Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

   

     Қазір жастың бәрі кәсіп ашуға құмар. Жеке бизнес жолында ізденуге даяр. Алайда, көп кәсіптің бірі болып қалатын, бизнесі орта жолда тоқтайтындары да аз емес. Керісінше, аяққа тұрып, кәсібін дөңгелетіп ала кететін кәсіпкерлер де қалыптасып келеді. Дегенмен, бүгінде ментор атанып, дәріс оқып жүрген азаматтар кәсіп ашуда адамның өзінің ішкі дайындығы керек деген ойға тоқтайды. Сенбі күні Қызылордаға арнайы келген "Versus" академиясының директоры, белгілі кәсіпкер Мейірбек Бердібайұлы Жұмабекпен осы тақырып аясында тілдестік.

    - Мейірбек мырза, кезінде "бұл қазақтың қолынан кәсіп жасау келмейді. Нарықты игеріп, сауда жүргізе алмады" деген сыңаржақ пікірлердің болғанын сіз де білерсіз. Бірақ, қазақтың қабілетін тоқсаныншы жылдары қап арқалап, сауда жасаған, "мен әйел екенмін" деп қарап отырмаған қазақ әйелдерінен де бастау алды емес пе? Келе-келе кәсіпке деген көзқарас та өзгерді. Ширек ғасырдан асып барамыз. Жалпы қазақ кәсіпкерлігі қай деңгейде дамып жатыр?

    - Рас, қазақтың кәсіп ашуға бейімі бар. Оны тоқсаныншы жылдардағы картинаға қарап та айтуға болады. Әйткенмен, мойындау керек, біз жас мемлекетпіз. Оның қоғамы да, халқы да жас. Сондықтан кәсіпкерлік аса бір керемет дамып кетті деп айта алмаймыз. Еуропамен, Азияның өзге де елдерінің кәсіп­керлігімен салыстырғанда біздікі әлі де төмен деңгейде екенін байқайсың. Әри­не, тоқсаныншы жылдарға қарағанда, бизнес жасау қауіпсіз ғой. Белгілі кәсіп­кер Марғұлан Сейсембаев ағамыз айтпақшы, "біз алғашқы миллиардердің қандай болатынын білмедік қой" деп ой айтқан еді. Сондықтан, кәсіпкерлік мы­на деңгейде деп айтуға әлі ерте секілді.

   

   Бұрын уақытты емші дейтін-ді. Ал, қазір бәрі керісінше. Сағаттар сырғып, жылдар жылжыған сайын түрлі дерттің дендеп келе жатқанын ақпарат құралдары жарыса жарияға жар салуда. Уақыт созбай, уақыты­лы емделу ғана жанға шипа беруі бек мүмкін. Ал, сырқат сыздатып, жара жанына батқанда ғана ақ халаттыны іздейтін қазақ халқы жай­басарлықтан, немқұрайлы­лықтан арылғаны жөн секілді. Одан бөлек, жаңа заманда ақпарат ашықтығы етек жая бастағаннан ба, бұрын біз көп естімейтін ауру­лардың көбейгенін көріп, оқып жүрміз. Оның ішінде еркектер үшін белсіздік, әйелдер үшін бедеулік деген дерт бар. Бүгінде бұл дерттің етегі кең жайылып, дендеп барады.

     Бедеуліктің белең алып бара жатқаны, ұрпақ көбейту шағында ұл-қыздарымыздың белсіздік пен бедеулікке тап болуы қазақ ұлтының демографиялық өсімінің кемуіне, қала берді ұлт трагедиясына айнал­ғандай бойымызды үрей ұялатады. Деректер елімізде жаңадан отау құрған отбасылардың 15 пайызы "бедеу" деген дертті арқалап жүргені ойымыз­ды сан-саққа жүгіртеді.

     Медициналық зерттеулер көрсет­ке­ніндей, бала көтермеудің барлық жағдайының шамамен жартысында негізгі себептер еркек ағзасынан табылып жатады екен. Сондықтан да бала сүйе алмай келе жатқан ерлі-зайыптылардың бір-біріне түсініс­тік­пен қарауы - жас шаңырақты сақтап қалудың бірден бір шарты.

      

      "Қоғамға қызмет ету" деген әдемі естіледі, иә? Қат-қабат тіршілікте "адал еңбегімен, шынайы жанашырлығымен іс жасайтын адамдар азайып барады" дегенді бұл күнде көп еститін болдық. Маңдай тер еңбектің бәрі қадірлі. Дегенмен, ісі көптің алдына шыға қоймаса да, өмірдің қилы тағдырына қарсы тұрған жандардың жанынан табылып, керек десеңіз, бір отбасының мүшесіне айналған "жеке көмекші" деген қызметтің бар еке­нін бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Мүмкін­дігі шектеулі жандардың тіршілікте мәселелеріне қолғабыс ететін жеке көмекшілердің жұмысын жұмыр басты пенденің назарынан тыс қалып бара жатқанын ескеріп, тұрақты "Еленбейтін еңбек иелері" айдарына қостық.

   Қоғам өміріне бей-жай қарай алмайтын, ағысқа қарсы жүзген мүгедек жан­дар­ға қызмет ететін жеке көмекшілердің бір емес, бірнешеуімен тілдестік. "Газет арқылы жарыққа шығып, өз ісін міндет қылғанымдай болмай ма?" деген сұраққа да дайын болдық. Келісе келе, қаладағы мүмкіндігі шектеу­лі жандардың бірқатарына көмек беріп, сол арқылы нәпақасын айырып жүрген Шынар Тұрмаханқызы мен Қалдыгүл Төлегенқызымен тілдестік.

   

    "Қоғамға қызмет ету" деген әдемі естіледі, иә? Қат-қабат тіршілікте "адал еңбегімен, шынайы жанашырлығымен іс жасайтын адамдар азайып барады" дегенді бұл күнде көп еститін болдық. Маңдай тер еңбектің бәрі қадірлі. Дегенмен, ісі көптің алдына шыға қоймаса да, өмірдің қилы тағдырына қарсы тұрған жандардың жанынан табылып, керек десеңіз, бір отбасының мүшесіне айналған "жеке көмекші" деген қызметтің бар еке­нін бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Мүмкін­дігі шектеулі жандардың тіршілікте мәселелеріне қолғабыс ететін жеке көмекшілердің жұмысын жұмыр басты пенденің назарынан тыс қалып бара жатқанын ескеріп, тұрақты "Еленбейтін еңбек иелері" айдарына қостық.

   Қоғам өміріне бей-жай қарай алмайтын, ағысқа қарсы жүзген мүгедек жан­дар­ға қызмет ететін жеке көмекшілердің бір емес, бірнешеуімен тілдестік. "Газет арқылы жарыққа шығып, өз ісін міндет қылғанымдай болмай ма?" деген сұраққа да дайын болдық. Келісе келе, қаладағы мүмкіндігі шектеу­лі жандардың бірқатарына көмек беріп, сол арқылы нәпақасын айырып жүрген Шынар Тұрмаханқызы мен Қалдыгүл Төлегенқызымен тілдестік.

Сәрсенбі, 28 Қараша 2018 05:20

ТЕЛЕ 2 ТАҢДАУ ТӨРІНЕН КӨРІНДІ

   

   Қазір он адамның тоғызының қолында ұялы байланыс құралы бар. Телефонды біреулер уақыт өткізу үшін қажет десе, енді бірі алыс-жақын жерлермен байланыс орнатудың құралы ретінде көреді. Десек те, өзіңіз қалаған жерге қоңырау шалуға ұялы телефоннан бұрын байланыс операторының сервисі маңызды. Халық үшін тиімді тариф ұсынып, тегін қоңырау минуттарын тарататын байланыс желілері де ай сайын жаңалық ашуға мәжбүр. Себеп халықтың тұтыну нарығында сим карталар арасындағы бәсекелестік бір орында тұрған жоқ. Сонымен қатар, халықтың 80 пайызы қызметін пайдаланатын байланыс операторларында сарапқа салуды мақсат еттік. Көпке белгілі Altel, Tele2, Activ және Beeline сынды SIM карталардың бір емес, бірнешеуін қатар қолданып жүргендер де аз емес. Осыған орай "Халық таңдауы" айдарына 4 бірдей операторды жол­дадық. Әдеттегідей, өзара тартысқа жоғарыда айтып өткен байланыс операторларын түсіргенді дұрыс деп таптық. Сараптау жүргізіп, әлеуметтік желі­де отырған бұқараның пікірін білу үшін, біз айтып отырған байланыс операторларының тарифтері қажет екенін естен шығармағанымыз жөн. Сол секілді Instagram, Facebook, YouTube, WhatsApp т.б. желілерде белсенді болуда, операторлардың алатын орны ерекше. Тікелей қатысы бар десек те артық емес.

Дүйсенбі, 26 Қараша 2018 09:34

ЖАРАЛЫ ЖЫР (ЖИТС құрбандарына)

Көңілдің шіркін қалама тағы жыр даты,

Талай өскіннің жанында кетіп мұң хаты.

Қандастарымның қанына түсті-ау қасірет,

Дәуірдің дерті, заманның зұлым зұлматы.

 

Ұлылықтарды ұлы ғұмырда ұғынсам,

Өмір-ай, өмір сүрінгендерге сырың заң.

Көбелектердей отқа күйді ғой бүгінде,

Шүберектерге түйіліп кеткен шыбын жан.

 

Қызымыз құрып, арсызға тағы таяпты ұл,

Құдайым ұрған, басыңа тиген таяқ бұл.

Шарасыздықтың шыңынан құлап шарқ ұрған,

Шақшабастарды ақын көңілім аяп тұр.

 

Жансебілденем, боркемік болып ақырын,

Тажал-ай, тажал тарпайды-ау ажал тақымын.

Желтоқсан жетсе аһ ұра көңіл бастайды,

Жанқұрбан болған жандарды ойлап ақылым.

 

Мазасыз ғалам, әлемімнің де сыйы өктем,

Сүйектен өткен көңілдің зарын күй еткем.

Мойныма менде қанқызыл мата байладым,

Мойнымда міндет кетпесін деген ниетпен.

Айдар САЙЛАУОВ

   

   

    Ғасыр дертінің шетелден ке­ліп, өскелең жасты шырмауықтай шырмауы өткен мыңжылдықтың соңына таяу басталған-ды. Бұлай деуіміздің өзіндік сы­ры бар. Желтоқсан оқиғасы орын алатын жылы өзге мемлекеттен білім алып келген студент ЖИТС жұқтырып алып, вирусын елге әкелген екен. Алғаш рет Алматы қаласынан тіркелген қауіпті дерт келе-келе дендеп, ересектер мен жастар арасына жайылып, бүгінгі медицинаның басты проблемасына айналды. Айналғаны соншалық, әлем елдерімен тізе қосып, қайтсек құ­тыламыз деген көптің сауалы ойды сан-саққа жүгіртеді. Бұл ін­деттің тұяғына тұсау салмасақ, басқаның бәрі баянсыз һәм берекетсіз. Денсаулық адамның ең құнды байлығы десек, ЖИТС-тен соң сай сүйегіңіз сыр­қырап, аурумен арпалысатын күшіңіз сарқыла бастайды. Тонның ішкі бауындай білінбей келетін сырқат ағашқа түскен құрттай науқасты мүжи береді. Содан соң, әл-дәрменіңіз құрып, құр қаңқаңыз ғана қалып, өмір­ден баз кешуіңіз де ғажап емес. Дегенмен де салауаттылық, тазалық, денсаулыққа деген ұқыптылық адамдарды бұл кеселден алшақ ұстайды. Осы саланың майын ішкен мамандардың айтуы бойынша, ЖИТС жыныстық қатынас, вирустың бірден қанға түсуі, анасынан нәрестеге берілу арқылы, есірткі тұтынғанда жұғып, адам жанын азап­қа салатын көрінеді.

    Ақыры дерттің дендеген һәм елге келген кезін сабақтадық, бұл тажалдың арғы тарихына да ой жүгіртелік. "ХХІ ғасыр обасы" атанып кеткен бұл ау­ру 1983 жылы таралған. Ал, ЖИТС туралы ең алғаш­қы ғылыми ресми баян­дама ретінде 1981 жыл жазылып, араға бір жыл салып, жаңа ауруға ЖИТС термині қолданылды. Осы жылдың қыр­күйек айында гомосексуалистер мен нашақорлар, гемофилиямен ауыратын адамдарда бір­неше қатар оппортунистік жұқпалар диагностикасы негізінде ЖИТС ресми түрде ауру деген мағынада қолданады. Міне, содан бері ғаламдық дертке айналған кесел біздің де елді айналып өте алмады. Статистика жыл сайын құбылады, сарапшылар да қауіпті дерттің жас категориясының жасарып бара жатқанын мойындайды.

    Замана зұлматының жас талғамай, құрығына ілінгенді қылқындыра бе­ретіні көпке сабақ болса дейміз. Елімізге еркін еніп, ЖИТС-тің жайылып кетуінің бірнеше себебі бар секілді. Ол қазақ елінің ұяңдығы. Неге? Себебі, ұятты ардан биік ұстайтын қазақ халқы баласына жыныстық қатынаспен келетін ауруларды айтуға арланады. Тіпті, жапа шегіп жатқанның өзінде молда аралап, тәуіп іздеп кететіні тағы бар. Қатерлі дерт оған қарамайды. Сақтансаң ғана сақтайды. Алдын ала берілген ке­ңес пен ақыл жастарға ЖИТС-тен аулақ болуға үйретеріне дау жоқ. Қаржылық қазынасы қомпайған, дүниетанымы өзгеше Франция, Канада, Швеция сияқты елдерде осы тақырып ашықтан ашық айтылғандықтан жасөспірімдер арасындағы жүктілік және жыныстық қатынастар арқылы берілетін түрлі жұқпалы аурулардың көр­сеткіші төмендеген екен. Бірақ, сырттан сылтау іздеп, өзге елдің ойына тереңірек батпай-ақ, бірден-бір осы дертке шалдыққан жастарға көмек беретін де, арсыздықты тыятын да имандылық екенін ұғу қиын емес. Өйткені, ислам дінінде некесі қиылмай жастардың жақындас­уына тыйым салынады. Әрбір қандасымыз ислам дінінің осындай тазалығын бойына сіңіріп, адал жолмен жүрсе, аяқасты келетін аурудың апанына түсе қоймайтыны рас қой.

     Елдер қауіптенетін кеселдің екі себебінің бірі - жастардың жұмыссыздығы және қолының бостығы. Қолы бостың ермегі бұзақылыққа жол бастайтыны ақиқат. Есірткіге есі кеткен "ермелер" уды уыстап ішіп қана қоймай, айналасындағыларға қа­уіпті вирусты таратуға себепші. Қоғамнан өздерін алшақ ұстайтын мұндай топтағыларды АИТВ инфекциясы оп-оңай өзінің құрбаны қыла салады. Ең қауіп­тісі сол, бұл басына сор болып жа­бысқан жандар өзінің ғана емес, өзгенің өміріне қатер төн­діретіні қорқынышты емей немене?!

    Нақты фактілерді сөйлетер болсақ, жаға ұстайсыз. Биыл ЮНЭЙДС-тің баяндамасы бойынша Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы 30-шы рет 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында "АИТВ статусыңды біл!" ұранын жариялап келеді. Көрсеткішке көз салсаңыз, анық картинаны көресіз. Республика бойынша АИТВ жұқтырып тіркелгендер саны 32548 адамды құрайды. Жұқтырғандардың 68% жыныстық қатынас арқылы, 28% иньекциялық есірткі тұтыну барысында дертке душар болғандығы анықталған. Олардың 62% ерлер, 38% әйелдер екен. Жас ерекшеліктері бойынша сараптасақ, 20-29 жас аралығындағылар 19%, 30-39 жас шамасындағы 41%, 40-49 жастағылар 25%. Бір ғана Қызылорда облысында АИТВ/ЖИТС оқиғасы анықталған сәттен бері 139 адам тіркелген. Жұғу жолдары бойынша 66% жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар құраса, 24% инъекциялық есірткі тұтынушылар. Ал, 2018 жылдың 10 айында 16 адамнан АИТВ инфекциясы анықталыпты. Олардың жүз пайызға жуығы жыныстық қатынаспен жұқтырған. Кеселдің көрсет­кіштің азайту тек сандарды сөй­ле­­тіп, статистика шығарумен шешілмесі анық. Жауаптылар жалпыхалықтық акцияға екпін беріп, дүйім жұртты бірге күресуге шақырып келеді. Ажал аждаһасының аузына түсіп, өмірден өткен көптеген адамдар жайлы еске алуда киімге қадалатын қызыл лента, мата қиындыларынан тігілген түрлі-түсті жайма бү­гін­де квилтке айналды. Қазіргі кезде дүниежүзілік ЖИТС-тен қаза болғандарды еске алу күні осы акцияның белсенділері мен оған бей-жай қарамайтын қатардағы адамдар киімдеріне қызыл лента тағуды әдетке айналдырды.

   Ауруын жасырғандар өлім құшатынын өңменнен өткізіп айтып жүрміз. Олай етпеске тағы болмайды. Белді басылымдардың өзі "ВИЧ - "ышқырығы бос­тардың ауруы" деп жазғанын да көзіміз шалып қалды. Оған қо­са, әбден тексеріліп, анық-қа­ны­ғы зерттеліп барып, ресми түр­де тіркелген науқастардың өзі әжептәуір цифрді құрайды. Өзінің сырқат екенін білсе де, өзгелерге білдірмей жүргендері, болмаса мұнан мүлде бейхабарлары болуы әбден мүмкін. Өйткені атал­ған қатерлі вирус адамның бойына "ұрланып" кіреді. Әрі оның бір­неше сатыдан тұратынын ес­кер­­сек, алғашқы жылдары ВИЧ-ті жұқтырған адамның оны сезбей қалуы да мүм­кін.

     ТҮЙІН. Қан тазалығы мен тән саулығы қазақ халқының тәр­бие танымымен тұтасып жатыр. Ұлы даланың төсінде мың­ғырған малмен ғұмыр кешкен елде мұндай дертке бірде-бір бабамыз душар болмаған. Шетелден келген шырғалаңның жел өтіндегі өрт­тей халық дейтін орманды шар­пуы алаңдатарлық дүние. Же­ке бастың тазалығына жіті назар аударсаңыз, көлденең көк аттымен көңіл қоса салмай, гигие­налық талаптардың үдесінен шық­саңыз, аурудың да сізді айналып өтері хақ. Желіккен жастар, жеңілжүрістілер, еріккен есірт­­кіқұмарлар - көп жұқтыратын вирус бүгіннің басты мәселесі. Дәрінің де дәрмені жүрмейтін дертпен күресу тек басына түс­кендердің ғана емес, тұтас қоғамның да мәселесі. Себебі бетімен кеткен "бұқаға" бұйда салу бәрі­мізге де байланысты.

 Айдар САЙЛАУОВ

 

 

 

    15 жылдан бері білімнің өлшемі болып келген ұлттық тестілеу форматы тағы да өзгермек. Білім сынағы бұл жолы оқушылардың білімін ертерек сарапқа салуға мүмкіндік береді. Енді 11-сынып оқушылары ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын 4 мәрте тапсыра алады. Әрине, ақылы негізде. Бұл қалай болмақ?

    Өзгеріске орай ҚР Білім және ғылым министрлігі арнайы заң қабылдамақ. Сөзбе-сөз қайыратын болсақ, бас педагог Ерлан Сағадиев жаңа форматтағы ұлттық тест турасында мынадай ақпар дерек келтірген еді.

    - Келесі жылдан бастап ҰБТ жыл ішінде қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі. Бұл мек­теп түлектері үшін ақылы негізде оқуда шартты түрде түсуге мүмкіндік беріледі. Жоғары оқу орындарында шетел азаматтарының оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылады. Тағы бір айтарым, шетел азаматтары, соның ішінде қазақ диаспорасы үшін стипен­диялық бағдарламалар енгі­зілмек. Мұнан өзге магистратураға қабыл­даудың жаңа моделі енгізілуде. Оның негізі бакалавриатқа қабылдау мо­деліне ұқсас. Сондай-ақ магист­ра­турада гранттар студенттерге беріледі және жоғары оқу орындарын таңдау мүмкіндігі болады",- деді Е.Сағадиев.

     Қызылорда қаласының тұрғын­дары тұрғын үй-коммуналдық қыз­меті десе, төбе шаштары тік тұра­тын жағдайға жеткен. Халық уа­қытылы төлем алуды ұмытпайтын мекемелердің өз жұмыстарына да сондай жауаптылықпен қарағанын қалайды. Неге десеңіз, соңғы уа­қыттары облыс орталығының өзін­де тоқсаныншы жылдарда­ғыдай өз тұтынушыларына еш ескертпестен жарықтың беймезгіл өшіп қалуы, құбырлардың қайта-қайта жары­лып, суға зар болуы сынды олқы­лық­тар елді әбден мезі еткен. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде де жиі көтеріліп, қызылордалықтар бір шу шығарған еді. Тіпті сусыз қалған халық, жарықсыз аймақ тұрғында­ры "мұндай келеңсіздіктер алдын-ала ескертілсін" деп талап қойды. Суық судың өзі сыздықтап, кейде тоқтап қалып, үйіңізге жетіп отыр­ғанда ыстық судың мәселесін жылы жаба салған жөн секілді. Өңіріміз ақылды қалаға айналған шақта бұл мәселелерді өңірдің "ақылды бас­шы­лары" шешімін табуға жұмыс жа­сайды деген үміттенеміз. Талап етушілер құлақтарын шулатқан соң жауаптылар аталған мәселелерге байланысты мәлімдеме жасады.

    Ең әуелі естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 15 қарашасында Қы­зыл­орда қаласындағы ауыз су жүйе­сінде ақау орын алған болатын. Нәти­жесінде Арай-2 және Сырдария мөлтек аудандарында су уақытша тоқтатылды. Кейіннен жұмыстар ретке келтіріліп, тұрғындарға ауыз су толықтай берілген екен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызме­тін­де өткен баспасөз конферен­ция­сында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов мәлімдеді.

Бейсенбі, 22 Қараша 2018 09:47

Темірден болар көлігің...

    Көлігі бар адамның көрігі бар екенін көпшілік жақсы біледі. "Ат көлігің аман ба?" деп сауқат сұрайтын қазақ елінің тұлпарға жаны құмар екені жасырын емес. Жылқы малын көшпелі халық бабын кел­тіріп, баптап, жаратып, жан серігі еткен. Қазір заман өзгерді, адам ойы мен құрал жабығы дами бастады. Темір тұлпардың дәурені ке­ліп, сәні мен салтанаты келіскен, бағасы да бәсекеге түскен әлемдік брендтер ел арасында сұраныстан түспей тұр. Әсіресе, жастардың жан қалауына айналған желден жүйрік машиналар көптеген адамдардың арманына айналғаны да рас.

    Қазақстан Республикасы Ұлт­тық Экономика министрлігінің Статистика комитеті еліміздегі көліктер санының қаншаға жеткенін жария етті. 2018 жылғы қаң­тар-қыркүйекте Қазақстанда 696842 жеңіл автомобиль тіркелген екен. Бұл дегеніміз өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 70,5 пайызға артық. Сандардың сөйлету арқылы елдегі көлік қарасының көбейгенін білдік. Дегенмен бұл қаншалықты пайдалы немесе зиян? Аталған ақпарат адамдардың хал-ахуалының жақсарғанының белгісі ме әлде экологиялық зардаптың көбейгенінің айқын айғағы ма? Оның жауабын уақыт көрсете жатар.

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C