Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Білім

Білім (142)

Сейсенбі, 06 Маусым 2017 10:07

Түлектер қанат қақты

| Автор: 

    

     Қызылорда қаласы мектептерінің жыл сайын даму үрді­сі байқалады. Оны оқу жылы аяқталар тұста әр мек­тептің жет­кен жетістігіне қарап байқауға болады. Соңғы төрт-бес жыл бедерінде Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай атын­дағы қа­зақ орта мектебі мұғалімдерінің оқу-әдісте­мелік же­тіс­тіктері, оқушыларының білімге құш­тар­лығы, түлеп ұшқан түлектердің риясыз көңілі соны білдіреді.

    Дәлел ретінде айтайық, 2013-2014 оқу жылында мектептің ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 76,2 болып, қала бойынша 25-орында табан тіреген. Сол жылы грант иегерлері 8 оқушы болған. Келесі 2014-2015 оқу жы­лында орташа балл - 83,7-ге жетіп, қала бойынша 15 орынға көтерілген. Алғаш рет 2 оқушы "Алтын белгі" иегері атанып, 3 оқушы "Үздік аттестатқа" ие болған. Грант ие­гер­лері 12 оқушыға жеткен. Өткен жылы ҰБТ қоры­тын­дысы бойынша 86,5 балл жинап, 10 орынды иеленіп, ал­ғаш­қы ондыққа кірді. 1 оқушы "Алтын белгі", 2 оқушы "Үздік аттестатқа" ие болды. 8 оқушы - грант иегерлері.

     Енді биыл мектепті 25 түлек бітіреді. 2 оқушы "Алтын белгіге", 4 оқушы Үздік аттестатқа үміткерлер қатарында. "Мәңгілік ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде жастардың бойына жоғары әлеуметтік белсенділікті дамы­та отырып, жаңа ақпараттық, педагогикалық техно­ло­гияларды пайдаланып, сапалы білім мен саналы тәрбие беру" қағидасын ұстанған №187 М.Шоқай атындағы қа­з­ақ орта мектебінің түлектермен қоштасу сәті биыл жыл­да­ғыдан әсерлі өтті. Салтанатты жиын "Ұстазым" әнімен, мектеп оқушыларының би қойылымымен ашылды.

       Биылғы оқу жылы білім саласы үшін күтпеген реформалардан басталды. Жаңартылған білім беру мазмұны ел ішінде қызу талқыланды. Жаңа форматпен бірге оқулықтардың жаңаруы, үш тілділік саясаты, ұлттық тесттің жаңа жүйесі практикаға енді. Тәжірибені іске асыратын - мұғалім мен оқушы. Жаңа формат жүйесін тапты ма? Білімдегі бастамалардың барысын бағамдау  үшін Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Асқарбек Темірбекұлы Есжановты сұхбат алаңына шақырдық.

    - Асқарбек Темірбекұлы, білім сала­сы десе түрлі реформалар еске түседі. Өзі­ңіз білесіз, ел болғалы білім беру бағыты ал­уан түрлі тәжірибеден өтті. Ше­телдік үл­­гіні отандық біліммен ұш­тастыра оты­рып жаңа реформаларды да қабылдадық. Қа­лай ойлайсыз, қазірде білім беру бағы­тының қай сатысында тұрмыз? Білім са­ла­­­сының жүйеленетін уақыты келген жоқ па?

    - Уақыт талабына сай білім берудің маз­мұны жаңарып, түрлену үстінде. Үз­­діксіз ізденісте болу, уақыт көшінен қал­­­мау, әлемдік озық тәжірибелерді ұтымды қолдануда нені ескеру керек деген үлкен сұрақ туын­дайды. Әрине, білімнің нәтиже­лі­­лігі мұғалім дайын­ды­­ғынан бастау ала­­­ды. Елімізде Кем­б­ридж универси­те­­тінің жобасы негі­зінде педагогтар үш айлық деңгейлік курс­тардан өту арқы­лы шетелдік озық тәжірибелермен та­ны­­сып, оны оқу үде­рісінде тиімді қол­да­­нуды меңгеру­де. Мұғалім кез келген жа­ңашылдыққа да­йын болуы керек. Бү­гінгі білім сала­сы осыны қажет етіп отыр.

Рас, білім саласында реформалар аз емес. Реформа - ол қайта құру дегенді білдіреді. Кейбір сарапшылар білім саласындағы нәтижені күтпей үзіліссіз жүргізілген реформаларды сынға ала­ды. Білімдегі бастама аз уақыт ішінде нә­тиже бере бермейді. Бұл ұзақ про­цесс. Білім беруде қай сатыда тұра­тын­дығымызды уақыт сынына қалдыру керек.

     - Ел бюджетінің басым бөлігі әлеу­мет­тік салаға, оның ішінде білімге ба­ғыт­та­­лады. Демек, қолда қаржы тұрған­да алаң­дауға негіз жоқ. Елбасы биылғы Жол­дауында білім берудің жаңа маз­мұ­нына сәйкес оқытуды міндет етіп қойды. Жақында жариялаған мақала­сын­да да бі­лімнің салтанат құруына ба­сымдық беру керектігін қайталап айт­ты. Меже­лен­ген міндеттердің орындалу ба­рысы қалай?

        Жаз - оқушылардың тоғыз ай бойғы қағаз-қа­ламын кітап-дәптерін салып, арқаға асын­ған сөмкесі мен мектеп партасынан бір сәт ты­нығып, оны тоқсан күндік демалысқа ал­мас­тыратын сүйікті мезгілі. Төрт тоқсан оқудан ке­йінгі сағындырып жететін жылдың осы үш айын балғындар ерекше өткізуді қалайды. Со­ған сәйкес көптен күткен кани­кулына әркім әр­қалай жоспар құрады. Себебі, жылдың дәл осы мезгілі алаңсыз ауылда ата-әжесінің қа­сында, еліміздің басқа өңірлеріне немесе ше­тел­ге саяхаттап қайтуға, сауықтыру-тынығу лагерьлерінде демалуға ең қолайлы кезеңі.

   Иә, әрбір оқушы жазғы демалысын естен кет­пестей етіп өткізіп, жаңа оқу жылына ерек­ше дайындықпен, жаңа шабытпен келгені жөн. Ал, оны тиімді өткізу үшін Қызылорда қалалық білім бөлімі жазғы демалыс уақытына тыңғылықты жоспар құрып, дайындық жұ­мыстарын бастап кеткен-ді. Жазғы дема­лыс­та атқарылатын міндеттер мен алға қойған жос­парларды нақты білу үшін қалалық білім бөлімімен байланыс құрған болатынбыз.

   - Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалануына және са­уық­ты­рылуы мен демалысы үшін қажетті жағдай­лар жасау, салауатты өмір салтын қалып­тас­ты­ру, балалардың денсаулығын нығайтуына, шы­ғармашылық еңбегіне, өздерінің қабі­лет­терін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қам­тамасыз ету мақсатында қалалық білім бө­лімі тарапынан арнайы іс-шаралар жоспары әзір­леніп, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Жазғы сауықтыру лагерьлеріне бірінші кезек­те жетім және ата-анасының қамқорлы­ғын­сы­з қалған, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жә­не көп балалы отбасы балалары мен құқық бұзушылықпен есепке алынған (қатерлі топ) оқу­шыларды қамту биылғы жылы да жүйелі түрде жүргізіледі,- дейді қалалық білім бөлі­мі­нің бас маманы Ғани Сардарбеков.

       Мұғалімдер корпусы дегенде қоғам пікірі екіге жарылады. Бұл білімдегі басты сауалға айнал­ғалы қашан. Себебі отандық бі­лім ке­ңіс­тігіне батыл барып, ұс­таздық жолды таңдайтындар­дың қатары си­рек. Сондықтан да бо­лар, жас­тардың дені мұғалім ма­мандығына арнайылап келе бер­мейді. Мұның сырын түрлі әлеу­меттік фактор­лармен бай­ланыс­тыра беруге бо­лады. Десе де, қазір мұғалімге тағы­лар сын же­тіп артылады. Соның бірі - зама­науи білім беру қарқы­нына ілесу.

   Қазіргі білім беру процесінде жаңашылдықтың қажет екені аз айтылып жүрген жоқ. Қатып қал­ған қағидадан арылып, түрлі бағыттағы білімді бала бойына сіңіру ұстаздың тәжірибесіне ғана сүйенуді емес, ізденісін қажет етіп отыр. Себебі білімдегі экспериментті іске асыратын - мұғалім. Осы орайда педагогтар­дың білімін жетілдіру жайы сөз болады. Тәуелсіздік алған жыл­дар­дан бері білім саласының ма­мандарының білімін көтеруде қо­мақты қаржы, көп күш са­лынды. Ұстаздардың білімін арт­­тыру, жаңа технологияларға бейімдеу, деңгейлік курс арқылы білімін жетілдіруде "Өрлеу" бі­лік­тілікті арттыру ұлттық орта­лығы ашылды. Бүгінде орталық­тың аймақтардағы филиалдары білім берудің жаңа мазмұнына сәй­кес ұстаздарды қайта оқы­тып, кәсіби білімін шыңдауда қыз­мет етуде.

   Жаңа технологияның келуі білімге инновациялық мүмкін­дік­терді қоса ала келді. Инно­ва­циялық мектептер, иннова­ция­лық бағдарламалар өз кезегінде ілгеріге қарай қадам басудың қажеттігін қаперге салып тұр. Ал, ұстаздар сол талапты орындау­дың қай сатысында тұр? Иннова­ция­лық технологияның ауылы алыс дей алмаймыз, десе де бұл ба­ғытта ұстаздардың ақсап жат­қан тұстары аз емес. Осы се­бепті жақында "Өрлеу" БАҰО" АҚ Қызылорда облысы бойын­ша педагогикалық қызметкер­лер­дің біліктігін арттыру инсти­ту­ты білімдегі ауқымды тақы­рыпты көтеріп, білім саласының маман­дарын ортақ алаңға жиып, семи­нар өткізді. "Инновация­лық бі­лім беру технология­ла­ры­ның педагогтың кәсіби өсуіндегі рөлі" тақырыбын қамтыған жиын ин­новациялық техноло­гия­лардың мән-маңызын ашу, оқы­тудың қазіргі заманғы тен­ден­циялары мен келешегін тал­қы­лау үшін пікір­талас алаңын құруды көздеді.

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 10:19

Жиналысқа бардыңыз ба?

| Автор: 

       Жаңа оқу жылы бас­­талып, тоқсан ауысқан сайын және оқу жылының қо­рытындысы таяғанда ата-аналар жина­лы­сын өткізу ол - мек­теп­тегі заң­дылық. Жуырда өткен жал­пы­ұлттық ата-аналар жина­лысынан кейін, мектеп оқушысы ке­зімдегі жиналысқа қатысты кей оқиғалар ойға оралды. Ұстаз­дарымыздың ұқыптылығы мен біздің білім алуы­мызға жауап­кер­шілікпен қара­ғандығы болуы керек, жиналыс өтетіні жөнінде күн­де­лігімізді жиып алып, сондағы хабар­лан­дыру деген жеріне ата-аналардың на­зарына ескертіп жазып бере­тін. Мұнан бөлек, мұ­ғалімдеріміз сынып­тағы әр балаға жина­лыстың қай күні, қай уақытта өтетінін ата-ана­ларына айтуын тап­сырады. Алайда қаншама құлағ­дар етілгенімен жина­лысқа ата-аналар түгел келе қоймай­тын. Сол үшін ер­теңіне сыныптағы оқушы­лардың тең жартысы ата-анасының жи­на­лысқа келмей қалу себебін түсіндіріп, ата-анасы үшін жа­уап беретін.

   Мұндай жағдай тек бір мектепте ғана емес, еліміздің білім ошақ­та­ры­ның әрбірінде кездесетіні рас. Әрине, бұл ата-ана "баласы үшін басын ауырт­пайды", "оның тәр­биесіне алаңдау­шы­лы­ғы жоқ" дегенді білдірмейді. Бірінің басшысы түсі­ністік танытып жина­лыс­қа жіберсе, енді бірінің жұмыстан бо­сай ал­майтын белгілі себептері бо­лады. Дегенмен мұның барлығы өткен күннің еншісінде қалатын кем­ші­ліктер деп сенеміз. Себебі, ҚР Білім жә­не ғылым министрлігі тарапынан игі бастама көтеріліп, мемлекеттік қыз­­меткерлер ата-аналар жиналысы үшін арнайы жұмыстан босатылатын болады.

   Сөзімізге мамыр айының 12 жұл­дызында алғаш рет республика кө­лемінде бір мезетте өткізілген жал­пы­ұлттық ата-аналар жиналысы дәлел бола алады. Еліміздің әр өңірінде өткен атал­мыш жиналыста күн тәртібіндегі қара­латын мәселе­лер­дің жоспары да бір болды. Нақ­тырақ айтсақ, жаңартылған білім беру бағдарламасы жөнінде ақпа­рат­тандыру, жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеу туралы мәлімдеу және қамқоршылық кеңестері қыз­меті, де­меушілік жайлы түсінік беру, балаларды қорғау күніне ұйымдас­ты­рылатын шеру дайындығы мен мектеп бітіру іс-ша­ралары талқы­ланды. Бір мысал, был­тырдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі та­ра­пынан 1-сыныпта оқушылардың оқу­дағы жетістіктерін шектеусіз ба­ғалау жүйесі енгізілді. Биылғы жаңа оқу жылында 1 қыркү­йектен бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7 сынып шәкірттері оқитын болады.

   

   Әлем төртінші революцияға аяқ басты. Жаһанданудың жаңа кезеңі. Технология мен инновацияны жаңа жобалар мен идеялар күтіп тұр. Қазіргі бәсекелестік нарық ғылымнан бағыт алады. Ал, ғылым бір орында тұрған жоқ. Демек, отандық ғылым саласын ілгерлетудің жолы роботехникаға байлаулы. Соңғы он жылдық көлемінде Қазақстан робототехника бағытына салмақ салды. Десе де, еліміз үшін робототехника әлі де жас сала. Зерттеу мен зерделеуді, тың идеяларды қажет етеді. Себебі әлемде роботтанудың қарқыны үдеп барады. Бұрын таңырқап қарайтын қарапайым роботтар жүк таситын, музыкада ойнайтын, адамдарды қауіпсіздіктен қорғайтын, үй жануарларын бейнелейтін, тіпті ғарышқа ұшатын қызметтерді атқара алатындай қабілетке ие болуда.

   Жалпы робототехника саласының тарихы тым әріде жатыр. Дереккөздерге сүйенсек, Ежелгі Египетте, Вавилонда, Қытайда аяқ-қолы қозғалатын құдайлардың мүсіндері жасалған. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырларда римдік ақын Клавдий ғалым Архимед жасаған автоматты құрылғы туралы жазған. Бізге мәлім Андроидты алғаш рет он үшінші ғасырда өмір сүрген алхимик Альберт фон Больштедт жасаған деседі. Уақыт өте келе робототехника бағытында айтулы жаңалықтар пайда болды. Адам әрекетін қайталайтын, сөйлейтін роботтар күні бүгінге дейін ел аузында айтылып келді. Енді робототехниканың арнасы кеңейді. Робот құрастырып шығаруда әлем елдерінің арасынан Жапония, Германия, АҚШ, Корея көш бастады. Себебі жүйелі жолға қойылған. Робототехника бағытында сүлесоқ қарамайтын бұл елдер үшін инновациялық идеялар табыс көзі, әрі қандай да бір әлеуметтік проблемалардың шешілуіне сеп.

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:42

Мұғалім мәртебесі

| Автор: 

     Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Мұғалім берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, тегеурінді темір балқыт­қан ұста да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан парасатты педагогтарға барша адам баласы құрметпен бас иеді.

   Елбасы өз сөзінде: "Ең бастысы - озық білім керек. Білімсіз даму мүмкін емес. Ал, білім бастауының бәрі де мектептен бас­талады" деп білім ордасының маңызын меңзеді. Осыдан-ақ ұстаз бен мектептің болашақ ұрпақ үшін қаншалықты құнды екенін аңғаруға болады. Біз бү­гін айтулы мереке аясында кенттегі іргелі білім ошағының бірі №163 орта мектептің жоғары санатты ұстазы Ләззат Жолдасқызын сөз етпекпіз.

   Таңдаудың тарих пәні мұғаліміне түс­кен себебі де бекер емес. Өйткені, бітірушілердің білімін сарапқа салатын сынақ - Ұлттық бірыңғай тест. Сындарлы сынақтан сүрінбей, керісінше қатарласта­ры­нан оқ бойы озып жүзден жоғары жинаған түлектер "Алтын белгі" иегері атанады. Міне, осындай көшбасшы, зерек "Ал­тын белгі" иегерін дайындауда Ләззат Жұ­мабекованың тәсілі тың. Алғашқы­лар­дың бірі болып, "Назарбаев" зияткерлік мектебінде Кембридждік бағдарлама бойынша білімін жетілдіріп, озық сабақ үлгілеріне қанықты. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ол жиырма бес жылдық еңбек жолында шәкірттерінің сапалы білім алып, зияткерлік қырының ашылуы мол мүмкіндік туғызды. Небәрі соңғы үш-төрт жылдың ішінде бес шәкірті "Алтын белгі" иегері атанды.

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:36

Trilingual education

| Автор: 

      Readings of Abai took place at school №172. It was held the competition among the students in grades 5-11. The aim of the competition was the im­portance of learning three languages. So the students of our school also unders­tand this and they are interested in learning fo­reign languages, because the knowing of languages is our treasure and it is the mirror of society. Every person must know several languages. It will help them in their future and will give them the key to world markets, science and new technologies.

   According to the terms of the competition, the contestants need to learn by heart Abai's poems in three languages: Kazakh, Russian and English. Stu­dents showed their skills in reading of Abai's poems expressively and singing of Abai's songs, as " Kozym­nin karasy", "Zhelsiz tun­de zharyk ay", "Karangy tunde tau kalgyp", "Ne izdedin konilim", "Aittym salem, Kalamkas", Tatiya­nanyn khati" and etc.

  According to the decision of jury the pupil of the seventh form Aman Sembiev took the first place, the pupil of the eighth form Nurai Koz­hakh­metova took the second place, the  pupil of the seventh form Aruzhan Yzturgan and the  pupil of the sixth form Nurai Alimova took the third place. All the participants were awarded with diplo­mas, letters of thanks and valuable prizes.

 Gulnar Satybaldiyeva, 

English teacher of  School №172

 

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:31

Шәкірттерін шыңдаған ұстаз

| Автор: 

   Ұстаз - ұлы тұлға. Ұстаз ең­бегіне ұлы педагог Ыбы­рай Алтынсарин "Мұғалім - мектептің жүрегі" деп баға берген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ­тың қолында, ал жас ұр­пақ­тың тағдыры ұстаздар­дың қолында" деп ұстаз­дардың қоғамдағы орнына дәл баға берді.

  Сондай ұстаздардың бірі Гүлжан Жарыл­қапқызы Алипбаева №211 А.Бай­тұрсынов атын­дағы орта мектепте 1990 жыл­дан бері география пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп келеді. Бала­ны еңбекке, имандылыққа, білім­паз­дыққа тәр­биелеу жолында атқарған жұмыста­ры­ның қиын­шылықтарын, жетістіктері мен кем­ші­ліктерін анықтау мақсатында еңбек етуде. Қиындығы мен қызығы мол ұстаз еңбегін абыроймен атқарып жүрген ол оқушының терең әрі сапалы білім алуына көп көңіл бөледі. Әр сабағының маз­мұнды өтуіне ерекше мән беріп, өтілетін тақы­рыптың мазмұнын жан-жақты ашу үшін көр­не­кілікті, жаңа әдістер мен технологияларды ұтымды пайдаланады. Өзінің ізденімпаздығы арқасында жүргізген үлгілі сабақтары облыс, қала мектеп­терінде жоғары бағаға ие болуда. Гүлжан Алип­баеваның шәкірттері облыстық, қалалық пәндік олимпиаданың І, ІІ, ІІІ орын иегерлері, ҚазҰУ пән­дік олимпиадасының ІІІ орын иегер­лері, ҰБТ-да оқушылары жоғары баллдық көрсет­кіштерге жетті. Қалалық пәндік олим­пиадада 7-сынып оқушысы Аружан Ертай І орын иегері атанды. 2016-17 оқу жылында Түркіс­тан қаласында өткізілген Қ.А.Ясауи атындағы Ха­лықаралық қазақ-түрік универ­си­тетінің ұйым­дастыруымен өткен ІҮ Респуб­ликалық "Яссауи" пән­дік олим­пиадасында оқу­шысы Еламан Ибрагим жүлделі орынға ие болып, грант негізінде білім алу серти­фикатын ұтып алды.

       Бүгінде білім алудың жолы көп. Асылында, маман атануды әр аза­маттың өзі шешеді. Десе де, білімге деген сұраныс пен талаптың күн санап артуы өз-өзіңді үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Сол талап тұрғысынан шығудың жолын көп­шілік шет елдің бі­лімімен байланыс­ты­рады. Мұхит асып, әлем­нің үздік оқу орын­дарына түсуді мақсат тұтады. Бұл - қазіргі тілмен айтқанда, білім­нің элитасы. Бұрын­дары шет елдің білімін алу қорқыныш сана­латын, себебі жат жер, өзге орта, бағыты бөлек білім. Сондықтан да, жастардан арасынан ілу де біреуі ғана ба­тылы барып, білім алатын. Қазір қоғам­ның әр саласында өнім­ді еңбек етіп жүрген, мақсаты айқын жас­тардың басым бөлігі шет елдің білімін алып, еңбек етуде. Әрісі Еуро­пада, берісі Америкада ілім жиып, білімінің бел ортасында жүр. Тілдік базасы жоғары, талабы таудай жастың ар­манының орындалуына мемлекеттің де ықпалы бар. Айталық, биікті бағындырып жүрген жастардың дені мем­лекет ұсынған "Бо­лашақ" бағдарламасы арқылы шет елдің үздік оқу орындарында білі­мін шыңдауда.

   Жасыратыны жоқ, бұрындары ел ішінде "Болашақ" бағдарламасына бай-бағланның баласы ғана бара ала­ды деген түсінік қалыптасты. Себебі шет елде білім алудың құны қара­пайым халықтың қалтасын қағады. Алайда, тәуелсіздік жылда­рынан бері жастардың сапалы білім алуына мүм­­кіндік берген бағдарлама мем­ле­кет қаржысына оқытыла­тындық­тан қойылар талап та жоғары. Білі­міне сен­гендер ғана құжат тапсы­рады. Орта жолдан білім процесін үзе­тін­дерге "Болашақ" бағдарлама­сын­да орын жоқ. Себебі кепілдік ре­тінде бас­пана қойылады. Оқуды иге­ре ал­мағандар оқу ақысын кері қай­таруға міндетті. Қарап отырсаңыз, та­лап­тың басында әлеуметтік ахуал тұр. Де­мек, шетелде білім алу - мем­ле­кет қар­жы­сына қыдырып қайту емес, кәсіби бі­лігі жоғары кадр ретін­де елге қайта ора­лу. Мұны шет елден білім жиып кел­ген әрбір қазақстан­дық жас мо­йындайды.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер