Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

Сәрсенбі, 10 Қазан 2018 12:25

ШЕБЕРХАНАДА ШИРЫҚҚАН ШЫДАМ

           Ерінбей еңбек ету үшін төзімді болу жұмыр басты пендеге тән қасиет. Ақадал еңбек арқылы нәпақасын тауып, үйінің береке-бірлігін сақтап отырған қаншама жан бар. Қызметінің ауырлығына қарамастан содан ләззат алып, қызығы мен қиындығына қатар төзіп келе жатқан маман иелерінің еңбегі ерен. Десек те, қоғам санасы абыройы асқақ мамандықты үлгі тұтады. Балам "бастық" болсын деп барын беріп жатады. Маңдай тер, табан ақы еңбекпен қара жұмыстың өзін құлшынысымен жасаған кісіні көрсе, мұрынын шүйіріп, басын шайқап кететіндерді де қоғам жасырмайды. Алайда, нар тұлғалы азаматтар оңай жолмен олжа тапқанды хош көрмейтіні ақиқат. Қызылорда қаласында техника тілін жетік меңгерген Нұрлан Иманғалиев еңбектің шыңына шыққан маман иесі. Қызметі қиын болғанымен, еңбегін ел ескере бермейтін шебермен тілдесіп, бір күн бойы жасайтын жұмыс барысымен танысып қайттық.

    Қазір заман дамыған сайын түрлі техниканың түрленіп, көз тартарлықтай күйге еніп шығуы заңдылық. Бір түймені бассақ болды, бәрі дайын болып шыға келетін дүниені алуға құмар­татын халық көп. Жасыратыны жоқ, қол жеткен құнды затты әрі-бері айналшықтап, техникамен таныспай қолданысқа енгізуге асығамыз. Тұрмыстық техни­каның тілін білмегендіктен не болмаса сапасыз тауардың төзімі таусылғандықтан істен шығып жататын кездері жиі кездеседі. Тығырықтан шығатын жол біреу ғана. Ыңғайлы бағаға сапалы қызмет ұсынатын шебердің ке­рек екендігін сіз де біліп отырған боларсыз. Бүгінгі "Еленбейтін еңбек иелері" айдарының кейіп­кері Нұрлан Иманғалиев бір­неше жылдан бері кез-келген отандық және шетелдік ірі тұрмыстық техника мен элект­рониканы жөндейді. Шебердің айтуынша, электрониканы жөндеу шебер­ха­насының негізгі қызметі плаз­малы панель мен теледи­дарды, аудиотехника мен бейнеаппа­ратураны, сондай-ақ магнитола мен магнитофон, мик­рофон, бейнемагнитофон істен шықса қалпына келтіруге барын салады. Жанына жақын іс болған соң бар күш-жігерін жұмсап, көз майын тауысқанша тірлікті тап-тұйнақ­тай етіп бітіретін көрінеді. Асыра мақтап отырған түгім жоқ. Шеберхана ғимаратының ішінде жұмысын бақылағаннан кейін, еңбегінің қаншалықты ауыр екендігіне көзім жетті. Күніне ең аз дегенде 3-4 адам келіп, өзінің жарамсыз болып қалған тұрмыс­тық техни­каларды алып кел­генде қызығу­шылық танытып, қай бөлшегінің істен шыққан­дығын тапқанша асығады. Шар­шау дегенді біл­мейтін шебердің еңбекке құл­шынысы орасан. Мен ең әуелі Нұрлан Иманға­лиевты сөзге тартып кәсібіне деген махаб­ба­тының басталуына не түрткі болғандығын сұрағанды жөн санадым.

   Құрметті ұстаздар, педагогтар!

   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің 5 бағытты қамтитын «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.

   Білім беру ұйымдарының педагогтері 22 аталым бойынша конкурсқа қатыса алады.

   Жеңімпаз педагогтерге ақшалай сыйлықтар беріледі.

  Конкурс туралы толық ақпаратты мына сілтемеден www.orleu-kyzylorda.kz немесе 8(7242) 26-29-03 телефонына хабарласып біле аласыздар.

  Бұл конкурс – шығармашыл, ізденімпаз ұстаздар үшін үлкен мүмкіндік, ендеше мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!

     

    Білім саласын басқару әсте оңай емес. Себебі педагогикадағы әрбір жаңалық, әрбір реформаның сәтті орындалуына бірінші басшы жауапты. Оның үстіне педагогикадағы кадр сапасы, бала мен мұғалім, ата-ана мен мектеп байланысы да назар аударуды қажет етеді. Сыр елінің білім деңгейін саралау үшін біз аймақтың білім саласының тізгінін ұстаған облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебековамен сұхбаттасуды жөн көрдік. Ұстаздардың төл мерекесі қарсаңында өрбіген әңгімеде білім саласының дамуы, жаңартылған білім беру мазмұны мен ұстаздардың кәсіби білігі тақырыптары шет қалмады.

    - Майра Тұрғанбайқызы, ҚР Бі­лім және ғылым министрлігінде қыз­мет атқарып, аймақтың білім сала­сының басшылығына келдіңіз. Сіздің жұмыс істеу принципіңіз қан­дай? Сұхбатымызды осыдан бас­тасақ.

    - Тереңірек бойлап қарасам, осы педагогика саласындағы тәжі­рибем 25 жылға жетіп қалыпты. Оның тең жартысы мектеп қабыр­ға­сында өтті. Мектепте матема­тика, физика, информатика пән­де­рінен сабақ беріп, тәжірибе жи­нақтадық. Директордың орын­басары қызметіне дейін көтерілдім. Кейіннен еліміздің бірқатар ай­мақ­тарында қызмет атқаруға тура кел­ді. Ал, 2005 жылдан бастап ҚР Бі­лім және ғылым министрлігінде бас маман ретінде қызметке алын­дым. Маған осы қызмет жолымда іс­кер басшылармен бір салада қыз­мет ету бақыты бұйырды. Әрине, қол­дау білдіріп, бағыт-бағдар бер­ген әріп­тестерімнен көп үлгі-өнеге алдым. Соның бастауында тәртіп тұратын. Орындаушылық және қыз­меттік тәртіпті сақтау, жұмыс­қа деген адал­дықты үнемі бірінші орынға қоятынбыз. Сондықтан да болар, тәртіптің сақталуына аса мән бе­ремін және қызмет­керле­рім­нен де осы­ны талап етемін. Екін­шіден, ме­нің ұғымымда, әр адам өз сала­сы­ның маманы болуы керек. Бәсекеге қабілетті, өз ісіне жауап бере алатын мамандардың болғанын қалаймын. Менің негізгі принциптерім осы.

            

     Ұстаздық - ұлы қызмет. Балаларды білім нәрімен сусындатып, тұла бойына ізгілікті дарытып, қаншама жанның болашағына жол ашатын ұлы жан. Мәртебелі мамандық иелеріне құрмет көрсету қа­шан да басты парызымыз болмақ. Осы орайда мұғалімдер күні мерекесіне арналған "Мың рақмет, ұстаз-мұғалім!" атты облыстық сал­танатты шара өтті. Мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы ұстаздар қауымына құрмет көрсетті.

   - Ұстаз - ұлағатты есім. Кез келген қоғамда ұстаздың ұлы міндетіне баға жетпейді. "Адам бойындағы барлық жақсылық мұғалімнен тарайды" - деп ұлы Абай баға берген екен. Ұлт болашағы сапалы білімді, өнегелі, жан-жақты, тәрбиелі жастардың қолында. Ұстаз - шәкірт бойынан асыл ой, адамгершілік пен ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын тәрбиеші. Ел болашағын сеніп тапсыратын, тәуелсіз Қазақстанның әрбір аймағына үлес қосатын өскелең ұрпақты тәрбиелейтін кемел тұлға. Сондықтан да мұғалімдер күнінің қоғамда орны бөлек, ең ұлық мерекелердің бірі болып саналады,- деді облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов.   

    Бірнеше тілді білу - өмірлік қажеттіліктен туындаған құбылыс. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Халықтың рухани, мәдени құндылығымен сусындау үшін әуелі ана тілін білу керек. Әрбір адамның өз тілінде сөйлеп, білім алып, азамат болып қалыптасуы маңызға ие. "Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бір деңгейде сұхбаттаса алады" деген Абай ақын. Бүгінде тіл білгеннің тіршілігі түзу. Тарих беттерін парақтасақ, Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін білгендіктен, артына мол рухани құнды мұра қалдырды. Ақын Абай Құнанбаев орыс­ша хат танып, өзге тілді үйренсе де, өз тілін құрметтеп, артына өшпес мұра қалдырған. Алаш арысы, қоғам қайраткері М.Шоқай зеректілігі арқылы университет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шыққан екен.

    Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, соның ішінде оқытушыларға да ең басты мәселе болып отырғаны осы тіл жайы.

Сәрсенбі, 03 Қазан 2018 06:32

Ісі кенеулінің – есімі елеулі

   

   Қазақ "шыңға шыққысы келетін адам алдымен таудың етегіне табан ті­рейді" дейді. Бұл еселі ең­бектің маңдай тер еңбек арқылы келетінін, әрі қызметтің қай түрі болмасын, түптің түбінде жеміс беретініне дәлел бола алады. Сол ісінің берекесін көріп қана қоймай, ізін жалғаған ұрпақтарына адал ең­бектің туын ұстатқан өнегелі әулеттер аз емес. Ел ішінде атасы, әкесі, баласы, немересіне дейін бір саланың жүгін көтеріп, сол арқылы мерейі тасыған отбасылар өткен аптада құрмет төріне шықты.

    Түрлі салада тер төгіп, елдің экономикасы мен біліміне, құрылысы мен ауыл шаруашылығына, мәдениеті мен спортына, медицинасы мен темір жол саласына қызмет еткен азаматтар Еңбек форумында еленді.

   Еңбек әулеттерін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және сала басшылары қатысты. Шарада облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы еңбек адамдарына деген құрмет қашанда жоғары болатынын, Сыр елінен шыққан еңбек озаттарын жиылған қауымға үлгі етті.

     

   Тарихқа тереңірек барсақ, Қызылорданың бұрындары Қамысқала атанғаны, кейіннен Ақмешіт, уақыт өте келе Перовск атауына қол жеткізгені ақиқат. Алайда, дәуір өзгерісі қайтадан Ақмешіт атауын қайта алуға түрткі болды. Тек 1925 жылы ғана Қызылорда атауын иеленген шаһар бүгінде қос ғасырлық белеске аяқ басты. Заман уақытына сай, әр дәуірдің өз азаматтары мен тұлғалары қаланың қалыптасуына, дамуына із салды. Міне, бүгінде сол тарихтан керуен тартқан Қызылордаға 200 жыл толды.

    Әрине, арыға кетіп, тарихты қаза берсең, Қызылордаға қатысты небір тарихи оқиғалар мен деректерді кездестіруге болады. Айтпағымыз басқа, екі ғасырлық тарихты аттаған Қызылорданың бүгінгі даму келбетін, мерейтойлық сән-салтанаттағы айрықша әсерлерді салмақтау. 200 жылдық мерейтой қайтып келмейді. Осы себепті де қала билігі ел көңілінен шығуға әрі әртүрлі форматтағы шараларды ұйымдастыруда барын салды. Ендеше қала күнінде нендей іс-шаралар өтті? Шолып шығайық.

"СЫР СҮЛЕЙЛЕРІНІҢ" СЫЙЫ

    Қала күні мерекесі шаһар­дың әр қиырында тойланды. Ал, мерейтойдың мәні мен сәні "Сыр сүлейлері" аллеясы­ның алдында басталды. Қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үйлер мерекенің басты атри­бут­тарымен ай­шықталып, та­рихты бейнелейтін көрініс­тер­мен көз тартты. Қобыз үнін ән­ге қосқан өнерпаздар, дала дү­бірін думанға бөлеген домбы­рашылар мерекені көңілді етті. Сыр елінің өнері мен өнімде­рінің көрмесіне ҚР Мемлекет­тік хатшысы Гүлшара Әбдіқа­лықова арнайы келіп, шаһар тұрғын­дарын айтулы мере­кемен құт­тықтады. Сонымен бірге Сыр сүлейлеріндегі ду­манды шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халықпен мерекені бірге той­лады.

       

   Талай қыранның томағасын шешіп, қияға қанат қақтырған Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясына биыл 100 жыл. Талай ғалым мен дарынды, дүлдүл мен бұлбұлды, арғымақтар мен саңлақтарды тәрбиелеп шыққан білім ордасының ұстаздары қашан да мәртебелі.

     Іргетасы қаланғанына қос ғасыр толған Қызылорданың мерейлі мерекесіне тұспа-тұс келген ғасыр тойының орны ерекше. Бұрынғы 1 Май мектебі қалалықтардың бәріне жақсы таныс. Тұлымшағы желбіреген бала мен дариядай кең дана қарияларға дейін киелі мектептің өткенінен сыр шертуге даяр. Бір ғасыр аз уақыт емес. Осы кезеңде мектепті білікті басшылар басқарып, нағыз маман мұғалімдер қызмет атқарды. Оған түлеп ұшқан шәкірттердің толайым табыстары дәлел. Дарынды оқушыларымен дараланатын білім ошағынан жүздеген "Алтын медаль" иегерлері шыққан. Осы жылдың өзінде мектеп шәкірттері 3 "Алтын белгі" мен 5 "Үздік аттестатқа" қол жеткізіп, мектептегі оқу-білім сапасының жоғары деңгейде екенін айқындап берді. Ағаш жемісімен көрікті болса, мектеп те жеңіс туын желбіреткен оқушыларымен дара. Бұл тұрғыда да Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы көпке үлгі.

Тағылымға толы тарих

   Биыл көптеген мерейлі мерекелер тоғысты. Оған Қалтай Мұхамед­жа­нов атындағы №1 мектеп-гимназиясының жүз жылдық мерейтойын қосыңыз. Қария жасына жеткен мектептің бұрыны тағылымды тарихқа тұнып тұр. Сондықтан өткенге шегі­ніс жасап, білім ұясының ғасырлық тарихнамасына аз-кем шолу жасағанды жөн санадық.

    Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының іргетасы 1918 жылы 5 қазанда қаланған. Ол ең әуелі Ақмешіт қаласындағы мұсылман мектебі ретінде ашылды. Мектепте негізінен қазақ, өзбек, татар жас­тары алынған. Оның алдына қойған мақсаты оқуға мүмкіндігі жоқ кедей-кепшіктердің балаларына хат танытып, сауатын ашу болыпты. Бірте-бірте оқушылар саны ұлғайып, 120-ға дейін жеткен. 1920 жылдан бастап бірінші мұсылман мектебі татар және қырғыз (қазақ) мектебі болып екіге бөлінеді. Осы жылы қарашаның он бесінде мектеп Герцен атындағы екі жылдық қырғыз (қазақ) мектебі болып қайта құрылған. Бұл кезде 128 ер бала Ақмешіт қаласындағы К.Маркс көшесіндегі Мәлікқожаның үйінде білім нәрімен сусындап жүрген шақ болатын. Мектеп меңгерушісі ретінде Әбілқасым Қызылқожаев тағайындалып, қызмет жасайды. Ал, 1922 жылы маусымның 1-і кү­ні оқу мерзімі 4 жылдық Абай атындағы қазақ мектебіне айналған. Мектептің меңгерушілігіне Жармағанбет Жарболов орналасады. Оның мектептегі оқыту әдісін қазақтың белгілі педагогтары: Ы.Алтынсарин мен С.Көбеевтің үлгісімен жүргізгені тарих парақтарында алтын әріптермен жазылған. 1923 жылы 5 шілдедегі мә­ліметтерге қарасақ, Абай атындағы мек­тепте 165 оқушы оқыпты.

Сәрсенбі, 03 Қазан 2018 06:01

Тәнге түсер таңбаға сұраныс көп

 

    Қазір елден ерекшеленіп, жұрттан даралану үшін Толағайдай тау қопарып, Желаяқтай желмен жедел ұшудың қажеті шамалы. Бәрі оңай. Керек десеңіз, ойға келген ойсыз қылықты да қызықты етіп, ел алдына ұсынсаңыз болады. Талайын көз көріп, құлақ естіп жүр. Сондықтан бірдеңеге таңқалып, таңырқау деген қасиет қазірдің өзінде тасада қалып жатыр. Қоғамда дара болып қалуды даналықпен емес, дарақылықпен түсінетін жастар көп. Денеге сурет салу, татуажбен тамаша болып көріну, пирсинг жасату, мұның барлығы тән сұлулығын жоғары қоятындар үшін жат дүние емес. Десе де тәнтаңбаның тамыры тереңге жайылып, күннен күнге сәнге айналуының өзі алаңдатарлық. Соңғы кезде "татуировка" термині ел аузында көп айтылып жүргені белгілі. Бұл дегеніміз халықтың қызығушылығы мен сұранысының артып келе жатқанын білдіртеді емес пе?

    Сән қуалаған жанның кез келген нәрседен мән іздеп жатуы екіталай. Елді еліктірген нәрсеге бірінші болып қадам басқанын мақ­тан көретіні де заңдылық. Көңі­лінен шықса көзді жұмып, әп-сәтте татуировка жасатуды да олжа кө­реді. Алайда, ешкім түп төркініне көңіл аударып жатқан жоқ. Деректерге сүйенсек, татуировка ежелгі көне тайпа өкілдерінің ұлттық ерекшелігі ретінде саналған көрінеді. Ал, кей тайпаларда жазаланған адам­ның денесіне осылай сурет салып, масқаралау үшін таңбалаған. Мәселен, Египетте, кейіннен Жапонияда, Қытай мен Мексикада, Никарагуада қылмыскерді жазалау үшін пайдаланылған екен. Ең қызығы, терминді ғылымға енгізген әйгілі саяхатшы Джеймс Кук болған деген дерек бар. "Татуировка" термині Тынық мұхитындағы сансыз аралдарды мекендейтін аборигендердің "тату" сөзінен шыққан. Ал, аборигендер Американың үндістері секілді үстеріне түрлі шашақтарды тағып, терілерін тесіп сурет салатын. Демек, бүгінгі "өркениетті" адамдардың денелерін татуировкалап жүргені - сол ортағасырлық жабайы халықтың "татулары". Бірақ, ежелгінің ерекше бел­гісіне бүгінгі көзқарас мүлдем басқаша. 6000 жыл бұрын пайда бол­ған татуировканың не сиқыры бар? Жабайы халықтың ойлап тапқан дүниесінің әлі күнге дейін сақтал­уына не себеп? Осы секілді сауалдар ойға еріксіз оралады. Сұраққа тұщымды жауап алу мақсатында өңіріміздегі сән салондарды аралап, татуировка салатын білікті ше­берді сұрастыруға шықтық. Еш қиын­дықсыз іздегеніміз табылды. Алғашқы кезде "татуировка салатын адамды табу қиын болар. Оның үстіне қазақылықты сақтаған Сыр елі болғаннан соң сәннің бұл түріне халықтың сұранысы жоқ шығар" деп ойлаған едік. Қателесіппіз.

Сәрсенбі, 03 Қазан 2018 06:00

ЖАҚСЫ АДАМ - АЛЛАНЫҢ НҰРЫ

Ұстаз - кең, Ұстаз - тұлға, Ұстаз - арда,

Алдаспан жыр семсерін ағытар ма?!

Бүгінде басымды иіп алғыс айтам,

Жеткізген осы күнге ұстаздарға!

С.Шабажанова

 

    Өмір адам ойлағандай бола бермейді ғой, күні кеше ортамызда жүрген ұлағатты ұстаз, әріптесіміз, білікті басшы Асқар Қалиұлының ойламаған жерден келмес сапарға аттанғаны қабырғамызға қатты батты. Ол тынымсыз еңбегімен, ақыл-парасатымен жора-жолдастарының, замандастарының, сан мыңдаған шәкіртте­рі­нің құрметіне бөленген біртуар азамат еді. Ақ пен адалдан жаралған азамат еді. Артында қалған қалың елі мұңға бөленіп, бел қайыстырған ауыр қаза болды. Қас пен көздің арасында бәрімізді күйзелтіп, ел-жұр­т­ын егілтіп көз жұмды. Билік тізгінін ұстап абырой-беделге ие болған, елін сүйген, елі сүйген тұлғаның қазасы бір отбасының не бір аймақтың емес, тұтас ұлт­тың азасы болмақ. Бұл қазаны да халық осылай қабылдады. Жүрегімен жылап қоштасты.

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C