Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі

   

   "Жастарды техникалық біліммен қамту төмен деңгейде. Жұмысшы мамандығына баратын жастардың қызығушылығын арттыру керек". Бұл Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың кезекті бір отырысында жауаптыларға қарата айтылған сөзі. Премьер тек сөзбен түйреп өткен жоқ, нақты мәліметтерді де келтірді. Айтуынша, мемлекеттік тапсырыс 75 мыңнан 100 мың орынға дейін ұлғайған. Алайда 14-24 жас аралығындағы жастарды техникалық және бейінді біліммен қамту деңгейі бар болғаны 17 процентті құраған. Ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында - 10%, Түркістан облысында - 13,9%, Солтүстік Қазақстан облысында - 14,4% және Жамбыл облысында - 14,5%.

   Екі апта бұрын осылай деп мәлімдеген Бақытжан Сағынтаев мәселеге тереңірек мән беру керектігін айта келе, Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен, сондай-ақ, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жұмыссыз жүрген жастарды кәсіптік біліммен қысқа мерзімде, формалды емес және қосымша біліммен қамту бойынша жүйелі шаралар қабылдасын деген тапсырмасын берген еді.

  Ел премьері мамандықтарды бағытына қарай бөлуді тапсыр­ған-ды. Себебі оқу орындарында игерілетін мамандықтар кейде нарық қажеттіліктеріне сай келмей қалады. Ал, таңдау жасап қойған түлектер сұранысты ескерместен маман иесі атана береді. Осы олқылықтың орнын толтыруда жаңа тетік еңгізіп, қажетсіз мамандықтарды тізімнен алып тастау ұсынылған.

Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:40

Тұздан төнер қауіп толастамай тұр

   

   Күнделікті тұрмыста тұтынып жүрген тұздың пайдасын білгенімізбен, зиянды тұстарына аса көп мән бермейтініміз белгілі. Тұзсыз ас жеуге де тәбет болмайды. Расында да астың дәмін тұз келтіреді. Десе де, мөл­шерінен асып кетсе, адам денсаулығына кері әсерін беретінін ескерген жөн. Әй, қайдам, кез келген тағамның дәмі тіл үйіргенін қалайтын қазақ ет­ті тұздап, оны қайнатып, дәм­ді астан ауыз тиюді әдетке айналдырғаны қашан. Ас тұзы мен дәмдеуіш тамақты тартымды етіп, адам тәбетін ашатындықтан, кейбір кездерде тұз­дың мөлшерден көп салынып кететін сәттердің жиі болатыны заңдылық. Алайда, тұзды шамадан артық қолдану - адам денсаулығы үшін қауіпті. Бұлай айтуымызға негіз бар. Австралиялық ғалымдар тамаққа көп қосылған тұздың ағзаға қалай әсер ететінін арнайы тәжірибе барысында анықтаған екен. Арнайы сынаққа денсаулығы мықты 16 адам қатысқан. Олардың әрқайсысы жеген тағамға 4 г тұз қосылыпты. Содан соң 0,3 г тұзы бар тағамды тағы берген. Сынақтың алдында және одан кейін ғалымдар тәжірибеге қатысқандардың иық арте­рия­сындағы қан тамырларының соғысын өлшеген. Осылайша зерттеу барысында тұзды тағам жеген адамдардың қан айналымы айтарлықтай тежелгенін байқапты. Тұз жарты сағаттан соң-ақ ағзаға әсер беріп, қан жү­­гірісін шамамен бір сағат бо­йына тоқтатқан. Бұл - The Daily Mail газетінде жарияланған зерт­теу нәтижесі. Осыдан кейін медицина мамандары 4-5 грамм тұзды адамның жалпы рационына енетін тағамдардың орташа тұздылық көрсеткішіне тең деп көрсетіп отыр. Бірақ, халықтың көпшілігінен бекіткен ережені есте ұстап, орындап отыр­ғанын байқау қиынға соғады. Болмашы көрінетін кейбір дүние адам саулығына нұқсан келтіріп, зардабын тартқызатынын әуел бастан білсек те, еті үй­ренген әдетті әлі күнге дейін қоя алмай келеміз. Бүгінгі күні адамдар тәулігіне тұзды 18 грамм­ға дейін тұтынады екен. Содан болар, түрлі дерттің дендеп, етек жайып ел арасында қаумалап жатқаны.

   

   Оқу жылы басталды. Алда міндеттер мен жаңа жұмыстар тұр. Еңбек де­малысынан оралған ұс­таздар жыл сайын тамыз мәсли­хатында бас қо­сады. Өткенді саралап, кет­кен кемшіліктерді са­раптап, алдыға қойған міндеттерді орындауға кіріседі. Биылғы тамыз жиынында басымдық адами капиталға бағыт­талды. Асқар Тоқма­ғамбетов атындағы мә­дениет үйінде өткен мәс­лихат білімдегі бір­қатар мәселелер мен жетіс­тік­терді ортаға сал­ды.

   Тамыз конферен­ция­сына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәс­лихат хатшысы Наурыз­бай Байқадамов, облыс­тық білім басқарма­сының басшысы Майра Мелдебекова, қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов пен ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен ба­лабақша меңгерушілері түгел қатысты.

   Бұрындары Білім бас­қармасын басқарған об­лыстық мәслихат хат­шысы Наурызбай Байқадамов білім сала­сындағы жауапкершілік ең әуелі мұғалімнің мой­нында екенін және соңғы кездегі қағазбас­тылық, ата-аналардың шектен тыс шағымы білім сала­сы­на көлең­кесін түсіре­тінін ашық айтты. Мұнан өзге мұға­лімдердің жаңа білімді игеруге шақырды. 100 оқулық аясында шыққан 18 кітаптың ішкі мазмұны мен айтар ойын бүгінгі педагог­тар толық білуі керек. Себебі адами капитал­дың дамуына иек артқан уақытта балаға қажетті жаңа білімді меңгерту қажет деп есеп­тейді.

   

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханадан "bookcafe" және коворкинг-орталығы ашылды. Бұл жалпы кітапсүйер қауым үшін қуанышты жаңалықтың бірі. Жаңа үлгіде жабдықталған арнайы кітап кафесі жастардың білім алуына, жұмыс жасауға, сондай-ақ рухани демалып, көңілді кештерді өткізуге арналған алаң десек те болады. Адамдар арасында емін-еркін, бейресми қарым-қатынас орнататын орын пікір алмасуға, белсенді жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына үлкен мүмкіндік берері сөзсіз. Коворкинг-орталықтың негізгі мақсаты - әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру болып табылады. Осы орайда аталған орталықтың төрт аймаққа бөлінгенін айтқанымыз жөн. Нақтыласақ, іскерлік қатынас аймағы, бейресми кездесулер аймағы, демалыс аймағы және жеке жұмыстар жасауға арналған алаң болып бөлінген. Барлық аймақтың өзіне тән ерекшелігі мен артықшылықтары бар. Жұмыс барысындағы кездесулер мен іскерлік кездесулерді алғашқы екі аймақта талқылауға, бас қосу мақсатында жүзеге асатын іс-шараларды өткізуге бағытталады. Екіншіден, семинар, тренинг, түрлі тақырыптардағы шеберлік сағаттарды ұйымдастыруға болатын таптырмас орын.

    Ал, демалыс аймағы - жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда шахмат және үстел теннисін ойнауға болады. Артықшылығы кітап пен спортты қатар алған кез келген жастағы жандар үшін тиімді болмақ. Сонымен қатар, коворкинг-орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. Ыңғайлы үстелдер, жұмыс орындарының ауқымды саны, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернеті бар. Заманауи орталық адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын жарыққа шығарып, жүзеге асуына зор мүмкіндік береді.

А.Бақытұлы

 

Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:28

Ұлы ұстаз есімі жаңғыртылды

   

   Еліміздің даму тарихында өзіндік орны бар, халықты сауаттандыру ісіне айрықша үлесін қосқан жандар баршылық. Сондай азаматтардың қатарында елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан, қазақ балаларының білім алуына және оларға арнап жер-жерде мектеп-интернат салу істеріне мұрындық бол­ған Қазақстандағы алғашқы ұстаздардың бірі Қасымов Ибрагим Елекейұлын айтуға болады.

    Қасымов Ибрагим (халық Ыбырай төре атаған) 1880 жылдың 13 мамырында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы (Төрткөл ауылдық советі) Жаңажол шаруашылығына қарасты аймақта төре әулеті Елекей сұлтанның отбасында дүниеге келген. Тегі бойынша арғы атасы Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан, онан Ералы хан, онан Бөлекей хан, онан Қасым хан, онан Елекей хан (сұлтан), онан өзі Ибрагим тарайды.

   И.Қасымов 1900 жылы Ташкент қаласындағы ұстаздар дайындайтын семинарияны тәмамдаған соң Әулие ата, қазіргі Тараз қаласына жіберіліп, сол жерде мұғалім болып оқушыларға дәріс берумен айналысады. Жұмысқа деген ынтасы, зеректігі, ұйымдас­тыру қабілеттері ескеріліп, 1903 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы орталығында 1895 жылы ашылған 2 жылдық орыс-түзем училищесіне ұстаз әрі меңгеруші болып тағайындалады. Ы.Қасымов көзі ашық, орыс тілін жақсы меңгерген, оқу-ағарту ісіне аса мән берген ұстаз болған. Жергілікті халықтың білім алуының қаншалықты маңызды екен­дігін ескеріп, мектеп салу жұмыстарын ұйымдастырады. Жергі­лікті ауқаттылардан жинаған, өзі және әулетінің қаржысын қосып 1909 жылы Қармақшыда тұңғыш мектеп-интернат ғимаратын салады. Осындай ыждағаттылықпен салынған мектеп Қармақшы ауданы орталығында қазіргі Қорқыт және Қармақшы көшелерінің қиылысқан оңтүстік батыс бұрышында ұзақ жылдар бойы тұрып, ауданның үлкен білім ошағы қызметін атқарды.

Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:17

Ата тегін өзгерту «зұлымдық»

   

   Дін төңірегінде шимайланып жатқан сұрақтар көп. Соның бірі жас жұбайлардың ата-тегін ауыстырып, өзгертіп тастауы. Одан да бөлек тағдыр тауқыметін тартып, жастайынан жетім қалып, бәзбіреудің өгей баласы болғанда жетімдер тегін ауыстырып жатады. Ел аузында жүрген әңгіме мен аңыз толассыз. Бірақ бұл үрдістің бастауы ислам дінінде жатыр. Соған сай бұл сауалдың жауабын да діннің ақидасынан іздеп көрдік.

    Жалпы, ата тегі - адамның кім екенін көрсететін, адамның түп-тамырының негізгі нышаны. Ол адамның әкесі, ата-бабасы, руы, керек десеңіз, ұлтының кім екенін баяндайтын жеке тұлғаның өз бренді. "Себепсізден себепсіз фамилиясын өзгерту дұрыс емес. Себебі, Алла Тағала Құран Кәрімде: (Оларды әкелерімен шақырыңдар), - деген. Алайда, фамилияңызда әкеңіздің аты болса, оны атаңыз­дың, арғы атаңыздың немесе әкеңіздің әуелгі аты ұмы­тылып, танымал болып кеткен кейінгі аттарына ауыстыр­саңыз болады. Себебі пенде әкесіне де, әкесінің әкесіне де, арғы аталарына да бірдей ұрпақ болып саналады. Бірақ, бір әулеттің жемісін өзгеге бұрып жіберу зұлымдық болады. Сондықтан тегін өзгертпеген дұрыс", - дейді muslim.kz сайтының діни сарапшысы Айбек Әбдіқадыр.

Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 12:03

МАХАББАТ СЫЙЛАҒАН ШАПАҒАТ

   

   Махаббат - адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Оны суреттеу де сөзбен айтып жеткізу де мүмкін емес. "Махаббатсыз өмір бос" деп Абай ақын айтқандай, махаббатқа мас болып, соның жолында барлығына дайын тұратындар бар. Өйт­кені ол табиғаттың заңдылығы. Ал, оған қарсы жүру үлкен қате­лік. Осы жолда "мен өлмеймін" дегендер құрбан болып, "мен сүймеймін" дегендер өздерінің қалай құлай сүйіп қалғанын түсінбей де қалуы мүмкін. Бұл махаббаттың құдыреттілігі емес пе!? Айтпағымыз махаббат үшін құрбан бол­­ғандар немесе зардап шеккендер жөнінде емес, керісінше махаббат жолында өзінің өмірлік бақытын кездестіріп, ерекше отбасына айналған кейіпкерлер жайында болмақ.

   Қазір тұрмыс құрып жатқан жастардың қатары көп, соның ішінде ерекшеленіп, мектепте бір сыныпта оқып, бір партада отырған жастардың, үй арасында үй жоқ көршілердің, жұмыста бірге істейтін әріптестердің өз теңдерін жақын жерден кездестіріп, шаңырақ көтергені бөлек әңгіме. Мұндай айрықша отбасылар саны Қазақстанда өте көп, соның ішінде біздің Қызылордада еке­нін көпшілік біле бермейді және біз оларды кездестіріп те үлгер­дік. Өздерінің ішкі сезімдерін бір-біріне жеткізіп, түсінісе білген бұл отбасылардың бірін-бірі қалай кездестіргені жайында бастан өткізген оқиғалары сізге де, бізге де қызық. Сон­дық­тан олардың сезім әлеміндегі сырлы естеліктерін білмекке ұмтылдық.

    Елбасы жалпыұлттық арман мәселесін жиі қозғайды. Елдің ел болып қалыптасуы, мемлекеттің тұтас қоғамға айналуы сол елдің дамуына өз үлесін қосатын азаматтардың жер үшін, ел үшін еткен еңбегімен өлшенеді. Әрине, Президент тоқсанның тоқырауынан бері қарай Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдыруда салмақты стратегияларды іске асырып келеді. Келелі құжаттар қабылдап, айқын мақсаттарға құрылған бағдарламаларды бекітті. Соның бастауында «Қазақстан - 2050» Стратегиясы тұр. Бұл салмақты құжат Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін межелейді.

    2050 Стратегиясы өз алдына ауқымы кең 7 бағыттан, келешектің көзге көрініп тұрған 10 сын-қатерін қамтиды. 7 бағыттың әрқайсысы елдің перспективалық дамуына бағыт береді, жол нұсқайды. Әрине, қазір Стратегияда айқындал­ған міндеттердің біршамасы жүзеге асып келеді. Экономикалық саясатты жаңа арнаға бұру, қоғамдық сананы жаңғырту, бәсекеге деген қабілеттілік пен білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету сынды орасан міндеттер уақыт талабына сай енуде.

  Осы межелі міндеттердің салмағын саралау үшін қоғамдық пікір көшбасшыларының көзқарасын топтастырған едік.

 

 

 

    Қызылорда қаласында спорт күні ұмыт қалған жоқ. Осы күні бірқатар спорт майталмандары марапатталып, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Қала тұрғындарының көбі айтулы күнге атсалысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

   Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Бекзат Мұхамеджанов өз әріптестерін және спортшыларды айтулы күнмен құттықтады. "Спорт күнімен барлық спортшыларды, бапкерлерді, ұйымдастырушылар мен спорт ардагерлерін, жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік және Қызылорда облысының, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтататын жаңа жеңістер тілеймін",- деді спорт жанашыры.

   Содан соң төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин атындағы спорт алаңында бірнеше ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Оның ішінде шағын футболдан қаланың он бірдей командасы өзара мықтыны анықтады. Осы күні қазақтың ұлттық ойындары да дәріптелді. Қол күрес, арқын тартыс, гір тасын көтеру мен ләңгі тебу сынды сайыстар бойынша қызықты жарыстар өткізілді.

   Осы үрдістің ізін суытпай осы бөлімнің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесі қарсаңында (қазақ күресі, асық ату, ләңгі тебу, қол күрес, гір көтеру) түрлі спорт түрлерінен жарыстар болып өтті. Сайысқа айт намазынан шыққан жамағаттар қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері мадақтама, медаль және қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Айдар САЙЛАУОВ

     Оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз етуіне Мемлекет басшысы жыл сайын көңіл бөлуде. Осы орайда республикамыздың барлық аймақтарында "Мектепке жол" акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты - оқумен қамтылған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету. Қайырымдылық акциясын жүзеге асыру аясында қалалық мәдени және демалыс паркі ұжымы және парк аумағында кәсіпкерлікпен айналысатын жанашыр жандардың қолдауымен "Мектепке жол" науқаны ұйымдастырылды. Қалалық мәдени және демалыс паркінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Әнуар Мәуленұлы және "Айтбай" мешітінің наиб-имамы Нұрлыбек қажы салтанатты түрде жиынды ашып, сөз сөйлеп, қауымды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

    Қасиетті мереке қарсаңында өткен науқан балалардың жүзіне күлкі ұялатты. Шараға аймағымыздағы №112, №253 орта мектептерінен 30-ға жуық оқушы келді. Жаңа оқу жылына қажетті заттарды үлестіріп, мектеп сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Оқу жылына жақсы көңіл-күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған қайырымдылық акциясы әрбір баланың бойына сенім, жігер беретіні сөзсіз. Онға жуық кәсіпкердің бала көңілі үшін жасаған жақсылығы әрбір жанды риясыз қуанышқа бөледі. Асыл арман­ға қолын созған жас балғындарға сүйеніш болған азаматтарға ата-аналар қауымы өзінің алғыстарын білдірді. Жақсылық жасау - имандылық, тәрбие мен парасаттылықтың көрінісі. "Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса" деген қазақтың қанатты сөзінің өзінен баланың бақыты бәрінен биік екендігін байқауға болады. Олай болса, мектеп табалдырығын аттағалы жатқан балаларға сәттілік тілейміз.

Ж.Қалиева

онлайн флеш игрынародная медицинадиеты

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

"Халық таңдауы" айдарының бұл жолғы санында сусындарды сараптаймыз. Cіз қай сусынды көп тұтынасыз?

Coca-Cola - 28.6%
Fanta - 34.7%
Sprite - 16.3%
Pepsi - 20.4%
Holiday - 0%

Total votes: 49
The voting for this poll has ended on: 17 Қаз 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C