Айтарым бар

 

НҰРМҰХАМЕД БАЙҒАРАЕВ, саясаттанушы: 

 

         "Мойындауымыз керек, Батыс елдерінде адамның өмір сүру сапасы жоғары. Оның ішіне жалақы, еркіндік, таңдау құқығы, этика, көшедегі тазалық – бәрі кіреді. Әрине, әр адам өзіне жайлы жер іздейді. Ол қалыпты нәрсе. Норма. Егер сенің еліңде сен қалаған жоғарыдағы факторлар болмаса, онда адам оны өзге жақтан іздейді. Білімді жастарды елде алып қалудың бір ғана жолы бар. Ол – өз елімізде де азаматтарға Батыстағыдай жағдай жасау. Және бұл әлемнің болмаса да, аймақтың таланттарын тартуға мүмкіндік берер еді."

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:

        Сабақ жоспарын жазу, оқушы дәптерін тексеру, сынып журналын толтыру, шығармашылық жұмыстармен айналысу, көрнекі құралдар даярлау, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, кезек­шілікті қадағалау, педагогикалық жиындарға қатысу, газеттерге мақала беру, педагогикалық кеңесте баяндама оқу, сенбілікке шығу. Тағы нелер қалып қойды? Бұл - ұрпақ біліміне жауапты, білім саласындағы реформаларды жүзеге асыратын мұға­лімнің күнделікті атқаратын шаруасы. Мұғалім болмасақ та, "осынау жауапкершілікті арқалап жүрген ұстаздар қауымының жалақысын жарытпай-ақ қойған біздің билік қашан мұғалімдерді қуантады екен?" деген сауал бар. Көпшілік көкейінде де осы сауал.

     Бұрынғының престиж мамандығы саналатын мұғалім­дік қызметке қазіргінің бар­ғысы жоқ. Оған себеп те жоқ емес. Жалақының аздығы, жауапкершіліктің молдығы мұғалімді қажытып бітті. Әрине, мұғалім­нің қашанда ұрпақ алдында, ата-ана алдында өз мін­деті бар. Алайда, бүгінгінің ұстазы сол алдына келген балаға тек білім беріп қана қоймай, қосымша қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Сабағын беріп қана қойса кәнекей, жоғарыдан келген тапсырманы орындау, қо­ғамдық жұмыстарды орындауда шұқынып қағаз қарау, бума-бума есеп беру де ұстаздың мойнында. Әлбетте, ұстаз жан-жақты болуы, баланы дүниетанымдық көз­қарасымен, тәлімімен, әдебімен тәрбиелеуі, осы арқылы қоғамға қызмет етуі керек-ақ, алайда ұстаздың ең бірінші міндеті - балаға білім беру. Басқаша айтқанда, білім бере жүріп тәлім үй­рету. Осы қос жауапкер­шілікті толық орындай алса, ұстаздың қоғамдағы орны өз-ақ шыға келмей ме?

Бөлім:  Білім
Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 09:45

ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ШАҒЫ

       Жаһандану дәуірінің тегеурініне төтеп беруші, әрі қоғамның басты қозғаушы күші ол - жастар екені белгілі. Жігерлі жастардың жалынды жүректеріне ұлтжандылық рухын сіңіру үшін әр өңірлерде оқтын-оқтын іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. "Жандану әлемі" қорының қолдауымен және "Жас Отан" жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы, Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған "Мен жастарға сенемін!" атты студент жастардың бесінші патриоттық гала-форумы өз мәресіне жеткен болатын. Форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған. Ақпараттық серіктес ретінде "Қазақ радиосы", "Нұрмедиа" холдингі басты қолдау көрсетті. Студент жастардың Қазақстан болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеру және патриоттық сезімін арттыру - форумның басты мақсаты.

   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы: "Қазақстан - 2050 стратегиясында "Мен Сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер" - деп жастардың қоғамдағы орнын айқындап берген еді. Сол тұстан бергі уақытта аталмыш университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Елбасының жастарға деген сеніміне шамшырақ болып, "Мен жастарға сенемін!" студенттік форумын үзбей өткізіп келеді. Бұл қазіргі таңда дәстүрге айналған.

Бөлім:  Қоғам

         Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін жаппай дене шынықтыру мен спортпен айналысатындар санын 30 пайызға, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді 15 пайызға дейін жеткізу жөнінде тапсырма берген еді бір кезде. Әрине, балаларды спорт­қа ерте кезден тарту келешекте спорт саңлақтарын шығаруға, ең бастысы дені сау ұрпақ қалыптастыруға жол ашады. Алайда, бұл межелі мін­деттерге жетуде аяқтан тартатын дүниелер аз емес. Мәселен, елдегі жүзу спорты. Жасырып-жабатыны жоқ, Қазақстанда балалардың жүзу жағдайы мәз емес. Мұ­ның себебі мектепте оқу­шылар жүзумен айналыса алмайды, бұған мектептердің жағдайы көтере бермейді. Әрине, енді ғана салынған су жаңа мектептерге бассейн салу көзделіп жатыр. Бұл бір-екі жылдың шаруасы емес. Сондықтан да болар, су спортына футбол секілді қызығушылық жоқ. Бірақ жүзудің жағдайын реттеуге қауқарымыз бар. Мұны әлем елдерінің практикасына сүйеніп жасасақ, аз уақытта жетістікке бір қадам жақындай аламыз.

    Мектеп оқушылары суда жүзе алмайды деген пікірлер бүгінгі күні көпке тиіп кетеді. Әрине, ықылас танытып, жүзуді жастайынан бастағысы келетіндер ақылы қызмет орындарына барып жүр. Әйткенмен, мұндай ақылы орындарға көп отбасының қолы жетпейді. Демек, әрбір мектепке бассейн керек. Барды бар деп айту парыз. Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицей оқу­шылары өзге оқушыларға қарағанда бақытты. Себебі мектепте дене шынықтыру пәнінде балалар суда жүзуге мүмкіндігі бар. Бассейні бар мектеп туралы сәл кейінірек. Алдымен, әлем елдерінде бұл мәселеге қалай қа­райды? Мамандар не дейді деген сауалдарға жауап ізделік.

Бөлім:  Білім
Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 09:31

БІЗДІҢ ЖӘКЕҢ

   Белгілі бір қызметті жете меңгеріп, оның қыры мен сырын әбден түсінген, сол кәсібінің майталманы саналатын қарапайым жандар болады. Олар биік мансапқа, атақ-даңққа ұмтыла бермей, елеусіздеу күй кешіп, күнделікті тірлігін жасап жүре береді. Өз ортасында сыйлы, беделді ондай адамдарды былайғы көпшілік біле де бермейді. Дегенмен сондай қызметкердің айтар тәлімі де, көрсетер өнегесі де кейінгілерге сабақ болатындай реті бар.

   Бұл кісі туралы жазуға бірнеше рет оқталғанмын, тіпті бірнеше нұсқаны жазып та көргенмін. Сол жазғандарымның әлденесі жетпейтін, бір қайнауы ішіндегі дүниелер секілді көрінеді де тұрады. Бір нұсқаны таныс журналшыға көрсеткенмін, одан да еш хабар болмады, шамасы ол да пайдаға жарата алмады-ау. Тегінде қай нәрсені болмасын қолға алмас бұрын соған барар жолды, барлық қыр-сырын меңгеретіндей, игеретіндей желіні жете білген жөн сияқты. Кейбіреулер мұны "кілт" деп атайды. Демек, қандай шаруаны бастағанда кілті табылса, орындау да оңайға түссе керек-ті. Ол жайында жазуға ебімнің болмағандығы, жалпы жаза алмай жүргенім, әлгі кілттің құпиясын біле алмай жүргендігімнен екенін енді түсінгендеймін.

   Жайылхан Сламбаевты мектептегі оқу­­шы ке­зім­нен білемін. Ұмыт­пасам, жетінші сы­ныпта жүр­ген кезде ғой дей­мін, біз­дер­ге орта бойлы, әдеміше, қара торы өңді жас жігіт кіріп келді. Матема­тикадан сабақ беретін Райхан Құлжанов ағайдың орнына сабақ өтуге келіпті. Жас мұғалім болған соң алғашында тың­дағымыз келмейтін қыңыр­лы­ғымызға салғанбыз, бірақ оған қара торы жігіт бірден тыйым салды. Мектебімізде басқа сыныптарға сабақ беріп жүргенін біле­тінбіз, сырттай танимыз, одан сабақ ал­ғандар "жақсы түсіндіреді" деп мақтап та қоятын. Ж.Сламбаев алғашқы сабағын­да-ақ қандай мұғалім екендігін көрсетті. Байбөрі секілді есепке бейім оқушылар Жайылханға бір көргеннен-ақ үйіріле қалды.

Бөлім:  Білім
Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 09:18

ПАТРИОТ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ

        Бүгінгі күні тәрбие мәселесі әрбір көкірегі ояу адамды ойландырмай қоймайтыны анық. Келешегіміздің тұ­ғы­ры биік, іргесі мықты болуы үшін жас ұрпақ сауатты да салауатты болуы шарт. Елі­міз­дің болашағы - ертеңгі тәр­тіп­ті де тәрбиелі ұрпақ екені дау­сыз. Демек тәртіпті, тәрбиелі ұр­пақ өсіру - барлығымызға ор­тақ міндет. "Тәрбие басы - тал бесіктен басталады" деген халқымыздың даналық сө­зінде де талай мән жатыр. Өйт­кені адам баласының дұ­рыс қалыптасуы бала кезден басталады. Мұхаммед пайғамбарға баланы қанша жасынан бастап тәрбиелеуге болады деген кісі сұрағына: "баланы ана құрсағына біткеннен тәр­биелеу керек" - деген екен.

     Отбасы - баланың өмір сү­ру және даму ортасы, оның сапасы көптеген көрсеткіштермен анықталады.

    Әлеуметтік-мәдени: Ата-ананың білімдік деңгейі мен олардың қоғам өміріне қатысуына байланысты.

    Әлеуметтік-экономикалық: Ата-ананың мүлікті сипаттамасымен және олардың қандай жұмыспен айналы­с­уы­мен анықталады.

     Техникалық-гигиеналық: Өмір сүру жағдайларына, тұ­ратын үйлерінің жабдықталуына, өмір сүру ерекшелікте­ріне байланысты.

     Демографиялық: Отбасының құрылымымен анықталады.

     Бала дамуының қай жағын қарастырсақ та, бала қай жаста болса да, оның дамып қа­лыптасуына отбасы үлкен әсер етеді. Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге, демек ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік мәні зор. Сондықтан отба­сын­дағы ата-ананың тәрбие­лік жұмыстары, біріншіден өз­дерін тәрбиелеуден бастауы керек.

Бөлім:  Білім
Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 08:59

САЛЫҒЫ ТӨМЕН СЫРАЛАР ЕЛІ

      Еуропа - капитализмнің бастау бұлағы. Сауда-саттық, ішкі- сыртқы байланысты табыс көзіне айналдырғандар да кәрі құрлық елдері. Әсіресе, алақандай жерде отырып дамудың төте жолын тапқан елдер аз емес жер шарында. Соның бірі туризмге ту тігіп, табысқа кенеліп отырған ЧехияШағын және орта бизнестің қазығы қағылған, салығы төмен, бағасы қолайлы Еуропадағы бұл мемлекет жер-жаһанға дамыған мемлекет ретінде өзін толық көрсете алды. "Алуан түрлі әлем" айдары бұл жолы сыраханалары мол Прага астанасы Чехияға аялдайды.

    Чехия - Германия, Польша, Австрия, Словакиямен шектесіп жатқан әлемдегі кішігірім елдің бірі. Географиялық тұрғыда ел Богемия, Моравия, Силезия сынды 3 негізгі әкімшілік аймаққа бө­лінеді. Бірінші дүние­жүзілік соғыс салдарынан Австро-Венгрия мемлекеті ыдырап, 1918 жылы Чехия, Словакия және Карпатасты Русі бірігіп, дербес Чехославакия республикасы құрылады. Алайда, бұл бірігу ұзаққа созылмайды. Нәтижесінде Чехословакия Чехия мен Словакияға бөлініп тынады. Содан бері екі елдің жұрты өз алдына ел болып, дамудың жолдарын іздеп кетеді. Әрине, бүгінде қос ел түрлі салада байланыс барысын арттырып, сауда-экономикалық тұрғыда алыс-бе­ріс жұмыстарын жүр­гізеді. Қысқаша тарих осы­лай өріледі. 

    Чехия Шығыс Еуропадағы Словениядан кейінгі экономикасы жоғары ел саналады.  Чехия билігі тә­уелсіздік алғаннан кейін даму үшін тоқтап тұрған зауыттарға қан жүргізді. Бұл үшін сырттан қаржы тартып көрші елдерден көмек сұрады. Мұндай оңтайлы сәтті пайдаланған немістер чехиялықтарды қаржылық құрсаудан құт­қарып, ақшалай жәрдем етті.

Бөлім:  Дидар

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Бүгінгі күні жұмысқа тұру мүмкін бе?

Ізденсен табуға болады - 27.3%
Таныс-тамыр арқылы орналасуға болады - 33.3%
Пара беріп кіруге болады - 12.1%
Уақытша жұмыстарға тұруға болады - 27.3%

Total votes: 33
The voting for this poll has ended on: 13 Қаң 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C