Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

    Кәсіп түбі - нәсіп. Осыны ескергендер жеке кәсіпкерлікке бетбұрыс жасап келеді. Нарыққа бейімділері бизнес көзін ашып, қарекет етуге қам қылған. Олай жасауға үкімет тарапынан қолдау да жоқ емес. Елбасыдан бастап облыс әкіміне дейін кәсіпкерлердің қолтығынан демеп, алға қарай нық қадам басып кетулеріне ықпал жасау үстінде. Оған қабылданып жат­қан түрлі бағдарламалар мен жобалар айғақ бола алады. Бұлай деуіміз кәсіпкерлердің келешегі кемел екенінің дәлелі.

   Тек қана Қызылорда қаласының өзінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ілкімді шаралар атқарылып, қыруар жұмыстар тындырыл­ған. Үстіміздегі жылдың 1 қазанында 26099 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Тарқатып айтар болсақ, заңды тұлға 5622, дара кәсіпкерлер 19647, шаруа қожалықтары 830-ға жеткен екен. Оның ішінде, нақты жұмыс жасап тұрғандары - 20158 нысан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға өскен. Айта кету керек, облыс бойынша жұмысын дөңгелеткен шағын және орта кәсіпкерлік субъектіле­рінің 48,7 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Бұл дегеніміз облыс орталығындағы кәсіпкерлердің белсенділігін көрсетеді.

    Өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Баспасөз конференция барысында "2009 жылғы 17 қарашадағы ҚР-ның Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгеріс­тер енгізу туралы" хаттамасына ратификация жасалғанын айтты.

     Аталған хаттаманың 3-бабы, 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына, яғни Байқоңыр қаласының және Төретам, Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық көмекті ҚР заңнамасына сай еліміздің медициналық ұйымдары көрсететінін атап өтті. Егер де отандық медицинаның қауқары жетпейтіндей жағдай орын алса, Ресей Федерациясының заңнамасымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сәй­кес жолдамамен федералдық медициналық ұйымдары көмек беретінін нақтылады. Айта кетейік, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрші елдің медициналық ұйымдары бірнеше қызмет түрі бойынша науқас­қа қол ұшын беруге дайын. Демек, "жедел, хирургиялық, балалар мен жүкті әйелдерге, инфекциялық, сондай-ақ туберкулез дертіне қарсы және жедел жәрдем медициналық көмекті ұсына алады" деген сөз.

    Денсаулық саласында түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар орын алуда. Жыл сайын жаңа бастаманы қолға алып келе жатқан абзал жандар ел игілігі үшін еңбек етіп, науқастардың дертіне шипа болатындай жағдай жасауда. Байқоңыр қаласында қазақстандық медициналық ұйым 2006 жылдан бастап облыстық медицина орталығының филиалы ретінде ашылғанын бі­леміз. Бүгінде аталған орталық денсаулығына алаңдаған әрбір жанға қызмет көрсетуде. Тек Байқоңыр қаласының тұрғындарына ғана емес, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының халқына да жағдай жасап отырғанын жеткізді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова.

     - Ашылғаннан бері филиалда 1645 нау­қас ауруханалық, 884 науқас күндізгі бө­лімшеде ем алған. Ал, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Байқоңыр қа­ла­сындағы облыстық медицина орталығының филиалында емхана ашылып, бүгінгі күнге дейін Ресей Федерациясының медициналық ұйымдарынан қызмет алып жүрген 21 мыңнан аса қазақстандық азаматтар тіркелген,- дейді басқарма басшысы А.Әлназарова.

     Елге сапалы қызмет ұсыну үшін мамандардың біліктілігі мен жеткілікті болуы маңызды. Осы ретте филиалда 11 аймақ ашылып, оның жалпы тәжірибелік дәрігерлермен қамтылғаны жөнінде ауыз толтырып айтуға болады. Сонымен қатар емхана невропатолог, офтальмолог, гинеколог, ЛОР дәрігері, педиатр, терапевт, травматолог, психиатр, балалар хирургі және басқа да мамандармен жасақталған. Мұның өзі ел саулығының тұрақты болуына үлкен септігін тигізетіні анық. Брифинг соңында басқарма басшысы бірқатар жоспарларымен бөлісіп, медицина саласының алға қарай жылжуына, мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған мақсаттарын тілге тиек етіп, кеңінен баяндады.

 

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

 

    "Отан - отбасыдан басталатынын" жақсы білеміз. Үлгілі отбасы келешектің кемел болуына, береке мен бірліктің тұтастығын сақтауға ықтимал болады. Алай­да, бүгінгі күні ойран болған отбасы саны күн­нен-күнге көбейіп келеді. Бұл қуантарлық жайт емес. Бірін-бірі түсінбейтін ерлі-зайыпты, жалтақтаған жас бала, алаңдаған ата-ана... Отбасының тыныштығы мен берік қарым-қатынастың құлдырауы­нан қаншама жан сан-саққа санасы соғылған күйде қа­лады. Ал, отбасының іргесін қалаған екі жас туын­да­ған мәселені терең түсініп, бір тоқтамға келетіні екі­талай. Себебі, жеке бастың қамын күйттеп, ба­қыт­ты болудың тетігін әркім өзінше іздеп кетеді. Тек өзі үшін өмірін өрнектеген ата-ананың қарым-қатынасы қай балаға болсын үлкен соққы алып келетіні жасырын емес. Екі ортада қалған бала не істерін біл­мей, дау ортасында дал болады емес пе?! Содан бала пси­хологиясының өзгеріске ұшырауы заңды құбылыс.

    Сырын сыртқа шығармай-ақ өз ішінде дауды шешіп, мәселенің байыбына баратын жанұялар жоқ емес. Десе де, тағдырдың тосын сыйы мен сынын көтеруге күш-жігері жетпегендердің жай-күйі алаңдатуда. Әсіресе, баланың сана-сезімі мен ішкі жан-дүниесінің қандай сарсаң күйге түсетіні белгісіз. Мұндай жағдайда психологтар адам жанына үңіліп, оң шешімін табуға серпіліс беруге біліктілігін арнайды. Осы ретте психологтар бала психикасының әлсіреуіне, бойына жағымсыз энергияны жинап, мінез-құлқының кері бағытқа өзгеруінің басты себептерін атап өтті. "Біріншіден, ата-ананың бір-бі­ріне деген қарым-қатынасы, отбасыдағы ұрыс-керіс, жанжал, айқай-шу, түсініспеушілік, дөрекілік сынды жайттардың өзі баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Мұндай оқиғаларды жиі көріп өскен бала қорқақ, мінезі тұйықталып, өзіне деген сенім­сіздік пайда болады. Одан бөлек өзін жайсыз сезінетін жағдайлары жиілейді. Түнде шошып ояну, "өзім білемін" дегенге салынуы әбден мүмкін",- дейді білікті мамандар. Әрине, бала бойындағы түрлі өзгерістерге мән беріп қарамаймыз. Бірі жұмыстың қиындығын алға тартып, шаршағаннан балаларына кө­ңіл бөлмей жатса, енді бір отбасы баланы қатаң тәртіппен ұстауды жөн көреді. Мұндағы басты қа­телік - балалардың ойымен санаспауында, ішкі сырымен бөліспеуінде. Ал, сана-сезімі толық қалыптаспаған бала үлкен зардап шегіп, күйзелістің салдарынан жүйке-жүйесіне салмақ түсетінін де тілге тиек етуде. Бала жүрегі нәзік келеді. Сондықтан да жүрек түкпірінде қалып қойған жара, жасы өскен сайын ұлғайып, арты сан соқтыратындай түрлі жағдайлардың туындауына негіз болатын фактор екендігі таңқалдырмайды. Себебі, ата-анасы бар бола тұрып, жылуын сезінбеген бала өзін бақытсыз сезінетіні айдан анық.

   

   Бір ғана Қызылорданың өзінде 80 мың жас бар. Оған 110 мың ауыл жастарын қосыңыз. Қарап тұрсаңыз, облыстағы бүгінгі жастың саны 200 мыңға жуықтапты. Бір қарағанда тұтас бір шағын қаланың халқын құрайды. Алайда, санымен сипатталған осыншама жастың тек белсенділері ғана төбе көрсетіп жүргенін несіне жасырамыз? Қоғамнан алыс, саяси белсенділігі төмен, өтіп жатқан өмірдің соңында жүрген жасты кімдер зерттепті, "олардың жастық өмірі қай арнада дамып жатыр?", "кешкі уақытта қайда жүреді?" деген сұрақ санаға салмақ салады.

    Осы ойдың жетегіне біз де түсіп, бүгінгі жастың ермегі мен қызығушылығын білмекке ұмтылдық. Сандармен сипаттау жастардың белсенділігін тек қағаз жүзінде ғана анықтайды. Әйтсе де, жастарға жауапты арнайы басқарма не ұйымнан айналып өте алмайтынымыз тағы бар. Өңірдегі барлық жастың базасын жасақтап, оларды қоғамдық іс­терге тартуды көздеп жүрген Қы­зыл­орда облыстық Жастар ресурс­тық орталығының ресми мәліметі қолға тиді. 39 мыңға жуық жастың жұмыспен қамтылғанын айтыпты. Алайда, аймақтағы 200 мыңдай жас­тың тек 39 мыңы ғана өз бетімен еңбекпен қамтылса, қалған жастың қайда жүргенін кім біледі?! Қоғамнан оқшаулаған жастың бір бөлігі жұмыссыздар қатарын құрайтынын іштей сезесің. Ал, облыстағы маргинал жастардың үлесі облыс жастарының 8,3 пайызын құрайды екен. Өзге облыстарда басқаша. Қарағандыда 12,9 пайыз, Түркістанда 11,3 пайыз, Сол­түстік Қазақстанда 10 пайыз маргинал жастар бар. Маргинал тақырыбына алдағы уақытта бөлек тоқталамыз. Айтпағымыз, бүгінгі жастың ермегі һәм қызығы.

   Басын ашып алайық. Бүгінгінің жастары кешкі уақытты әрқалай, әртүрлі бағытта өткізеді. Ендеше оларды жеке-жеке бөліп қарайық.

   

   «Versus» жетістік академиясы, «Rumi group» және «Dala»  мейрамханалар желісі, «Madeni» асханалар желісінің негізін қалаушы, белгілі кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай Қызылордаға арнайы келмек. Бизнесмен кәсіптегі құлдырау мен қайта шыңға шығу, тәуекелдер мен жеңіс пен жеңілістің арасын ашатын нақты практиканы әңгімелейді.

   600 кітаптың түйіні, жеңіске жетелер идея мен шынайы өмірден алынған 136 мысал жинақталған «Екінші болма» кітабының авторы атанған Қуаныш Шонбай кәсіп бастауға ниетті әрбір азаматты сенбі күні сағат 11:00-де болатын семинар-тренингіне шақырады.

   Қазақ сана-сезімі мен ойлау қабілетін трансформациялайтын кітаптан бөлек тренингте тың дүниелер, кәсіп ашудағы бүгінгі даму тетіктері түгелімен баяндамақ. Қысқасы, Қуаныш Шонбайдың Сыр еліне келген сапарын сәтті пайдаланып, білім алуға асығайық.

   Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Кәсіпкерлер үйі, Астана залында.

   Барлық мәлімет  8-707-127-29-54 Ақгүл Абдрасул

    Бір ғана Қызылорданың өзінде 80 мың жас бар. Оған 110 мың ауыл жастарын қосыңыз. Қарап тұрсаңыз, облыстағы бүгінгі жастың саны 200 мыңға жуықтапты. Бір қарағанда тұтас бір шағын қаланың халқын құрайды. Алайда, санымен сипатталған осыншама жастың тек белсенділері ғана төбе көрсетіп жүргенін несіне жасырамыз? Қоғамнан алыс, саяси белсенділігі төмен, өтіп жатқан өмірдің соңында жүрген жасты кімдер зерттепті, "олардың жастық өмірі қай арнада дамып жатыр?", "кешкі уақытта қайда жүреді?" деген сұрақ санаға салмақ салады.

    Осы ойдың жетегіне біз де түсіп, бүгінгі жастың ермегі мен қызығушылығын білмекке ұмтылдық. Сандармен сипаттау жастардың белсенділігін тек қағаз жүзінде ғана анықтайды. Әйтсе де, жастарға жауапты арнайы басқарма не ұйымнан айналып өте алмайтынымыз тағы бар. Өңірдегі барлық жастың базасын жасақтап, оларды қоғамдық іс­терге тартуды көздеп жүрген Қы­зыл­орда облыстық Жастар ресурс­тық орталығының ресми мәліметі қолға тиді. 39 мыңға жуық жастың жұмыспен қамтылғанын айтыпты. Алайда, аймақтағы 200 мыңдай жас­тың тек 39 мыңы ғана өз бетімен еңбекпен қамтылса, қалған жастың қайда жүргенін кім біледі?! Қоғамнан оқшаулаған жастың бір бөлігі жұмыссыздар қатарын құрайтынын іштей сезесің. Ал, облыстағы маргинал жастардың үлесі облыс жастарының 8,3 пайызын құрайды екен. Өзге облыстарда басқаша. Қарағандыда 12,9 пайыз, Түркістанда 11,3 пайыз, Сол­түстік Қазақстанда 10 пайыз маргинал жастар бар. Маргинал тақырыбына алдағы уақытта бөлек тоқталамыз. Айтпағымыз, бүгінгі жастың ермегі һәм қызығы.

    Басын ашып алайық. Бүгінгінің жастары кешкі уақытты әрқалай, әртүрлі бағытта өткізеді. Ендеше оларды жеке-жеке бөліп қарайық.

    Алла үйінен аттап кете алмаймыз. Сондықтан тізімнің басына кешкі уақытын мешітте өткізетін жас­тардың бар екенін көпке үлгі етуді мақсат еттік. Мәселен, әр бейсенбі күні құптан намазынан кейін Алла үйіне асығатын жастардың жан байлығын иман нұрына бөлеуі иман әлсіздігімен күресе алмай жүр­ген кейбір желөкпе жастарға сабақ болары ақиқат. Бұл бір.

    Кешқұрым уақытты құр жібермейтін жастардың бір бөлігін фитнес залдан табасыз. Себебі қаладағы дене бітімін қалпына келтіретін залдарға бара қалсаңыз, жастар спортпен шұ­ғылданбайды деген ойдан арыласың. Бұл кешкі уақытты құр жібермей, спортты серік еткендердің ісі. Ал, күндіз спортпен айналысатындардың жөні бір бөлек. Әрине, қандай да бір жанға қуат сыйлайтын қызмет ақысыз емес. Фитнес орындарының нарықтық бағасы айына 5-7 мың теңгені құ­райды. Денсаулық әрі дене сымбаттылығының маңызы үшін бұл қаржының тым көп емес екенін мойындау ке­рек. Десе де, көп жастар осы ақшаны қалтасы көтерсе де, баруды құп көрмейді. Бірақ парадоксалды жағдайға салсақ, спорттан жырып қал­ған қаржының кейде бел ауырып, балтыр сыздауы дәріханалардағы құны қымбат дәрілерге де жұмсалып кететіні байқалмай қалады. Екі ортаны есепке алмау да жастықтың жалынымен білінбей кетеді.

     Түн тыныштығын торылдауды мақсат тұтпадық. Бірақ ақиқаты сол, кеш қарайған сәтте жастардың қызық қуып, сайран салатыны жасырын емес. Айтулы мереке немесе туған күн қарсаңында түнгі клубта бас қосатын жастарды айтпасқа болмайды. Туған күн мен мерекелер өз алдына, кез келген уақытта даңғаза музыкасы алыстан менмұндалап өзіне тартып тұратын түнгі клубтардың біреуіне ат басын бұрсаңыз, белсенді жастың бір шоғырын сол маңнан табасыз. Сауық сайран құрған жастардың бірі салқын сыраны серік етсе, енді бірі темекіні түтіндетіп жарысады. Ендігі бірі қорқордың "қызығына" батады. Бұл жастардың кешкі көңіл көтеруімен қатар, уақытты бекер өткізуі дегенге саяды. Бұған Playstation-нан бас алмайтын жасты қосыңыз. Себебі, қазір жастардың бірсыпырасы сол жерде. Зерттей келе байқағанымыз, келушілердің 8-30 жас шамасындағылар, соның ішіне аяндап кіретіндердің 90%-ы жастар. FIFA, UFC, GTA, MORTOL KOMBAT сынды өзіне желімдеп тартып алатын ойындар да кешкі уақыттың еншісіне кіреді.

    Күн ұясына қонғаннан кейін қаланың қызықтарына қанық болып қайтуды құп көрмейтін пенде жоқ шығар әсте. Қала толы ығы-жығы адамдар мен кептеліп жатқан көліктерге толы. Кешкі табиғатты тамашалап жүрген қа­ланың жастары "Жібек жолы" ойын-сауық орталығынан қызық іздейді. Бірі киім қарап, сауда жасауға бекінсе, ендігі бірі жұптасып кино көруге асығады. Жастардың барлығы бірдей далада жүреді деп айта алмаймыз. Десек те, кешкілік көше кезбелердің бар екені рас. Сорақысы, уыздай жас буынның қолынан будақтаған темекі түтінін көргенде "әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа жоқ болғанның уақыты туғанын көрсетеді. Бірақ, бүгінгінің буыны мұны теріс әрекет деп санамайды.

      Түйін. "Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір" дейді дана халқымыз. Сонымен қатар жастар еліктегіш, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып, асығыс шешім қабылдайды. Қалай айтсақ та, кімнің қайда демалып, қалай уақыт өткізетінін әр адам өзі шешеді. Алайда аға буын үміт күткен жастардың бұрыс жолға түсіп, қоғамнан теріс айналып бара жатқаны кімді болмасын толғандырады және бұл мәселе белсеніп жүрген биліктегілерге алдағы жастар жылында ой салу керек.

Абзал БАҚЫТҰЛЫ

   

   Қазақ бизнесінде Стив Джобс атанған Серікбай Бисекеевтің кәсіпкерлік тәжірибесі тек елде ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де жетті. Арман компаниясының негізін қалаған. Кәсіпорындарға диспетчерлік байланыс құ­рыл­ғысын сатумен айналысатын бизнесмен Ресейдің үздік кәсіпкері, Қазақстанның жыл кәсіп­кері атанған. Кәсіп жолында тұрақты орнын қалыптастырған Серікбай Бисекеевтің өмірден түйген толғамдарын "Жетістік пирамидасы" айдарына қосуды жөн деп таптық. 

 

   Кедейшілікті біліммен жеңу керек. Егер әркім өз саласының кәсіпқойы болса, ел молшылықта өмір сүреді.

***

   Өмір бізге әрдайым сынақ жіберіп отырады, одан сабақ алмайынша, ары қарай жылжи алмаймыз.

***

 

  Телеарналар бүгінде рей­тингтің соңына түсіп алды. Отан­дық хабарлар тарату, ерек­ше бағдарламалар түсіру, әсерлі киноленталар көрсету телевизия тарландарының еңбегімен ха­лыққа жетеді. Республиканың жетекші арналары хабар тарату ісінде түрлі ребредингке барып, жаңашылдық жолына көшті. Әйткенмен, әр телеарнаның өз аудиториясы, мақсаттық тобы бар. Содан болар, халық теле­арна турасындағы сұраққа іркіл­местен жауап бере алады.

    Көк жәшікке көз салып қара­саңыз, көрер қызық көп. Таңнан кешке дейін эфир желісінен түспейтін бағдарламалар мен жаңалықтар, ойын-сауық думан­дар көрерменді өзіне тартып, ақпарат айдыныңа шақырады. Дегенмен бүгінгі теленарық мем­­лекеттік және коммерция­лық арналардың бір алаңда бәсекеге түсуіне жол ашып отыр. Мемлекет тарапынан қар­жылан­дырылатын ­телеар­налар ұлттық бағытты, саяси тұрақтылық та­қы­­рыбын өзек етсе, жеке теле­ар­налар қоғамдағы түрлі тақы­рыпты, ресми алаңнан тыс дү­ние­лерді ел назарына ұсы­нады. Сонысымен де, ел аузында екі по­зициялы бағыттағы теле­ар­наларға қатысты түрлі пікірлер бар. Осы ойды тірілту үшін апта сауалына айналған телеарналар топтамасын "Халық таңдауы" айдарына қосуды жөн деп тап­тық. Әлбетте, телеарналар рей­тин­гі халықтың шынайы көз­қарасымен анықталады. Көрер­мен көп көретін, әрі медиахол­дингте өз жолы бар 5 ірі респуб­ликалық жетекші арна­ларды сарапқа салдық. Тізімде "Qazaqs­tan", "Хабар", "Астана", "КТК", "31" арналар бар. Халық ойында­ғасын дөп басу үшін пікір күттік, көзқарастарға ой жүгірттік.

   

 

    Айналамыз -  қайталана беретін қу тіршілік, қайнап жатқан қызу өмір. Адам баласы болса өзгелерден кем емес, тең боламын деген оймен жұрт қатарынан қалмасқа тырысып бағады. Десе де, күнделікті күйбең, сол бір кәсіп. Сонымен қатар, қандай жұмыс болмасын, оның қиындығына емес, берекесін місе тұтатын ақжүрек адамдар да бар.

   Сіздермен апта сайын қауышып отыратын "Еленбейтін еңбек иелері" айдарының кезекті кейіпкерін табу оңайға соқпады. Әйтсе де, еңбегі еленбейтін жандар қатарын толықтырып, қазіргі кезде қоғамда үлкен орны бола тұра, еңбегі көзге көріне бермейтін "тазалықшылар" екені әмбеге аян. Айта кету керек, қазір еден жуып, үстелдің шаңын сүртуді ар санап, еленбейтін еңбек қатарына қосатындардың қарасы қалың. Осы сауалда біз кезіктірген кейіпкер Ұлтуған Нұржанованы еден жуу кәсібінде жастардың жалақыны азсынып, қолды бір сілтеп, кері бұрылатыны ойландырды.

Сейсенбі, 20 Қараша 2018 04:41

НЕ КЕДЕРГІ, КІМ КІНӘЛІ?

   «ҚЫЗЫЛОРДА ОПД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН

 ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА»

     Мен «Полицияның жас көмекшілері» жасағының мүшесімін. «Мен есірткісіз өмірді қалаймын» тақырыбында мақала жаза отырып есірткінің өмірге ең зиянды, тіпті адамға өлім әкелетін де осы бір зат, осы бір ауыр сөз екенін айтқым келдеі. Осы зиянды затқа тәуелді болған адам, адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние – өміріне мүлдем тамырымен балта шауып жатқанын біледі ме екен? Білсе де, не амал!

    Адамның ең құнды, қайталанбас, ең асыл қазынасы – денсаулық екені отбасымда жиі айтылып тұрады. Есірткі улы заттардың арасындағы ең қуаттысы деуге де болады. Ол адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Есірткі адамның есін алып онсыз өмір сүре алмайтындай дәрежеге жеткізеді. Есірткі үшін оны пайдаланатын адамдар барлығына дайын болады. Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие.

   Есірткінің көптеген негізгі түрлері бар көрінеді. Олардың барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды. Психикасы уланған, зақымдалған адамның мінез құлқы да өзгереді. Бара-бара адам есірткіге қалай тез тәуелді болғанын білмей қалады.

   Қазіргі кезде улайтын заттарды, есірткіні қолданатындардың көбісі – жастар мен жеткіншектер. Есірткі пайдалану немесе кез келген улы затты қолдану алғашында қызық көру үшін немесе кез келген жиында жаман достардың қысым жасауымен, соларға еліктеу әуестікпен пайда болады. Меніңше, егер есірткіні бір қолданса, одан құтылу өте қиын. Тіпті дер кезінде тоқтатып арнайы дәрігерлерге қаралмаса, адам өліп кетуі мүмкін.

    Осы тақырыптарда жыл сайын, ай сайын мектебімізде «Есірткісіз болашақ» тақырыбында сурет көрмесі болса, «Мен есірткісіз өмірді қаламай!» атты эссе жазу, «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел және әртүрлі шаралар ұйымдастырулып, мектебімізде салауатты дабыл қағылады.

    Егер сіз улы заттардан, есірткіден алшық болсаңыз, болашағыңыз жарқын болмақ. Сондықтан да барлығымыз бірге есірткіге қарсы болып, есірткісіз болашақты қалайық!

Индира Серікқызы,

№71 орта мектебінің 10-сынып оқушысы

Арал қаласы

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C