музыкаға деген ынтызарлық оқушы кезден бастап бой бергендіктен домбыра мен баян үніне елітіп, музыка пәнінен беретін ұстаздарының ізінен қалмай үйреніп алады. Өнерге деген ұмтылыс, білуге деген талпынысын байқаған ұстаздары аспап меңгертіп, музыка әлеміне қанаттандырады. Міне, оқушы кезден ән әлемінде қор жиған Сағатбек Қарапаев 1981 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының музыка факультетіне түсіп, сол жылы Қызылорда қаласындағы С.Әлжіков атындағы №144 мектепте мұғалім болады. Мұғалімдік қызметте жүріп, тәжірибе жинап, білімін шыңдай жүріп, 1983-1988 жылдары Н.В.Гоголь атындағы пединститутында өз мамандығы бойынша әдіскер болып жұмыс істеді. Жас ұстаздың жігері мен талпынысы оны білім саласындағы жауапты қызметтерге жетелейді. Айталық, 1989 жылы Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігінің тапсырысы бойынша музыка бағдарламасын жасауға қатысады. Өткенді еске алып отырған ұстаз мұғалім мамандығының машақаты мен мерейі қатар жүретінін тілге тиек етті.
- Қазақ "аздың берекесін берсін" дейді. Мәселе, айлық жалақыда емес. Мамандығына адал болып, өзінді көрсете білсең еңбегін ақталады. Әрине, қазіргі ұстаздарда бәрі бар. Бұрындары сабаққа қажетті көрнекі құралдарды дайындау үшін түнгі төртке дейін отырып, әр күнгі сабағымыздың қызықты өтуіне тер төгетінбіз. Күн-түн демей, ой еңбегіміз бен шығармашылығымызды сарқа жұмсағандықтан болар, еңбегіміз еленіп, марапатталып жатырмыз,-дейді ұстаз.
Сағатбек Жұмабекұлы еңбек ете жүріп, өзін байқаулар арқылы шыңдайды. 1990 жылы "Жас мұғалім - 1990" сайысында бас жүлдені жеңіп алып, Германияға жолдама алады. Алайда, отбасындағы жағдайға орай Германияға жолы түспейді. Музыка пәнін дамытудың жолын қарап, ізденісте жүріп, түрлі тәжірибелерді бойынан өткізеді. Музыкалық аспаптар домбыра, жетіген, баян мен пианиноны меңгерген ұстаз кейде 45 минуттың қалай өтіп кеткенін білмей қалады екен. Сезімге беріліп, ән әлемінің ішіне енген оның әдіс-тәсілдері де оқушыны қызықтыра алады. Педагогикадағы еңбегі ескеріліп, 1991 жылы "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" төсбелгісімен марапатталады. Араға бір жыл салып, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында іс-тәжірибесін облыс көлеміне таратты. Ән демекші, "Табиғат анамыз" атты ең алғашқы тырнақалды туындысы жарыққа шығады. Ахат Жанаевтың қаламынан туған ән мәтіні ұстаздың әуенімен жарасым тауып, жаңа балалар әнін дүниеге әкеледі. Мұнан кейін де, Сағатбек Жұмабекұлы бірнеше әндер жазып, тіпті әуен сарынына келіп тұрған саз мәтіндерін өзі жазады. Бүгінде 20-дан аса әндердің авторы атанып отыр. Шабытынан туған шығармалары мектеп оқулықтарына еніп, республикаға есімі таныла бастайды. Бұл еңбегі де ескерусіз қалмады. 1994 жылы облыстық білім басқармасы "Жоғары санатты мұғалім" біліктілігін берді. Ал, 1996 жылы жоғары оқу орындарының республикалық байқауында Төралқа жұмысына қатысып, Білім министрлігінің "Құрмет грамотасы" марапатына қолы жетеді.
Ұстаздар құрмет құшағында
Білім қашанда құндылық көзі. Беталысы күнде өзгерген заманда адамзат дамуының темірқазығы бола білетін білімнің бүгінде даму арнасы бөлек. Білімнің биігіне жетіп, шыңына шығу тәжірибе мен ізденіс арқылы қалыптасады. Жаңа формациялар мен білім саласындағы трансформация әлсіздің ысырылып, білімдінің орын тауып қалатынын дәлелдеп отыр. Бұл бала біліміне жауапты ұстаздардың бәсекеге шынайы дайындықпен келуіне, ізденіс пен шығармашылықты қатар алып жүруіне жол нұсқайды. Білімдегі талаптың биігіне шығып жүрген ұстаздар аз емес.
Білім аламанына шәкірт қосып, халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда топ жарып жүрген ұстаздардың еңбегі лайықты бағаланып жүр. Республикалық "Үздік ұстаз", "Миллионер мұғалім" атақтары мен түрлі байқаулар ұстаз талпынысын арттырып, шабытына шабыт қосады. Жалпы биылғы жыл Сыр біліміне олжа салар жетістіктер аз болмады. Білім байқауларында дараланып, аймақ имиджін асқақтатқан ұстаздар мен оқушылар өз білімдерін сөзбен емес, іспен дәлелдеп келеді. Соның бір айқын көрінісі "Үздік ұстаз - 2017" республикалық байқауында Қызылордадан үш бірдей ұстаздың топ жарып шығуы. Мұнан бөлек, түрлі форматтағы байқаулар мен білім гранттарына қолы жеткен ұстаздар жетерлік. Өткен аптада өз саласында жетістікке жеткен ұстаздар Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде басқосты. Нақтысын айтқанда, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов сала үздіктерін марапаттады.
"Білім. Ұстаз. Болашақ" тақырыбын арқау еткен салтанатты жиын білім беру саласындағы толайым жетістіктер мен озық тәжірибесі бар ұстаздар, сол ұстаздардан қанат қаққан оқушылар жетістігін көтермелеуді мақсат тұтады.
Қызылорда қалалық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлесе өткізген ұстаздарды ұлықтауға арналған салтанатты жиынында білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов ұстаздарға көрсетілетін құрметтің жоғары екенін айтып, сала үздіктерін марапаттады. Алдымен, бөлім басшысы үздік педагогтар мен үздік білім ұйымы, білім грантын жеңіп алған мектептерді марапаттады.
9591 адамға әлеуметтік төлемдер төленген
Қазақстанда көмекке мұқтаж, жәрдемақы арқылы жан бағып отырған отбасылар аз емес. Көпбалалы отбасылардың күнкөрісіне қажетті берілетін жәрдемақы алатын отбасылар үшін әлеуметтік көмектің берері мол. Газетіміздің өткен санында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы айтқан едік. Жыл аяқталуға екі айдай уақыт қалды. Биылғы жылы қанша отбасы әлеуметтік көмек алды? Тұрғын үй көмегіне қолы жеткендердің саны қанша? Осы сұрақтардың жауабын Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарынан сұрап білдік.
Жалпы 9 ай ішінде атқарған жұмыстары нәтижесін сарапқа салатын болсақ, басқарма маманы Ләззат Әлжікованың мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша 2017 жылдың 1 қазанына жергілікті бюджеттен 64028 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1236,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленген. Тарқатып айтар болсақ, биыл мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Тиісінше, 538 адамға, яғни 129 отбасыға әлеуметтік көмек берілген. Мамандар көмек алатын адамдардың қатары азайып бара жатқанын алға тартады. Мәселен, атаулы көмек алушылар 257 адамға азайған.
Бүгінде кез келген адамды тұрғын үй жайы алаңдатады. Бұл ретте тоқсанына берілетін тұрғын үй көмегінің берері мол. Осы жылы бюджеттен тұрғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теңге қаражат қаралыпты. Аталған қаржыға 7517 отбасына 290,3 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі төленген.
Мектеп жасындағы балаларға берілетін жәрдемақы төлемдері де тұрақты беріледі. Мәселен, биыл 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржы 17196 отбасыға, яғни 55973 балаға беріліп отыр. Әлбетте, бала күтімімен отырған аналарға бұл көмектің аз да болса күнкөруге ықпалы бар. Мұнан бөлек, жергілікті өкілетті органдардың шешімі негізінде берілетін көмектің де түрі бар. 9 ай ішінде жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9591 адамға 677,3 млн. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленген.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІП ТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДУАЛЬДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жыл сайын кәсіптік саланың бүгіні мен өткені таразыланып, жетістіктері сараланатын "Еңбек форумы" ұйымдастырылады. Биыл кәсіптік сала мамандары мен колледждің оқытушыларының басын қосатын жиын "Абылай хан" атындағы колледжде өтпек. Форум жұмысының алдында кәсіптік саланың даму көкжиегі мен келешегі, тәжірибесі баяндалған қаладағы М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі директоры Бақыт Кенбаевтың материалын ұсынып отырмыз. Ал, форум туралы толыққанды материал газеттің келесі санында жарық көрмек.
Қазақстанның әлемдік көшбасшылар қатарынан көрінуі, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейінің артуы өнеркәсіптің инновациялық даму тиімділігімен ұштасады. Бұл өз кезегінде озық білім мен жаңа технологияларды өмірге әкелетін ғылыммен және өндіріспен жүйелі байланыстағы жоғары техникалық білім саласын жаңғыртуға байланысты.
Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының әлеуеті білім беру қызметінің сапасымен ғана емес, еңбек адамын қалыптастыруға бағытталған "Білім - ғылым инновация" интеграциясының дамуымен де айқындалады.
Заманына сай зерделі ой өрісі жоғары азаматтарды қалыптастыру мемлекеттің аса маңызды стратегиясы болып отыр. Қазіргі кезеңде еліміздегі білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда яғни білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптасуда. Бүгінгі күні білімді де білікті, іскер де белсенді адамдардың қатарын көбейту басты міндет болмақ.
Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі - кәсіби маман даярлау. Маманға қойылатын негізгі талаптар - құзіреттілік пен мобильділік.
Еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбие мен қатар жан-жақтылық яғни басқа салалардан хабардар бола білудің өзі үлкен жауапкершілікті жүктейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған тағы бір міндет - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы инновациялық технологияларды меңгеру.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтың бірі -дуальды оқыту жүйесінің енгізілуі. Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Оқу орны басқару құрылымының өкілдерін басқарып, 2014 жыл маусымның 1-12 аралығында, аталған жоба аясында Германия мемлекетінде болып халықаралық біліктілік арттыру курсына қатыстым.
Тұңғыш Институттан «Өрлеуге» дейін
Сыр өңірінде ұстаздардың біліктілігін арттыратын және оқу-әдістемелік көмек беріп, кәсіби шеберлігін шыңдау бағытында құрылған Білім жетілдіру институтының тарихы терең, толайым тәжірибесі бар.
КазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1944 жылғы 15 ақпандағы №200 қарары мен Қазақстан халық ағарту комиссариатының 1944 жылғы 27 қазандағы бұйрығына сәйкес Қызылорда облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңес атқару комитетінің 1944 жылғы 22 қарашадағы №540 шешімімен "Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты" болып құрылды. Алғашқы директоры болып Д.Тұрсынов тағайындалды.
Институтта бастауыш мектеп, орта мектеп кабинеттері ашылып, жалпы штат 12 педагог болғанын бүгінде мұрағат құжаттары дәлелдеп отыр.
Институт 1928 жылы салынған Қазақ №3-ші ғимаратқа (қазіргі Қорқыт ата көшесі) орналасты. Осы жылы облыс ұстаздарының І педагогикалық конференциясы 100 делегаттың қатысуымен өткізілді.
1950-1951 оқу жылында бастауыш сынып және 5-10 сыныптардағы математика, физика пәндерінің мұғалімдерін оқытатын курстар ұйымдастырылды.
1963-1964 оқу жылында институт негізінен педагогикалық озат тәжірибені мектеп практикасына енгізуден, оқу-тәрбие жұмыстарына оқытудың жаңа формалары мен әдістерін қолданудан Ростов, Воронеж, Липецк мұғалімдерінің іс-тәжірибелері облыс мектептеріне таратылды.
1984 жылы "Жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік білім беретін мектептердің білім мазмұнын жетілдіру" туралы мектеп реформасы қолға алынды. Аталған реформада бастауыш мектеп қайтадан үш жылдық, сегіз жылдық мектеп орта, 9 жылдық, 10 жылдық қайтадан орта білім беретін 11 жылдық болып өзгертілді. Осыған орай институт қызметкерлері табысты еңбектер атқарған.
1991-1992 оқу жылынан бастап институт ұжымы халықтық педагогиканың негізгі принциптерін оқу-тәрбие жұмысына кеңінен енгізуді зерттеп, қолдану жүйелі түрде басталды.
2000 жылы - институттың қызметінің кеңеюіне байланысты облыстық білім басқармасына қарайтын мұғалімдер білімін жетілдіру институты облыс әкімшілігіне өтіп, "Облыс әкімінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" болып қайта құрылды. Педагогтердің білімін арттырып келген институт көпсалалы білім жетілдіру орнына айналды.
1944 - 2012 жылдар аралығына дейін облыс бойынша біліктілік арттырудан 80000 астам мұғалім курстан өткен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 қаулысына сәйкес біліктілік арттырудың жаңа жүйесі - "Өрлеу" Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы" Акционерлік Қоғамы құрылды. Оның құрамына Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институты, Алматы, Астана қалалары және 14 облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары енді.
Шығармшылық - нәтижелі оқытудың негізгі
Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында. Олардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау.
Мұғалім еңбегінің жемісті болуы оның біліктілігіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Шеберлік ізденістен басталады. Іздену шығармашылықпен іске асырылады.
"Шығармашылық" деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты іске жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзеліп, ақыл ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.
Қоғамда "орындаушы" адамнан гөрі "шығармашыл" адамға деген сұраныстың көп екендігі дәлелденіп отыр.
Шығармашылық психологиялық еңбектерде еркін әрекет ретінде сипатталды, өйткені адам өз таңдауында еркін болуға тиісті. Шығармашылық әрекет, сонымен қатар интиуцияның орын алып, қиялдың қанат қағуы, сезімнің жоғарылауымен, үздіксіз ізденіспен сипатталды.
Спорт саңлақтары мектепте бас қосты
Келешегі - кемел, болашағы - баянды қазақ жастары салауатты өмірді жандарына серік еткен. "Шынықсаң шымыр боларсың" деп, жалқаулыққа жан семіртпей, жеңіс шыңынан көрініп жүрген қазақ жастары жетерлік. Олардың спорттағы алғашқы жетістігінің іргетасы мектеп қабырғасынан қаланары сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда дене шынықтыру пәні мұғалімдері мақтауға лайық. Оған қоса жақында ғана дене тәрбиесі сабағының апталық жүктемесінің 3 сағатқа артқаны көпке мәлім.
Осы аталған үрдістің легін үзбей, салауатты ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріп жүрген №235 орта мектебі. Мектептегі "Спорт денсаулық кепілі" атты апталық аясында 25 қазан күні "Спорт - бейбітшілік елшісі" атты кездесу болып өтті. Кездесуге мектеп түлектерінің спорт саласында ауыз толтырып айтарлық жетістікке жеткен ең үздік спортшы мамандар шақырылып, қонақ болды. Оларға тарихтан тамыр тартатын ақпараттарды мектеп ішіндегі музейден көрсетіп берді. Музейде мектептің спорт саласындағы жеткен жетістіктері түгелдей дерлік жинастырылып, топтастырылған.
Кеш қонақтары ретінде Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Гүлмира Меңдібаева, Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Серік Сансызбайұлы, жеңіл атлетикадан Азия чемпионы Азамат Құлдас, спортшыларға демеушілік көрсетіп, қолдап жүрген ел мақтанышы, "Олжас" ЖШС директоры Талғат Тасболатұлы, "Асық ату" федерациясының президенті Жандос Базартай шақырылған. Аталған тұлғалар осы мектептен түлеп ұшып, бүгінде мектеп төрінде кештің қадірлі қонағы атанып отыр. Спорт саңлақтары дене шынықтыру әлеміне қадам басып келе жатқан мектеп оқушыларына ізгі ниеттерін, тілектерін білдірді. Спорт шарасының ұйымдастырылуына ұйытқы болып, оқушылардың жетістікке жетуіне басты себепкер атанып жүрген Райхан Наукеев те жас шәкірттерге тілектестігін білдірді.
- Салауатты өмір сүру - әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту деп білемін, мектептегі спорт саласындағы жетістіктерге дән ризамын,- деді №235 орта мектеп директоры Гүлзира Мәжитқызы.
Спорт - елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Егеменді елдің айбынды спортшылары әлемдік бәсекелерде топ жарып, биік белестерден көрінуі тынымсыз жасалған жұмыстардың нәтижесі. Мектеп ұжымы сол үшін де спортшы оқушыларға қолдау көрсетуін жалғастыра беретіндігін айтты.
Айдар САЙЛАУОВ
Сайт бойынша іздеу
Сауалнама
Наурызды қандай киіммен тойлағанды құп көресіз?
Total votes: 41

2°C
Қызылорда
Бұлтты
Құрғақ 93%
Жел 1.61 km/h
-
5 Нбр 2015
6°C 0°C
-
6 Нбр 2015
7°C 3°C