Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Білім

Білім (166)

Сейсенбі, 07 Наурыз 2017 12:21

Ана – гүл, ана – өмір шуағы

| Автор: 

          Жер жібіп, көңілдер жайма шуақтанғанда ел­і­мізге ерекеше мереке де келіп жетті. Бүршік жар­ған гүлдер, құлпырған та­­биғат ана да оянып, ел­ге шұғыласын ша­ша бастайды. Сол себеп­ті  көк­тем керемет мез­гіл. Тұр­ғындар бұл мез­гіл­ге жеткеніне қуанып, кө­ңіл­де­рі жұбанып алдағы өмір­ге үлкен үміт­пен қарайтын шақ.  Нәзік жандыларымыздың айтулы күні осы мезгілде атап өті­ле­тіні табиғи заңдылық секілді.

    8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қызылорда қалалық білім бөлімі жә­не кәсіподақ комитеті­нің ұйымдастыруымен "Ана - гүл, ана - өмір шуағы" атты мерекелік кеш өткізілді. Аталмыш мерекелік шараға көп балалы ұстаз аналар, білім саласындағы мерейлі жасқа толған ардагер ұстаздар, қам­қоршы аналармен қа­тар облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен орынбасарлары қатысты. Қалалық білім бөлімі­нің мәжіліс залында өт­кен мерекелік шарада әншілер де, бишілер де өз өнерлерін ортаға сал­ды. Ал кішкене бүл­діршіндер ұстаздарға арнаған тақпақтарымен үлкендердің ықы­ла­сына бөленді.

   Кешке жиналған нәзік жандыларды қа­лалық білім бөлімінің басшысы Асқарбек Темірбекұлы Есжанов құттықтап, жүрек жарды лебізін жеткізді. Мұнан кейін ол 7 ардагер ұстазды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының ардагер ұстазы Сай­лаукүл Демесінова барша нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтады.

   - Менің жасым жетпістен асып бара жатқанымен, қоғам­дық шаралардан қа­лыс қалғым келмейді. Ұстаздық жолда №1 мектепте 40 жыл қыз­мет етіп, зейнетке шық­­сам да, бүгінгі кү­ні ардагерлермен жұ­мыс жасап жүрмін. Бұ­рын біз көлік те жүр­гіздік, шөп те ор­дық. Сол кезең­дер­дегі қиын күн­дерді кейінгі ұр­паққа бермесін дей­мін. Бүгінгідей ал­дыңғы буынның үлгі-өнегесін ұлықтайтын шаралар легі жалғасын таба берсін. Аналар мей­рамы құтты болсын,- деді ол өзінің құттықтау сө­зінде.

   Баласын бәйгеге қосып, ата-анасы тақымын қысатын уа­­қыт таяп қалды. Жыл сайын жаздың алғашқы күндерімен қа­тар басталатын ҰБТ-ның биылғы жылы өткізілетін фор­маты бүгін ғана айтылып жатқан жоқ. Жуырда ҚР Білім және ғылым министрлігінің фейсбуктегі парақшасына мек­теп­тердегі қорытынды аттестациялаудың жаңа форма­ты­ның түсіндірме ережесі мен тәртібі жарияланды. Ал, ҰБТ-ның жаңа форматының қалай өтетіні осыдан бірнеше уақыт бұ­­рын ата-аналар мен оқушылардың назарына ұсынылған-ды. Мұндағы мектептерде өтетін қорытынды аттестация - оқушылардың 11 жылдық білімін түйіндейтін мектептегі қорытынды емтиханы болса, ҰБТ - жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырылатын емтихан. Яғни, бұл жерде ҰБТ-дан алған баға мектептің қорытынды аттестациясының ба­ға­сына бұрынғыдай әсер етпейтін болады. Басқаша айт­қанда, кеңес кезіндегі жүйенің жаңартылған түріне ұқсайды.

   Алдағы өтетін білім сы­на­ғы­­­на қызылордалық мектеп бітірушілерінің дайындығы қалай? Өткен аптада №278 орта мектебінде қа­ла әкімі Нұр­лыбек Нәлі­баев­тың төрағалы­ғы­мен білім са­ласының мә­­селелері туралы ке­ңейтілген мә­жілісі болды. Күн тәр­ті­бінде мек­теп бітіру­ші­лер­дің қоры­тын­ды аттес­тат­тауы және Ұлттық бірыңғай тес­тілеудің жа­ңа форматы бо­йынша және жас­өс­пірімдер мен кә­ме­летке толмаған ба­ла­лар арасындағы құқық бұзу­шылық ту­ралы екі мәселе қаралды.

Сейсенбі, 07 Наурыз 2017 11:46

Ұстаздан ұлағат

| Автор: 

 

      Өткен ғасырдың соңғы ши­ре­гіндегі адамдардың бір-біріне қа­рым-қатынасы, мектеп директор­ла­рының кадр қабылдаудағы ерекшеліктері, жас мамандардың жұмысқа орналасу жағдайы қанағат-рахым принципіндегі адамгершілікпен іске асқандығын еріксіз ойға аласың. Директор­лар­ды конкурстық негізде таға­йын­дау дегенді өңіміз түгілі түсімізде де көрмегенбіз, естімегенбіз. Ол кездерде директорлық қызметке қолынан іс келетін, ұйымдас­тыру­шы­лық қабілеті жоғары, пәнін жетік меңгерген, партия, кеңес органдарында ысылған, басшы­лық­қа лайықты, адами тұрғыда жоғары қасиеттерге ие азамат­тар­ды жергілікті жердің ұсынысына сай облыстық білім басқармасы бұйрық беретін. Мектеп бас­шы­сын тағайындау кезінде қазіргідей келеңсіздіктерге жол беру тіпті мүмкін болмайтын.

   Ол уақыттарда қазіргідей екі­нің бірі мектеп басшысы боламын деп бет алды талпынбайтын. Қа­зіргі конкурстық негізде таға­йындау бір қарағанда "универ­сиа­да, олимпиада жеңімпаздарына ұқсай ма?" деген пендешілік ой туындайды.

  Осы орайда уақыттың өзі шың­­даған білім саласында өш­пестей іздері қалған мектеп ди­ректор­ла­ры еріксіз ойға оралады. Олардың қатарында Ә.Әшір­бе­ков, Ә.Қан­се­йітов, С.Сапарбаев, Т.Біләлов, А.Фай­зулдаев, С.Тө­кеев, Т.Айт­жанов, Х.Баязитова, С.Құдияров, Ж.Жә­ні­беков сын­ды директор­лардың ұрпақ тәр­биесіне қосқан еңбектері ұшан-теңіз.

   Ауыл мектебінде физика пә­нінің мұғалімі болып еңбек жо­лын бастаған, білім бөлімінде әдіс­кер, №51 мектепте, №3 мек­теп-интернатта директордың орынбасары, аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып жұмыс атқарған, педагогикалық тәжірибесі мол, еңбекте шыңдал­ған, сол кездің ең жас директоры Жұмабай Жәнібеков 1986 жыл­дың қыркүйек айында №163 орта мектепке директор болып келді. Ж.Жәнібеков басшылық қызмет­те өзіндік жұмыс стилі бар, өресі кең, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, директорлық қызметке тыңғылықты дайындықпен кел­ген, білім саласы бойынша стра­те­гиялық жоспары бар екендігін алғашқы күннен бастап байқатты.

     Тура бір жыл. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қызметке кіріскеніне де жыл толды. Нендей өзгерістер орын алды? Сағадиев саланы қай бағытта дамыта алды? Министрге міндеттелген сауалдар осылай өрбиді. Бас педагог білімдегі басты мәселелердің орындалу барысын, са­ладағы реформалардың атқарылу деңгейін сараптай отырып, жақында жылдық есебін берді.

     Білім саласындағылар талай министрлердің көзін көрді. Талай тәжірибе мен тың реформаны да сынақтан өт­кізді. Әр министрдің жүйені жақсартуда әртүрлі қа­дам­дарға ба­ратыны белгілі. Ерлан Кенжеғалиұлы да қа­рап қалған жоқ. Қызметке кіріскен сәттен бастап, білім беру бағытында бастамаларды бастап кетті. Әйткенмен, соңғы уақытта білім саласындағы реформаларға ата-аналар, ұстаздар тара­пы­нан көңіл толмаушылық әлеу­меттік желіде турасынан ай­тыла бастады. Тіпті, ми­нистрге видеосауал­нама жолда­ған­дары тағы бар. Айтып-айтпай не керек, Ерлан Сағадиев та­раптардың талабына қанық.

     Бәрі де бір жыл ішінде біте қоймасы белгілі. Министр орын­тағында отырған Ерлан Сағадиев жылдық есебінде бі­раз мәселенің шетін қайырып, жыл аяғына дейін көп­ші­лікті, әсіресе ұстаздарды қуантатын жаңалық­тар­мен бөліс­ті. Енді кезең-кезеңімен жүзеге асатын жұ­мыстардың жа­йын тарқатып айталық.

   

    Бүгінгі  балалардың бос уақы­ты жоқ. Дүрмекке ілесіп, ілім жиып, білім алу жолында. Оның үстіне қазіргі білім беру процесін­дегі талаптар баланың тек мектепте білім алуын аздық етеді. Сол себептен де оқушылар қосымша білім беру курстарына жазылады. Қалтасы көтергендері бір емес, бірнеше оқу курстарына барады. Ақылы қызметтің артында ата-ана талабы тұратынын ескерсек, қосымша оқудың білімге тигізер пайдасына байланысты қоғам екіұдай ойда жүр. Әсіресе, ойша есеп­теу­дің жолы саналатын ментальды арифметика курстарына қатыс­ты қоғамда түрлі пікірлер бар. Бірі жақтайды, бірі даттайды. Қысқасы, бұл білімдегі таразы басында тұрған мәселе.

     Ментальды арифметика Қа­зақстанға 5 жыл бұрын келген. Әдепкіде сырт елдің жүйесіне тосырқай қарап, оның ішкі әлеміне енген оқушылар аз болды. Бұл заңдылық. Бірақ уақыт өте келе, ақпараттық-технология, жарнаманың әсерінен ментальды білім алуға ден қойған жастардың қатары қа­лыңдады. Оның үстіне астаналық 9 жасар Даниярдың ресейлік "Пусть говорят" бағдарламасына барып, ойша есептеу арқылы жұрттың назарын аударуы ментальды арифметиканың құнын асырып жіберді. Тез есептеудің техникасын меңгерген оқушының әрекеті көптеген балаларды білім алуға итермеледі. Бірақ, белгілі академик Асқар Жұмаділдаев жақында ментальды арифметиканың нақты пайдасы жоқтығын кесіп айтты.

    - Ментальды арифметика бұл біреудің Америкадан алып келген франшизасы. Біздің елдегі басшысы - бір түрік. Бірақ орталықтарына барып бастығын сұрасаң, кім екенін айтпайды. Солай үйретіп қойған. Мұны үйрету үшін математик болудың қажеті жоқ. Екі-үш рет көрсең, өзің де үйреніп аласың. Сосын жүреді он жыл бойы. Бір деңгейі бәленбай мың теңге тұрады.

    Адам да ақымақ емес қой. "Әй, мен он жыл оқығанда осыдан не ұттым?" деп ойлауы керек. Үш таңбалы санды үш таңбалы санға көбейттің. Оның не керегі бар? Мысалы, циркке барсаңыз, біреу мұрнына бұранда тығады. Сол өнер ме? Цирк үшін өнер шығар, бірақ пайдасы қанша? Оны көру үшін адамдар ақша төлеп келеді. Болды. Ақша табудың жолы. Мынау да сол сияқты. Көшеге шығып саусақтарыңмен бүйтіп-бүйтіп  тез-тез есептеп бересің. Ол өнер емес. Ол - цирк. Ғылымның маңайына да жоламайды,-деген А.Жұмаділдаев.

     Бірнеше жыл бұрын баласын балабақшаға беруге ниеттенген ата-аналардың балабақша кезегінің әлі де келмегенін айтып шағымданатынын жиі естуші едік. Бүгінде бұл мәселе жолға қойылып, мемлекеттік-жеке серіктестіктің арқасында өз шешімін тауып келеді. Тіпті бүгін қадам аттаған сайын "балабақша" деген жазудан көз сүрінетін деңгейге жеттік. Себебі, қос қабатты етіп салынған үйлердің құрылысы аяқтала салысымен аз уақыттың ішінде балабақшаға айналып шыға келеді. Бұл әрине, көңіл қуантарлық жағдай. Біріншіден, көпшілік ортада өзін жаңа қырынан танытуға балаға жағдай жасалса, екіншіден жұмысбасты ата-ананың өзекті мәселесі шешімін тауып отыр. Қысқасы, барамын деген балаға балабақша дайын. Дегенмен, қазіргі саны көп балабақшаның сапасы қандай? Жуырда Қызылорда қалалық қоғамдық кеңес барысында кеңес мүшесі Анар Ізден осы сауал төңірегінде ой қозғап, қала әкімінің назарына жеткізген болатын. Әрине, бұл ойдың табан астынан туындап отырмағаны белгілі. Тақырыпқа тереңінен еніп, жеткізбек болған ойдың түйінін тарқату үшін біз Анар Жарылқасынқызымен әңгімелескен болатынбыз.

  - Жақында өткен қоғамдық кеңесте өткір мәселе қозғап, көпке ой салғаныңыздан хабардармыз. Балабақшалардың сапалық дең­гейін сөз етуге қандай жайт себеп болды?

  - Менің мектепке дейінгі тәр­бие мен оқыту саласында қыз­мет еткеніме 20 жылға таяды. Сон­дықтан оның бүгінге дейінгі даму сатысы менің көз алдымда. Бұрын балабақша ашып, оның жұмысын бастау үшін мемле­кеттік лицензия алу міндетті еді және талаптары да қатаң бола­тын. Яғни, ол кезде ереже бо­йынша белгілі бір көлемде оқу­лықтары, 30 пайыздан төмен емес кадрлардың біліктілігі ескерілетін. Ал, бүгін қоғам сұранысына сәйкес балабақ­ша­лар­дың санын арттыру қажет­тілігі туындап, оның бірден-бір шешімі мемлекеттік-жеке серік­тес­тікті құру болды. Осыған орай мемлекеттік лицензия беру та­лаптары алынып тасталды. Жеке балабақша ашу үшін қазір бар болғаны СЭС-тен (қазіргі тұты­ну­шылардың құқығын қорғау департаментінен) және төтенше жағдайлар департаментінен анықтамалық құжаттар алса жеткілікті. Онда қандай мұға­лім­дер жұмыс жасайды, кадрлар­дың біліктілігі қай деңгейде, қандай бағдарламалары бар, оларға ешқандай бақылау жа­салып, талап қойылмайды. Кем­ші­ліктер 4 жылда бір өткізілетін аттестациялық тексеріс жүр­гі­зіл­ген кезде шығуы мүмкін. Бірақ сол уақытқа дейін ол мекеме қандай деңгейде жұмыс жасай­ды деген ой мені толғандырады.

  - Сонда айтпақ ойыңыз жа­ңадан ашылған жеке балабақ­шаларда кез келген адам жұмыс жасай береді дегенге саяды ма?

   - Кадр мәселесі аудан, облыс, республика көлемінде болсын, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінің ең өзекті проблемаларының бірі. Біз бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру мамандығы бойынша "осынша жоғары, бірінші, екінші санатты тәрбиешілер бар" деп ауыз тол­тырып айта алмаймыз, оны айту да қиын. Себебі бұл нәрсеге ешкім анализ жасап, сараптау жүргізіп отырған жоқ. Мысалы, біз уақытылы статистика орта­лы­ғына есеп беріп отырамыз, онда кадр құрамы да анық көр­сетіледі. Бірақ ешбір колледж, орта білім беру ұйымдарының ассоциациясы осы мамандыққа тапшылық туындап отыр екен деп сараптама жүргізген емес. Қа­зіргі уақытта Қызылордада шамамен 206 жеке мектепке дейінгі тәрбие мен білім беретін мекемесі бар.

Сейсенбі, 21 Ақпан 2017 12:07

Көш басына қашан шығамыз?

| Автор: 

  Білім саласына қаншама қаражат бөліп, түрлі реформалар қабылданып келгенімен, қазақстандық оқушылардың білім деңгейі көш басына шығар емес. Мұны жыл са­йынғы халықаралық зерттеу орталықтарының сараптамалық қорытындыларынан көруге болады.  Оның себебін нақты бір факторлармен айту қиын. Қазақстандық оқушылардың қарым-қабілеті мен білім деңгейіне қарап қарқынды тірліктің бар екенін байқауға болады. Алайда, әлемдік білім бәсінде үздіктер қатарынан көріне алмай келеміз.  Америкалық  белгілі зерттеу ұйымы жаһандағы 71 елдегі оқушылардың білім деңгейіне талдау жүргізіпті.

  Pew Research Center агенттігіндегі ақпарға сүйенсек, сараптамалық анализ оқушылардың оқу деңгейі, ғылыми сауаттылық және математикалық дүниетанымы талаптары бойынша зерттеген. Қорытындыда, әдеттегідей, Сингапур қара үзіп, көштің басын бермей келеді. Екінші орынды білім беру деңгейінде өз әдісі бар Гонконгтық оқушылар тұр. Ал, ғылыми сауаттылығы жағынан жапондық оқушылар алда.

   

   

     Әдетте, жаңа дүниеге жатырқай қарайтынымыз бар. Бұл ұлттық менталитетте бар қасиет. Әсіресе, білім саласында қабылданған жаңа технологиялардың артында түрлі дау-дамай, әртүрлі пікірлер мен әңгімелер жүреді. Көптің құлағын шулатып, би­ліктің назарын аудартқан тағы бір бағ­дарлама - электронды күнделік жобасы. "Қағазбастылықтан құтқарады" деп қарастырылған жоба жұрт­­тан бағасын да алып үлгерді. Жүйе жұмысын бастаған сәттен мұ­ның көшірме екенін айтқандар аз болмады. Түрлі ақпарат құралдарында "Күнделік.кз" ресейлік көршіле­рі­міз­дің "Дневник" жобасының көшір­месі деген ақпараттар шықты. Елді шу­латқан да осы. Тіпті кейбір сайттар Күнделік.кз жобасына кіру ақылы болатынын айтып, ата-аналарды алаң­­датып қойған-ды. Атүсті берілген ақпараттың салдары болар, жобаны жасаушылар ешқандай қаржы төлеудің қажеттігі жоқ екенін қаперге салды. Іле шала "Күнделік" ЖШС-нің бас директоры Александр Григорян мәселенің мән-жайына нақты тоқталып, ресми жауап берді.

    - Kundelik.kz сайтын пайдалануға 200 теңге де емес, 2100 теңге де емес  және басқа да абоненттік тө­лем қазіргі таңда және болашақта да алынбайды. Ата-ана пайдаланушы аты және құпиясөз ар­қылы кundelik.kz сайтына кіріп, "Балалар" - "Күнделік" деген бөлімдері арқылы өз баласының электронды күнделігіне тегін қол жеткізе алады және бағаларын, үй тапсырмаларын үнемі тегін көре алады. Мектептерден де сайтты пайдалану үшін еш­қандай төлем алынбайды,-деп жауап берген директор.

   

      Қазақ - баланың біліміне бей-жай қарай алмайтын халық. Қорасындағы соң­ғы малын базарға сүйреп, қолына қысқан қаржыны бала біліміне жұм­сайтыны жасырын емес. Қатардан қалмай, ілім қуып, білім жию - басты мақсат десек, сол білімге бет бұратын­дар­дың бәрінің бірдей жоғарғы оқу орындарына түсіп кете алмайтыны тағы бар. Бұл бала асырап отырған әр қа­зақтың шаңырағындағы мәселе. Әркім әліне қарай, әлі дегеніміз біліміне, қал­тасындағы қар­жысына қарай оқу орын­дарын таңдайды. Әлбетте, мемлекеттік грантқа түсу бәрінің бір­дей бағына бұ­йыра бермейді. Сол се­бептен де оқуға тү­су отбасыны қаржылық тұ­йыққа ті­рейді. Тығырықтан шығар жол­ды әркім әр­түрлі іздейді.  Бауыр еті бала­сының бі­ліміне барын салатын ата-аналар қа­рыз алып, қауғаланса да білімге қаржы та­бады. Әйткенмен, білімге басымдық беріп оқи­тын жастар үшін мүмкіндіктер жоқ емес, бар. Соның бірі - білім беру не­сиелері.




БАСТЫСЫ - БІЛІМДЕГІ КӨРСЕТКІШ

    Негізінде білімді қаржылан­дыру­дың  үш  тетігі бар. Алғашқысы, мемлекет есебінен. Ол мемлекеттік білім гранты және мемлекеттік білім несиесі, жоғарғы оқу ор­нының гранты. Екіншісі - мемлекеттік емес қаржы көздері. Оған атаулы стипендиялар, халықаралық ұйымдардың гранттары, коммер­ция­лық емес ұйымдардың жеке гранттары, түрлі қорлардың демеу­шілік көмегін жатқызуға болады. Ал, соңғысы - жеке қаржы есебінен, банк несиесі (білімге капитал салу арқылы).

   Бұл аталған бағыттар баланың таңдаған оқу орнына, саласына қа­рамайды, бастысы білімнің көрсет­кі­ші негізінде беріледі. Соңғы кездері несиеге қатысты түрлі пайым-пі­кірлер аз айтылып жүрген жоқ. Тек алғанды біліп, қайтаруға келгенде қиналатынымызды айтып, сол арқылы проблема шығаратынымыз тағы бар. Дегенмен, білім кредиті әдеттегі несиеден бөлек. Ол қа­лай? Тақырыпты тарқатып айтайық.

   Білім несиесі - талапкерлер үшін білім алуға берілетін мүмкіндіктің бірі. Әсіресе, ақылы оқуды қалтасы көтере алмайтын жастар үшін берілетін білімдегі басты бағдарлама. Оқу несиесі әлеуметтік жағдайы төмен, зейнеткерлік жасына жетіп, көп балалы отбасынан шыққан студенттерге беріледі. Басты талап - оқу үлгерімінің ойдағыдай бо­луы. Мемлекеттік білім беру несиесі студент, жоғары оқу орны мен банк арасындағы үшжақты келісім-шарт негізінде жасалады. Бастап­қыда білім несиелері тек сұранысты қажет ететін мамандықтарға ға­на беріліп келсе, қазір барлық маман­дықтарға қаралған.

    Мемлекет кепілдігімен ұсыныл­ған несиелер студентке қол жетімді  шарт негізінде, ешбір кепілзатсыз беріледі. Себебі студенттерге ҚР Бі­лім және ғылым министрлігі жа­нын­дағы Қаржы орталығы АҚ кепіл болады. Қазақстандағы білім беру несиесінің барысын бағамдау үшін Астана қаласындағы Қаржы орталығы АҚ мамандарына хабарластық. Ресми хат жіберіп, жауап та алдық.

   Қазақстанда 1999 жылдан бастап 2005 жылдар аралығында елі­міздің жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру және студенттік кредит ұсыну бағдарламасы өз жұ­мысын бастаған. Алғашқыда бағдарламаға ниет білдіріп қатысқан студенттердің қатары аз болғанға ұқсайды. Себебі жаңа жүйе көптің құлағына жете қоймады. Кейін ке­ле талапкерлер саны артып, несие алуға бел буған жастардың қарасы көбейді.

 

    Қатпарланған жолдармен Қазалы ау­данындағы кәсіптік білімнің деңгейін байқамаққа киелі мекенге бағыт алғанбыз. Бір топ журналистер Қазалы қаласының қақпасынан өтіп, өңірдегі Қазалы көлік-техникалық колледжіне ат басын бұрды. Кезінде соқасы күн астында қарайып, қара халыққа керексіз қалған мамандықтар қазіргі таңда таптырар емес. Міне, осы мәселені ескерген колледж ұжымы ел сұранысындағы кадрларды дайындау үстінде. Әсіресе, колледж басшысы Болат Ахметовтің білімге деген жанашырлығы мен тәрбие саласындағы белсенділігінің өзі бір төбе.  Және бір қуантарлығы, ұжым басшылы­ғы үкіметке алақан жаймай, күнде­лік­ті қолданыстағы заттарды өздері құ­рас­тырып, сатылымға шығарып отырады. Мысалға айтар болсақ, қарапайым қа­ңылтыр қалақ пен шелектерден бастап тұтыну заттарын студенттер өз қолымен жасап, базарда саудалайтын көрінеді. Қытымыр қыстың сықырлаған аязында колледж жылыжа­йын көріп, көңіліміз жылынып қалды. Қыс мезгілінде түрлі гүлдер мен көкөніс­тер­ді өсіреді. Жақын маңдағы халықтың сұранысын қамтамасыз етіп, білім ордасы өз қазынасына қаржы түсіру жолдарын да қарастырып қойған. 700-ге жуық сту­денттердің барлығы дерлік шәкіртақымен оқып, білімдерін білікті мамандардан шыңдап келеді.

    Білім жүйесіне дуальды оқу үрдісіндегі бағдарлама негіз бол­ғандықтан, жол бойы мамандары өздеріне қажетті білімді то­лықтай ала алады. Темір жол саласына қажетті көрнекіліктер мен техникалармен толықтай жабдықталғаннан кейін де сту­дентер іс-тәжірибеде қинала қоймайды. Колледждің футбол алаңы, асханасы, кітапханасы, жатақханасы және өз қаржы­ла­рына салған жаттығу залдары да бар. Студенттер үш тілде оқу ордасының бүгіні мен өткенін, жемісі мен жеңісін журна­лис­терге мүдірместен таныстырып берді. Ісіне мығым маман­дық иелері тәрбиеленіп келе жатқан білім ордасының жұмы­сына сәттілік тіледік.

   

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер