Айтарым бар

Жанболат Мелдешев: 

халықаралық бағдарламалар орталығының директоры: 

    Манчестер университеті Малайзияда өз кампусын ашады немесе Малайзияның кейбір университеті әлемдегі үздік университеттің франшизасын сатып алады. Бұндағы оқыту осы университеттің бағдарламасына сәйкес, сол университет мұғалімдерінің қатысуымен жүргізіледі, бірақ құны 10 есе төмен. Сондықтан Малайзияға британдық жоғары оқу орындарының дипломы үшін оқуға түсу бүгінгі таңда кең етек алған, ал Малайзия үшін бұл «білім беру туризмін дамыту» тұрғысынан тиімді. Бізге де сол жолмен жүрсе болады, яғни әлемнің жетекші университеттері үшін Қазақстанда оқу орындарын ашу мүмкіндігін беру. Соның нәтижесінде Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Иран және басқа елдерден келген студенттерді Қазақстанда оқытыпОрталық Азиядағы ірі білім беру орталығына айналар едік. 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:

       Қай қазақ болса да бі­рауыздан "оқытамыз", "оқиды" дейтіні анық. Әри­не, атауы сондай оқу­лықты оқитыны рас. 1,4-сыныпта жаңартыл­ған білім мазмұнына де­йін "Ана тілі" деген пән оқы­тылды, аптасына бір-екі сағат өлең, әңгіме, ертегіден үзінді оқыған балалар ақыл-ойын же­тіл­ді­ріп, тәрбиеден үлгі алды. Мазмұндауға, жү­гіріп оқу­ға дағдыланды.

   5,7,8-сыныпта "Әдебиет" деп аталатын оқу­лықты әр аптада 2 сағат оқытамыз. Бұл оқулықтың да мазмұны баста­уыштың жалғасы, бала автордың өмірінен деректерді және бір-екі шығарманы талдайды, жаттайды, кейіпкерлеріне, өлең­нің, поэманың көр­кемдік жағына талдау жасайды.

Бөлім:  Білім
Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 04:37

Білімдегі сапа рейтингке тәуелді ме?

     Қазір бар дүниенің өлшемі рейтингке тіреліп тұр. Елдің даму салалары да осы көрсеткішпен баға­ланады. Мұны әсіресе, телеарналар жақсы пайдаланып жүр. Әйтсе де, мына бір дүниені назарға алу керек секілді. Біз сырт елдің анализдеріне көп мән береміз. Халықаралық зерттеу ұйымдарының көрсеткіштеріне қарай әрекет етеміз. Демек, сырт елдің сараптауына әлі де болса тәуелділік бары анық көрінеді.

    Зерттеу, анализ, сауалнама, пікір жинау әр салада бар. Жемқорлық, білім, қаржы, экономика, бизнес деп кете береді. Жақында тағы да бір зерт­теу ұйымы қорытынды жасап, нәтижелерді халыққа БАҚ арқылы жеткізді. Бұл жолғы зерттеу елдердің "гүлдену" яғни даму деңгейіне бағыт алыпты. Legatum Institute халықаралық зерттеу орталығы 149 мемлекеттің ішінде Қазақстанды 72-орынға жайғастырыпты.

  Рейтинг Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүние­жү­зілік банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік Сауда ұйымы, Gallup, Economist Intelligence Unit, IDC, Pyramid Research ұсынған статистикалық деректер бойынша жасалыпты. Индекс экономика, кәсіпкерлік, басқару, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, жеке бостандық, әлеуметтік капитал, экология салаларындағы бүгінгі ахуал негізінде қорытынды шығарған. Зерттеу ұйымдары білім саласын да сарап­қа салыпты. Қазақстан білімі қырық елдің ті­зі­мі­нен табылады. Нақтысы, 35 орынға тұрақтап тұр. Сарапшылар өткенмен өлшеп те көріпті. Бір жақсысы, біздің білім беру саласы Түркия мен Қытайды басып озыпты. Әрине, бұл бір ғана ұйымның зерттеу дерегі. Алып елдерді шаң қаптырып, көш­тің басына шығатындай қарқынымыз бар. Алайда, аяқтан тартатын мәселелер де аз емес. Тым көп қағазбастылық, ұстаздық қызметке кірмейтін міндеттердің көптігі, білімдегі жемқорлық, оқу­лық­тардағы кемшілік, білім басшыларының ретсіз реформалары біздегі білімнің дамуына өз әсерін тигізіп жатыр. Жалпы сала мамандары, әсіресе дәс­түрлі білімді игерген мұғалімдер білім сапасын рейтингке байлап қоюға қарсы. Оның үстіне, шетелдік көзқарас пен біздегі тәжірибенің үйлесе бермейтінін жасырмайды.

    Өз ішіміздегі проблеманы өзімізден басқа кім біледі? Іштегі қыжылды айту, оны жоғары жаққа жеткізу кейде жабық саясатқа ұласып кетеді. Мұ­ны да түсінуге болады. Айлық алып, нәпақа та-уып отырған жерден айырылып қалмаудың қамы.

   Айтпақшы, біз айтқан зерттеу ұйымының мәліметінше, Қазақстан білімі Орта Азия елдері ішінде алғашқылардың тізіміне кіреді. Мұны елдегі тегін білім мен сауаттылық деңгейі, орта білімді алудың міндеттілігі де себеп.

   Білім сапасын әркім әрқалай бағалайды. Са­уаттылық деңгейді де анықтап, қандай да бір қорытынды шығару қиын. Сондықтан да, білім сапасы өзге елден келген мамандардың ішкі есе­бі­не тәуелді болмауы керек. Мамандардың ортақ пі­кірі осыған саяды.

А.ҚАРАКЕСЕК

Бөлім:  Білім
Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 04:23

Өнерімізді өгейсітпейік

         Талант - тәңірден, өнер - халықтан. Осы сөзіме ешқандай шүбәңіз болмас. Өйткені табаныңнан бастап төбеңе дейін толған талант иесі болсаң да, оны халық бағаламаса  құ­ны көк тиын. Заманында хандар мен бектердің қара басын, қора то-лы дәулетін, қа­тын-қалашын жер-көкке сиғызбай дәріптеген қаншама сарай ақындары, жылымық сөзді жыршы-жыраулар аз болмаған. Солардың қайсысының есі­мі ел есін­де қалды? Осы күнге ат­тары аман-сау жеткен, ғасырлар шаңдағына көмілмей ғажайып терме-толғаулары елдің мұңын мұңдаған, халықтың жырын толғаған Бұ­қар, Ақтамберді, Шалкиіз, Доспамбет, Сыр бойындағы өзіміздің Тұр­ма­ғамбет, Ешнияз сал, Дүр Оңғар, Нұр­туған және басқалары ұрпақ жа­дынан лайықты орын алып келеді.

   Жақында өткен Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Қуаныш Сұлтанов мінберде тұр­ған Қазақстан Республикасы Мә­дениет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлына Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің жа­лақысы турасында депутаттық сауал жолдаған еді. Сонда мәртебелі министр мырза не деді дейсіз ғой! Ол өзінің ішкі ойын Парламент депутаттарының алдында былайша жеткізді: "Заманында Моцарт та, Бетховен де кедейшілікте өмір сүрді, сонда да сан ғасыр­лар бойы салтанат құрған музыка жазды".

    Масқара, миллиондаған кө­рер­мендері бар телеарналардың алдында қазақ өнері мен мәде­ние­тінің қамқор басшысы тап осылай дегенде басқаларға не жо­рық?! Сонда қазақ ұлтының руханиятына лайықты үлес қосқан, қосып жүрген Қазақстандағы мә­дениет қызметкерлері сонау Моцарт заманындай күн кешуі керек пе?! Әйтпесе, осы сөз қазақ мәдениеті жанашырының аузынан шы­ғатын сөз бе еді? "Ораза, намаз - тоқтықта" деген оймақтай ой­лы сөз бар екенін қаперіңізден шы­ғармаңыз, министр мырза!

Бөлім:  Қоғам
Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 03:48

Мектептегі патриоттар акциясы

          Білекпен емес, білім­нің күшімен биікті бағындыратын қоғамда бей-жай жүруге болмайды. Егемен еліміздің ертеңі еркін ойлай білетін, білімі мен қабі­леті жоғары жас ұрпақтың қолында болатыны анық. Ал, болашақтың тізгінін ұс­тайтын өрендерге өнеге мен тәлім-тәрбие беру ұла­ғатты ұстаздар мен ата-ананың, жалпы қоғамның басты міндеті. Осы орайда №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінде қа­лалық білім бөлімінің ұйым­дастыруымен "Мәң­гілік ел - зайырлы мемлекет және жоғары руха­ният" тақырыбында пат­риот­тар акциясы болып өтті. Акцияның негізгі мақ­­саты - жас ұрпақтың бо­йына ұлттық рухымызды сіңіре отырып, сана-сезімін, азаматтық, пат­рио­тизм, заңдылық пен құ­қық тәртібін құрметтеу­ге, ішкі еркіндік және өз қа­дір-қасиеті сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.

     Патриоттар акциясында мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты А.Мұсабаева Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын жас ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Шараның ал­­ғы сөзін сөйлеген қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары М.Сұл­­­танбекқызы Елбасы мақаласының аясында қа­ла, аудан көлемінде түрлі іс-шаралар басталып, кең кө­лемде насихатталып жат­­­­қандығына тоқтала ке­ле №187 М.Шоқай атын­да­ғы қазақ орта мектебінде өткізіліп жатқан акцияға сәттілік тіледі. Акция барысында оқушылар үш тілде еркін сөйлеп, өлең шумақтарын көпшілікке арнады. Іс-шара барысында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу және құқық бұ­зушылықтың алдын алу мақ­сатында жүргізіліп жат­қан "Қозғалыстың жас инс­пекторы", "Салауатты өмір салты", "Дене шынықтыру жә­не спорт", "Адал ұрпақ", "Жас ұлан", "Жас қыран" ұйым­дарының жұ­мыстарымен мектеп директорының тәрбие ісі жө­ніндегі орынбасары С.Егіз­баева таныстырды. Сондай-ақ, бі­­лім алушыларды "Жас ұлан" ұйымының мү­шелігіне қабылдау рәсімі акция қонақтарының қа­тысуымен өтті. Шара соңы әсем әнмен жалғасты.

Бөлім:  Білім
Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 03:30

АҒАЙЫНДЫ АРДАГЕР ӨНЕРПАЗДАР

  

    Шымкент қаласындағы киномеханиктер даярлайтын №38 кә­сіптік-техникалық училищені біті­рісімен, аудандық мәдениет бөлі­мі­не қарасты Арал балықшыларына мәдени қызмет көрсететін "Попов" мәдениет кемесінің киномеха­нигі болып алғашқы еңбек жолын бастаған Байнияздың есімі ә дегеннен-ақ, бүкіл жағалау жұрт­ына, ба­лықшыларға белгілі болды. Ізденім­паздығы мен жастық жі­герінің ар­қасында 1968-1974 жылдары "Мә­де­ниет" кемесінің бастығы болып, барлық мәдени шараларға қатысты. Өзінің ұйымдастырушылық қа­білетін танытты. Арал балықшылары арасында композиторлар Н.Ті­лендиев, Ш.Қалдаяқов, термеші-жыраулар Ә.Құрманов, Ғ.Құрман­ға­лиев, А.Тұяқбаев сынды өнер қай­раткерлері де болды. Теңіз үс­тіндегі ән-думан базары түннің бір уағына дейін айналаны әсем сазға бө­лейтін. Арал теңізіне саяхат жа­сау­­шылар, шығармашылық және бұ­­қаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері іссапармен келгенде, мін­детті түрде "Мәдениет кемесімен" бір­ге жүретін. Мәдениет үйі жанынан ұйымдастырылған көр­ке­м­өнерпаздардың мәдени-үгіт бригадаларының репертуарларын заман талабына сай жаңартып, ойын-сауық түрлерін түрлентіп, жұрт­шы­лықтың демалысын мазмұнды да көңілді өткізуге күш сала білді.

    Жыраулық өнердің туын жоғары ұстаған Арал өңірінде хас өнерді қайта тірілту үшін Бекбосын, Хамза, Үмбетәлі, Жанұзақ сынды кө­некөз жыраулардың жыр мақамдарын таспаға жазып алып, оны ке­йінгі жастарға үйретуді де қолға  ал­ды. "Жігітке жеті өнер де аз" дегендей, кезінде актерлік өнерімен де танылған ол М.Әуезовтың "Ең­лік-Кебек", Ғ.Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", Ә.Тәжі­баев­тың "Той боларда", Қ.Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында" туындыларында басты рөл­дерді сомдап, көрермендер ықыласына бө­ленді. Театрландырылған көрініс­тер дайындауда өзінің режиссерлік қарымын да көрсетті.

Бөлім:  Білім
Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 03:13

Польша

        Сөмке асынып жолға шығатын жиһанкездер ең бірінші кезде уақыт пен ақшаға мән береді. Ақшасы бар болғанымен, аз уақытқа аялдауға келген саяхатшылар дүниенің қызықтарын толық көре алмайды. Ал, уақыты көп, қаржысы аз туристер көрікті жерлерді көруге қолы жете бермейді. Сондықтан да дүние кезген туристер осы екі жағдайды назарға алады. Қазір кез келгеннің қолында қаржысы болса тұтас әлемді аралап, қор жинап қайтуға мүмкіндігі бар. Бірақ, жер шарында шекарадан оңай өтіп кете алмайтын елдер бар. Еуропа елдерінің ішінде Польшаны да сол қатардан көруге болады.

АстанасыВаршава

Халқының саны - 38 637 382

Жерінің көлемі - 312 679 км2, әлемде 69 орын

Ірі қалалары - Варшава, Краков, Лодзь, Гданьск

Билік түрі - парламенттік республика

Ақша бірлігі – поляк злоты

   Польша - Орталық Еуропадағы мемлекет. Хал­қының басым бөлігін поляктар құрайды, қалғандары немістер, белорустар, украиндар. Түптамырды терең қазсақ, поляктар мен қазақтардың тарихы ұқсас. Небір нәубетті жылдарды бастан кешірген поляк халқы даму жолына түсем дегенше түрлі кедергілерден өтті. Әрине, та­рих­қа тереңірек бармағанды жөн көрдік. Польша екінші дүниежүзілік со­ғыс­тан кейін ауыр экономикалық қиындықтарды бастан өткерді. Ірі қалалары қирап, соғыс кезінде күл-талқаны шыққан ғи­мараттарды қайта қалпына келтіру үшін күш салды. Бүгінде соғыстың салқынын көрген қалалардың архитектурасы жақсар­ғанмен, әлі де ескі тарихты көзге әкеліп тұрады. Жалпы поляктар елдің ең­сесін тіктеп алу үшін экономикалық батыл қадамдарға барды. Ауыртпалықты, елдегі жағдайды көтере алмаған кейбір жер­гі­лікті халық көрші елдерге үдере көшіп кетті. Дегенмен көп ұзамай Поль­ша­ның даму қарқынына қан жүгіріп, бүгінде кәрі құр­лықтағы дамыған елге айналды.

Бөлім:  Дидар

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Наурызды қандай киіммен тойлағанды құп көресіз?

Дәстүрлі киім - 29.3%
Басқа ұлт өкілдерінің дәстүрлі киімі - 36.6%
Мейрамға арнап тапсырыспен тіктірілген киім - 9.8%
Классикалық киімде - 24.4%
Өз таңдауыңмен киіну - 0%

Total votes: 41
The voting for this poll has ended on: 30 Нау 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C