Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Білім

Білім (142)

   Өз ісінен шабыт алатын адамдар болады. Алда кездескен қиындықтарға бой бермей, тек ізденіс жолына түсіп, өз еңбегінің жемісін жеуге асығатын жандар аз емес. Біз сөз еткелі отырған кейіпкерді  сұхбат алаңына шақырудың өз себебі бар еді. Қызмет баспалдағын ұстаздықтан бастап, бүгінде ұстаздарға дәріс беріп, тәжірибесімен бөлісіп жүрген "Өрлеу" БАҰО" АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Жанар Рзабекқызының білім саласындағы ұстанымын ұстаздар көптен бері айтып келеді. Балаға білім берудің жолын үйретіп, тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынып жүрген білікті маманмен сұхбат құрудың орайы келді. Мұғалімдерді оқыту міндетімен жүрген ұстаздың бүгінгі педагогика саласында өз айтары бар. Екеуара әңгімеде ұстаз білімі мен білігі, мұғалімнің ішкі мәселелері мен жаңа формат барысы сөз етілді.

   - Жанар Рзабекқызы, білім саласының жүрек соғысын бір кісідей білетін мамансыз. Алғаш­қы сауалды бүгінгі күннің білім саяса­тынан бастасақ. Білім беру мазмұ­нын жаңартудың негізгі өзегі неде деп ойлайсыз?

   - Білім саласындағы басты мақсат - әлемдік білім беру кеңіс­тігіне лайықталған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Себебі, ғаламдану күннен-күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып жатқан өзгеріс­тердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру саласының басты факторына айналуына себеп болды. Білім­дінің заманы туды. Мұны ке­зінде ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы",- деп ба­ғаласа, халық даналығы "Қыран түлегіне қайрылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сый­лайды",-деп бекер айтпаған. Сон­дықтан білімді игерудің жол­дарына жету үшін еңбек ете беруіміз керек.

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:50

4603 жас жұмысшы мамандығын меңгереді

| Автор: 

        Оқу оқуға қыруар қаражат керек екені белгілі. Бү­гінгідей нарықтық уақытта оқу орындарының бағасы да шарықтап тұр. Әрине, білімге салынған капиталдың қайтымы болады. Десе де, сұранысты қажет ететін ма­мандықтарды мемлекеттік бағдарламалар арқылы тегін оқуға мүмкіндік бар. Мектепті тәмамдаған кез келген жас жұмысшы мамандығын таңдай отырып, тегін оқудың жолын ала алады. Биыл кәсіптік сала бағытын­да айтарлықтай жаңалық бар. Оған себеп Елбасының өткен жылғы тапсырмасына сәйкес "Баршаға арнал­ған тегін кәсіби-техникалық білім беру" жобасы жүзеге асатын жыл.

   Еске сала кетейік, өткен жылы Үкімет "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасын бекітті. Аталған бағдарлама өз кезегінде жұмысшы мамандығын даярлауды екі бағытта жүзеге асырады. Ал­ғаш­­қысы колледждерде техникалық және кәсіптік білімі бар жұмысшы мамандарын  даярлау болса, екін­ші­сі қысқа мерзімді курстарда қайта даярлау. Тегін оқудың мүмкіндіктері мен бағдарлама барысы туралы кеше Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қарабалаев журналистермен кездесіп, саладағы сұрақтарға жауап қайырды.

  Ерлан Жағыппарұлының айтуынша, бағдарлама бойынша үстіміздегі жылы негізгі мектеп пен орта мектепті бітірушілерді, сонымен бірге өткен жылы орта мектепті бітіріп, кәсіптік біліммен қамтылмай қалған 4603 жасты аймақ экономикасының сұранысына қажет мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берумен қамту жоспарланған. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1515, жергілікті бюджет есебінен 3088 мектеп бітіруші кәсіптік біліммен қамтылмақ.

  Жұмысшы кластерін дамытудың жолына айнал-ған бағдарлама шеңберінде мемлекеттік тапсырыс көлемі 38,2%, оның ішінде жұмысшы мамандығы бойынша тапсырыс көлемі 2 есеге артқан. Бұл дегеніңіз әрбір мектеп бітіруші тегін техникалық және кәсіптік білім алуына мүмкіндік алады деген сөз.

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:23

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

| Автор: 

     

   Баласының мейірбан және сабырлы қалпынан аз ғана уақыттың ішінде күйгелектеніп шыға келуі, айналасында ешнәрсеге қанағаттанбауы секілді кезеңдері әрбір ата-ананың басынан өтеді. Жоғарыда аталған мінез-құлық баланың өтпелі кезеңге аяқ басып, жасөспірімге айналып келе жатқанын білдіреді.

Есею кезеңі

   Бала өмірінде оның есею кезеңі балалық шағының бір­ша­ма ұзақ уақыт аралығын қам­тиды. Ол 11-12 жаста бас­талады және әр балада әр­түрлі уақытта аяқталып жатады. Мысалы, кейбір балалар бұл кезеңнен 15, 16 жасында өтіп кетсе, кейбірі 17 немесе тіпті 18 жаста өтеді.

  Яғни, өтпелі кезеңнің жас аралығын белгілі бір нақты осы уақыт аралығында деп еш­кім де кесіп айта алмайды. Өйткені ол әрбір жасөс­пі­рімнің бойында өзіндік ерек­шелігімен әрқалай өтіп жа­тады.

   Өтпелі кезеңде баланың тек қа­на мінез-құлқында емес, со­ны­мен қатар оның бо­йында, ағ­засында да өзгеріс­тер орын ала­ды. Мұның көп­шілігі өтпелі ке­зеңнің алғаш­қы сатысында бас­та­­­лады. Ал, жасөспірімдік шақ­тың соңғы кезеңінде оның фи­зи­ка­лық қалыптасуы толы­ғы­мен аяқ­талып, балада ере­сек­тер­ге тән қасиеттер пайда бо­лады.

   Бұл жаста жасөспірім­дер­дің ағ­залары жылдам өзге­ріске ұшы­­рап, тез дамиды. Ең ма­ңызды өзгерістер орталық жүйке және эндокриндік жүйелерде орын алады. Гор­мондары да өз­гереді. Мұнан соң ұл бала мен қыз баланың өздеріне тән бет әл­петінде де, жүріс-тұрысында да өз­гешелік пайда болады. Өтпелі кезең бұл балаларға, ата-аналар мен ұстаздарға бірнеше жылдық уақытша сынақ.

   Баласын мектепке біл деп беретін әрбір ата-ана білім саласында­ғы соны өзгерістерді үнемі қадағалап отырады. Себебі соңғы жылдары бі­лім саласындағы реформалар оқу­шылар түгілі, ата-аналар арасында әлі де ашылмаған сұрақтардың барын көрсетіп отыр. Соның бірі - оқу­шылардың білімін бағалайтын жаңа критериалды жүйе. Дәстүрлі баға­лау­дың көзін көрген ата-аналар әлі де жаңа жүйені толыққанды түсінбей жатқанын мойындайды. Осыған орай ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналарды алаңдатқан сұраққа жауап қайырып, тақырыптың мәнін ашуда барын салып жатыр. Білім талқысына түскен критериалды бағалау жүйесін біз де тал­қыламақ ниетте арнайы сұхбат құру­дың қажет екенін түсіндік. Облыс мек­тептерінің жаңартылған мазмұн­ға көшу тәжірибесін қадағалайтын жауапты маман, Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының бейін­ді сынама жөніндегі орынбасары Қайырбек Сәбитұлы Буксукбаевты сұхбат алаңына шақырдық.

   - Қайырбек Сәбитұлы, жаңар­тыл­ған білім беру мазмұны туралы ел ішінде әлі де түсінбестік бар. Әсіресе, 2,5,7-сыныптарда білім алатын оқу­шылардың бағалау жүйесіне қатыс­ты сұрақ көп. Критериалды бағалау жүйесіне көшуге қандай себеп түрткі болды?

    - Қай кезде де жаңа дүниеге көптің ықыласы ауады. Түрлі көзқарастар мен пікірлер қалыптасады. Алайда, әрбір жаңа дүниенің астарында алға қарай ұмтылу деген түсінік болатынын ескеруіміз керек. Қазақстанда техникалық инновация­лар қарқынды даму үстінде. Осы тұста еліміз жоғары деңгейдегі мамандарға аса мұқтаж болды. Талап үдесінен шығатын кадрдың қажеттілігі айқын се­зілді. Осыған байланысты 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба іске қосылды. Сол уақытта білім беру саласы инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Себебі әлі бұл жүйеге дайын емес едік. Сіз айтып отырған жаңа білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесі атал­ған проблеманы жоюға бағыттал­ған. Жаңа бағдарлама Назарбаев Зият­керлік мектебі мен Кембридж Университетінің мамандарымен бірлесе отырып әзірленген. Әлбетте, сынамадан өтпей еш нәрсе де білім саласына енбейді. Бұл бағалау жүйесіне көшетін уақыт келді. Бәрі де уақыт өлшемімен, алдымен 2,5,7-сыныптарға еніп отыр. Келесі жылы басқа сыныптар, осылайша кезең-кезеңімен ене береді.

   - Білуімізше, дәстүрлі бағалау жүйесі 70 жылдан бері қолданыста болды. Уақыт талабы де­геңізбен келісеміз. Алайда, жаңа бағалау жүйесін бір-екі жылда қабылдай салу асығыстық шешім емес пе?

   - Асығыстық деп айтуға кел­мес. Тәжірибе сыналып ба­рып еніп отыр. Қазіргі бі­лімге енген жаңа мазмұнның артықшылықтары көп. Бұл ең алдымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырады, оқушылар алған білімін өмірлік жағдайда қолдануға бейімделеді, нақты мақсатқа бағытталып отыр. Сонымен бірге кірік­ті­рілген бағдарлама бойынша бар­лық пәндер бір-бірімен ты­ғыз байланыста. Мұ­ны былайша түсіндіріп өтейін. Біз­ге автокөліктің физикалық тұрғыдағы қозғалысы бұрыннан мәлім. Алайда, жастарымыз ондағы болып жатқан хи­миялық үрдістермен қан­ша­­лықты таныс? Автокөлік­терге экологиялық мәселеден туындайтын проблема бойынша қойылатын талаптарды білеміз бе? Одан туындайтын проблеманың тірі организмдерге тигізетін әсерін оқушыларға тү­сіндірдік пе? Қазақстанда автокөліктерді өнді­рудің экономикалық пайдасын оқушылар есептеді ме? Мі­не, жаңа жүйе барынша өмір­лік практикаға бағыт береді.

       Қазіргі заман талабына сай техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңарту - алға қойыл­ған мақсаттардың бірі. Ол үшін принципиалды жаңа білім беру бағдарламалары мен прогрессивті оқыту тех­нологияларын енгізу қа­жеттігі туындауда. Алға қо­йылған мақсат негізінде КЕАҚ "Кәсіпқор" холдингі" біліктілігі жоғары ма­мандарды даярлау үшін шетелдік колледждердің үздік практикасын есепке ала отырып жаңа білім беру бағдарламасын құрас­тыруда және білікті мамандарды даяр­лаудың жаңа мазмұндағы қызметінің практикасын таратуда ауқымды жұмыстар жүргізуде. Қызылорда облысы бойынша 2016 жылы кәсіптік білім саласының 138 ин­женер педагогы арнайы курстарда білімдерін көтерсе, 2017 жылы 240 осы саланың қызметкері және 11 колледж басшысы оқытудың жаңа бағдарламасы бойынша білімдерін көтеріп арнайы курстардан өтті.

  КЕАҚ "Кәсіпқор" холдингі басшылығымен әзірленген барлық жаңа бі­лім беру бағдарламаларында оқу үде­рісін ұйымдастыруға модульдік - құ­зіреттілік тәсілдемеге негізделген әдісті енгізу қарастырылған.

   Аталған білім беру бағдарламасы жұмыс берушілер талаптары мен аймақтық ерекшеліктерін есепке ала отырып қосымша модульдерді енгізу мен жаңғырту мүмкіндігін қарастырады. Бұл ретте "модульдік - құзіреттілік тәсілдемеге" негізделген бағдарламасы бір мамандықтың шеңберінде кә­сіптік қызметтің белгілі бір түрлерін орындау үшін құзыреттерді меңгертуге бағытталған білім беру бағдарламасының бір бөлігі ретінде түсіндіріледі.

   Осы орайда, облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 29-30 тамыз күндері М.Ықсанов атындағы политехникалық колледж базасында жаңа бағдарламалар бойынша колледждерге оқу жоспарын дайындау үшін әдістемелік көмек көрсе-тілді. Атал­мыш колледжде "Техникалық жә­не кәсіптік білім беру ұйымдары үшін модулді - құзреттілік негізінде әзірленген жаңа бағдарламалар бойынша оқу жоспарын дайындау жолдары" тақырыбында семинар-тренинг өткі-зілді. Семинарға облыс көлеміндегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы директордың орынбасарлары, әдіскерлері және жұмыс оқу жоспарын жасауға жауапты қызметкерлері қатысып өздерінің сұрақтарына жауап алды. Семинардың аяғында әрбір колледж қызметкерлері өз оқу орындарындағы түрлі мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарларын дайындады.

   Аталған семинарда КЕАҚ «Кәсіп­қор холдингінің» өзектендірілген "модульдік-құзіреттілік тәсілдемеге" негізделген үлгілік оқу жоспарларын пайдалана отырып, техникалық және кә­сіптік білім беру ұйымдарында оқу жұ­мыс жоспарларын жасау, оқу үдері­сінің жүйесін жоспарлау көрсетілді.

    Семинар соңында Оқу орталығының ТжКБ бөлімінің меңгерушісі Б.Дүрманов техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларының орынбасарларына және әдіс­кер­леріне семинар барысында белсен­ділік көрсеткендері үшін алғыс білдіріп тренерлер Лаззат Умаровна мен Ботакөз Таңқыбаеваға сертификаттар тапсырды.

Облыстық оқу орталығы

(әдістемелік кабинет)

ТжКБ бөлімі

Қызылорда қаласы

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 09:40

АЗАМАТ. ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ

| Автор: 

  Ел игілігі үшін ең­бекпен етене араласып, жарқын болашаққа қа­рымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы болатыны шын­дық. Осындай ұстаздық қасиетке барынша адал­дық танытып, бар са­налы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаз­дарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артық емес. Сондай азамат­тардың бірі қашанда сыпайы да сырбаз қал­пынан айнымайтын, жүзінен нұр, жүрегінен шуақ төгіліп тұратын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымы Бақыт Қалиұлы.

    Бақыт Қалиұлы 1957 жылы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қызыл­орда қаласын­дағы №10 орта мектепті 1974 жылы бітіріп, комсомолдық жолдама­мен еңбек етуді Отан алдындағы пары­зым деп түсінеді. Сөйтіп Бақыт­тың алғашқы өмір жолы қайнаған еңбек­пен бас­талады. Үлгілі еңбегі үшін басшылық тара­пынан бірнеше рет алғыс хатқа ие болғаны да ақиқат. Еңбекпен ерте есейген Бәкең бала күнінде армандаған Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педа­гоги­калық институ­тының физика-математика факультетінің дайын­дық курсына оқуға түсті. Институт қабырғасында жүріп, математика ғылы­мының қыр-сырларын меңгеру мақсатында ұстаздары С.Бекбаев, Ә.Тәжмағамбетов, Б.Қашқынбаев, Қ.Жаңабергенов, Б.Сейсеновтерден ғы­лыми-зерттеу та­қы­рыбын алып, жүйелі жұмыстар жүргізді. Сту­денттік шағында ғы­лыми мақалалары бас­паға шығып, білімпаз жастар арасында қызу тал­қыланып жатты. Инс­титут бойынша үл­гілі топ жетекшісі бо­лып, кейінгі толқын сту­денттерді қам­қор­лығына алып отыр­ды. Институтты бітіргеннен кейін ректорат жалынды жасты оқытушылыққа қалдыруға шешім қа­былдады. 1980-1982 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика инсти­ту­тының физиканы оқыту әдістемесі және жалпы техникалық пәндер кафедрасында оқу ше­бері және оқы­тушы­лықтан бастаған Бәкең институттағы барлық қызметті абы­рой­мен атқарып келеді. Атап айтқанда, кафедра мең­герушісі, факультет де­ка­ны, проректор, Мәскеу статистика, инфор­матика және бизнес институтының ректоры.

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 06:36

ӨНЕРЛІ ОҚУШЫНЫҢ ӨРІСІ ОЙДАҒЫДАЙ МА?

| Автор: 

       Музыка туралы түсінік адамзат баласында ерте заманнан-ақ қалыптасқан. Бұл жайында музыка туралы бұрын және қазіргі таңда жарыса жарық көріп жатқан сан алуан оқу құралдарынан, әдеби кітаптардан әбден байқауға болады.

   Қазақ даласында ілгері-кейінгі өмір кешкен халық композиторларының әндерін кейінірек нотаға түсірген, ерінбей-жалықпай жинақтаған А.Затаевичтің өзінің таң қалғаны соншалық "Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай" деген екен. Тіпті қазіргі таңда сан түрлі науқастарды да музыкамен емдеуге болатыны, ол түгілі өсімдіктер де музыкаға құлақ түретіндігі туралы медик, ботаник ғалымдардың баспасөз беттерінде жазып жүргенін білеміз.

   Заманында өшпес, өлмес ұлт­тық өнеріміз жайында ұлы ақынымыз Абайдан асып ешкім айтпаса ке­рек. Ол "Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй. Көңіл­ге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй",- деп ән өнеріне баға берген. Расында да адам баласының рухани азығы болған және бола беретін музыканың құдіретін баласына тал бесіктен талмай баулыған ұлтымыз қандай көреген десеңші. Аяғын тәй-тәй басып, одан әрі оң-солын тани бастаған ұрпағын өнерге ұйытқан қазақ ырым етіп баласына әртүрлі музыка аспаптарын сатып әперіп, өнерлі адамдардың батасын алып беруге тырысқан. Кешегі уақыттары әр үйдің төрінде ілініп домбыра, қобыз, үстел үстін­де тұрған қара сырнай, көк сырнайларды көзіміз жиі көруші еді. Қазір осы жағы қазақ үйлерінде сирексіп қалған тәрізді.

   Бала демекші, бұрын әрбір білім ұясында көркемөнерпаздар үйірме­сі болушы еді. Оны мектептегі музыка пәндерінің мұғалімдері басқарып, балаларды үлкен өнерге баулушы еді. Қазір өнерпаз балаларды өнер саласына үйрететін сондай үйірмелер бар ма, қай деңгейде, нә­тиже қандай деген сауалдар бізді жиі мазалап жүретін. Сондықтан бұл мәселеге байланысты әуелгі са­уа­лымызды тиісті орындарға жолдамас бұрын балалар өнері туралы өзіміздің ішкі түйсігімізге құлақ түргенді жөн көрдік.

   Жұмыр жерді мекен еткен данышпандардың бірі ықылым заманда "Әлемді жабайылықтан сақтап қалатын музыка" деп босқа айтпаған ғой. Шынында да тал бесіктен жер бесікке жеткенше адамзат баласының жан серігі жақсы ән, тәтті күй, мың бұрала билеген би емес пе? Ұлы даланы ғасырлар бойы әсем әуен болып тербеткен музыка сазының құдіреті жайлы бізге жеткен аңыз әңгімелер аз емес. Соның бірінде төмендегіше баяндалады.

   ...Монғол ханы Шыңғыс хан өзі­міз жайлап, өмір сүріп отырған бай­тақ Тұран өлкесін басып алып сосын ұлан байтақ бір шетін үлкен ұлы Жошыға басы бүтін беріп билеткен заман екен. Күндердің кү­нін­де аңға шыққан Жошы хан киелі құланға кезігіп, сонан ай далада ажал құш­қан көрінеді. Баласының бей­мезгіл өлімін қатігез, қатал хан әкесіне қа­лай айтуды білмей дағдарған көп­шілікті сонда күй құдіреті құтқар­ған екен. Баласының өлімін Шың­ғысқа "Ақсақ құлан" атты шер­лі күй­ді шебер орындап шыққан дәулескер күйші сол жерде Шыңғыстың жазасынан аман қалып оның есесіне "баламның өлімін жеткізген сен"  дегендей қарағай домбыраның өзегіне балқыған қорғасын құйып үнін өшірген екен.

   Неміс халқының ұлы перзенті, әйгілі Моцарттың бала күнінен екі жа­нары ерте суалып көрмей қалса да, атақты "Реквием" атты дүние жү­зіне кеңінен мәлім музыкалық шығар­ма­сын жазып танымал болыпты. Сол сияқты қазақ халқын талай танымал әндерімен өткен ғасырдың орта шенінде талмай сусындатқан ком­позитор Садық Кәрім­баев та көзі көрмесе де, көңілі жүй­рік өнер иесі болған екен.

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 10:40

ОҚУ БАСТАЛДЫ. НЕНДЕЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

| Автор: 

   
     Құрбан айт мерекесіне орай оқушылар оқу жылының алғашқы күнін 2 қыркүйекте бастады. Алғашқы қоңырау сыңғыры ұстаздар мен оқушыларға білім мерекесінің салтанат құрғандығын айшықтады. Жылдағыдай мемлекет бюджетінен салынған жаңа мектептер бой көтеріп, ел игілігіне бағытталды. Бала жетектеген ата-аналар, мектеп табалдырығын аттаған оқушылар Білім күнін салтанатымен атап өтті. Әлбетте, әр жылдың өз жаңалығы бар. Биыл да білім саласы өзгерістерді өн бойынан өткізуге әзір. Бұл туралы газетіміздің өткен санында жазғанбыз. Оқу басталып, сабаққа кірген оқушылардың ата-аналары жаңа стандартқа сай 5 күндік оқу жүйесі төңірегінде түрлі сұрақтардың туындағанын жасырмады. Осы себепті ҚР Білім және ғылым министрлігі ресми сайтқа жаңа оқу жылындағы бірқатар өзгерістермен көптің сұрағына жауап қайырды.

    Нендей өзгерістерді көріп жүр­­сіз. Рет-ретімен баяндалық. Әдет­тегідей оқу мерзімі қыр­күйек­те басталып, мамырдың 25-ін­де аяқталады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Орта бі­лім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" бұйрығына сәй­­кес оқу жылының ұзақтығы мек­тепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1-сынып­тар­да - 33 оқу апта, 2-11 сыныптарда - 34 оқу апта деп белгіленген.

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 10:31

АҒАРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ АЙҚЫН ҚОЛТАҢБА

| Автор: 

      Арал ауданындағы білім саласының бір кездері бетке ұстары атанған, тә­жірибелі педагог, білікті басшы болған Төлеш Дәрменовтың білім күні ме­рекесі қарсаңында оқу ошағы жай­лы жазып қалдырған мақаласын оқыр­ман қауымға ұсынғанды жөн көрдік.

  Сонау алпысыншы жылдары Арал ауданында жетім балаларды мемлекет есебінен тәрбиелейтін балалар үйі жә­не аудандық жас ұландар үйі жұмыс іс­теді. Сонымен қатар аудан орталы­ғын­да жұмысшы және шаруа жастарға жұ­мыстан қол үзбей орта білім беретін жұ­мысшы жастар орта мектебі, сырт­тан оқитын орта мектеп жұмыс істеп, оларда 50-жылдар басында 50-60 адам ғана оқыса, он жылдан кейін әр жылда оқитын жастар саны 400-500-ге жетті.

   Мұғалімдер арасында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда ұзақ уа­қыт аудандық әдістемелік кабинетте мең­геруші болып қызмет істеген Қ.Жол­маханов, Ә.Әлмаханов, Н.Әне­сов­тер біраз еңбек сіңірді.

  60-жылдары мұғалімдер арасында өз ісінің шеберлері өз мамандықтары шеңберінде қалып қоймай, озат тәжі­рибелерді басқаларға үйретіп, көп­шілік құрметіне бөленген мұғалім­дер қатары көбейді. Олар №15 орта мек­теп­тен Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мұ­ғалімдер Фатима Акчурина, Злиха Әбілова, Ленин орденді, республика съезінің делегаты Ұрқия Зәрипова, халық ағарту ісінің үздік қызмет­керлері Нұржамила Айқалқаева, №13 мектеп мұғалімі мұғалімдердің Бүкіл­одақтық съезінің делегаты Мадайқын қина Махатова, №14 мектептен "Құрмет бел­гісі" орденді Е.Құрбатова, Бөген ор­та мектебінен А.Зағидуллина, Қ.Сәң­­кібаев, Ш.Нөкешов, Қарақұм орта мектебінен А.Төлебаева, Р.Таңа­тарова, Жалағаш орта мектебінен Ә.Есеңдіков. Бұл сияқты жүргізілген ұйымдастыру педагогика жұмыстары көптеген мұғалімдерге творчестволық қызмет кездері өздерінің жемістерін де беріп тұрды. Осы жылдары мектеп­терде оқушылар білімінің сапасының жақсаруы орта мектеп бітірушілердің көпшілігі жоғары дәрежелі оқу орын­дарына түсіп, түрліше мамандықтар иесі болуынан анық көрінді.

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 10:05

ӨНЕРЛІ ЖІГІТ ӨРДЕН КӨРІНЕР

| Автор: 

       Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті жастарға арнаған сөзінде: "Мен сіздер, бүгінгі жас­тар, ерекше ұр­пақ екен­деріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақы­ты - біздің еліміздің кө­терілу және гүлдену уақы­ты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірді­ңіз­дер",- деген болатын. Бұл дегеніміз еліміздің дамуы мен болашағының жарқын болуы өс­келең жас ұрпақпен тығыз байланыстылығы. Осын­­дай ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дү­ниетанымы дұрыс қа­лып­тасқан жас ұрпақтарымызды тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.

   Мектеп - келешек ел бас­қарар, жер басқарар, елі мен халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәр­тебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Оған қоса, мектептегі өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып бе­ріп, рухани дүниесінің қа­лып­тасуына негіз салады.

   Қазіргі күнде мектебіміздегі оқушылар іші­нен дараланып, сайыс­тар­да оза шауып жүрген дарынды жет­­кіншекте­ріміз жет­кі­лікті. Олардың бірі әнші, бірі күйші, бірі биші, бірі сурет­ші, ал енді бірі көркем сөз оқу шебері мен түрлі зият­кер­лік олимпиадалардың же­ңімпаздары. Солардың қа­тарында 11 "Б" сынып оқу­шысы Ақниет Қаниев те бар. Қай іске болмасын, үлкен жауапкершілікпен қа­рап, белсенділікпен қа­ты­са білетін Ақниет мектеп қабырғасында жү­ріп, бі­лі­мімен қатар бойындағы ерек­ше өнері­мен көзге түс­ті. Жас өрен­нің бойындағы мұн­дай қасиетін байқаған Ақниеттің ұстаздары оның мектепішілік, қалалық, рес­публикалық сайыстарына қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрі­н­уіне себепкер болды.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер