Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!

Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов

 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Білім

Білім (384)

Дүйсенбі, 30 Мамыр 2016 11:27

АРМАНҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАН КҮН

| Автор: 

     Жақында білім беру саласында өз орны бар №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты мектеппен қоштасу мерекелік шарасы өткізілді. Бағдарлама Қызылорда облысының білім басқарамасының басшысы Бақытжан Сайлыбаевқа беріліп, жас түлектерге сәт сапар тілеп, Елбасының: «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман» деген қанатты сөзін тілге тиек етті.

    - Қызылорда облысында 300-ге жуық орта мектеп бар. Сол мектепті 6570 бала бітіргелі отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 200 балаға артқан. Міне, осы аталмыш 6570 баланың 4500-і жоғарғы оқу орнына аяқтанып отыр. Бұл былтырғы жылға қарағанда 70% құрайды,-деді бас педагог Б.Сайлыбаев.

    Басқарма басшысының сөзіне сенсек, өткен жылы бітірген жас түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жоғары оқу орындарына түскен балалар саны 51%-ға жеткен. Бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша екінші орынды көрсетті.

     Салтанатты жиында техника–ғылымдарының докторы, профессор, математик Бақытжан Жамаладинұлына және «Өрлеу БАҰО» директоры Бауыржан Елеусінов мектеп оқушылары мен ұстаздарды айтулы мерекемен құттықтады.

   Оқу жылының табысты аяқтауына қарсы мектеп әкімшілігінің ұсынысы бойынша Еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында сіңірген ерен еңбегі мен білім саласын дамыту барысында ерекше көзге түскен №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімдері Гүлзира Бекмұхамметова, Ақалтын Сейсейкеева, Қалдыгүл Бекмағамбетова сынды ұстаздар алғыс хатпен марапатталды. Оқушылардың салтанатты шеруін облыстық, пәндік, республикалық, халықаралық байқау жеңімпаздары жалғастырды.

    Шара соңы Алтын белгіге үміткер жас түлектердің қоштасу вальсімен аяқтады. Суретке түсіп, арман тілектерін айтып, алдағы сынақтан мүдірмей өтулерін бір Алладан тілеп, көгершіндер мен тілек шарларын ұшырды.

Баян Жеткерген 

   Соңғы уақыттарда бес күндік оқу жүйесі, 12 жылдық білім беру бағдарламасы, үштіл­ді­ліктің жайы, оқу мерзімінің ұзартылуы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің тың талаптары қо­ғамдағы басы ашық сұрақтарға айналғаны жасырын емес.  Пікірлер қайшылығын туғызған бұл мәселелердің жауабы «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2020 жылға арналған» мем­лекеттік бағдарламасында кеңірек баян етілді.

     Халыққа білім берудің жаңа моделін түсіндіру бағытында ҚР Білім және ғылым минис­трлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің ди­ректоры Жаңыл Алпамысқызы Жонтаева Сыр еліне арнайы келіп, журналистермен кез­десті, ұстаздармен тілдесті. Журналистерден кейін департамент директоры аймақтағы мек­теп директорлары, білім бөлімінің басшылары, эксперименттік мектеп мұғалімдері, уни­верситет басшылары мен ғалымдары, педагог қызметкерлерімен бірігіп, білімдегі бас та­қырыптарды талдап, тарқатты.

   Мазмұны бөлек реформаның іске асыру тетіктері жайында біз де редакция тарапынан Жаңыл Алпамысқызына ұстаздар мен оқушылардың көкейіндегі сауалдарды жолдап, сұхбат алдық.

  - Жаңыл Алпамысқызы, білім саласы осы уа­қытқа дейін түрлі эскперименттер мен реформаларды қабылдап келді. Халық бірі қол­дады, ендігі бірі өз көз­қарастарын танытып жатыр. Алдағы уақытта білім саласының бағыты қалай болмақ? Жаңартылған білім беру мазмұны салаға қаншалықты серпіліс әкеледі?

   - Расында, халық арасында "қашанға дейін білім­де өзгерістер бола береді" деген сауалдар жиі ай­тылады. Білім саласында ұзақ жылдардан бері жұ­мыс жасап келе жат­қан маман ретінде бұл мәселелерді кеңірек түсіндіріп өткен орынды деп есептеймін. Жаңа бағдарламадағы 12 жылдық білім беру моделі бұрыннан айтылып келеді. Естеріңізде болса, осыдан 15 жыл бұрын, яғ­ни 2001 жылы республикалық ІІ ұстаздардың съе­зін­­­де білімдегі бас тақырыптар биік мінбелерден көтерілген еді. Әсіресе, бас­­қосуда 12 жылдық білім беру моделіне көшу туралы жан-жақты айтылды. Де­ген­мен бұл талаптарды орын­дауда бірқатар факторлардың әсері жоспарды жүзеге асыруға кедергі келтірді. Мәселен, мек­теп­ке дейінгі балалардың қамтылу деңгейінің тө­мендігі болды. Уақыт өте келе, Елбасының "Балапан" мемлекеттік бағдарламасы бағыт алып, бұл мәселе өз шешімін тапты. Қазірдің өзінде мектепке дейінгі қамтылған балалар саны республика бойынша 81,6% пайызды, Сыр елінде бұл көрсеткіш 90% пайызға жетіп отыр.

    Съезде сыналған келесі түйткілді мәселе - ұс­таздардың біліктілігін арттыру болды, яғни мұғалімдердің білім деңгейі толық көтерілмегендігі. Қазіргі өлшеммен қарайтын болсақ, әрбір ұстаз жыл са­йын, тіпті күн сайын білі­мін жетілдіріп отыру қа­жет. Осы бағытта мемлекет бі­лім жетілдіру инсти­тут­та­ры­мен бірлесіп деңгейлік бағдарламаларды жасақтады. Бүгінгі күні 52 мыңнан астам ұстаз білімін көтерді. Биылғы жылы 1- сыныпқа бала қабылдайтын 69 мың мұғалім 12 тамызға дейін білімін арттырып шығады.

    Үшінші проблема - үш­ауы­сымды білім орындары мен тозығы жеткен апатты мектептер. Он жыл бұрын елімізде 189-дан астам жөңдеуді қажет ететін мектептер қарауды қажет етіп тұрды. Кейіннен министрлік, облыстық білім басқармалары жергілікті, республикалық бюджет есебінен үшауысымды мектептерді жойып, жөн­деу жұмыстарын жасады. 2017 жылға дейін апатты мек­тептерді түгел дерлік жою жұмыстары жасалмақ.

   Демек, жоғарыда айтып кеткенімдей, аталған съезде қордаланып қал­ған мәселелер бүгінгі күні шешімін тапты, сондықтан 12 жылдыққа көшу жұ­мыстары осылайша ке­шеуілдеді. Ендігі жерде жаңа мазмұнды толық жүзеге асыруға мүмкіндік бар. 

    Соңғы кездері білім беру орындарында қазақтың қабырғалы қайраткерлері мен болмысы биік тұлғаларды таныту бағытында абайтану, шәкәрімтану, махамбеттану сынды түрлі шаралар мен сабақтар өткізіліп келеді. Тіпті кесек шығармалары арқылы ұлттың руханиятын биікке шығарып жүрген арда азаматтарға арнап жекеленген сайттар да ашылуда. Мұның бәрі тұлғаны таныту бағытындағы тағылымды шаралар. Сол шоқтығы биік шығармалары арқылы шартарапқа танылған тұлғалардың бірі деп Абай мен Шәкәрімді атауға болады. Философиялық толғамдары арқылы тіршілікке тіл бітірген даналардың дара шығармаларын даралайтын дәстүрлі Абай оқуларының қазақ қоғамында алар орны бөлек. Жыл сайын шеңбері кеңейіп келе жатқан байқау биыл 17-рет өткізіліп отыр. Қалалық сайыс сәуір айының соңғы аптасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №2 Мұрагер мектебінде бастау алды.
   Байқауға 45 оқушы сұраныс берген. Үш бөлімді қамтыған сайыста оқушылардың шалқар шабыт, зерделі зейіні сарапқа салынды. Мәселен, "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" бөлімінде Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқып, терең мағыналы қара сөздерінен ғибрат айтса, "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" аталымында поэзияға қалам тербеп жүрген жастардың шығармалары талданды, ал Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаған "Көңілім әнді ұғады" кезеңінде тағылымы терең, астары мол философиялық һәм классикалық шығармалар сахна төрінде орындалды.
   Байқауға бағын сынап келген оқушылардың шығармаларды шеберлікпен жеткізуі, тың тақырыптарға тереңнен баруы ән таңдаудағы талғамы қазылар құрамының оң бағасына ие болды.
    Сайыс соңында "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" бөлімі бойынша жүлделі ІІІ орынды №136 орта мектеп оқушысы   Ж.Сексенова, №218 мектебінің оқушысы Н.Алтынбай және №10 орта мектебінің оқушысы Д.Сейтім иеленді. Ал ІІ орынға №11 орта мектебінің 5-сынып оқушысы А.Амангелді, №4 мектептің 8-сынып оқушысы А.Карибаева қол жеткізді. І орын жеңімпазы атанған №278 орта мектебінің оқушысы А.Князбай облыстық байқауға жолдама алды.
    "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" бөлімінің қорытындысында №189 мек¬тебінің 6-сынып оқушысы Қ.Мақсат, №9 мектебінің оқушысы А.Сейдулла ІІІ орынды місе тұтты. № 215 орта мектебінен келген Ж.Лукпанова мен №271 орта мектебінің оқушысы Г.Сайлау ІІ орынға табан тіреді.
     "Көңілім әнді ұғады" бөлімінде №5 мектебінен келген Б. Сайдахмед жүлделі ІІІ орыға лайық деп танылса, №176 мектептің 11-сынып оқушысы А.Смағұлова ІІ орынға қол жеткізді. Ішкі қуаты зор, сахналық мәдениеті қалыптасқан №2 мектебінің оқушысы З.Айтбаева облыстық сайысқа жолдама алып, жеңімпаз атанды.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

     Қазақстанда қазақ тіліне үйрететін бірде-бір дұрыс әдістеме жоқ. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс туғызып отыр.
    "Тілді үйрететін әдістемелер басқа елдерде баршылық. Бірақ бізде жоқ. Қазақтың балалары шет елдерге барып, олардың тілін бес-алты айдың айналасында үйреніп шығады. Оқып, түсініп, жаза алады. Дәл осындай қазақ тілін үйрететін әдістеме бізде жоқ. Сондықтан да, осы олқылықты толтыру үшін екі бағытта жұмыс істеп жатырмыз", -деді бас педагог.
    Оның айтуынша, қазақ тілін үйрететін жаңа технологиялар әзірленіп жатыр. Екіншіден, әдістеме енгізу мамандарынан жастарды шет елдердегі халықаралық институттарға жіберу көзделеді. "Израильмен, Германиямен келісіп жатырмыз. "Әдісте¬мелер дайын-дайтын Мекке" саналып келген Гарвард университетінде де оқытып, әдіскерлер арқылы қазақ тілін дамытудың жаңа тәсілдерін меңгеретін боламыз", - деді министр.

"Ұстаз-ақпарат"

       Бұрындары халық арасында "Назарбаев Зияткерлік мектебіне тек дарынды, арнаулы лицей-гимназияда білім алған оқушылар ғана түсе алады. Себебі талап қатал, бағыт басқа" деген пікірлер айтылатын. Алайда, уақыт өте келе, әрі білімге деген сұраныстың артуына сәйкес, халықтың көзқарасы өзгерді. Себебі соңғы жылдары білімге бағытталған инвестиция, тың бағдарламалар оқушылардың жаңа бағытқа сай білім алуына мүмкіндік жасауда.
        Білім жолындағы бәсекеде тек сынақты сәтті тапсырған оқушылар ғана қабылданады. Осыған орай 12-13 наурыз күндері Қызыл¬орда химия-биологиялық бағыттағы білім беретін Назарбаев зият¬керлік мектебінде 7-сынып оқу¬шы¬ларын қабылдауға арналған сы¬нақ өткізілді. Екі күнге созыл-ған тест сынағында бала үшін барын салып келген ата-аналардың қарасы қалың болды. Бәрінде бір үміт, бір тілек. Мектеп абыройы, ата-ана үмітін арқалаған оқушылар білімдерін бағалауға бет алды.
     Емтиханның алғашқы күні оқушылар пәндік математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша 100 сұраққа жауап берді, ал келесі күні білім алушылар өздерінің "Қабілеттіліктерді бағалау", "Сандық сипаттамалар", "Көру арқылы есте сақтау" тараулары бойынша сынақ тапсырды.
Білім гранты жолындағы бәсеке қай деңгейде өткізілді? Облыс бойынша қанша оқушы құжат тапсырды? Биылғы жылы нендей өзгерістер орын алғанын білу мақсатында, әрі редакцияға хабарласқан ата-аналардың сауалдарына нақты жауап алу үшін біз Қызылорда химия-био¬ло¬гия¬лық бағыттағы Назарбаев зияткер¬лік мектебінің директоры, фило¬лгия ғылымдарының кандидаты, Гүлмира Мункееваға жолығып, байқаудың барысын сұрадық.

       - Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының білім беру грантын тағайындау жөнінде үш жылдан бері конкурс өткізіп келеді. Өткен жылдарға қарағанда биыл құжат тапсырған оқушылардың саны артып отыр. Облыс бо¬йынша барлығы 1025 оқушы, оның ішінде қазақ сыныбы - 885, орыс сыныбы - 140 бала сынақ тапсырды. Бұл - аймақтар арасында жоғарғы көрсеткіш. Республикалық комиссия шешіміне сәйкес, биылғы жылы 80 бала оқуға қабылданады деп жоспарлануда,-дейді мектеп директоры Г.Мункеева.

       Зияткерлік мектепке сенім арт¬қандардың басым бөлігі ауданнан келген оқушылар, әсіресе Арал, Қазалы, Жалағаш аудандарының бел¬сен¬¬ділігі жоғары. "Бұл ақпараттың то¬лық¬қанды жетуі, әрі білімге деген бетбұрыстың өзгеруі" дейді ұйымдастырушылар.
Бізбен байланысқа шыққан ата-аналар оқушыларды сынақ барысында оқушыларды химия-биология, тілдік бейіні бойынша екіге бөлгендігін айтады. Алайда, мектеп директоры Гүлмира Бақытбекқызы оқушыларды пәндік бейін емес, санына сәйкес бірнеше аудиторияларға бөлінгендігін айтты.
        - Негізінен біз сынақ тестіне оқу¬шы¬ларды орны, сынақ кітапшасына араласпаймыз, біз тек ұйымдастырушы қызметін атқарамыз. Республикалық комиссия әр оқушының орны белгіленген арнайы штрих кодтар бойынша оқушыларды орналастырды. Тек оқушылар екі ауысымда, қазақ сы¬ныбы - таңертен, орыс сыныбы - түс¬тен кейін сынақ тапсырды. Сондықтан ата-аналарға алаңдауға негіз жоқ,-дейді оқу орны басшысы.
     Тестілеу нәтижелері кешенді тесті¬леу¬дің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады. Сы¬нақты сәтті тапсырған үміткерлер грант негізінде мектепке қабылданады.
        Атап айту қажет, сынақ нәтижесі бо¬йынша теңдей ұпай жинаған оқушылар соңғы оқу жылындағы үлгерім табелінің орташа балы және бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша балы жоғары үміткерлер басымдыққа ие болмақ.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C