Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Білім

Білім (384)

    Ілгерілік пен алға ұмтылыс ел дамуында айқын көрініс тауып келеді. Сырдария өзенін бойлай орналасқан жеті ауданның жеткен жетістіктері де ұшан-теңіз. Облыс орталығы Қызылорда қаласы соңғы жылдары даму жолына түсті. Аралда кіші теңіздің келуі өңірдің өн бойына қан жүгіртсе, Қызылорданың 200 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында түрлі шаралар ұйымдастырылып, жасалған жұмыстар мен ілкімді істерге көпшіліктің көңілі тоғайды. Өткен шығарылымдарда алты ауданның дамуын сөз еттік. Ал, Қызылорда қаласы мен Арал ауданының ахуалы және даму бағытын осы жолы айтып өтеміз.

 

   Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Атап айтсақ, мемлекеттік органдардың тиім­ді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.

   Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көр­сету сапасы - мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім­ділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Елбасының айқындап берген тапсырма, міндеттеріне сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуір күні "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңы қабылданды.

   Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі - әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету.

   Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмі­рінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі - еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші. Осыған байланысты көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән беріліп отыр.

 

   Қоғамда қимыл-қозғалысы қиын, бойында кінәраты бар балалардың лайықты білім алуына кедергі болмауы керек. Бұл білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі. Себебі өмірдің ағысына қарсы жүзген балалардың білім стан­дарт­тарынан қалып қоймауын қадаға­лау білім ордасына тікелей байланыс­ты. Мұны педагогика тілінде инклю­зивті білім беру деп атайды.

   Инклюзивті білім алатын балалар арнайы жағдайда оқиды. Яғни дәрі­гердің диагнозы арқылы балаға қолай­лы орта жасау үшін мектептерде инк­лю­зивті сыныптар ашылуда. Ал, кейбір сыныптарда мұғалімдер баланың үйіне барып оқытады. Бұл жеке сабақ түсін­діру, баланың қабылдау деңгейіне ауыр болмайтын тақырыптарды түсін­діруде педагогтар әрбір балаға арнайы бағдар­лама жасайды.

   Инклюзивті жағдайда білім алатын жастарға тәлім беретін ұстаздар әрбір ба­­лаға кемінде 2-3 сағат ғана уақыт бөлу керектігін айтады. Себебі бала бел­гі­ленген уақытқа жетпей шаршап, не ден­саулығына кері әсерін тигізуі мүм­кін. Мұндайда педагог ата-анамен ты­ғыз қарым-қатынас жасайтынын жасыр­майды.

  Расында, қоғамның бел ортасында жүріп, денсаулығында кінәраты бар мүм­кіндігі шектеулі балалардың өз дә­режесінде білім алуына жағдай жасау мә­селесі білім саласының мінберінен аз айтылып жүрген жоқ. Тіпті бюд­жет­тен қаржы бөлініп, оқулықтар са­тып алынуда. Қазіргі таңда барлық әлем жұрт­шылығының назарын ауда­рып отыр­ған мәселе балалардың жеке сұ­раныстары мен ерекшеліктеріне ор­та­ның, отбасының қатысуымен білім бе­ру үрдісіне толық қосуды қарас­тырады.

Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 13:27

ТҮЛЕКТЕР ТАБАН ТІРЕДІ

| Автор: 

       Білімге ден қойып жүр­ген жастар Ресей гран­тымен білім алып қайтқан студенттердің өміріне қызығады. Екі ел арасындағы келісімнің нәтижесінде Ресейдің маңдайалды оқу орында­рында білім жинауға мүмкіндік алған студент­тер­дің алғашқы қарлы­ғаш­тары елге оралуда. Бүгінгі күні алғашқы 74 түлек диплом алып, олар­дың 43-і магистратураға түсті. Бұл жайында  аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алған алғашқы қызылордалық түлектер­мен кездесуі барысында айтты.

   2014 жылдан бастап Мәскеу мен Санкт-Петербургтің озық оқу орындарында 452 қызыл­ор­далық студент Ресей Федерациясы үкіметінің гранты есебінен білім алуға көшкен. 74 түлектің 43-і білімін қайта жалғас­тыруды құп көрсе, 14-і ай­мақтың ірі кәсіпорын­дары - "СКЗ-У" ЖШС, "Қы­зылорда жарығы" ЖШС, "Ансар Сервис" ЖШС, "Теплотехник" ЖШС, мамандан­дырыл­ған мемлекеттік мекеме­ле­ріне қызметке орналас­ты. Сондай-ақ, индус­триал­ды-иннова­ция­лық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқар­ма­лары мен жастар ресурс­тық орталығына және өзге де мекемелерде ең­бек жолын бастамақ. Себебі осы уақытқа дейін жауаптылар "Ресей гран­тымен білім алып келген жастардың жұмыс орны дайын" деген ақпаратты алға тартқан. Себебі әрбір кадр аймақ үшін қажетті мамандықтарды оқып кел­ген. Мұны жиында облыс әкімі де салмақтай кетті.

Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 06:17

БАЛА БОЙЫНДАҒЫ КҮЙЗЕЛІСТІҢ САЛДАРЫ

| Автор: 

    Отбасы ішін­дегі қарым-қатынастардың балаға айрықша әсер ете­тіні белгілі. Сүйіспеншілік пен татулыққа негізделген өзара байланысты байқаған бала қай жерде болмасын, өзін жайлы, бақытты сезінетіні анық. Ата-ананың қандай да бір еркелетуін қуана қабылдаған балдырғанның өмірге деген құлшынысы артады. Ал, керісінше отбасы мүшелерінің негатив пікірі мен ата-анасының қырғи қабақ болып, жанжалдасуын күнде көріп өскен бала ынжық, өз ойын ашық айта алмай сескеніп өседі. Тіпті, үлкендердің жөнсіз әрекетінен бүлдіршін іштей азап шегеді. Алайда, бала ешнәрсені ұқпайды, кішкентай ғой деп мұндай нәрселерге бас ауыртып, мән бермейтіндігіміз де бар. Бұл - үлкен қателік. Содан бала бойында күйзеліс орын ала бастайды. Енді ғана өмірдің жақсы жақтарын көріп, айналамен танысуды әдетке айналдырып, біл­сем екен деп алға ұмтылуға асыққан баланың кенеттен көңіл-күйі, бағыты мен мінез-құлқы өзгерсе, әуелі ата-ана кі­нәні өзінен іздеуі керек. Бала не­ліктен күйзеліске түседі? Себе­бін анықтауға бір сәт болса да тырысып көрдік пе? Бәлкім, сіз, ойлап отырған боларсыз. "Кіш­кен­тай бала да күйзеліске ұшырайды ма?" деген сауалға психология саласын тереңі­нен зерттеп жүрген педагог Ұлбо­сын Құрманбаева жауап берді.

   Күйзеліс - кез келген сыртқы әсерге тәннің жауап қайтаруы болып есептеледі. Балалардағы күйзеліс әр түрлі жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Кө­бінесе, ата-ананың бала жүйкесіне салмақ түсіретін қарым-қатынасы, іс-әрекеті, мінезі. Екіншіден, жақынынан айырыл­уы. Үшіншіден, мұғалімдер тарапынан сынаудың артық болуы да кері әсерін тигізетінін ескерген жөн. Ерте уайымның пайда болуы да бала психология­сына зақым келтіреді. Баланың мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі өзгерістерді байқаған сәттен бастап, дер кезінде психологиялық қолдау көрсетілмесе, күйзе­лістің ауыр түріне жол ашады. Көп жағдайда күйзелістің салдарынан балаларда: жүйке жүйесі аурулары, өзіне деген сенім­сіздік, ортасымен тіл табыса алмау, тұйықталу, әлсіздік және сабақ үлгерімінің нашарлауы орын алады.

   Белді оқу орнының түлегі болу - әр­бір оқушы үшін арман. Өмірінің бір бөлігін өткізетін ортаның жар­қын, көркем әрі беделді болғаны нұр үс­тіне нұр. Шалғайдан білім қуып кел­ген жастар, қаланың алғыр оқушылары мықты білім ошақтарында оқы­ғысы келеді. Осы тұста біз Қызылорда қаласындағы қос университетті ны­санаға алдық. "Университеттердің бү­гінгі ахуалы қандай, биылғы оқу жылында қай мамандыққа сұраныс жоғары, нендей жеңілдіктер мен жаңалықтар бар?" деген сауалдарға жауап іздеп көрдік.

   Жаңа оқу жылында Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда мемлекеттік уни­верситетіне 1105 білім алушы - күн­дізгі, 661 студент сырттай оқуға қабылданған. Сондай-ақ, докторантураға - 22, магистратураға - 247 білім алушы қабылданыпты. Бұл білім шаңырағы үшін жақсы көрсеткіш. Жыл сайын аймақтың білім, мұнай-газ ісі, құрылыс, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы секілді түрлі салаларын қажетті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында университет студенттері үшін Қызылорда облысы әкімінің білім гранттары да бөлініп келеді. Биылғы оқу жылында 13 мамандық бойынша Қызылорда облысы әкімі гранты негізінде 95 білім алушы І курсқа оқуға түскен.

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қылышбай Бисенов: "2012-2013 оқу жылынан бастап бакалавриаттың 4 мамандығы бойынша 1 курс студенттері көптілді білім беру бағдарламасына сәйкес білім ала бастаған болатын. 2015-2016 оқу жылынан бастап 16 мамандықтың студенттері үш тілде білім алуда. Университетте жасалған "Е-универ" ақпараттық жүйесі барлық құрылымдық бө­лім­дерінің жұмыстарын цифрландырумен қатар қашықтықтан оқыту технологиясы және ашық білім беру ресурстары арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруда. 2017-2018 оқу жылы ашыл­ған халықаралық CISCO академиясы, "Майкрософт" компаниясының филиалы және отандық "КазРоботикс" федерациясымен әріптестік бай­ланыс университеттің білім беру қызметінің сапасын арттыруда. Сонымен бірге университет Еуразиялық экономикалық одақтың "Признание" халықаралық премиясына ие болды", -деді. Бұл жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына жасал­ған шаралар.

Сәрсенбі, 12 Қыркүйек 2018 12:26

ҰСТАЗҒА АЛҒЫС БІЛДІРЕЙІК!

| Автор: 

   Құрметті "Ұстаз мәртебесі" газетінің жас оқырманы! Егер сіз тәрбие мен білімді қатар берген, білімі мен білігін аямаған аяулы ұстазыңыз туралы естеліктермен бөліскіңіз келсе, шәкірт ретіндегі жылы лебізіңіз бен алғаусыз алғысыңызды біл­діруге асығып жүрсеңіз, сіз үшін жаңа мүмкіндік туып тұр.

   Қазан айынан бастап газетте жаңа айдардың тұсауы кесілмек. "Құрмет тақтасы" деп аталатын айдарға аймақтағы 7-11 сынып оқушылары өз ұстаздарының болмысы мен тәлімін ашатын мақала ұсына алады. Ұстаз туралы шығарманың көлемі 14 шрифтімен жазылған 250 сөзден аспауы шарт.

   Үздік деп танылған шығармаларды редакция алқасы таңдау жасап, ерекше тебіреніске толы 2 мақаланы газет бетінде нөмір сайын жариялап тұрады. Ал, ірік­телген өзге шығармалар газеттің сайтына ор­наластырылады. Жыл соңында үздік­тердің үздігі атанған оқушыларға редак­цияның арнайы сыйлығы табысталады.

   Айта кету керек, ұстаз мәртебесін көтеруге бағытталған бастамаға қаты­сатын оқушылар мен ұстаздар газет оқыр­маны болуы тиіс. Ендеше, қолға қалам алып, ұстазға деген айрықша құрметіңізді білдіріңіз, жас дос!

   

   Қылмыстың қай түрі болмасын, саналы түрде жасалады. Бүгінде мемлекеттік қызметте жүріп ма­ңыз­ды құжаттарға қол қойып, қызмет бабын асыра пайдаланған, заңсыздықтарға көз жұма қараған қызметшілердің әрекеттері аз әшкере болып жатқан жоқ. Бұл әсіресе, сенімді деп тағайындалған кадр саясатына сызат түсіріп жатыр. Ал, сол қылмыстың бастауында жең ұшынан жалғасқан жем­қорлық тұр.

   Құр сөзден дерек артық уақытта, нақты мәліметтер келтірейік. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу жөнін­дегі комитетінің деректері бойынша 2017 жылы 2452 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеген. Алайда, ең көп сыбайлас жемқорлық фактілерін әкімдіктер, ішкі істер органдары және квазимемлекеттік сектор қыз­мет­керлері бұзатыны анықталған.

   Жемқорлық сипатындағы қыл­мыстың көбіне қай салада орын ала­тынын халық жақсы біледі. Себебі жемқорлық халық үшін маңызды са­лаларда, шешімді қажет ететін қыз­меттерде жиі орын алады. Статистика да солай дейді. Бармақ басты, көз қысты әрекеттердің дені білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау салаларында. Ал, жүйелі сыбайлас жемқорлық қыл­мыс­тарына Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, Атырау және Жамбыл аймақтары бейім болып шықты. Мәселен, өткен жылы республика бойынша 108 жүйелі түрде жасалатын сыбайлас жемқор­лық фактілері әшкереленген.

   Мамандар жемқорлықты алдын алудың тиімділігін растап отыр. Айталық, білім беру жүйесінде 201, денсаулық сақтау саласында 101, ауыл шаруашылығы саласында 183, ал құқық қорғау және сот орган­дарында 290 жемқорлық фактіле­рінің жолы кесілген.

Бейсенбі, 06 Қыркүйек 2018 11:59

«ТІЛ ҚОЛДАНЫСЫНДА ҚОЛБАЙЛАУ КӨП»

| Автор: 

   

   Тіл – тұтас бір ұлттың төл тарихы. Өткені мен бүгіні һәм болашағы. Тәуелсіздіктің тұғырынан түспегенімізге, міне, ширек ғасырдан астам уақыт болды. Алайда ана тілімізді дамыту, өркендету, қолданыс аясын кеңейту мәселесі түбегейлі шешілер емес. Ол заңды да. Қоғам дамыған сайын оның тілінің де жаңа проблемалары шығып, еселей түседі. Қазақ тілінің бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелерінің біріне әліпби ауыстыру, оның емлесін жасау, оқыту мен меңгерту жатады. Қазақ тілінің осы проблемасы жалпыхалықтық талдауға түсіп, әр алуан пікір айтылып, бір шешімін таба алмай келеді. Осы мәселенің шешілуіне атсалысып жүрген сырбойылық тілші ғалымдар аз емес. Солардың бірі - филология ғылымдарының кандидаты, профессор Аман Абасилов. Тіл жанашырын қазіргі таңда жоғарыда айтылған қазақ тілінің ең өзекті деген мәселелерінің жай-күйін білмекке сұхбат алаңына шақырдық.

    Бүгінгідей алмағайып заманда небір өзгерістер болуда. Тіпті ол сәнге айналып бара жатқандай. Қоғамда бір деректі желеу етіп, жаңашылдықтар еніп жатыр. Осы тұста Қазақстан Республикасы халқының тілдері мерекесі күнінің ауыстырылғаны дұрыс па? Бұлай ету қаншалықты құптарлық» деп тіл маманына сұрақты төтесінен қойдық. Бұған филологтың өз айтары бар екен:

       Оқу жылы басталар алдында Қы­зылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова жаңа оқу жылын­дағы дайындық жоспарларын журналистермен бөліскен-ді. Көш­пелі брифингті әкімдік ғима­ратында емес, №4 дарынды бала­ларға арналған мектеп-интерна­тында өткізуді жөн көрген бас ұстаз оқу жылындағы өзгерістерге тоқталып, өткен жылдың қоры­тын­ды­сымен бөлісті.

    Биыл Қызылорда облысында 1-сыныпқа баратын балалардың саны өткен жылдан қарағанда 7 мыңға көп. Аймақта 294 мектепке 154559 оқушы барды. Оның 1-сы­ныбына 18942 бала қабылданған.  Басқарма басшысы мектеп ты­ғыз­дығына қатысты көбіне №2,3 мектептерге балалардың көптеп баратынын ашып айтты, дегенмен оқушыларды орналастыруда ай­тарлықтай проблема жоқ дейді. Со­нымен бірге биыл жоғары сы­ныптар бірқатар пәндерді ағыл­шын тілінде оқитынын еске салды.

    - Оқу жылының ерекшелігі - жа­ратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің жоғары сы­ныптары ағылшын тілінде оқы­тылуы. Пәндерді ағылшын тілінде оқытуға 2021 жылға дейінгі кезең­мен көшудің жоспарына сәйкес облыстағы 46 инновациялық мек­теп жұмысты алғашқы болып бас­тайды,-дейді Майра Мелдебекова.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C