Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

   Жұмыр басты пен­дені теледидарға тел­міртіп, тартысқа та­лас­­қандардың үздігі анық­талатын доп до­дасы өз мәресіне жетіп отыр. 32 белді коман­да, жеңімпаз біреу.

   Қаншама мықты құ­рамаларды және үздік ойыншыларды елі­не қайтарып, фи­налдық ойынды Ре­сейде емес, өз еліне ба­рып көруге мәжбүр­леген, ақтық мә­реде бақ сынасқан қос құ­рама жайлы айта ке­тейік.

  Модрич бастаған Хорватия жігіттері ой­ламаған жерден фи­нал­ға шығып жұрт­шы­лықты таң қалдырғаны рас, алайда француз шебер­ле­рінен асып түсе алма­ды. Араға 20 жыл салып қайта қол­дарына кубок­ты қон­дырған Зиданның жер­­лестері елін үлкен қуанышқа бөледі.

   Тартысқа толы фи­налды асыға күткен фут­болсүйер қауым үшін бұл күн естен кет­пес сәттермен айшық­талды. Сөз жоқ, Хорва­тия құра­масы 90 ми­нут бойы Франциядан мықты бол­ды, қан­шама мүм­кін­дікті өз­дері жіберіп алды, десе де, Хорватияның орта­лық жартылай қор­ғау­шысы Иван Ракитич «француздар бізге не­бә­­­рі 3 соққы жасап 4 гол салды» деп езуіне күлкі үйіріліп қоя бер­ді.  Матч жайлы Хорва­тия бапкері ойын бары­сы­нан кейін: "Алғашқы жиыр­­ма ми­нутта біз жақ­­­сы ойнадық, артын­ша күтпеген жерден өз қақпамызға өзіміз гол соғып алдық, сонда да біз ойынды әрі қарай та­маша жалғастыра оты­рып, есепті теңестіріп, ойынға  қайта оралған бо­латын­быз, бірақ күт­пеген жерден бізге пе­нальти берді.

 

Сейсенбі, 17 Шілде 2018 14:02

ӘРІПТЕСІМІЗ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

   

    Республикалық қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік «Ұстаз мәртебесі» газетінің жауапты хатшысы Абай Тағыберген Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдарының 10 жылдығына орай өткен республикалық журналистер байқауында лауреат атанды.

   ХХІ ғасырдағы қазақстандық мектептерге ақпараттық қолдау көрсету, үздік отандық және халықаралық тәжірибені біріктіретін инновациялық мектептер құру, қазақ мектептерін әлемдік білім кеңістігіне біріктіру – журналистік конкурстың басты мақсаты.

  Байқауда журналистер білім саласының жаңашыл жүйесіне қатысты талдамалы мақалалар жазған. «Жаңа заманның жаңғырған мектебі» тақырыбын арқау еткен конкурсқа жалпы елдің әрбір аймағынан 50-ге жуық журналист бақ сынасқан.

  Сөз бәйгесінде өзгелерден оқ бойы озық шығып, қаламының қарымды екенін дәлелдеген Абай Тағыберген үздіктердің қатарынан көрініп, марапатқа лайық деп танылды. Айта кету керек, үздік жүлделі үш орынмен қатар 5 аймақтың журналистері арнайы лауреат дәрежесін еншілеген. Соның ішінде Абай Тағыберген Қызылордадан қатысып, үздіктер қатарына іліккен өңірдегі жалғыз журналист.

  Байқау қатысушылары «Жаңа заманның жаңғырған мектебі» шығармашылық конкурсын жыл сайын өткізіп тұруға ұсыныс білдірді. Олар білім беру саласында мамандандырылған журналистерге, соның ішінде кәсіби сайыстар мен тақырыптық тренингтерге арналған бәсекелестік ортаны құру қажеттілігін атап өтті.

   Астанадан жеткен Құрмет грамотасы мен бағалы сыйлықты Қызылорда облысындағы Назарбаев зият­керлік мектебі директорының оқу жөніндегі орынбасары Қалман Бейімбетов пен қаржы жөніндегі орынбасары Шолпан Оразбай табыстап, басылым тілшісіне ұйымдастырушылар тарапынан шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тіледі.

   

  С.МОЛДАҚАРАЕВ,

  Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Ыстық ауа-райында суға шо­мы­лушылардың да саны арта тү­седі. Бірақ, оның қауіптілігі де жо­ға­ры. Облыс бойынша 2018 жыл­дың басынан бастап 8 адам суға кеткен, оның 2-еуі бала. Күн­делікті кү­­шейтілген режим­нің нәтиже­сінде 13 тұрғын су бе­тінен құтқа­рыл­ды. Аймақтағы тө­тенше жағ­дай­лар департа­мен­ті суға шомылу маусымы қарса­ңында демалыссыз әрі үздіксіз жұмыс жасауда. Тіпті өрт сөн­діру­шілер мен жергілікті поли­ция және еріктілер де осы жұ­мысқа тартылды.

Департамент пен жедел құт­қару жасағының қызметкерлері жазғы суға түсу маусымында қай­ғылы оқиғалардың орын алмауы үшін тынымсыз тер төгуде. Қа­зіргі кезде облыстың барлық ау­ма­ғында ке­зекшілік таңғы сағат сегізден түнгі он бірге дейін ұйым­дастырылуда. Тұрақты түр­де жүргізіліп жатқан рейд, про­фи­лактикалық шараларға қара­мас­тан суда қаза болғандардың саны азаяр емес.

Судағы қауіпсіздік ережесі та­лап­та­рының сақталмауынан тө­тенше жағдайлар жиі орын алады. Тіпті кейбір тұрғындар ескертуге қара­мас­тан қауіпті аймақта шо­мылуды тияр емес.

 

  Ақылжан АБАБҮКІРОВ,

  қала тұрғыны:

- Соңғы күндері еліміздегі ыс­тық көп адамды әбігерге салды. Оның ішінде мен де бармын. Апта бойғы аптаптан, ми қайна­тар­лық шілденің ші­ліңгір күні­нен қашып көлеңке іздеумен бол­дым. Соның өзінде басыма күн өтіп, ауруханадан бір-ақ шықтым. Ауа райын болжау­шы­лар күн ыс­тық боларын ескертті. Де­ген­мен мұншалықты 50 градустан асып кететінін айтпап еді. Кейбір жер­лерде температура 60-ты көр­сетіп тұрды. Оған дәлелім де бар. Сон­дықтан денсаулыққа кері әсе­рін тигізетін аптап ыстықтан абай­ла­ған жөн. Тиісті орындар ауа-ра­йы­ның қанша температура бол­ғанын жасырмай, нақты айтса, біз секілді қала тұрғындары алаң­дамай жүрер еді.

Әрине, күн ысығаннан кейін адам суға бармағанда қайтеді? Қалада суға түсуге рұқсат берілген жер санаулы ғана. Қауіпті жерлер көп. Тиісті орындар адамдар үшін суға түсетін орындарды көбейтіп, ондағы қауіпсіздік шараларын жақ­сартса жөн болар еді. Суға көп адамның кетуі қалай жұмыс жасалып жатқа­нын дәлелдейді. Қауіпсіздік шарала­ры дұрыстап жолға қойылса, суға кету дерек­тері де болмас еді.

  ТҮЙІН. Ауа-райы адам қолымен реттелетін дүние емес. Әйтсе де, Қызылорданың экологиялық жағдайы осындай аптап пен қапырық ыстықты туындатып отырғаны жасырын емес. Бергісі Байқоңыр, әрісі Аралдан келетін қауіптің зардабын халық әлі күнге тартып келеді. Қысы қытымыр, ал жаздың жайы мынау.

Бұдан бөлек, тұрғындардың басым бөлігі ауа-райы жөнінде тез әрі нақты ақпараттың болғанын қалайды. БАҚ арқылы жарияланған болжамдар мен өмірдегі ауа-райы көрсеткіштері сәйкес келе бермейді. Осы мәселе реттелсе, денсаулығына алаңдаған елдің көңілі бір орынға түсер ме еді?

Айдар САЙЛАУОВ

Сейсенбі, 17 Шілде 2018 13:46

ОҢАЙ ОЛЖА ОРҒА ЖЫҚПАСЫН

 

   

    "Үйде отырып ақша тапқыңыз келе ме? Мен саған барлы­ғын үйретемін. Тек менің командама тіркелсең болды. Небәрі 21 күнде 200 мың теңгеге дейін табыс аласың, одан бөлек бонус пен сыйлықтар беріледі...". Желілік маркетингті биз­нес­ке айналдырған жетекшінің алғашқы сөзі әдетте осылай басталады. Мүмкін, бұл сөздерді сіз де естіген шығарсыз.

   Бүгінде желілік маркетинг ұғымы елімізде кеңінен қанат жайды. Алғашқы жылдарда желілік маркетинг арқылы пайда тапқан адамдарға күмәнмен қарап, бұл істің олжа бермейтініне сенімді едік. Десе де, бергі 5-6 жылдың көле­мінде қазақстандықтар да желі арқылы жетістікке жетіп, өз-өзін жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жандардың бар екендігіне көзіміз жетті. Сонымен желілік маркетингтің тари­хына үңілсек. Ең алғаш 1945 жылы АҚШ-та пайда болған. Ол тікелей тауар жеткізу арқылы өнімді арзан бағада сау­далауға мүмкіндік береді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Ресей елдерінде қарыштап дамыған бұл жүйе адам­дардың ой еңбегімен қаржы табуына қызмет еткен. Белгілі бір компанияға тіркеліп, тікелей сауда жасау арқылы табыс­қа кенеліп, қалтаңызды ақшамен қампайтуға болады.

   Қазіргі таңда шетелдік "Oriflame", "Mary kay", "Avon", "Faberlic" жә­не соңғы уақытта "NL Interna­tio­nal" ком­панияларының тұтынушылары мен менеджерлері көбеюде. Олар өз­деріне берілген мүмкіндікті қолда­нып, интернет саудамен айналысады. Бір жағынан өз-өзін жұ­мыс­пен қамтушылар қатарынан табылады. Жұмыссыздар саны аза­йып жатса, әрине қуанасың. Дегенмен желінің жетегіне кетіп, оңай жолмен олжа табуды мақсат еткендер алаяқ­тықтың құрбаны болып жатады.

 

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті­гінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бағдат Әбдіқадыровтің таратқан мәліметіне сенсек, Қызылорда облысында биылғы жылдың І жарты жылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында әкімшілік құқық бұзушылыққа ең көп жол берген ауылшаруашылығы саласы болып отыр екен. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жүргі­зілген сыртқы бақылау және мониторингтеу жұмыстары қорытындысымен облыстың ауылшаруашылығы саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың жоғары екендігі анықталған.

   Дәлел бар. Маусым айының өзінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін департамент 4 лауазымды тұлғаға қатысты 6 әкім­шілік хаттама толтырыпты. Солардың ішінде Қармақшы ауданындағы аумақтық инспекциямен жасалған әкім­шілік құқық бұзушылық бойынша инспекция басшысының міндетін атқарушыға 33670 теңгеге хаттама толтырылған. Өткен жолы Қармақшы ауданында бала­бақ­шаның дауы көпшілікті ойландырып тастап еді. Енді тағы ауданның аты заң бұзушылыққа қатысты шығып отыр.

А.Сырлыбай

   Қазіргі кезеңде білім мазмұнын жаңартудың түпкі мақсаты бағаны жақсарту емес, мұғалімдер мен оқушы­лардың қызметін философиялық тұрғыда өзгерту. 2011 жылы басталған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курс­тарының тұжырымдамасына сай мұғалім - бұл оқушының танымдық ізденісіндегі көмекшісі, ал оқушы болса өз дүниетанымының конструкторы болуы керек. Осынау өзгермелі де қайшылыққа толы әлемде баланың орнына ешкім де ақиқатты тауып бере алмайды, ол тек баланың ғана қолынан келеді. Сөйтіп, мұғалім мен бала қарым-қатынасы "субъект-объект" жүйесінен "субъект-субъект" жүйесіне өзгеріп, қайта құрылады. Жаңа бағдарлама­лармен оқудың алғашқы нәтижелері оқушыларымыздың өздерін еркін сезінетінін, өз ойларын ашық, бүкпей жеткізетінін және ортақ мақсатқа жету үшін командада жұмыс істей алатынын анық растап отыр.

  Балғын балалықтан кейінгі БҰҰ белгілеген екінші шешуші жас - бозбалалық болатын. Сарапшылар бұл кезеңде "өмірлік әлеуетті мектептер мен колледждердегі сапалы білім алуға қолжетімділік, жұмысқа тұру мүмкіндігі, зорлық-зомбылық пен кикілжің сынды жағдайларды болдырмау арқылы көтеруге болады" деп есептейді екен. Осы тұста айта кететін жайт, біз - орта білімнің толық циклін қамтамасыз ететін санаулы елдер­дің біріміз. АҚШ-тың Әлемдік саясатты талдау орталығы бізді осындай 14 елдің қатарына жатқызады екен. Білім беру мен қамту жағынан проблема болмаса да, сапа жағынан әжептеуір мәселелер бар. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, жағдай барысы осындай.

 

   

    2030 жылға қарай бүгін бар мамандықтардың бірқатары сұранысқа жауап бере алмайды. Анығында, жұмысшы мамандығының уақыт өте келе еңбек нарығынан қол үзіп қалатынын сарапшылар жасырмай айтуға кірісті. Демек, 10-15 жылда артқа тастап, адамзат жаңа мамандықтарды мең­геруге кірісуі қажет. Ал, ол үшін ғалымдар мен экономис­тердің зерттеуінде айтылып жүрген келешектің мамандық­тарына осы кезден бой үйретіп, жаңа мамандықтар турасында ақпарат алмасу қажет. Осыған орай газеттің өткен санында болашақтың мамандықтарын бірқатарын оқырманға ұсындық. Ресей сарапшыларының көп жылдық зерттеуін негізге алдық. Ендеше, басылымның осы санында да жаңа технология мен ІТ саламен сабақтасатын мамандықтар жа­йында әңгімелейміз.

    Робототехника. Бұрындары әрбір идея қоғамда фан­тас­тика болып көрінетін. Қа­зір сол ғылымдағы жаңалықтар мен жаңа идеялар өнді­ріс­ке тікелей еніп, адамзаттың өмірін жақсартуда. Ал, со­ның бастауында робототехника тұр. "Cisco" халықаралық зерттеу агенттігінің есебінше, әрбір 9 ай сайын үй қызметін атқаратын роботтардың саны артуда. Жүріп-тұруы қиын зейнеткерлердің үйін жинап, дәрі-дәрмегін қамтамасыз ететін ақылды роботтар пайда болуда. Робототехниканың қарқын алуымен үйдегі тұрмыстық техниканың да жаңаратын уақыты туа­ды. Мәселен, ақылды үс­тел­дер, мобильді гардероб, электронды бала бесігі сынды жаңа дүниелер өмірге енеді. Демек, келешекте роботехника бағытындағы мамандықтар сұраныстан түспек емес.

 

Сейсенбі, 17 Шілде 2018 13:14

ҚОСШЫҢЫРАУ ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДА

 

  Ерке Есілдің қос қа­натында қарыштап дамыған Астана қаласы биыл жиырма жасқа тол­ды. Жігіт жасына кел­­ген ел жүрегі, ха­лық­тың тілегі мен тіре­гі болған Елорда бү­гінде әлем назарында. Сондықтан да бас қа­ланың мерейтойы республика бойынша үл­кен деңгейде тойланды. Әйтсе де, ауылдық жерлер мен шағын елді мекендердегі отандастарымыз да қарап қалған жоқ. Олар да өз елдеріндегі сахна төрінде Астана қаласының құр­­метіне әннен шашу ша­шып, жырдан күм­без тұрғызды.

   Соның ішінде Қосшыңырау ауылының тұрғындары да биыл белсенділік танытты. Ауылдың қақ ортасында, ашық аспан астында сахна құрып, елдің үлкен-кішісі түгелдей жи­налды. Әуелеген ән, тілектер мен лебіздер Ас­танаға арналып, кон­­церттік қойылым қойылды. А.Тоқмағамбетов атындағы мәде­ниет Үйінің өнерпаздары ауыл тұрғындарына әннен шашу шашып, жан­­ды дауыста өнер көр­сетті. Жиналған халықтың көбі жастар. Ауыл үл­кендері де Астана кү­нін ерекше сезіммен атап өтіп, ел басқарып отырған азаматтарға ал­ғысын білдірді. Себебі жа­қында ғана ауыл кіреберісіндегі жолға тас тө­сеніш төгіліп, жолға күр­делі жөндеу жұмыстары жа­салған. Бұрынғы тесік-шұқырлы жолдан мезі бол­ған халық "қазіргі     ах­уа­­лымыз шүкір" деп жатты.

 

Сейсенбі, 17 Шілде 2018 12:53

ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ

    Өткен сейсенбіде Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің "Студенттер сарайында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 2017-2018 оқу жылындағы бітіруші түлектерге арналған "Ақ жол саған, жаc түлек-2018" диплом тапсыру кеші болып өтті. Кеш барысында колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Айт­мағанбет Тұрсынбайұлы Үргенішбеков құттықтау сөз сөйлеп, үздік диплом иегерлеріне диплом табыстады.

  - 2016 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жүргізген техникалық жә­не кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рей­тингі қорытындысы бойынша Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі "Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингі - 2016" бойынша ІІ орынды, осы рейтинг бойынша Қызылорда облысы колледждерінің арасында Қызыл­орда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі І орынды иеленді.

   Бүгінгі таңға дейін колледжді 4304 оқушы оқуды бітіріп, оның ішінде 383 түлек оқуды үздік аяқ­тады. Олардың барлығы елі­міз­дің түкпір-түкпірінде түрлі салаларда ел игілігі үшін қызмет жасауда.

   

Сейсенбі, 17 Шілде 2018 12:45

С.МҰРАТБЕКОВ. «ЖУСАН ИІСІ»

   Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

   Барлық оқушылар орындай алады: Шығарма мазмұнын түсінеді. Көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы анықтайды.

   Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде түсіндіреді

   Кейбір оқушылар орындай алады: Өз көз­қарасы мен пікірін білдіруде көркем­де­гіш құралдарды орынды қолдана алады.

   Ұйымдастыру кезеңі:

   І. "Көңіл күйді анықтау" әдісі бойынша оқушылармен амандасу, түгендеу.

  ІІ. Шағын топтарға біріктіру

Мақал-мәтел, қанатты сөздер арқылы шағын топтарға біріктіру.

Сабақты бастамас бұрын бүгінгі күн­нің сабақ тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийімен оқушыларды та­ныс­тырып өтемін.

Үй тапсырмасын сұрау: "Зымыран сұрақтар" арқылы

Әңгіме оқиғасы қай кезді сипаттайды?

Соғыс жылдарындағы балалар өмі­рінің көрінісі қалай бейнеленген?

Ауыл тіршілігі қалай суреттелген?

Аянды ауыл балалары қалай қарсы алды?

Әңгіме неге "Жусанның иісі" деп аталды деп ойлайсыңдар? Айтып отырған балаға жусанның иісі кімді есіне түсіруші еді?

Қаралы қағаз деген не?

Аян ертегіні қандай мақсатпен айтады деп ойлайсыңдар? "Баяғыда бір жетім бала болыпты" деп басталуында қандай мән бар?

 

Page 1 of 84
онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C