Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Білім

Білім (142)

       Он бір жылдық білім. Сын­ға түсетін шақ. Келешек бағдарын айқындау және сол жолда шынайы ізденіс пен кәсібилікті бойына меңгеру. Бүгінгі мектеп бітіруші ертең бір саланың тізгінін ұстаған кәсіби маман. Ел ертеңі деп сенім артып отырған жастардың әрбірі мектеп бітіргеннен кейін оның алдында мемлекеттің келешегі үшін қосар үлесін айқындайтын асқақ арманы мен нақты мақсаты болуы тиіс. Ал, олардың таңдау жасау барысында қателеспеуі үшін алдыңғы буынның ақылы мен жол нұсқауы қажет екені де белгілі. Осы мақсатта қаламызда жас талапкерлерді ынталандырып, жігерлендіретін түрлі бағыттағы шаралар өт­кі­зілуде. Сондай ерекше шаралардың бірі аптаның сейсенбісінде Қызылорда қаласы әкім­дігінің ұйымдастыруымен "Бәсекелік қабілет: кәсіби маман" атты қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларына арналған жастар форумы ая­сында өтті.

   Қызылорда қаласындағы мектеп бітіруші 11-сынып оқу­шылары сол күні Сырдария өзенінің сол жағалауында орын тебетін жаңа қалашықтың құрылыс жұмыстарының куәгері болды. Бүгінгі талапкерге өңірдің келешегі өз қолдарында екендігін ұғындыру мақсатында өткізілген шарада Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов мұнда қандай нысандардың бой көтеретінін және олар­дың келешекте қала үшін маңыздылығын түсіндірді.

  Сырдария өзенінің сол жағалауына қаланың жаңа келбетін қалыптастыруға 2009 жы­лы бас жоспары бекітілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде оның жан-жақты әрі нақты жоспары жасақталып, мұндағы жалпы аумағы 1532 гектар жерге қандай нысандар салынатындығы нақтыланды. Ендігі кезекте 2025 жыл­ға дейін қызылордалық 50 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтылып, сол жағалаудағы жаңа қалашыққа қоныс аударатын болады деген жоспар бар. Таныстыру барысында Асылбек Өмірбекұлы қазіргі уақытта қандай нысандардың нақты құрылысы басталғалы жатқандығын тілге тиек етті.

  Қазақстан бірнеше жыл бұрын жұ­­мысшы мамандықтарының бе­де­лін көтеріп, насихаттайтын халық­аралық чемпионат "WorldSkills" жо­ба­сына қатысушы ел ретінде тір­келді. Содан бері кәсіптік саланың бү­гінгі бет алысын бағамдап, жас­тар­ды қанаттандырған байқау елдің әрбір аймағында  ұйымдастырыла бастады. Биыл әлемдік чемпионатқа жолдама алатын қатысушыларды анықтауда 27 кәсіп бойынша рес­пуб­­ликалық іріктеу байқауы болмақ. Республикалық жарысқа аймақ атынан баратын жастардың облыс­тық іріктеуі ұйымдастырылды. Абы­лайхан атындағы колледжі база­сында байқауда бақ сынаған жас­тардың үздіктері анықталды.

   "WorldSkills International" ха­лықаралық қозғалысының негізгі мақ­саты - жұмысшы мамандығы­ның құзіреттілігін көтеру, техника­лық, оның ішінде жұмысшы кәсіп­те­ріне жастардың қызығушылығын арттыру.

    Салтанатты марапаттау рәсі­мінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Қы­зылорда облыстық білім бас­қар­ма­сының басшысы Бақытжан Сайлы­баев, "Нұр Отан" партиясы облыс­тық филиалы төрағасының орын­ба­сары Әділбек Ерсұлтанов, "Райм" ЖШС директоры Ерлан Райымов түрлі номинациялар бо­йынша са­йыс­керлерді марапаттады.

       Елдің алдын орап, азулы мемлекеттермен иық те­ңестіру үшін қуатты эко­номика керек. Бұл ретте Қазақстан дамудың ал­ғашқы жылдарында эко­номикаға басымдық берді. Осылайша, "алдымен эко­номика, кейін саясат" ұс­танымын ұстадық. Азия­ның алып айдаһарлары секілді тіректі салаға тіреу болатын тетіктер арқылы экономиканы түрлендірдік. Алайда, көш басына шы­ғар жолдың қарекетін қамдауда бұл аздық етті. Нарықтың дендеп енуі тек елдің эко­но­микасының қуат­ты­лығына ғана емес, адами капи­та­лының қауқа­ры­на да қатысты болды. Бұл бә­секеге қабілет­тіліктің білім арқылы келеті­нінің тағы бір дәлелі.

    Қатып қалған қағида қай саланың болмасын дамуына тосқауыл болады. Белгілі бір шеңбердің ішінен шыға алмау жаңа дүниенің жарып шы­ғу­ына кедергісін келтіреді. Де­мек, бұл жаңғыруға жол ашу­дың қажеттігін аңғартады. Елбасы көптің көкейіндегі ойларды дөп басып, елдің ру­ханиятын жаңғыртуды көз­дейтін "Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру" атты мақа­ла­сын жариялады. Қашанда сөзге салмақ салатын халық Елба­сының елге бағыттаған мақа­ласынан түрліше ой түйді. Пікір білдіріп, салмағын саралап жатқан азаматтар аз емес.

   Бүгінгі заманауи педагогика баланың еркін білім алуына жол ашуы тиіс. Себебі замана сұранысына жауап беретін жастардың ашық ойлы, зият­керлік қабілетінің жоғары болуы берілген білімнің деңгейіне байланысты. Бұл тұрғыда оқушылардың таным көкжиегін анықтап, бейіміне қарай бағыттайтын байқаулардың берері мол. Педагогтар бала тәр­биесінде оқушының бейімін жоғарғы сыныпқа келген кезде анықтау дұрыс емес деп есептейді. Мұның бірнеше себебі бар. Бала бо­лаша­ғына қажетті бағытқа өзгелердің ықпалы арқылы барады. Көңілге қонбаған дүниенің аз уақытта нәтиже беруі екіталай. Тағы бір кедергі, оқушы оқуға түсер алдында бейіміне қарай мамандық түрін таңдайды. Бұл уақыттарда бала білігіне қарамай, тек таңдау жасайды. Себебі уа­қыт қысымы әлеуметтік шешімнің қабылдануына кері әсерін береді.

   

Жұма, 21 Сәуір 2017 09:20

СЫРДАҒЫ СЫРШЫЛ МҰРАЖАЙ

| Автор: 

   Сыр еліндегі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Журналистика мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиада өтіп жатыр. Додаға келген болашақ журналистер университет мұражайын аралады. 80 жылдық тарихы бар оқу орынының мұражайында университетті әр жылдары басқарған басшылары мен профессор-оқытушылардың жетістіктері қойылған. Айта кетейік, 1937 жылы Кореядан қуғынға ұшыраған корейліктер Қызылордаға бас сауғалаған. Кейін осында корейлердің ықпалымен институт құрылады. Арада 45 жылдан соң Жамбыл политехникалық институтының филиалы ретінде іргетасы қаланады. Уақыт өте келе Гоголь атындағы педагогикалық институтпен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті деген жаңа атау беріледі.

  Қазіргі таңда білім ордасы 9 мамандық бойынша Phd докторлары, 60 мамандық бойынша бакалавр, 47 мамандық бойынша магистранттарды білім нәрімен сусындатып отыр. Елімізге белгілі Еңбек Ері Абзал Ералиев, Риода өткен әлемдік олимпиада жеңімпазы Александр Зайчиков, белгілі журналист Ғалымжан Бәйімбет оқыған университет жетістігі мұнымен толастамақ емес. Сондай-ақ, дәстүрлі жырау Алмас Алматов та білім алған. Ол университетте алғаш дәстүрлі жырау мамандығын ашып, арнайы дәрістер де оқыды.

  Өңірімізге 1998жылы іс сапармен келген Елбасы Н.Ә.Назарбаев университет мұражайымен танысқан. Бүгінгі күні білім ордасының құрылғанына - 80 жыл. Журналистика мамандығының ашылғанына – 20 жыл. Аталмыш мерейтойға орай ұйымдастырылған сайыс барысында жас журналистер білім бәсекесіне түсті.

   Бала сабақтан келген кезінде одан сол күні неше сабақ бол­ғанын және қандай баға алғанын сұрау аптаның алты күніндегі әрбір отбасында дағдыға айналған дәстүрлі сұрақ. Бірақ оның бірінші және соңғы сабағының аралы­ғын­да өзін қалай сезінгенін, күн­де­лікті сабаққа қанша оқушы қа­ты­сатынын білудің маңызы ша­малы ғана секілді көрінеді. Елдің ер­теңі деп бағалаған бүгінгі ұр­пақтың қалыптасуына түзу тәрбие мен терең білім қажет екені дау­сыз. Алайда оны бала бойына сі­ңіру үшін оқыту, ақыл айтып, түзу жолға салып отыру жеткілікті деп санасаңыз қателесесіз. Себебі, бір сыныптың ішіндегі ауаны жұтып, бірнеше сағат қатарынан отырып сабақ оқу баланың өзін дұрыс сезіне алу қабілетіне әсер етеді.

   Жаңа оқу жылының басталуы өзінің өзгеше жаңалығы әрі жаңа­шыл­дығымен келетіні белгілі. Бұл күн әсіресе, мектеп табал­ды­ры­ғын енді ғана аттап, партаға отыр­ған бірінші сынып оқушылары мен ата-аналары үшін үлкен ме­реке. Соңғы жылдары еліміздегі әр жаңа оқу жылы басталғанда алғашқы қоңыраудың үнін естіп, бірінші сыныпқа аяқ басқан оқу­шы­лардың саны жыл санап артып келе жатқанын естиміз. Осыған байланысты сынып тапшылығы анық байқалып, қосымша сы­ныптар ашуға тура келіп жатады. Бұрын мектеп табалдырығын аттаған сәтте алфавиттік жүйедегі тек алғашқы төрт-бес әріппен (А, Ә, Б, В, Г) аталатын сыныптар­дың атауын естісек, бүгінгі күні олардың саны бірнеше (... Ғ, Д, Е, ... деп жалғасып кете береді) есе­ге артып кеткен.

   Дегенмен бұл мемлекет жаңа мек­тептер салуды ұмыт қал­дыр­ды дегенді білдірмейді. Себебі, Білім күнінде жаңа техноло­гия­лар­мен жабдықталған мектеп­тер­дің лентасы қиылып, бар жағ­дайы жасалған білім ошақта­ры­ның пайдалануға беріліп жатқа­нын көз көріп, құлақ естіп жүр. Мектеп партасына енді ғана отыр­ған оқушыларға сыныптар­дың жетіспеушілік деректері кез­десіп жататыны рас. Әрине, бұл ел демографиясының өсімі бай­қа­латынын білдіретін мемлекет үшін үлкен қуаныш. Айтпа­ғы­мыз, бүгінде туу көрсеткіші бо­йынша ба­ла сананың қаншаға жеткенін немесе мектептердегі сы­ныптар санының нақты цифр­ларын айтып, түгелдеу емес.

    Бұрыннан қалып­тасқан "Білім негізі - бас­тауышта" деген қа­натты сөз бар. Сол ай­тыл­ғандай, "қазіргі бас­та­уыш сынып оқулықта­рын­дағы әдеби көркем дү­ниелер мектеп табал­ды­рығынан енді ғана ат­таған балауса шәкірт ұғы­­мына сәйкес пе екен?" деген са­уалмен  Қы­зылорда қала­сын­дағы М.Шоқай атын­дағы №187 орта мектеп кітапханасының есігін аштық. Мұнда ал­дын ала келіскені­міз­дей, осы мектептің 1 "А" сы­ныбының жетекшісі Кенжегүл Абдра­мано­ваға:

    - Қазіргі бастауыш сынып оқулықтарын­дағы әдеби шығармалар мектеп есігін енді ашқан жас шәкірттің ойынан шы­ға ма?- дедік.

   - Өздеріңіз көріп отыр­ғандай, бұрынғы "Әліппені" қазір "Сауат ашу" оқулығы алмас­тыр­ды. Әрине, әуелгіде жаңа оқулықты бала түгіл өзі­міз де түсіне алмай әуре­ге түскенбіз. Қазір үйре­ніп, бірте-бірте жаңа оқу­лыққа көзіміз қаны­ғып қалды. Осындағы қосымша оқулық дәптері баланың ойдағыдай бі­лім алуына таптырмайтын құрал болды,- деді.

   Онан әрі тәжірибелі ұстаз баспасөз бетте­рінде сан қайтара сынға ұшырап жүрген "Сауат ашу" оқулығының бала қиялын дамытатынын, оның қосымша оқулық дәптерін қоса пайда­ланып жүргенін айтты.

   Сынып жетек­шісінің айту­ынша, 6 жасар бала "Әліппені" оқып сауат­ты­лық дең­гейін әжеп­тәуір көтеріп келетін кө­рінеді. Енді 12 жыл­дық оқу бағдар­лама­сына сәйкес "Әде­биет­тік оқу" оқулығы одан әрі дамытылып, алдағы жа­ңа оқу жылынан бас­тап 2, 5, 7-сыныптары ҚР Білім және ғылым министр­лігінің жаңа білім беру бағдарла­ма­сына орай ауысатын кө­рінеді. Осы жерде мек­теп кітапха­насының мең­­герушісі Жайна Рах­менова бар­ша пән оқу­лық­тарының төрт жыл­да ауыстыры­латынын, бүгінгі таңда мектеп оқу­шылары қа­жетті оқулықтармен 100 па­йыз қамтылғанын тілге тиек етті.

    Соңғы кездері биліктің қол­ға алған әрбір қадамы халық назарында. Әсіресе, білім беру саласының бүгінгі жағдайына алаңдаушылық білді­ретіндер аз емес. Себебі білім саласы біржақты көз­қарасты қажет етпейді. Са­ладағы бір қайнауы ішіндегі реформалар халық арасында ашықтан-ашық айтылып жүр. Осы ретте, са­ланың жан-жарасын білетін, биліктің алдына білімдегі басты мәсе­лелерді бүкпесіз баян­дап жүрген ұстаз Аятжан Ахмет­жанмен сұхбат құрдық.

   - Аятжан аға, білім беру саласы та­лай­ реформалардың көзін көріп, түр­ленген саланың бірі. Әлі де сол бағытта келеді. Талай министр осы саладан ысы­рылды. Қалай ойлайсыз, реформа­ның нәтижелілігі министрге байланысты ма?

   - Қарапайым тілмен айтайын. Реформаны үйге жасайтын жөндеу жұмыстары деп қарайық. Егер сіздің қолыңызда қандай да бір материал болмаса, жұмысыңыз жүрмейді. Бі­лімдегі реформалар да осылай. Ма­териалдық база дұрыс болмай, қолға алынған реформа жемісін бермейді. Әрине, білім саласы осы күнге дейін бірнеше реформалардан өтті. Нәти­жесі министрге байланысты деп ашы­ғынан айтуға болады. Министр өз ко­мандасын жасақтайды. Сол білім са­ласын алға жетелейтін мамандардың білігі мен білімі саланың дамуына әсер етеді. Әзірге нақты бір нәтиже тура­сын­да айтуға ерте.

   - ҚР Білім және ғылым министрлігін басқаруға Ерлан Сағадиев келгелі бері жаңартылған білім беру моделіне қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтыл­ды. Ең арғысы, әлеуметтік желілер ар­қылы министрді жекпе-жекке шақы­рып, видеосауалнама жолдаған жағ­дайды көз көрді. Бұл елдегі білім беру саласының беделіне көлеңке түсірмей ме?

   - Әрине, көлеңке түсіреді. Бұл жерде екі жағдайды ескеру керек. Алғашқысы, үштілділік бағдарлама­сының толыққанды түсіндірілмеуі. Екіншіден, құжаттағы ақылға сыймайтын жобалардың болуы. Осы екі жағдай қоғам қайшылығын туғызды. Онсыз да беделі нашарлап кеткен білім саласының беделіне көлеңке түсіргені жасырын емес.

         Соңғы он жыл көлемінде Қазақстан білім беру процесінің жаңа формациясына аяқ басты. Білім беру бағыты заманауи талаптарға сай өзгерді. Осы тұста білімдегі жүйені түрлі жаңашыл­дықтар күтіп тұрды. Өзге елдердің тәжірибесін талдап, қажеттісін қалдырып, саланы түрлендіру жұмыстары жүргізіле бастады. Соның бірі - шетелдік мамандарды шақырту. Алғашында, көптің қол­дауына ие болмаған білімдегі бұл бастама уақыт өте келе кең етек алды. Бастапқыда ерікті ретінде келген шетелдіктер тек ағылшын тілін дамытуды қолға алса, бүгінде корей, жапон, қытай, түрік тілде­рі­нің мамандары елге ағылды. Кейіннен, ҚР Білім және ғылым министрлігі саланы дамыту үшін шетелдіктерді шақыртуды мемле­кет­тік бағдарламаға енгізді. Арна­йылап қаржы да қарады. Содан бастап, сырттан келген мамандар тек жоғары оқу орындарына ғана емес, орта білім беру жүйесіне де дендеп енді.

     Жасырып жабатыны жоқ, "ше­телдіктер" десе қоғамда қор­қы­ныштың бары анық. Бірі "мұ­хит асқан мұғалімдер ілім үйре­туде білімге жаңа бағыт әкеледі" дейді. Екінші топ кереғар пікірді ұстанады. "Шет елден шақырт­пай-ақ, өз ішімізден де мықтылар табылады" деген ойлар аз айты­лып жүрген жоқ. Қажеттілік қайдан бастау алды? Қазақстан­дағы шетелдік кадрлар білімді жаңа деңгейге көтере ала ма? Аталған сұрақтардың жауабын тарқату мақсатында тақырып аясында ізденіп көрдік. Қызыл­орда облысындағы шетелдік оқытушылармен кездесіп, ше­тел­діктердің қазақстандық бі­лім­ге деген көзқарасын білдік.

     Алдымен, жоғары оқу орын­дарына тоқталайық. Белгілісі, ел қазынасының 40 пайызы білімге бағытталады. Қаржы бар, демек қолдау да бар. Бөлінген қаржының бір бөлігі шетелдік кадрларды тартуға кетеді. Соңғы жылдардан бері жоғары оқу орындарын басқаруға шетелдік топ-менеджер тартыла бастады.

    Сандармен сипаттайтын бол­сақ, 2016 жылы 115,2 млн теңге бөлініп, оған 11 шетелдік маман шақыртылған. Олар елі­міздегі 11 жоғары оқу орнында бі­лім береді. Ал, биыл 836,8 млн.теңгеге 40 шетелдік маман тарту көзделген. 2018 жылы 981,5 млн.теңге жос­парланған, аталған қаржы көлемі республикалық бюджеттік ко­миссия отырысының нәтиже­сінде нақтыланатын болады. Бұл ҚР Білім министрлігінің бізге берген мәліметі.

      Шетелдік мамандарды шақыртудағы мақсат - білім саласының жаңа бағытын көтеру, саланың менедж­мент­тік даму динамикасын арт­тыру. Бұл дұрыс. Алайда, ҚР Парламенті Мәжілісінің де­пу­таты Жәмила Нұрман­бе­това білімді дамытуға шетел­дік мұғалімдерді емес, "Бола­шақ" бағдарламасымен білім алып келген жастарды тарту тиімді деген еді.

Дүйсенбі, 10 Сәуір 2017 06:19

Ұлағатты ұстаз, ақжүрек ақын еді

| Автор: 

    Қызылорда педагогикалық институтын тәмамдап, №81 орта мектепте қазақ тілі және әдебиеті пә­нінен сабақ берген, Арал аудандық "Толқын", Қызылорда облыстық "Ле­нин жолы" газеттерінің штаттан тыс тілшісі болған Қарасай Дінахметов Қызылжар ауылының қызы­ғы мен шыжығын "Қызылжарым" өлеңінде теңізден маржан сүзгендей етіп керемет суреттеп берген. "Еске алсам өткеніңді Қызылжарым, Күн­дерің бірі бұлдыр бірі сағым, Атыңды "Қызылжар" деп қойған екен, Дарияның күнгей бетте биік жарын." - деп жырлап елді мекеннің ата­уына айшықты анықтама берген. Иә, осы ауыл тау тұлғалар тоғысқан, тарих тармақтарында алтын әріптермен жазылған тектілер дүниеге келген киелі мекен. Әріден іздесең, шежіреде жазылған бабаларының бәрі батыр, бәрі дарын. Кешегі күні республикаға таныл­ған жыршыларды да, ақын-әнші­лер­ді де осы ауылдан кезіктіре аласыз.

    Ақынжүректі азамат Дәулетбай Жүгінісов те аға буыннан салынған сара жолды үзіп алмай үздіксіз жал­ғасқан үрдісті кейінгіге табыстап кеткен ақын-ұстаз еді. Ол, 1953-2010 жылдар аралы­ғын­да 57 жасқа дейін ақындық мінезбен өмір сүрген тау тұлға. Дәулетбай Жүгінісов Арал ауданына қарасты Шөмішкөл ауылында дүниеге келгенімен еңбегінің басым бөлігін өзі тұрақ еткен Қызылжар халқына арнады. Алғаш еңбек жолын №82 Қаратерең орта мектебінде тәлімгер-тәрбиеші болып қызмет еткен. Кейіннен 1980 жылы №81 Қызылжар орта мектебіне келіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұға­лі­мі қызметіне орналасады. Ал, Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтын 1982 жылы "Қа­зақ тілі мен әдебиеті" пәні маманды­ғы бойынша бітіріп шығады. Мұға­лім­дік еңбек жолын №81 орта мектебінде 31 жыл бойы адал атқарып, ұлағатты ұстаз атанды.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер