Айтарым бар

Жанболат Мелдешев: 

халықаралық бағдарламалар орталығының директоры: 

    Манчестер университеті Малайзияда өз кампусын ашады немесе Малайзияның кейбір университеті әлемдегі үздік университеттің франшизасын сатып алады. Бұндағы оқыту осы университеттің бағдарламасына сәйкес, сол университет мұғалімдерінің қатысуымен жүргізіледі, бірақ құны 10 есе төмен. Сондықтан Малайзияға британдық жоғары оқу орындарының дипломы үшін оқуға түсу бүгінгі таңда кең етек алған, ал Малайзия үшін бұл «білім беру туризмін дамыту» тұрғысынан тиімді. Бізге де сол жолмен жүрсе болады, яғни әлемнің жетекші университеттері үшін Қазақстанда оқу орындарын ашу мүмкіндігін беру. Соның нәтижесінде Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Иран және басқа елдерден келген студенттерді Қазақстанда оқытыпОрталық Азиядағы ірі білім беру орталығына айналар едік. 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 13:27

ТЕҢІЗ ТЕКТЕС ТАЛАНТ

      Аралдың ауыр ахуалы әлемді алаңдатқан тұста теңіздің табаны көрініп, суы құрғағалы бері аймақ­тың ақын-жазушылары көркем әдебиет арқылы базынасын жеткізуде. Сон­­дай қаламгерлердің бірі, Арал тағдырын, эко­логиялық мәселесін алғаш көтерген Сайлаубай Жұба­тыров болатын.

   Сол себепті де Арал­дың арда азаматы елдің жүрегінен орын алған. Жақында А.Тоқма­ғам­бетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қала­лық мәдениет және тілдер­ді дамыту бөлімінің бас­тамасымен, қалалық мә­де­ниет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар мемлекеттік кәсіпорны және қалалық кітапхана­лар жүйесі қызметкер­лерінің ұйымдастыруымен эколог-жазушы, публи­цист, "Парасат" орденінің иегері С.Жұбатырұлының 70 жылдық мерейтойына арналған "Теңіз тебіренткен қаламгер" атты шығарма­шылық кеші өткізіліп, "Арал тағдырының ақбе­рені" атанған Сыр елінің қарымды қаламгеріне құрмет көрсетілді.

 
    Қызылорда - тарих қойнауында қатпарлы ізі қалған талай оқиғаның құрбанына айналған жан­дар­ға пана болған, сан ұлт пен ұлысты жатсынбай ба­уырына басқан алты Алаштың анасы, Сыр өңі­рінің бас қаласы. Қаймағы бұзылмаған қазақ халқы­ның қасиетті мекеніне айналған, тамыры түркілер­ден бастау алған, ұлтымыздың ұлылығы мен азамат­тығына куә болған Сырдария жағалауындағы шы­рай­лы шаһардың өткені мен бүгіні тарихта алтын әріптермен жазылмақ.

   Биыл Алаштың Ақмешіті атанып, қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын атап өту жоспарланып отыр. Соған орай бұған дейін шаралар легі бірінен соң бірі өтіп жатыр. Ал, өткен аптада А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет Үйінде болған Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған "Қызылорда: кеше, бүгін, ертең" атты тарихи-танымдық кештің орны бөлек.

   Тарихи-танымдық кеште Сыр елінің тарихы түгенделіп, бүгіні мен болашағы зерделенді. Тарихта толарсақ­тан саз, өмірден баз кешкен көшпелі қазақ жұртына Сыр елі бүкіл Алашқа пана болғаны белгілі. Сол себепті де Алаштың анасы атанса керек. Қаймағы бұзылмаған қаймана қазақ халқының қасиетті мекеніне айналған, тамыры түркілерден бастау алған, ұлтымыздың ұлылығы мен азаматтығына куә болған Сырдария жағалауындағы шырайлы шаһар­дың өткені мен бүгіні тарихта алтын әріптермен жазылып келеді.

   Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту қала халқы үшін басты қуаныш. "Қызылорда: кеше, бүгін, ертең" атты тарихи-танымдық кеште саясаттанушылар, тарих­шылар мен әдебиетшілер, қоғам қайраткер­лері Қызылорда қаласының қалыптасу тарихының әр кезеңіне тоқталып, жеке-жеке баяндап зерделеу мақсатында жиналды. Сонымен қатар, азат елі­міздің байрағына, салтанат тұғырына айналған, өзгеріс ісімен өрнектелген толағай табысқа толы Тәуелсіздік жылдарындағы Сыр өңірінің қарқынды дамуына шолу жасалынды.

   

   Соңғы кездері "жастар есеппен жүреді" деген көз­қарас қалыптасты. Келе­шектің үмітін жалғайтын жастардың нарықтық заманда өз орнын, ла­йық­ты қызметін таңдауына ең әуелі алған білімі мен таң­даған мамандығы әсер ете­ді. Ал, біздің елде ма­ман­дық таңдау машақатымен бірталай түлек бас қаты­рып жүр. Себебі бұрынғы­дай емес, екпіні қатты ақ­параттық тасқында бүгін бар мамандықтың ертеңгі күні қажеті болмай қала­ты­ны жастарды ойландыр­май қоймайды. Сол себеп­тен де мектеп партасында отырған әрбір оқушы бола­шағын әріден ойлайды. Әрине, ата-ана бағыты­нан, орта әсерінен шыға ал­май жүрген оқушылар­дың да бар екені жасырын емес. Бірақ, бір байқаға­ны­мыз, қазіргі 11-сынып оқушылары осыдан 5-10 жыл бұрын мектеп бітір­ген түлектерге қарағанда қандай да бір мақсатқа талпынуы жоғары. Сен­бе­сеңіз, биыл мектепті тәмам­дайтын оқушылармен тіл­десіп, келешекке деген жос­парларын тыңдап көр­сеңіз, байқай аласыз. Бұл әрине, болашаққа нық қа­дам басқан сауатты әрі на­рық өміріне төтеп бере алатын ұрпақтың қалып­тасып келе жатқанының белгісі. Десе де, қоғамда мамандық таңдау мәселесі әлі де өзекті. Себебі бағы­ты­нан шатасып жүргендер аз емес. Бүгін біз маман­дық­тың жаңа әлеміне аяқ басатын, жүректері алып ұшып тұрған жастардың қандай маман иесі болуды көздейтіндерін саралап көрдік.

  Алдымен, мемлекет мек­теп оқушыларын кәсіби мамандандыру бағытында нендей жағдай жасай­ты­нына тоқталайық. Әрине, "мамандықтың бәрі жақсы, бейіміне қарай таңдауы" деген түсінік бар. Десе де, мектеп партасында отырған оқушыға, әсіресе 11-сы­нып оқушыларына қан­дай мамандықтың өзекті әрі сұранысы мол, табысы жақсы екенін анық­тай­тын статистикалық есеп­тер керек. Бұл тұрғыда ұстаздар мамандыққа мониторинг жүргізіп, ба­ғыт-бағдар береді. Қызыл­орда қалалық білім бөлімі­нің бас маманы Ғани Сардарбеков қаладағы 54 мектептегі түлектердің білім деңгейі мен қабіле­тіне қарай кәсіби бағдар беріліп, қай деңгейде, қан­дай оқу орнында кәсіби білім алуға мүмкіндігі бар екендігі жөнінде түсіндіру әрі талдау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 12:45

МАМАН ЖОҚ ПА, ЖҰМЫС ЖОҚ ПА?

       Жұмыссыз жүру жанға батады. Та­лай есіктің табалдырығын тоз­дырып, түйіндеме тасып жүрген аза­маттар аз емес елімізде. Тұрақты жұ­м­ысы, қолайлы қаржысы бар жұ­мыс­тың бірден табыла бермейтіні рас. Араға тамыр-таныс салып, не­месе аға-көкелеп айлап жаңа жұмыс орнын күтетін мамандардың да бар екенін жасыра алмаймыз. Әрине, бұл екіұшты тақырып. Десе де, бү­гінгі құбылмалы нарық саясатын­да жұ­мыссыздық мәселесі түбегейлі шешіле қойған жоқ. Алысқа бармай-ақ, Қызылорда облысын алайық. Бүгінде аймақта 16800 адам жұмыс­сыз жүр. Аз ба, көп пе? Оны кейін ба­ғамдай жатармыз. Мұндай мәлі­метті Қызылорда облыстық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқар­масы­ның басшысы Талғат Дүйсебаев журналис­тер­мен кездесуде баян­дады.

  Басқарма басшысы "соңғы жылдары жұ­мыс­сыздық азайып ке­леді, себебі азаматтарды өзектендіру (мәртебесін анықтау) жұмыстары жүріп жа­тыр" деді баянда­ма­сында. Жыл басы­нан бері 15 мың адам өзек­тендірілген, яғни тізімге ілінген. Қа­зіргі таңда 88368 адам тір­келмеген, оның ішін­де 37405 адам тіркел­меген жұмыссыз ре­тін­де қа­лып отыр. Ал, өзін өзі жұмыспен қам­­тығандардың са­ны 50981-ге жеткен.

Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 12:37

Әлеуметтік дамудың бес тетігі

       Пре­зидент Нұрсұлтан Назар­баев наурыз айы­ның басында халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға арнал­ған бес әлеуметтік баста­масын жариялады. Елбасы­ның бес әлеуметтік баста­ма­сының әрбірі қазақстан­дықтардың әлеуметтік, тұр­мыстық жағдайын жақсар­туға бағытталған. Бұл бас­тамалар аясында ұсынылған бағдар­ламалар елдің еңсесін көтерері сөзсіз. Елбасы Үн­деудегі бастама­ла­рын әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерінен бас­тады. Сонымен бірге еліне өз үлесін қосу үшін еңбек етіп жүрген білімді жастар бар­шылық. Мені осы жастар­дың жалдамалы пәтер жаға­лап жүретін­дігі қынжыл­тады. Алдағы уақытта Президентіміз атап өткен "7-20-25" бағдарламасы арқылы қолжетімді баспанамен қам­тамасыз етілген бақытты отбасылар саны бірнеше есе өседі деп үміттенемін. Бұл жұмыс істейтін жастарға үлкен көмек.

Сәрсенбі, 18 Сәуір 2018 12:35

Инновациялық оқыту уақыт талабы

    "Өрлеу" БАҰО" АҚ фи­лиалы Қы­зылорда облысы бойынша педагоги­ка­лық қыз­меткерлердің біліктілігін арт­тыру институтында оқу-әдістемелік жұ­мыстар педа­гогтердің қазіргі талап­тар­ды іске асыруға, педаго­гика­лық қыз­мет­керлердің білік­ті­лік­терін арттыру үшін ақ­па­рат­тық-әдістемелік қам­та­ма­сыз етуге бағытталған. Институт әкім­шілігі қала­лық және ау­дан­дық білім бө­лімдері мен Қызылорда қаласындағы хи­мия-биоло­гиялық бағыттағы "Назар­баев Зияткерлік мек­тебі" ДББҰ, инновациялық мек­тептермен тығыз байла­ныста қызмет атқаруда.

    Бұқаралық ақпарат құ­ралдарында мұғалімнің қо­ғамдағы орны, үздік педа­го­ги­калық тәжірибелер мен же­тіс­тік­терді ақпарат құ­ралдарында белсенді түрде насихаттайды. Филиалдың про­фессор - оқытушылар құ­­­рамы респуб­ли­ка­лық ба­сы­лымдарға өзекті мақала­лар жариялап отырады. Инс­титут ба­за­сында үздік жаңа­шыл мұға­лім­дердің конкурс­та­ры, ше­берлік сыныптары, семинар­лар мен конферен­циялар, дөң­­гелек үстелдер т.б. іс-ша­ралар ұйым­дас­тыру жолға қойылған.

         Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу - ке­зек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету - бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет.

   Ұрпақ мәселесіне келгенде аса қатты жауапкершілік таныту кез келген азаматтың борышы, өмірлік мәні ретінде қалыптасуы тиіс деп білемін. Патриоттық құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар шынайы әрі адамға тәуелді емес, дегенмен ол адам санасында орын алады. Құн­дылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әре­кет етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ана тілі мен ұлттық дәстүрді құрметтейтін, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, мақсат қоя алатын, сол мақсатқа жету жолында жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға қарым-қатынас мәдениеті жоғары, отанын сүйетін, күрделі жағдайда нақ­ты шешім қабылдай алатын, салауатты тұлға. Ал, осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқаратын жұмысының орны ерекше.

        Жұмысшы мамандығына талпынып түскен студенттердің қабі­ле­тін арттыруда жыл сайын "WorldSkills Qazaqhstan" чемпионаты ұйымдастырылады. Мақсат - техникалық оның ішінде жұмысшы кәсіптеріне жастардың қызығушылығын арттыру, түрлі кәсіп­тер арасынан үздіктерді анықтау.

   Аймақта 4 рет ұйымдастырылған байқау өткен аптада бірқатар колледж базаларында өткізіліп, жас жұмысшы мамандардың өне­рін саралады. 2015 жылы 4 құзыреттілік бойынша аймақтық ірік­теу байқауы өткізіліп, "тас қалаушы" кәсібі бойынша республикалық чемпионаттан ІІІ орын иеленген. 2016 жылы 8 кәсіп бойынша аймақтық іріктеу байқауы өткізі­ліп, республикалық чемпионатқа 7 кәсіп бойынша қатысқан-ды. 2017 жылы 11 құзыреттілік бойынша облыстық іріктеу өткізіліп 8 мамандық бойынша жеңімпазы республикаға барып қайтты.

   Ал, биылғы 2018 жылы 18 құзыреттілік бойынша облыстық іріктеу байқауына техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан 89 білім алушы қатысуда.

         Жергілікті билік өкілдері шеші­мін таппаған мәселелерді шешуде бел шеше кіріскені байқалады. Қала төңірегіндегі түрлі түйткілдер мен тын­дырылмаған істерді орындау үшін Қызылорда қаласының әкімді­гінде жиналып, Н.Нәлібаевтың тө­ра­ғалығымен өткен аппараттық мә­жіліс отырысында қала бойынша қандай жұмыстар жасалынып жат­қаны талқыланды.

   Жиында "Қызылорда қаласының және оған қарасты елді мекендердің бекітілген қала құрылысы құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуы туралы" қалалық сәулет және қа­ла құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Ержанов баяндамасын жасады. Себебі күн санап қарқын алып келе жатқан шаһардың көркейіп, кемелденуі тікелей осы бөлімнің бақылауында.

          Бел кеткенше белдесетін балуандар өнері қа­зақ үшін қашанда қа­дір­лі. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіп­қой балуан, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өр­шіл халқын бі­рінші болып өзге жұрт­қа паш еткен, өзінен бұ­рынғы қандастары бас­паған топырақты ба­сып, көрмеген елді кө­ріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш іл­ген Қажымұқан Мұ­ңайт­пасұлын ес­ке алған сырбойылық спортшылар бабасына қарап бой тү­зейді. Орасан күштің ие­сі, кү­рес­тің бірнеше түрі­нен әлем чемпионы атан­ған тұңғыш қазақ алыбы еке­ні мұқым елге мәлім. Тең­дессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған батыр бабаны еске алуға арналған республикалық турнир Қызылордада өтіп, балуан әруағына құрмет көрсе­тілді.

    Айтулы дода сәуір айының 10-12 жұлдызы аралығында Қы­зылорда қа­ласының дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мем­ле­кеттік мекемесінің ұйым­­­­дастыруымен қазақ күресінен 1998-1999 жы­лы туылған жастар арасында №1 ООРМБЖМ-ның кү­рес залында өткі­зілді. Қы­зыл­орда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шарада боз­­кілемнің болашақ мықтылары күш сынасып, өзара үздікті анықтады.

Page 1 of 74
онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Наурызды қандай киіммен тойлағанды құп көресіз?

Дәстүрлі киім - 29.3%
Басқа ұлт өкілдерінің дәстүрлі киімі - 36.6%
Мейрамға арнап тапсырыспен тіктірілген киім - 9.8%
Классикалық киімде - 24.4%
Өз таңдауыңмен киіну - 0%

Total votes: 41
The voting for this poll has ended on: 30 Нау 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C