Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Білім

Білім (166)

Жұма, 03 Ақпан 2017 06:42

Оқулық оңбай, оқу оңбайды

| Автор: 

  Соңғы кезде ата-аналар да баласымен бірге сабақ оқуға мәжбүр болуда. Себебі үйге берілетін тапсырмалардың дені оқушының ғана емес, ата-аналарды да үстел үстіне таңып қойды. Тіпті оны әзілдің сынына түйрегендер де аз болмады. Сол себептен де болар, "оқу­шылардың оқулықтарында олқылық көп" дейді бүгінгінің ата-аналары. Баласының біліміне немқұрайлы қарай алмайтын ата-аналардың бұл әрекетіне биліктің де жауабы әзір. Қайткенмен де, соңғы уақытта әлеуметтік желі ішінде ҚР Білім және ғылым министрі атына жолданған мәселелерді ел біліп отыр. Бәрінің де баласы бар. Демек, ортақ мәселеден оңды жауап күтеді. Баланың біліміне бағыт беретін оқулықтардың онсыз да салмағын айтып жүргендер аз емес. Стандартқа сай оқулықтардың осыншама оқушыны ойландыратындай дәрежеге жеткізуінің себебі неде?

    Білім процесінің ауырлап кетуінің себебін оқу жүйесіндегі оқулықтардың сапасынан іздеу керек шығар. Осы себепті бауыр еті баласына барын тосатын ата-ана қауымының әлеуметтік алаңдаушылығын туғызған оқулықтар төңірегіндегі түйткілге назар салдық. Түсініксіз тұстарына да тоқтадық.

    Оқулық белгілі бір стандартқа сай жазылатынын ескерсек, бұл қызметті өз ісінің мамандары атқаратынын білеміз. Әйткенмен, оқулық практикаға енісімен түрлі пікірлер қайшыласа кетеді. Жасырып жаба алмаймыз, оқулық жыры бүгін ғана айтылып жүрген жоқ. Ашық алаңдардың арқауына да айналды. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, соңғы 10 жыл көлемінде шығарылған оқулықтардың сапасына көп­шілік күмәнмен қарайды. Әри­не, бұл оқулықтардың бәрінің сапасы сын көтермейді деген сөз емес. Соңғы үлгідегі дизайн, түрлі қаптамадағы жаңа оқулықтардың стандартқа сай шығарылып жатқанын көз көріп жүр. Мәселе, ішкі мазмұнында болып отыр ғой.

    Қос ғасырдың білім деңгейін таразылаған ғалым, академик Серік Қирабаевтың оқулықтар мәселесінде айтары бар. Ғалым "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында білім жүйесіндегі оқулықтардың олқы тұстарын қарау қажеттігін қадап айтқаны бар еді.

    - Қазір маған осы оқулық деген нәрсенің жанашыр иесі жоқ сияқты болып көрінеді. Әрине, министрлік тізгінін ұстап отыр ғой. Дегенмен, нақты жұмыс, бас­иелік жетіспейді. Бұрын осы іспен тікелей айналысатын тісқаққан нақты адамдар болушы еді. Бәрін жөн-жөнімен, рет-ретімен ақылдасып шешетінбіз. Қазақстан Білім академиясы жанындағы оқу-әдістемелік кеңесі, оның әдебиет секциясы дейтін болды. Мен осы секцияны көп жылдар басқардым. Бағдарламалардың барлығын талқылап барып бекітетінбіз. Осындай игі дәстүрлер ұмытылып қалды. Алдыңғы кезекке шығармашылдық емес, шенеунікшілдік шығып кетті ғой,- дегені бар ғалымның.

   

    Биылғы жылы газетіміздің өзгерген мазмұндық, дизайндық құрылымына орай оқырмандардан көптеген ой-пікірлер, ұсыныстар түсіп, хаттар жолданып жатыр. Сондай хаттардың бірі сонау шалғайдан, Арал ауданы, Ақбасты ауылының мұғалімінен келіп түсті. Басылымның №1 (140) санында жарияланған "ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек?" атты шымкенттік әріптесінің өткір мақаласына үн қосқан ұстаздың материалын оқырманға ой тастау үшін ұсынып отырмыз.

    Адамзат үшінші мыңжыл­дық­қа қадам басты. ХХІ ғасыр­дың ал­ғашқы ширегінің де біраз уақытын еңсеріп тастадық. Уақыттың алға жылжуы, қоғам өмірінде болып жатқан өзгеріс­тер, жаңа техно­логия жаңалық­тарының өмірге ден­деп енуі күнделікті тіршілігі­мізге өз түзетулерін енгізіп жатыр.

    "Ел мен елді, адам мен адамды теңестіретін білім" дей­ді кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов. Ендеше тәуелсіз елі­міз­дің білім жүйесіндегі мек­теп­тердің жайы қандай? Мек­тептің жүрегі саналатын мұға­лім­дер­дің ахуалы нешік? Оқу­шы білімінің тиянақтылығы жолында жасалып жатқан әдіс-тәсілдердің іске асырылуы қандай? Осындай сұрақтар білім саласында қызмет ететін әрбір қызметкерді ойлан­дыратыны сөзсіз.

    Қазір мемлекет жер-жердегі мектептерге шындап көңіл бөліп отыр. Елбасының баста­масымен "100 мектеп, 100 ауру­хана" бағдар­ламасы өз нәти­же­сін беріп жатыр. Ескі мектеп­тер жаңа типте салы­нып, үш ауысымды оқытуды бол­дыр­мау, алыс ауылдарға жаңа үл­гідегі мектептер салу қолға алын­ды. Заманауи мектептер оқу про­цесіне керекті жабдықтармен жасақ­талуда. Мұнда әр пән каби­нетіне орай жарақтанды­рыл­ған компьютер, лингафон, мультиме­диалық кабинеттер де бар, демек оқушылардың білім негіздерін үйреніп, білік дағды­ларын қалып­тас­тыруға жағдай жасалған.

    Ал, осыншама қаражатқа жа­рақтандырылған мектептің кадр­лық мәселелері шешілген бе? Ше­шілген болса, қандай жетістік­терін айтуға болады? Шешілмеген бол­са, қандай мәселелері түйткіл­ді, олармен қалай жұмыс істелуі керек?

    "Менің ойымша, ХХІ ғасыр мектебі заманауи үлгіде болуы керек. Онда әр пәннің жеке каби­неті, әр сабақтың өзіне керекті құрал-жабдықтары оқу­шыға ба­рынша ыңғайлы бол­ғаны жөн. Асхана, кітапхана және шебер­хана секілді арнау­лы бөлмелерімен қоса олардың іші қазіргі үлгідегі жаңа жиһаз­дармен жасақталуы тиіс. Оқу­шылар дене шынықты­ру­мен шұғылданатын және әр түрлі спорт секциялары жұмыс іс­тейтін спорт зал кешені де мін­детті. Бұл мектепте компьютер мен интерактивті тақта да жа­ңар­тыл­ған технологиямен жаб­дықталып, жас ұрпақтың игі­лі­гіне пайдалануы керек. Осын­дай білім орда­сын­да білімді де білікті мамандар жұмыс істей­ді. Сонда ғана келер ұр­пақ жоғары дәрежелі білім алады".

   

     Әрбір ата-ананың бала тәрбиесіне келгенде өзіндік же­ке ұстанымы болса да, олар өзгелердің қағидаларына назар аударатыны жасырын емес шығар. Себебі оның бү­гінгі тәрбиелеп отырған бүлдіршіні - келешек өмірінің жал­ғасы, елдің ертеңі. Қажетіне жарата білген жандар үшін ғаламтор бетінде ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты кеңес­тері жетерлік. Ғаламтор көздерінде жарық көрген ойсаларлық жазбаларды қазақша сөйлетіп, оқырмандар назарына ұсынуды жөн санадық.

    Иә, ата-ана болу жауапкершілігі ең қиын әрі маңызды қызметтердің бірі. Ол белгілі бір салада жүріп, таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін ғана жұмыс жа­сау және уақытымен еңбек демалысына шығып оты­ра­тын қызметпен салыстырып қарауға да келмейді. Сондай-ақ, өмірдің белгілі бір кезеңінде әрбір ата-ана "карьералық" өсу жолындағы осы қызметінде жауабы күрделі сауалдарға кезігеді.

 Баланы шапалақпен жазалаған дұрыс па әлде бұрыс па?

    Медальдың екі жағы болатыны секілді, осы сауалға кел­генде әлем ғалымдарының (бұл тақырып аясында көп­теген зерттеу жұмыстары да жүргізілген) көзқарасы екіге бөлінеді.

    Шапалақпен жазалауды жақтаушылар жағы, тек осы әдіс арқылы ғана өсіп келе жатқан баланы дұрыс жолға салуға болады және есейгенде олар тура жолдан таймайды деп санайды. Көпшілігі балаға физикалық жаза қолдану ата-ана мен баланың да пайдасына шешілетініне сенімді. Яғни, тұлға болып қалыптасқан шағында олар әділ, мықты, адал және осы секілді талаптармен жақсара түседі. Сонымен қатар, жақтаушы ғалымдар тәртіп­сіз­дік жасаған баланы шапалақпен жазаламау адамды опық жегіздіретін нәтижелерге алып келетіндігін айтады, яғни балалар шектен тыс өзіне сенімді және өзімшілдігі басым болады.

    Алайда ке    й ата-аналар өздерінің ішкі ашуларын бала­ларына жиі қолданып жатады. Баланың болмашы қателігі үшін шектен тыс қатаң жаза қолданып жататын ата-аналар да кездеседі.

   Ал, жас ұрпақты ұрып тәрбиелеуге қарсы пікір біл­ді­ретін ғалымдар, мұның балалар үшін ғана емес, сондай-ақ олардың ата-аналары үшін де қауіпті екеніне сендіреді. Яғни, қол көтеру баланың өзіне деген бағасын төмендетіп, оның коммуникативті жетілуін тежейді.

 

        Қырда қой баққан қазақтың қазіргі кәсібі тек мал бағудан тұрмайды. Кәсібіне қарайлап, бейімділігіне бағыт алған жастардың мамандықтарға деген көз­қарасы бөлек. Оның үстіне қазір ерінбей еңбек етіп, талмай білім іздеп, жалықпай жұмыс жасайтын кезең. Әлем дамуының қар­қынына көз тастап, жан-жаққа жал­тақ­тамай, батыл бастама жасайтын уақыт. Жұртқа жағдай айтып, билікке алақан жайып, жұмыс сұрау - нарықтық қағида емес. Бұл қазіргі перспективалы жастар­дың өмірлік ұстанымына айналған кредо. Кәсіп көзін сұрап тұрған аймақтарға батыл түрде барып, техниканың тілін тауып жүрген жастар да аз емес. Солардың дені кәсіптік колледждерде білім жиып жүр. Расында, мемлекет кәсіптік бағытқа қайта оралды. Президент жұмысшы табының қажеттілігін қаперге салып, нақты тап­сырма берді. Мемлекеттік бағдарлама жа­салды. Бұдан былай, мемлекеттік не жеке колледжге талап күшейеді. Педагоги­калық құрам санатының жоғары болуы, сағат санын анықтаудағы артықшылық­тар, баланы қабылдаудың ережелерінің та­лабы күшейтіліп жатыр. Бұл нені білдіреді?

    Жақында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі база­сында аймақтағы барлық кәсіптік кол­ледж басшылары жиналды. Жайдан-жай емес. Мақсат ҚР Білім беруді және ғы­лымды дамытудың 2016-2019 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелерімен танысу еді. Аймақтағы білім саласы басшыларымен болған кездесуде кәсіптік саланың алдағы жылдарға жасалатын жұмыстары пысық­талып, кемшіліктер назарға алынды.

   Атап өту керек, бұл ке­ңесу алаңы бұрын-соңды өт­кізіліп жүрген жин­а­лыстардан бөлек, саладағы ділгір мәселелерді ортаға тастауға, педагогтардың ұсы­ныс-тілектерін тың­дауға бағытталған басқосу болды.

   

      Халықаралық қатынас тілі ретінде мойындалған ағылшын тілі бүгінде білім саласына дендеп енді. Себебі білімдегі жаңашылдықтар мен жаңа технологиялардың бәрі де ағылшын тілінде жүргізіледі. Әсіресе, ғылыми технологияға негізделген кітаптар мен жобалар да ағылшын тілінде жарық көруде. Мә­селен, әлемде жылына жүз мың кітап шықса, соның сексен мыңы шет тілінде шығарылады. Демек, бі­лім­нің базасы - тіл біліміне байлаулы тұр.

  Ағылшын тілін қызығушылық деп емес, қажет­ті­лік деп түсінетіндер қатары көбейді. Әрине, бұл басымдықты шет тіліне бұру деген сөз емес. Әйткенмен көштен қалмаудың жолы - тіл білу.

  Бірнеше жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мек­­тебі, Қазақ-түрік лицейлері мен Дарынды балаларға арналған мектептерде үштілділік сатысы білім процесіне енді. Бірақ қалай? Көптің көкейінде жүрген сауалдардың бірі де осы еді. Әсіресе, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізу басы ашық сұрақ ретінде санада сақталып қалғаны рас.

    Қай кезде де реформаға тосырқай қарайтын қоғамның бұл алаңдаушылығы жылдарға жалғасты. Себебі күрделі компоненттерге құрылған химия, физика, биология, математика пәндерін ағылшын ті­лінде меңгерту тәуекелден бұрын, тәжірибені қажет етті. Аймақта алғашқылардың бірі болып осы білім саласындағы бастаманы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты бас­тады. Жаратылыстану пәндерін шет тілінде меңгерту үшін мектеп ұжымы тәжірибесі мойындалған практик мамандардың базасын зерттеді, мұғалімдердің кәсіби білігіне талап қойды. Инновацияға негізделген тәжірибені мектеп осыдан екі жыл бұрын қолданысқа енгізді. Мектеп-интернат директоры Балзия Абдуллаева тілді меңгертуде кездескен қиын­­шылықтар мен проб­лемаларды ашып айтты.

     Алматылық ананың ҚР Білім және ғы­лым министрі Ерлан Кенжеғалиұлының өзі­не тікелей сауалдар қоя отырып жолдан­ған ал­ғаш­қы бейнежолдауынан кейін, оқу­лықты құрастырушылар тарапынан жауап берілді. Бірақ оған қанағаттанған ата-аналар болмады. Керісінше, алматылық 1-сынып оқу­шысының анасы Салтанат Тәжиеваның ашық айтқан пікіріне қолдау білдіріп, нара­зылығын танытқан ата-аналардың қатары күн санап артып келе жатқанын байқадық. Оқулықтағы бағдарламалардың мәселесі, мұғалімдердің қағазбастылығы және оқу­шы­ның сөмкесінің салмағына қатысты айтылып жатқан арыз-шағымдар көбеюде. Мәселені алғашқы болып көтерген ана екінші бейнежолдауында сөмкенің салмағы қанша болатынын дәлелдеп көрсеткен де болатын. Осыған орай министрліктің тарапынан жауап берілді. Бірақ министрдің өзі емес, тағы да министрліктің тапсырмасы бойынша өзге мамандар. Нақтырақ айтсақ, Назарбаев зияткерлік мектебінің білім беру бағдарламалары орталығының директоры Жанар Нұрбапашқызы Әбділдина отандық арналардың біріне сұхбат берген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министр­лігі өзінің Фейс­бук парақшасында: "Білім жә­не ғылым министрлігі жаңа оқулықтардың сапасы, оқытудың ерекшеліктері мен жал­пы білім беру бағдарламаларының сапасы тақырыбын жалғастырады. Мәселенің ау­қымы кең болғандықтан, мұның министр­лік­тегі бірнеше департаменттің қызметіне қа­тысы бар",-деп жазған.

     Сұхбатында Жанар Әбділдина жаңа бағдарламаларды даярлау кезінде мамандар шетелдік тәжірибеге ғана емес, отандық практикаға де сүйенгендігін айтады. Сондай-ақ, материалдармен жұмыс істеу кезінде жалпы білім беретін қарапайым мектептердің мұғалімдерімен қатар еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындарының 37 оқытушы ғалымы, жалпы саны 150-ден астам маман жұмыс жасағанын жеткізеді. Айтуынша, дүниежүзі бойынша 6 жасар бі­рінші сынып оқушыларының тапсырмаларына мониторингтік зерттеу жасалған.

    Бірақ мұнымен ата-аналардың білдіре­тін наразылығы тоқтап қалды ма? Жоқ! Ата-аналар бірінші сынып табалдырығын енді аттаған балаларының біліммен дос бол­ғанын құптағанымен, балалығымен ерте қоштаспағанын қалайды. Бала тұрмақ ата-ананың орындауына қиындық туғызатын тап­сырмалар турасында біз төмендегі пікірлерді назарларыңызға ұсынамыз.

   

     Қазір білім ғылымға негізде­ліп келеді. Жаңа жобалар мен жүйелі зерттеу жұмыстары не­гізінде жаңалық ойлап тауып, оны білімге бағыттау қарқын алуда. Соған сәйкес, білім беру техноло­гиялары да түрліше сипат алды. Стратегиялық әдіс-тәсілдер мен зерттеу жұмыстарының тың тетіктерін табу мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс жаса­уы негізінде жүзеге асады. Бұған дәлел ретінде Назарбаев зияткер­лік мектептерінде практикаға енген тәжірибе жұмыстарын айтуға болады. Әдетте, тәжірибе айналымға енбес бұрын, жан-жақты сараптаудан, түрлі сынақ­тардан өтеді. Сәтті шықса, білім процесінде қолданылады. Жа­қында Қызылорда қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес білім берудің жаңа тәсілдерін жүзеге асыратын аймақтық форум ұйымдастырды.

    Форумда түрлі тәсілдерді меңгерту арқылы сабақ пәндерін жаңаша бағытта жүргізу, "Асtion Research" және "Lesson study" тәсілдерін тиімді жүзеге асыруда кездесетін өзекті мәселелерді талқылады.

     Тәжірибе алмасу бағытында өт­кен форум жұмысына Шымкент қаласындағы химия-биология және физика-мате­ма­тика бағытындағы зияткерлік мек­тептері, Алматы қаласындағы хи­мия-биология зият­керлік мектебі, Қызылорда облы­сындағы 2 пилот­ты, 24 инно­вациялық мектептер, Қызылорда қаласы ПШО қызмет­кер­­лері,  Зерттеу Басқармасы АОО өкілдері қатысты.

    Айту керек, жоспарлы жиын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ мен Қызылорда облысының әкімі тарапынан жасалған мемо­ран­­дум негізінде өтіп жатыр. Ол зияткерлік мектептегі тәжіри­бе­лерді Қызылорда облысының ин­новациялық мек­теп­те­ріне тәжіри­бе та­ра­ту, қол­да­нысқа енгізуді көздей­ді.

   

      Қаңтар айының екінші жұмасында, Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында "Жұлдызды сәт-2017" атты қалалық пәндік олим­пиа­да жүлдегерлерін марапаттауға арналған сал­та­нат­ты шара өтті. Мақсат - жалпы білім беретін пән­дер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (қа­ла­лық) кезеңінде І орын иеленген жас дарындар мен олар­дың жетекші ұстаздарын марапат мінберіне шы­ғарып, құрмет көрсету. Мерекелік шараға жиылған қа­лалық білім бөліміне қарасты мектеп дирек­тор­ла­ры, ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері мен же­ңім­паз оқушылар жұлдызды сәттің куәсі болды. Алғы­сөз алған қалалық білім бөлімі басшысының орын­басары Рахымжан Кемаладинов ұстаздар қауы­мын жаңа жыл мерекесімен құттықтай келе, олим­пиа­даның өткізілу барысына тоқталды.

    - Республикалық олимпиаданың І мектеп­іші­лік кезеңінде 54 мектептен 8-11 сынып оқушылары ара­сынан барлығы 5608 оқушы қатысты. Оның ішін­де №2 "Мұрагер" мектебінің базасында өткізілген қала­лық кезеңде 1444 оқушы бақ сынады. Осы ке­зеңде 13 ғылым негіздері пәндері бойында 53 оқушы І орын иеленіп, жеңіске жетіп отыр, -деді Р.Қош­қар­байұлы өз сөзінде.

   Ал, республикалық пәндік олимпиаданың об­лыстық кезеңіне 33 оқушы қатысып, оның 21-і жүл­делі орын иемденген. Сонымен қатар, олимпиа­да­ның IV кезеңіне Қызылорда қаласы бойынша 5 оқу­шы жолдамаға ие. Шарада сөз сөйлеген ардагер ұс­таз­дар жыл санап дарынды оқушылардың қатары ар­тып келе жатқандығына қуанышты екендіктерін жет­кізді. Сонымен қатар, осы жолда тер төгіп, еңбек ет­кен ұстаздар қауымына ризашылдықтарын біл­дір­ді. Салтанатты шара мұнан әрі, өзгелерден оқ бойы оза шауып, жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен жалғасты. Білектің емес, білімнің күшін сынаған республикалық олимпиа­да­ның ІІ (қалалық) кезеңінде мықты екендіктерін дә­лелдеген 53 оқушы және 48 пән мұғалімі қалалық бі­лім бөлімінің дипломдарымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

  - 8-сыныптан бастап жаңадан қосылған химия пә­ні­не менің ерекше қызығушылығым оянды. Әсі­ресе, есеп шығарғаннан гөрі маған зертханалық жұ­мыс жасаған ұнайтын. Алғашқы жылында мен хи­мия пәнінің маңыздылығын түсініп, оны дұрыс мең­геруге тырыстым. 9-сыныпта алғаш рет олимпиадаға қатыстым, бірақ орынға іліне алмадым. Дайынды­ғым­ды пысықтап келесі жылында да бақ сынап көр­дім, өкінішке орай, тағы да жүлдесіз оралдым. Мұ­ның басты себебі менің пәнге деген қызығушы­лы­ғым жоғары, тек дайындығым соған жеткіліксіз бол­ға­нында екен. Ал, биылғы оқу жылында мен ұстазым Әйгерім Сыздықованың жетекшілігімен дайынды­ғым­ды күшейтіп, «қалай да орын алуым керек» деп алдыма мақсат қойдым. Міне, соның нәтижесіне бүгін қол жеткізіп отырмын,- дейді республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде химия пәні бойынша І орын иеленген №23 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Сағындық Шамша.

   Мерекелік кеш қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өнерпаздарының ән-шашуымен қорытындыланды.

М.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

    Бүгіндері білім саласын биз­нес көзіне теңейтіндер көп. Әсте олай болмауы керек. Себебі білім әуелі қаржыны қажет ететін, кейін қайтарымы болатын сала. Әйтсе де, білім саласындағы ре­фор­малар арқылы білімді бизнес­ке айналдырып жүргендер аз емес. Атын айтып, түсін түсте­ме­сек те, түрлі деңгейдегі олимпиа­да­лық жарыстар, жекеленген кон­курстар мен сынақ кітапша­ла­ры бәрі де оқушының қаржы­сы­на қарай дайындалады. Қар­жы­лық мақсатты көздейтіндер үшін де ұлттық бірыңғай тест пайда табудың жолы. 14 жыл­дан бері білімде айналымға еніп келген ұлттық тест ке­зінде жеке орталықтардың шаруасы қызады. Алайда, бұл баланың білім деңгейін арттыруды көздемейді. Мұны ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы ұлттық тестілеу орталығының мамандары айтып отыр. Білім беру базасына сай келмейтін сұрақтарды жинақ етіп, кітапша ретінде мектептерге саудалап жүргендер жекелердің же­ке әрекеттеріне заң жүзінде тосқауыл қойылмайды. Қайт­пек керек? Нені ескеруіміз қажет? Көптің көкейінде жүрген сауалға жауап алу үшін ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының №70 Қызылорда филиалының жетекшісі Асқар Еңсеповке жолығып, білімдегі басы ашық сұрақтарды таразыға салдық.

     - Асқар Әлиұлы, биыл ұлттық тесттің та­лаптары өзгерді. Формат басқаша. Білу­міз­ше, Ұлттық тестілеу орталығының сынақ кі­тап­шалары әлі шықпаған. Десе де, мектеп оқу­шылары жаңа форматтың кітапшала­ры­мен дайындалуда. Бұл қалай?

      - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Ұлттық тестілеу орталығы бар. Сы­нақты жүргізетін де осы мекеме. ҰБТ ба­­­рысында қолданылатын сұрақтар осы ор­та­лық­та жасалады. Ұлттық тест кезінде  де­­рек­­тер қорына толықтыратын да ұлттық тес­тілеу орталығы. Ал, база қалай жасала­ды? Кім кө­рінген адам тест құрастыра ал­майды. Білім са­ласында қолтаңбасы бар, шә­кірттері үздік атан­ған ұстаздар арнайы ірік­телініп алынады. Мемлекет ұстаз­дар­ды тест құрастырушы құқығын беру үшін ар­найы дайындайды. Олар­ды әлемдік дең­гей­де аты аталып, тестология ғылымы­мен ай­налысып жүрген теоретик­тер оқы­та­ды. Осы­­лайша олар тест сұрақ­та­рын жасауға кіріседі. Ұстаздардан кейін тестіні эксперт ма­мандар тексереді. Көрдіңіз бе, мұғалім­дер­дің өзі бірнеше сараптаудан өтеді. Ек­ше­леніп, стандарт­тал­ған сұрақтар мек­теп­­­тер­­де апробация, яғни сынақтан өтеді. Тест құ­растыру­шы­лар­дың сұрақта­ры­ның ара­­сында грамма­ти­калық, логика­лық, қи­сын­ға кел­мей­­тін сұ­рақтарды анық­тап алу үшін мек­теп­тер­ге практикада сына­лады. Бай­­қап қараса­ңыз, тест сұрақтары бірнеше ке­зеңдерді қам­ти­­ды. Сол себеп­тен де Ұлт­тық тестілеу орта­лы­­ғының кітап­ша­лары бір­­­ден шыға қой­майды.

     Әрине, қазір оқушылар жеке кәсіпкер­лер­­­дің шығарған кітапшаларын пайдала­ну­да. Бірақ ол базаға енбеген, тек қаржы­лық мақсатты көздейтін кітапшалар еке­нін айтуы­мыз керек. Министрліктің атын пай­даланған ор­талықтардың кітап­шасы бі­лімді емес, бизнесті көздейді.

     - Сонда қалай, кез келген адам кітапша құ­растырып, қаржы таба алады ма?

   - Өкінішке орай, бүгін илеген қамы­ры­нан кешке өнім алатын кәсіпкерлер кө­бей­­ді. Бұл білім саласын жайлап алды. Қа­ла­да мұндай жеке орталықтар көп. Тіпті ат­тарынан ша­та­са­сың. Айтып отыр­мын ғой, министрлік атын жамылып, тест құ­рас­тыру заң бұзушы­лық болып табыла­ды. Олар халықты ойлап отыр­ған жоқ. Егер ха­лыққа жаны ашитын таза кә­сіпкер болса, "Ұлт­тық бірыңғай тест тек ұлттық тестілеу ор­талығы базасы негізінде жазы­ла­ды. Біз­дің сұрақтар соған ұқсас құрас­ты­рылған" деп ескертуі керек еді. Бірақ олай емес. Мем­лекеттік органның атын пайдалану - таза кәсіпкерлікке жатпайды.

   

     "Елдің ертеңі білімді жастардың қо­лында" деп, келер ұрпаққа артылған се­нім жоғары. Әлемнің дамыған елдерінің қатарына ену үшін өскелең жастардың білімді болуы да маңызды. Сол себепті жаңа ғасырдың жастары біліммен қарулануы қажет. Дегенмен, жас толқынның білім деңгейін арттырамыз деп, ар­тық кетіп жатқан жоқпыз ба? Ал олай болмаса, білім реформасына енгізіліп жат­қан өзгерістер мен жаңашылдық­тар­ға ата-аналар не себепті наразылығын білдірді? Неліктен алматылық ана Білім және ғылым министріне видеоүндеу жолдауға мәжбүр болды?

    Бір жұма бұрын алматылық ата-ана Салтанат Тәжиева әлеуметтік же­лі арқылы ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлына тікелей видеоүндеу жолдаған болатын. Мұнда ана бастауыш сыныптағы оқу бағдарламаларының бірінші сынып оқушысы үшін күрделі екендігін айтып, ондағы кездесетін мәселелерді тізбектей келе минис­т­р­ге бірнеше сауалдар қойған. Бұл тек жал­ғыз ананың жанайқайы емес, қазақстандық ата-аналардың көке­йінде жүрген өзекті мәселе екендігі байқалды. Себебі, Салтанат Тәжиеваның фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялан­ған видеоүндеу 170 мыңға жуық қа­ра­лымға ие және 11 мыңнан астам қол­­­данушы парақшасында бөліс­кен. Бұл үлкен көрсеткіш. Министр­дің жазбаларын желі қолданушылар дәл осылай қарайды ма екен?! Ал, бей­­­не­жазбада айтылған мәселеге қа­тыс­­ты қолдау көрсетіп, пікір білдіру­ші­­лердің қатары қалың. Айналып кел­­ген­де, пікір білдірушілер баланың құ­­қығы ескерілмегендігін алға тартады.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер