Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:

    Қай істе болмасын, көштің алдында болғымыз келеді. Әсіресе, бұл білім саласындағы рейтингке келіп тіреледі. Үздік нәтиже жолында барын салып, кейде көрсеткіштерді көтермелейтініміз бар. Олай дейтін себебіміз, былтыр Қызылорда облысында үздік деп танылып, "Алтын белгіге" үміткерлер ҰБТ-да 70-80 балдық нәтижемен  ұятқа қалдырған еді. Сабағынан бестік алатын оқушылардың сынақтан сәтті балл ала алмауы білімге қойылған бағада нақтылықтың жоқ екенін көрсеткендей. Енді биыл "Алтын белгіні" ақтай алатындарға ғана үміт арту керектігін, бұдан былай бағаны қоюда көтермелеудің қажеті жоқ екенін уақыт өзі көрсетіп беріп отыр. Міне, оқу жылының үшінші тоқсаны аяқталуға жақын, оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуде білімдерімен жоғары көрсеткішке қол жеткізе ала ма?

    Иә, жыл сайын мектеп басшы­лы­ғында отырған директорлар үшін ҰБТ сынақтың нақ өзі. Түлектердің көздеген нәтижеге қол жеткізе алма­уы, межелі баллдан төмен ұпай жи­на­уы білім сапасының деңгейін анық­тауға сеп. Облыс әкімі кезекті бір жиында егер осындай жағдай қайталана берсе, мектеп директор­лары мен жауапты сала басшылары жылы орнынан босатуы мүмкін еке­нін баса айтты. Себебі 11 жылдық білімді таразыға салатын ұлттық тес­тіде жақсы оқитын оқушылардың  тес­ті­ден құлап жатқандары облысқа абырой әпермей тұр. Бұл тек біздің өңірде ғана емес, барлық аймақта бар жағдай. Десе де, баланың білімін бағалауда директор­лардың мектеп­тен үздіктерді көп шығаруы білім ордасының беделіне тікелей әсер ететіндігі себеп бола алады. Қай басшы болса да, мекте­бінің алда бол­ғанын қалайды, деген­мен сынақтың аты сынақ.

    Естеріңізде болар, қайбір жылдары ұлттық тестілеудегі нәтижеден ұятты бол­ған мектеп директорлары қатары­нан жылы орындарын суытқан еді. Та­лаптың тым қаттылығы дей алмаймыз, үздіктердің үмітті ақтай алмауы білімге баптаған ұстаз­дарды­ң осы кезге дейін бағада көтерме саясатын ұстанғанын аңғартады. Міне, сон­дықтан болуы керек, жергілікті атқамі­нерлер сынақ­тың жақындап келе жатқа­нын еске алып, нәтижелерге көз тіге бас­тады. Әрине, бұл түлектердің бәрі бірдей төмен білім алып келді деген сөз емес.

   Айтпақшы, өткен жылы Қызылорда ұлттық бірыңғай тестіден үштікке енуге ұмтылды. Түлектердің дайындығын қайта-қайта пысықтаған ұстаздар нәти­жеге қол жеткізді. Ал, биыл қалай бол­мақ? Қай сатыдан көрінгеніміз маңыз­ды емес, бастысы баланың білімі өмір­лік жолға темірқазық болуы шарт. Әйтпесе, мұның бәрі құр статистика үшін керек болмақ.

А.ҚАРАКЕСЕК

 

Бөлім:  Білім

           Жаппай цифрлы жүйеге көшу - уақыттың талабы. Елбасының биылғы Жолдауында барлық саланы цифрландыру, "Смарт сити" технологияларын енгізу арқылы қалалардағы бірқатар мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік туындату керектігі айтылған болатын. Жолдауға қолдау көрсеткен аймақтар цифрлы жүйені барлық салаға енгізу мақсатындағы жұмыстарға кірісіп кетті. Сыр өңірінің білікті мамандары да бұл тұрғыдан кенде емес. Жергілікті мамандар Сырдария өзенінің сол жағалауында бой көтерген Қызылорда қаласының 3D форматтағы нұсқасын жасапты. Дарияның арғы бетіндегі қала туралы толыққанды ақпарат беретін бұл жұмыс жоғары бағасын алып та үлгерді. Небәрі 24 сағаттың ішінде жасалған жоба туралы авторларынан сұрап білген едік.

    "Виртуалды шындық кез келген ны­сан­ды өзіңіз қалағандай үш өлшемді бейнеде көруге мүмкіндік береді",- дейді өнертап­қыш­тар. Бүгінде 3D бейнелері барлық салада қолданыла бастады. Мәселен, ме­ди­цина, физика, биология, механика, сәу­лет-құрылыс, білім беру, ақпарат алмасу, тағы да басқа салаларда 3D форматындағы құрылғылар пайдаланылып жүр. Тіпті, тарихи кезеңдердің де 3D бейнесін жасауға болады. 3D бағдарламасын қолдану аясы өте кең, шектеу жоқ. Әсіресе, бұл әдіс жарнама үшін таптырмас құрал бола алады.

  - Қазіргі қоғамды жарнамасыз елестету мүмкін емес. Мәселен, аяқ киім бизне­сі­мен айналысатын кәсіпкердің кәсібін мы­сал ретінде алып қарайық. Көп жағдайда киім сатып алу үшін тұтынушылар тиісті сауда орындарына баруы тиіс. Ал, біз айт­қан бағдарламаның көмегімен біршама жұ­мысты жеңілдетуге болады. 3D арқылы аяқ киім каталогын жасап, кәсіпкер оны ме­кен-жайларға таратып шықса болғаны. Ка­талог 3D бағдарламасымен жасалған­дық­тан, сатып алушы одан өзіне қажетті мә­лі­мет­­ті ала алады. Үш есе үлкейтілген нұс­қада болған соң, өнімнің түр-түсін, өлшемін дәл қасында тұрғандай көре біледі. Осы­лай­ша кәсіпкер бизнесін жандандыра тү­седі. Бұл жарнаманың дамыған бір түрі,- дейді ІТ маманы Бағдат Қадырбеков.

Бөлім:  Білім

   

    Бүгінде мектеп мұға­лімдері жаңаша мазмұнда оқытудың тиімді әдіс-тә­сілдерін меңгеруде бар күш-жігерін жұмсап, ең­бек етуде. Қала деңгейінде өткізіліп жатқан семинардың ұстаздар үшін берері мол, сондықтан да арнайы курстарға қатысып, өзара тәжірибе алмасуда. Осындай шараның бірі М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінде жалғасын тапты. "Білім маз­мұнын жаңарту ая­сында педагогтың кәсіби шеберлігінің дамуы. Кәсі­би құзыреттілігі дамыған мұғалім - мәңгілік ел ұрпағын қалаушы тұлға" тақырыбында өткен семинар мұғалімдер арасында келелі істің басталуына сеп­тігін тигізді.

   Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын меңгеруіне, оқушылардың өз бе­тінше білім алуына, сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік жасау мұға­лім­ге артылған жауапкер­шілік. "Құндылықтар жү­йесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді" дейді Елбасымыз. Білім мен тәлім-тәрбие беруде М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейдің атқарып келе жат­қан жұмыстары ауыз толтырып айтуға болады. Бүгінде бағыты айқын мектеп ордасы БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы жариялаған жобаға қатысып, жоба грантын ұтып алды. "SAMSUNG" компаниясы демеушілік жасайтын жоба арқылы мек­теп-лицей ұжымы 10 сотық жер­ге көлемі 200 шаршы метр жылыжай салды. Қазір жылыжайда 360 түп қияр, 40 гүл сұрпы, пияз, аскөк секілді көкөністер өсіп тұр. Жылыжайдың ашылу салтанаты қалалық білім бөлімінің басшысы А.Нұрсейітовке берілді. Семинарға мектеп басшылары мен мұғалімдер, Қы­зылорда облысы бойынша БҰҰ "Даму" бағ­дарла­малары жөніндегі менеджері Б.Жақсылыққызы игі тілектерін білдірді. Жасыл академияда оқушылар биология пәнінен зертхана жұмыстарын жүргізіп, жылыжайды жасыл мекенге айналдыруға атсалысады.

Бөлім:  Білім

    Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемле­кеттік жалпыға міндетті стандартында көз­делген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Қорытынды сынақ 5 пән бойынша мектепте тапсыры­лады. Ана тілі мен әдебиетінен жазбаша эссе, алгебра мен анализ бастамалары­нан жазбаша емтихан, Қазақстан тарихынан ауызша сынақ, қазақ тілі (орыс, өз­бек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде), орыс тілі (қазақ ті­лінде оқытылатын мектептерде) тестілеу, физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), ин­фор­матика пәнінің біреуінен тест тапсырады.

    Енді әрбір пәнге жеке-жеке тоқталайық.

    1.Ана тілі мен әдебиеті. Берілген 10 тақырыптың біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйін­дей білуі қажет.

     2.Алгебра және талдау бастамалары 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.

     3.Қазақстан тарихы. Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бө­лімдерінен алынған теориялық сауал, 3 сұ­рақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).

  4.Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) және орыс тілі (қазақ мектептерінде) - 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:

Бөлім:  Білім

 

ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ҚАЛАЙ ОҚЫТУ КЕРЕК?

    Бүгінгі қоғамымызда орыс тілі өз ма­ңы­зын жойған жоқ. Қазақстан Республикасының Ата заңында орыс тілі ресми тіл екен­дігі атап көрсетілген. Орысша сөй­леу­де, өз ойын орысша білдіруде ауыл ада­­мы­нан қала адамының жетік екені де шын­дық. Тәуелсіздігімізді жариялап, Ресейді шетел ретінді танысақ та, оның тілі жуық арада қолданыстан шыға қоймайтыны айдан анық.

   Мектептегі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұ­ғалімі - осы тілдің бірден-бір насихат­шы­сы. Орыс тілі - Пушкиннің, Толстойдың, Лермонтовтың, Буниннің, Пастернактың тілі. Оны білгеніміз жөн, осы тілде жазылған құндылықтарды жете меңгеруіміз үшін солай істеуіміз керек.

   Ал, оқушы ұғымына жететін, оны өз мә­нінде қызықтыра жетегіне ергізе білуі үшін мұғалімнің өзіне осы тілдің тереңіне үңіліп, орыс ақын-жазушыларының шығармаларын түп тамырымен талдай алатын біліктілік керек. Көбіне қазақ әде­бие­тінен сабақ берген кейбір мұғалімдер сияқ­ты орыс әдебиетінен де сабақ беріп жү­ріп Горькийді, Гогольді, Паустовский­ді түпнұсқадан оқымай, оқулықтағы үзін­ділермен шектеліп қалса, осы пән мұға­лімі үшін үлкен кемшілік болар еді.

   Әр оқушының зейіні, болмысы, қа­был­дауы әр түрлі болады. Ынта қойып тыңдаса, қызығушылығы оянса, баланың меңгеріп кетпейтіні жоқ. Ауылдық жерде оқушының пәнге деген қызығушылығы қалыптаса алмай, тілдік орта да болмағандықтан, орыс тіліне деген ынта-ықыласы да оянбай қалуы мүмкін. Мұ­ға­лімнің алдына қойған мақсаты да осы - ынтаға қозғау салып, сабаққа деген шә­кірт бойындағы ішкі күшке қозғау салу.

   Пән мұғаліміне көмекке келетін көр­некіліктер ретінде орыс ақын, жазушыларының шығармаларының аудармаларын пайдалануға әбден болады. Сонау қа­зақ жазба әдебиетінің көш басында тұрған Ыбырай мен Абайдан басталатын орыс ақын-жазушыларының аудармаларын сабақ үстінде пайдалана білсе, оқу­шы жадында жатталған сөздердің мағынасын ұғынса, сөздік жаттап, тілдің құ­пия­сын білуге үңілсе, оны күнделікті өмір­де пайдалана білсе, тілдік қиындықтарды жеңіп шыққан болар еді. Сонымен бірге қазақ әдебиеті мен орыс әдебиеті арасындағы байланыс та қамтылады.

Бөлім:  Білім
Бейсенбі, 01 Наурыз 2018 05:02

Адами капитал – жаңғыру негізі

         Адамзаттың өткені мен бүгінгі болашаққа жарқын қадамы сонау 18 ғасырдан бастау алатын өнеркәсіп төңкерістері нә­тижесі екендігіне көзіміз жетіп отыр.

   "Көл-көсір мұнайдың" дәуірі аяқталып келеді, сондықтан бір­ыңғай табиғи ресурстарға емес, төртінші өнеркәсіп төңкерісінің ғылымдағы жетістігін адами ресурстар есебінен жүзеге асыру міндеті - басты межеміз. Осы орайда Елбасы он мін­детті өз Жолдауында ұсынып отыруы жаһандану дәуіріндегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуымыздың басты ұстанымдары болып отыр.

    Білім саласында қызмет ететіндіктен мен үшін жетінші мін­деттің орны ерекше. Адами капитал - жаңғыру негізі. Орта бі­лім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу еліміздің бі­лім кеңістігінің әлемдік интеграциялануына кең жол ашады. Ұстаздардың жаңартылған білім беретін бөлігінің жалақы­сының 30 пайызға артуы, біліктілік санаты бойынша екінші, бірінші, жоғары санатқа педагогикалық өтіліне қарамай, тес­тілеу негізінде санаттарын көтеруге мүмкіндік берілуі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қатарын арттыра түсетіндігі қуантады. Ал, шебер-педагог санаты ағылшын тілін меңгеруді талап ететіндігі үш тұғырлы тіл саясатының жүзеге асуының жарқын көрінісі болып табылады.

Бөлім:  Білім

         "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында отбасына оң көзқарасты қалыптастыру, ата-аналар жауапкершілігін күшейту және оларға қолдау көрсету, тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін жетілдіру, Елбасының "Төр­тін­ші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" тақырыбындағы Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) және Қы­зыл­орда қаласы білім бөлімінің ұйым­дастыруымен мектепке дей­інгі білім беру саласында облыста алғаш рет "Сыр бөбегі" балабақшасы базасында "Ұлттық жаңғыру - ұлттық сананың кемелденуі" та­қырыбында ата-аналар арасында облыстық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі мен маманы, 7 КМО жетекшісі, әр аймақтан ата-аналар және зиялы қауым өкілдері, барлығы тоқсанға жуық адам қатысты.

   Іс-шараға қалалық білім бөлі­мінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бақытжан Дүйсенбаев, әдістемелік кабинетінің маманы Гүлжазира Аекенова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекет­тік университетінің профессоры Қа­зыбай Құдайбергенов "ха­лық­а­ралық «Қазақ тілі қоғамы» Қы­зылорда филиалының директоры Садуақас Аңсатов, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің оқытушысы Айнаш Ержанова және БАҚ өкілдері қатысты.

    Дөңгелек үстелді Қызылорда қа­ласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Б.Дүй­сен­баев және Қызылорда облыстық оқу орталығының директорының орын­басары Г.Дихамбаева ашып берді. Шараға қатысушыларды балабақша ата-аналарынан құ­рал­ған ата-аналар ансамблі "Кеңес", "Қосалқы" күйлері арқылы ерекше көңіл-күй сыйлап, қарсы ал­ды. Қатысушылар балабақша тәр­биеленушілерінің, педагогтарының және ата-аналардың "Туған жерім тұғырым" шығармашылық көр­мені та­ма­шалап, балабақша өмірі­мен танысты.

Бөлім:  Білім

          Мектепке дейінгі ұйым жағ­да­йында жобалау, зерттеу әрекетін жүйелі ұйымдастырып, балалардың танымдық, интеллектуалдық және шығармашылық қабі­леттерін қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар өткізіліп келеді. Осыған орай "Ер Тарғын" ба­лабақшасында "Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау, зерт­теу әрекетін дамыту" тақырыбында қалалық семинар өтті. Балалардың тәрбиешімен бірлескен жобалық жұмыстары мен ашық сабақтарына қатысып, №2 аймаққа қа­расты мектепке дейінгі ұйым тәр­биешілері келіп тәжірибе ал­мас­ты. Балабақшаның қолөнер көр­месімен та­нысты.

Бөлім:  Білім

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Наурыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C