Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

   

    Мектеп ата-аналармен тығыз байланыста болу мақсатында түрлі шараларды өткізіп бағады. Оқушының мектептегі не­гізгі ахуалын, тәртібін білу үшін де мұндай қарым-қатынас ата-анаға қажет-ақ. Алайда, бұл бай­ланыстың ғұмыры ұзаққа бар­майтын секілді. Айтпағымыз ата-аналар комитетінің бү­гінгі жай-күйі. Оқушылардың ата-аналарымен тұрақты және тығыз байланысты қамтамасыз ету мақсатымен құрылатын бел­гілі бір орган ата-аналар комитеті деп аталады. Бірақ ол қандай қарым-қатынас?

    Жақында ғана "ата-аналар комитеті жабылуы мүмкін" деген ақпарат қылаң берді. Бірақ, бұл мәлімдемеге шу көтеріп, қарсылық білдірген немесе қос қолын көтеріп қолдап жатқан адамды байқамадық. Бәрі үнсіз қалды. Тек әлеуметтік желіден ға­на талқыланды да қойды.

   Қазақстан мектептерінде ата-аналар комитетінің жұмыс істеуіне тыйым салынғаннан не өзгереді? Бұл тұста қалыптасып қалған үрдісті бұзғаннан кімге пайда, кімге зиян деген сұрақ та қойылмағаны белгілі. Аталмыш ұсыныс жайында ҚР Мемлекет­тік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бо­йынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева мә­лім­деген еді.

   - Ата-аналар комитеті ол - өзінен өзі құрылған, құрастырылған бір құрылым. Жалпы, ондай заңда да, ешбір нормативтік құқықтық актілерде де жоқ. Біз ұсынысты бердік. Мау­сым айында ата-аналар арасында аноним түрде жүргізілген әлеуметтік сауалнама айына немесе аптасына қанша ақша жиналатынын білуге мүмкіндік берді. Мектепте қаржыны ата-аналар 1000 теңгеден бастап 10000 теңгеге дейін жинағандары анықталды. 100 адамның 87-сі өмірінде бір рет болса да, мектепте ақша жинағанын айтты. Дәл осы дерек бізге жүйелі түрде жұмыс істеуге септігін тигізді. Дегенмен де, ата-аналардың еш­қайсысы мектепте ақша жинайтыны жайлы ашық айтпады,- деді Жазира Жылқышиева.

Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 09:23

Апта айшығы

ЕҢБЕК КІТАПШАСЫНЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ

    Келер жылы еңбек кітапшасы керек болмай қалады. Себебі енді еңбек-шарттағы келісім-шарт онлайн режим­ге ауысады. Тек жұмысқа тұру үшін куәлік қана керек. Қалған құжаттар азаматтың жеке дерекқорында сақталады. Мамандар бұл қағазбастылықтан құтқарады деп есептейді. Бұдан өзге диплом және өзге де құжаттар онлайн режимге көше бастайды.

 

12 МЫҢ ЗАҢСЫЗ АЗАМАТ ЖҮР

    Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 12 мыңы азаматы заңсыз жүр. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпарына сү­йенсек, екі ел арасындағы визасыз режим осындай ста­тистикаға әкеп отыр. Көбісі уақытша жұмыс істеуге бар­ған азаматтарды құрайды. Корея жұрты заңсыз жүр­гендерге айыппұл салмақ. Арнайы белгіленген уақытта тіркелмесе, азаматтар айыппұл арқалауы бек мүмкін.

 

   

    Бала бақылауда болуы керек. Балабақша біткеннің бәріне бей­некамера орнатылуы тиіс. Бірақ, ел­дегі барлық балабақшалардың тек 60 пайызы ғана бейнекамералардың игілігін көріп отыр. Ал, Қызылорда облысындағы балабақшалардың тек 39 пайызы бұл міндетті орындаған. Мұндай мәліметті Қызылордаға арнайы келген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағанбетов жеткізді.

   Вице-министр "бейнебақылауға алу соңғы кездегі балабақшалардағы былықтың ашуына себепші болып отыр" дейді. Баланы ұрып-соғу, тәрбиешінің әрекеті, баланың қа­уіп­сіздігіне қатысты қоғамда орын ал­ған келеңсіздіктер тәртіпті тізгін­деу қажеттігін көзге ұрып тұр. Асхат Аймағанбетов мұғалімдермен кез­десуде көтерген тақырыптың бірі осы.

   - Тәрбиешілердің сапасын көтеру кезек күттірмейді. Бала­бақшадағы балалардың тәрбиесіне бөлінген 1 АҚШ доллар экономи­ка­ға 7 доллар өсім береді. Мектепте не университетте мұндай нәтижелік болмайды. Бұл - нақты зерттеу. Сон­дықтан бала тәрбиесі, балабақша сапасына мән беру керек. Бұл сапа­ны арттыруды қажет етеді. Бізге сан қуып, көрсеткіш алу емес, сапаны ой­лайтын кез келді,- деді Асхат Қанатұлы.

   

    Біршама жолды жүріп өттік... Кедір-бүдір жолы бар көшені де, зәулім үйлер жағалай орналасқан, жарығы көз тартар даңғылды да бағытымызға айналдырдық. Жай жүргеніміз жоқ, адам жаны үшін жеделдікті асырып, сабырлыққа өзімізді шақырып, қандай жағдай болса да жүректілік танытуға бойымызды үйретіп, міндеттелген мекен-жайға дер кезінде жетуге асығып келеміз. Шын мәнінде, өмір біз ойлағаннан да күрделі екен. Оның түрлі бел-белестен, сан қилы өткелдерден тұратынына енді көзім жеткендей. Өмір дейтін алып кемеде жақсымен де, жаманмен де тілдесіп, жолығасың. Тағдырымен тура келген талай жанға куә боласың. Бірі осы қысқа ғұмырдың қадірін түсініп, саналы ғұмыр сүруді арман етсе, енді бірі жалған дүниенің сынынан қорқып, өзінен безінгендердің бар екендігіне сенесің. Жалғыздықтың азабынан жаны жараланып, жабырқаған көңіліне ешкім демеу болмағаннан сарсаңға түсетіндерді де кездестірдім. Тіпті, ішімдікке сылқия тойып, жер таңдамай жантая кеткен жанға іштей жаным ашыған сәттерді де бастан өткердім.

   Жол үсті зулаған көлік, екі күннің бірінде жол апаты болып жатады. Кейде жанұшырып жеткенде қан-жоса болып жатқан атпалдай азаматтың, қыршын жас­тың тамыры соқпай қалатын кездердің жиі орын алатыны да жасырын емес. Өлім мен өмір арасында жанталасқан жандарға құстай ұшып, алғашқы көмекті көрсетуден еш жалықпайтын ерен еңбек иелері бар. Тосын болған түрлі дертпен бетпе-бет келетін жүрек жұтқан жедел жәрдем қызметкерлерінің әрбір ісі мақтауға тұрарлық. Себебі, олар маман­ды­ғына берілген, еңбегінің қиындығы мен қызығына шыдас берген өз ісінің нағыз майталмандары. Осы орайда жолда жүйткіп келе жатқан жедел жәрдем көлі­гімен көрген түрлі оқиғалар менің жолжазбама жарап қалды. Тілшіліктің тірші­лігінде жүріп, тынымсыз еңбек етіп жү­р­ген "жедел жәрдем" қызметінің қарбалас­қа толы бір күндік жұмысымен танысып, медицинаның қалтарысына қарсы шыдамдылық танытып келе жатқан кәсіп иелерінің жұмыс барысына куә болдым.

Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 06:39

БІТІМІ БӨЛЕК НҰРАҒА

   Қызылорда педагогтік (педагогикалық дегенді мар­құм С.Исаев ағамыз қате деуші еді) институтының табалдырығын аттағанда бірінші екі адаммен таныстық: біріншісі тәлімгеріміз Әли Байжолұлы болса, екіншісі факультет деканы Нұрлыбек Ерназарұлы Жүнісов еді. Бірінің жүзінен қаталдық, талапшылдық белгісін көр­дік, екіншісінің жүзінен зиялылық, жылылық, мейірбандық есіп тұратын. Нұрлыбек ағамызбен таныстық осы­лай басталды. Бірде бір ағамыз "Сен бұрынғы ағаларыңа ұқсағың келіп жүр ме?" деп кейіп еді. Ал, мен сол ағаларыма ұқсай алмай жүргеніме қапа болам кейде. Пікірімізді айта алмаймыз, көп жағдайда бұғып қаламыз. Иә, біз соларға ұқсауды мақсұт тұттық. Ғылымға бой ұрдық. Мүмкін әдебиетші болмай, тіл ғылымының мен үшін тылсым әлеміне бой ұрғаным сол ағаларымның өнегесі болар.

   Ірі кісі еді деканымыз. Пішімі ғана емес, тірлігі де, тұрысы да, жүрісі де. Сөйлеген сөзі де ірі. Бойшаң еді ағамыз. Бойы ғана емес, ойы да. Мен берген баға емес, бұл бағаны тіл білімінде мен танитын, мен көрген, тәлі­мін алған, басы академик Әбдуәлі Қайдар, одан бері жан досы, менің ғылыми жетекшім профессор Сапекең (Сапарғали) Омарбеков, тізбелей берсең кете береді.

Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 06:36

ҰСТАЗДАР ҰЛАҒАТЫНА ТАҒЗЫМ

    "Сен де бір кірпіш дүниеге кеті­гін тап та бар қалан" деп ұлы Абай айт­қандай, адамзат баласының өмірден өз орнын тауып, азамат болып қалыптасуында ата-ананың рөлі қандай болса, шәкірт тәрбиелеп, білім нәрін құятын ұстаздың орны да бөлек. Осы ойларға табан тірегенде ұзақ жылдар бойы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда пе­дагогикалық институтының (қа­зір­гі Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік университеті) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында үлгілі ұстаздық қызмет атқар­ған филология ғылымдарының кан­дидаты, доцент Нұрлыбек Ерназарұлы Жүнісов ағамыз еріксіз еске оралады.

   Нұрлыбек ағайдың терең білімі жылдар бойы жинақтаған педагогикалық тәжірибесі, ойының ұшқырлығы, сапалы дәрісі мен саналы тәр­биесі шәкірттерінің есінде мәңгі жаңғырады деп ойлаймын. Ағайдың өзінен бастап өзгеге де қатаң талап қойғыштығы, студенттерді ғылымға баулуы, үнемі тынбай ізденісте жүретіні, балаша ақ­қөңілділігі бізді таң қалдыратын. Шын­дығында Нұрлыбек ағайдың бойындағы педагогикалық талантты бір-екі сөйлеммен жеткізу мүм­кін емес, ағай ұстаз болып қалыптас­қан, ұстаз болып дүниеге келген, ұстаз болып дүниеден озды.

   "Филология, бастауышты оқу­дың педагогикасы мен методикасы" факультетін 20 жылдай басқарған ағайымыздың өзіне тән тағы бір ерекшелігі - білім берумен қатар ұйымдастырушылық қабілеті, әрбір іске жауапкершілікпен қарай білуі.

   Мектеп бітіргеннен кейін 1978 жылдың шілде, тамыз айларында оқу орнына құжат қабылдау емтихандарын тапсырып, оқуға қабылданғаннан кейін қыркүйек айында Жалағаш ауданындағы "Ақарық" совхозында күріш жинау науқанында еңбек ету кездерінен бастап, 1982 жылдың маусым айындағы бітіру емтихандары арасындағы төрт жылдық кезеңдегі оқу үдерісі, ғылыми зерттеу, тәлім-тәрбие жұ­мыстары ағынында біз уақытымыздың жылдам өткенін кейін бір-ақ білдік.

   

    Қайрат Құдайберген - бүгінде бизнесте ірі магнатқа ай­­налған табысты кәсіпкер. "THS Group" құрылыс ком­па­ниясының негізін қалаушы. Қайырымдылық ісінде де есімі елеулі бизнес иесінің азаматтығы, ашық ойлары мен табыс табудағы сценарийлері кімге де болмасын қызық. Бі­лім саласына қаржы құюды мақсат тұтқан Қайрат Құдайбергеннің бизнестегі бастамалары енді ғана бизнес жо­лына түскен азаматтарға бағыт болмақ. "Жетістік пирамидасы" айдары осы сұрақ төңірегіндегі ойларға жа­уап іздейді.

   Дағдарыста ең қиын нәрсе - кәсібиліктің жетіспеуі. Байқасаңыздар, қаржылай қиыншылықтар туғанда ірі компаниялар ұжымдағы "паразиттерді", яғни артық жа­лақы алады деп есептейтін "бірінші орынбасар", "екінші орынбасар" секілді адамдарды қысқартады. Себебі, олардың қызметсіз-ақ компания жұмыс жасай алатынын біледі.

     

     Ұстаздар өз қолтаңбаларын өмірде өзгеше етіп қалдыруға ұмтылады. Талай шәкірттің аузының суы құрып айтып жүретін бір дара мұғалім болатыны айқын. Ол апай барда сынып ішінде шыбынның ызыңы, терезе сыртындағы желдің гуілі ғана естіліп тұратын. Тәртіп таудай, талап қатал. Білімділіктің де орны бір бөлек. Міне, осындай көркем мінезді мұғалімнің шәкірті болған оқушылар да мектепте озат, өмірде де жолдары жиі болып жатады. Ал, Күләш Алматшаеваны сөз еткенде оның қырық жыл бойы жинаған коллекциясы бүгінгі әңгімемізге тұздық. Мұнда әр тарихи бұйым әртүрлі чемодандарға жиналған. Әрбірінің өзіндік атаулары бар. Бұйым түрлері әр алуан. Бір мектеп ішінде өмірдің қалтарыс-бұлтарыстарын, мектептің өткені мен бүгінінен сыр шертетін елуден астам чемодан бар екен. Бір сөзбен айтқанда апайдың бір чемоданының өзі бір музей іспетті.

    Күләш апай әңгімесін "Ол кезде мен 23 жасар қыз едім" деп бастады. Міне, ұстаздық салаға келгеніне осы жастан бері 46 жыл өтіпті. Ол жұмыс жүргізіп отырған жердің табалдырығын аттамас бұрын музейдің есігіне назарыңыз ауады. Музейдің есігінің өзінде үлкен мән жатыр. Елбасының 1998 жылғы Сыр еліне сапарында №12 І.Қабылов атындағы мектепке келетіні белгілі болды. Сонда К.Қаракөзов атындағы №235 мектептің мұға­лім­дері Маралбек Исаев пен Ас­қар Жұматаев ағаштан ойып, киіз үйдің сықырлауығын жасап шыққан. Есік­тің нақышын көрген Елбасы еңбекке риза болып, бата берген екен. Расымен де, сан түрлі ою тоғысқан есік көздің жауын алады. Тіпті, күлдіреуіштің өзі де бедерлі. "Күлдіреуішті қазақ текке жасамаған. Үй ішіндегі түтін түндіктен тү­зу шығу үшін күлдіреуіштен жел соқ­қан",- деп, Асқар ата білгенімен бөлісті. Оның айтуына қарағанда, музейдегі көптеген бұйымдар осы кісінің төл туындылары болса керек.

Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 06:14

АҚША ТАПҚАН САЙЫН ЖЕТПЕЙДІ. НЕГЕ?

   

     Осы сұрақ көпті ойландыратынын білдік. Білген соң зерттеуге ұмтылдық. Себебі "қолдың кірі" саналатын ақша төңірегіндегі ойлар бір-бірінен асып түседі. Дөңгеленген жер бетінде кез келген жұмыр басты пендені өзіне тәуелді етіп қоя­тын құнды қағаздың құдіреті кейде адамды еркінен тыс ойлануға апарып тастайды. Еңбектің өлшеміне айналған ақшаның адам өміріндегі орны кейде халықтың пі­кірін сан түрлі арнаға жетелейді. Алайда, ақша табу мен оны жаратудың арасында ортақ сауал бар. Со­нымен ақша тапқан сайын неге жетпейді?   

   Бір қарағанда, ойнақы тақырыптай көрінеді, астарына үнілсең, жауа­бын табу қиын. Десе де, қоғам пі­кірін екіге жарған осы тақырыпты негіз етіп алуға бекіндік. Басын ашып алайық. Бұл әлеуметтік зерт­теу емес. Халық жадына жақын сұ­раққа жауап іздеу.

   Қазақта "мың ділдә бардың қалтасында, жоқтың аузында" деген тәмсіл бар. Бірақ, тапқан табыс пен шығыстың арасын есептеп отыру көп жағдайда ақшаны реттеу үшін қажет. Бірі мұны дұрыс көрсе, ендігі бірі табыстың бәрі жаратыл­уы керек деген ойды меншіктейді. Есеп жүргізетіндері ай соңында қолға тиетін айлықтың бір бөлігін несие жабуға, бір бөлігін азық-тү­лікке, өзге де шығыстарға бөліп қояды. Артылғаны көңіл көтеруге жұмсайды. Бұл - әлеуметтік желіде пікір қалдырған халықтың ойы.

Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 06:01

«СҰЛТАН» СҰРАНЫСТА

    

    Қазір макарон өнім­дерінің түрі көп. Алай­да, кез келген мака­ронды тұрақты қолдан­байтынымыз анық. Бұл жолы макарон өнім­дерін халықтың таң­дауына салдық. Қалып­ты түрде әлеуметтік желі арқылы талқыға түскен макарондар ішінен жұрттың таң­дауы "Сұлтан" өнімі болды. "Алтын Дән" де қалыс қалмады, көпші­ліктің таңдауына ие болып, тізімнің екінші орнына жайғасты. Ірі сауда орындарымен қатар, ас үйдегі ас мәзірінен түспей жүрген "Корона" макароны өзі­нің тұтынушылары мол екеніне көзімізді жеткізе отырып, үшінші орынға табан тіреді. "Цесна" өніміне таңдау аз бол­ғанымен дауыс беру ба­рысында "Madina" мака­ронынан озық болып шықты. Осылайша төр­тінші мен бесінші орын­дарды еншіледі.

    Желідегі жұрттың көпшілігі таңдауға түсіп жатқан макарондар са­пасының көңілге қо­ным­ды екенін тілге тиек етіп отыр. Бұл дегеніміз барлығы бірдей дәмді макарондар дегенге саяды. Бұл жарнама үшін емес, халықтың өз таңдауы.

 Абзал Бақытұлы

 

 

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C