Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Білім

Білім (166)

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 10:19

Жиналысқа бардыңыз ба?

| Автор: 

       Жаңа оқу жылы бас­­талып, тоқсан ауысқан сайын және оқу жылының қо­рытындысы таяғанда ата-аналар жина­лы­сын өткізу ол - мек­теп­тегі заң­дылық. Жуырда өткен жал­пы­ұлттық ата-аналар жина­лысынан кейін, мектеп оқушысы ке­зімдегі жиналысқа қатысты кей оқиғалар ойға оралды. Ұстаз­дарымыздың ұқыптылығы мен біздің білім алуы­мызға жауап­кер­шілікпен қара­ғандығы болуы керек, жиналыс өтетіні жөнінде күн­де­лігімізді жиып алып, сондағы хабар­лан­дыру деген жеріне ата-аналардың на­зарына ескертіп жазып бере­тін. Мұнан бөлек, мұ­ғалімдеріміз сынып­тағы әр балаға жина­лыстың қай күні, қай уақытта өтетінін ата-ана­ларына айтуын тап­сырады. Алайда қаншама құлағ­дар етілгенімен жина­лысқа ата-аналар түгел келе қоймай­тын. Сол үшін ер­теңіне сыныптағы оқушы­лардың тең жартысы ата-анасының жи­на­лысқа келмей қалу себебін түсіндіріп, ата-анасы үшін жа­уап беретін.

   Мұндай жағдай тек бір мектепте ғана емес, еліміздің білім ошақ­та­ры­ның әрбірінде кездесетіні рас. Әрине, бұл ата-ана "баласы үшін басын ауырт­пайды", "оның тәр­биесіне алаңдау­шы­лы­ғы жоқ" дегенді білдірмейді. Бірінің басшысы түсі­ністік танытып жина­лыс­қа жіберсе, енді бірінің жұмыстан бо­сай ал­майтын белгілі себептері бо­лады. Дегенмен мұның барлығы өткен күннің еншісінде қалатын кем­ші­ліктер деп сенеміз. Себебі, ҚР Білім жә­не ғылым министрлігі тарапынан игі бастама көтеріліп, мемлекеттік қыз­­меткерлер ата-аналар жиналысы үшін арнайы жұмыстан босатылатын болады.

   Сөзімізге мамыр айының 12 жұл­дызында алғаш рет республика кө­лемінде бір мезетте өткізілген жал­пы­ұлттық ата-аналар жиналысы дәлел бола алады. Еліміздің әр өңірінде өткен атал­мыш жиналыста күн тәртібіндегі қара­латын мәселе­лер­дің жоспары да бір болды. Нақ­тырақ айтсақ, жаңартылған білім беру бағдарламасы жөнінде ақпа­рат­тандыру, жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеу туралы мәлімдеу және қамқоршылық кеңестері қыз­меті, де­меушілік жайлы түсінік беру, балаларды қорғау күніне ұйымдас­ты­рылатын шеру дайындығы мен мектеп бітіру іс-ша­ралары талқы­ланды. Бір мысал, был­тырдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі та­ра­пынан 1-сыныпта оқушылардың оқу­дағы жетістіктерін шектеусіз ба­ғалау жүйесі енгізілді. Биылғы жаңа оқу жылында 1 қыркү­йектен бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7 сынып шәкірттері оқитын болады.

   

   Әлем төртінші революцияға аяқ басты. Жаһанданудың жаңа кезеңі. Технология мен инновацияны жаңа жобалар мен идеялар күтіп тұр. Қазіргі бәсекелестік нарық ғылымнан бағыт алады. Ал, ғылым бір орында тұрған жоқ. Демек, отандық ғылым саласын ілгерлетудің жолы роботехникаға байлаулы. Соңғы он жылдық көлемінде Қазақстан робототехника бағытына салмақ салды. Десе де, еліміз үшін робототехника әлі де жас сала. Зерттеу мен зерделеуді, тың идеяларды қажет етеді. Себебі әлемде роботтанудың қарқыны үдеп барады. Бұрын таңырқап қарайтын қарапайым роботтар жүк таситын, музыкада ойнайтын, адамдарды қауіпсіздіктен қорғайтын, үй жануарларын бейнелейтін, тіпті ғарышқа ұшатын қызметтерді атқара алатындай қабілетке ие болуда.

   Жалпы робототехника саласының тарихы тым әріде жатыр. Дереккөздерге сүйенсек, Ежелгі Египетте, Вавилонда, Қытайда аяқ-қолы қозғалатын құдайлардың мүсіндері жасалған. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырларда римдік ақын Клавдий ғалым Архимед жасаған автоматты құрылғы туралы жазған. Бізге мәлім Андроидты алғаш рет он үшінші ғасырда өмір сүрген алхимик Альберт фон Больштедт жасаған деседі. Уақыт өте келе робототехника бағытында айтулы жаңалықтар пайда болды. Адам әрекетін қайталайтын, сөйлейтін роботтар күні бүгінге дейін ел аузында айтылып келді. Енді робототехниканың арнасы кеңейді. Робот құрастырып шығаруда әлем елдерінің арасынан Жапония, Германия, АҚШ, Корея көш бастады. Себебі жүйелі жолға қойылған. Робототехника бағытында сүлесоқ қарамайтын бұл елдер үшін инновациялық идеялар табыс көзі, әрі қандай да бір әлеуметтік проблемалардың шешілуіне сеп.

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:42

Мұғалім мәртебесі

| Автор: 

     Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Мұғалім берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, тегеурінді темір балқыт­қан ұста да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан парасатты педагогтарға барша адам баласы құрметпен бас иеді.

   Елбасы өз сөзінде: "Ең бастысы - озық білім керек. Білімсіз даму мүмкін емес. Ал, білім бастауының бәрі де мектептен бас­талады" деп білім ордасының маңызын меңзеді. Осыдан-ақ ұстаз бен мектептің болашақ ұрпақ үшін қаншалықты құнды екенін аңғаруға болады. Біз бү­гін айтулы мереке аясында кенттегі іргелі білім ошағының бірі №163 орта мектептің жоғары санатты ұстазы Ләззат Жолдасқызын сөз етпекпіз.

   Таңдаудың тарих пәні мұғаліміне түс­кен себебі де бекер емес. Өйткені, бітірушілердің білімін сарапқа салатын сынақ - Ұлттық бірыңғай тест. Сындарлы сынақтан сүрінбей, керісінше қатарласта­ры­нан оқ бойы озып жүзден жоғары жинаған түлектер "Алтын белгі" иегері атанады. Міне, осындай көшбасшы, зерек "Ал­тын белгі" иегерін дайындауда Ләззат Жұ­мабекованың тәсілі тың. Алғашқы­лар­дың бірі болып, "Назарбаев" зияткерлік мектебінде Кембридждік бағдарлама бойынша білімін жетілдіріп, озық сабақ үлгілеріне қанықты. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ол жиырма бес жылдық еңбек жолында шәкірттерінің сапалы білім алып, зияткерлік қырының ашылуы мол мүмкіндік туғызды. Небәрі соңғы үш-төрт жылдың ішінде бес шәкірті "Алтын белгі" иегері атанды.

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:36

Trilingual education

| Автор: 

      Readings of Abai took place at school №172. It was held the competition among the students in grades 5-11. The aim of the competition was the im­portance of learning three languages. So the students of our school also unders­tand this and they are interested in learning fo­reign languages, because the knowing of languages is our treasure and it is the mirror of society. Every person must know several languages. It will help them in their future and will give them the key to world markets, science and new technologies.

   According to the terms of the competition, the contestants need to learn by heart Abai's poems in three languages: Kazakh, Russian and English. Stu­dents showed their skills in reading of Abai's poems expressively and singing of Abai's songs, as " Kozym­nin karasy", "Zhelsiz tun­de zharyk ay", "Karangy tunde tau kalgyp", "Ne izdedin konilim", "Aittym salem, Kalamkas", Tatiya­nanyn khati" and etc.

  According to the decision of jury the pupil of the seventh form Aman Sembiev took the first place, the pupil of the eighth form Nurai Koz­hakh­metova took the second place, the  pupil of the seventh form Aruzhan Yzturgan and the  pupil of the sixth form Nurai Alimova took the third place. All the participants were awarded with diplo­mas, letters of thanks and valuable prizes.

 Gulnar Satybaldiyeva, 

English teacher of  School №172

 

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:31

Шәкірттерін шыңдаған ұстаз

| Автор: 

   Ұстаз - ұлы тұлға. Ұстаз ең­бегіне ұлы педагог Ыбы­рай Алтынсарин "Мұғалім - мектептің жүрегі" деп баға берген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ­тың қолында, ал жас ұр­пақ­тың тағдыры ұстаздар­дың қолында" деп ұстаз­дардың қоғамдағы орнына дәл баға берді.

  Сондай ұстаздардың бірі Гүлжан Жарыл­қапқызы Алипбаева №211 А.Бай­тұрсынов атын­дағы орта мектепте 1990 жыл­дан бері география пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп келеді. Бала­ны еңбекке, имандылыққа, білім­паз­дыққа тәр­биелеу жолында атқарған жұмыста­ры­ның қиын­шылықтарын, жетістіктері мен кем­ші­ліктерін анықтау мақсатында еңбек етуде. Қиындығы мен қызығы мол ұстаз еңбегін абыроймен атқарып жүрген ол оқушының терең әрі сапалы білім алуына көп көңіл бөледі. Әр сабағының маз­мұнды өтуіне ерекше мән беріп, өтілетін тақы­рыптың мазмұнын жан-жақты ашу үшін көр­не­кілікті, жаңа әдістер мен технологияларды ұтымды пайдаланады. Өзінің ізденімпаздығы арқасында жүргізген үлгілі сабақтары облыс, қала мектеп­терінде жоғары бағаға ие болуда. Гүлжан Алип­баеваның шәкірттері облыстық, қалалық пәндік олимпиаданың І, ІІ, ІІІ орын иегерлері, ҚазҰУ пән­дік олимпиадасының ІІІ орын иегер­лері, ҰБТ-да оқушылары жоғары баллдық көрсет­кіштерге жетті. Қалалық пәндік олим­пиадада 7-сынып оқушысы Аружан Ертай І орын иегері атанды. 2016-17 оқу жылында Түркіс­тан қаласында өткізілген Қ.А.Ясауи атындағы Ха­лықаралық қазақ-түрік универ­си­тетінің ұйым­дастыруымен өткен ІҮ Респуб­ликалық "Яссауи" пән­дік олим­пиадасында оқу­шысы Еламан Ибрагим жүлделі орынға ие болып, грант негізінде білім алу серти­фикатын ұтып алды.

       Бүгінде білім алудың жолы көп. Асылында, маман атануды әр аза­маттың өзі шешеді. Десе де, білімге деген сұраныс пен талаптың күн санап артуы өз-өзіңді үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Сол талап тұрғысынан шығудың жолын көп­шілік шет елдің бі­лімімен байланыс­ты­рады. Мұхит асып, әлем­нің үздік оқу орын­дарына түсуді мақсат тұтады. Бұл - қазіргі тілмен айтқанда, білім­нің элитасы. Бұрын­дары шет елдің білімін алу қорқыныш сана­латын, себебі жат жер, өзге орта, бағыты бөлек білім. Сондықтан да, жастардан арасынан ілу де біреуі ғана ба­тылы барып, білім алатын. Қазір қоғам­ның әр саласында өнім­ді еңбек етіп жүрген, мақсаты айқын жас­тардың басым бөлігі шет елдің білімін алып, еңбек етуде. Әрісі Еуро­пада, берісі Америкада ілім жиып, білімінің бел ортасында жүр. Тілдік базасы жоғары, талабы таудай жастың ар­манының орындалуына мемлекеттің де ықпалы бар. Айталық, биікті бағындырып жүрген жастардың дені мем­лекет ұсынған "Бо­лашақ" бағдарламасы арқылы шет елдің үздік оқу орындарында білі­мін шыңдауда.

   Жасыратыны жоқ, бұрындары ел ішінде "Болашақ" бағдарламасына бай-бағланның баласы ғана бара ала­ды деген түсінік қалыптасты. Себебі шет елде білім алудың құны қара­пайым халықтың қалтасын қағады. Алайда, тәуелсіздік жылда­рынан бері жастардың сапалы білім алуына мүм­­кіндік берген бағдарлама мем­ле­кет қаржысына оқытыла­тындық­тан қойылар талап та жоғары. Білі­міне сен­гендер ғана құжат тапсы­рады. Орта жолдан білім процесін үзе­тін­дерге "Болашақ" бағдарлама­сын­да орын жоқ. Себебі кепілдік ре­тінде бас­пана қойылады. Оқуды иге­ре ал­мағандар оқу ақысын кері қай­таруға міндетті. Қарап отырсаңыз, та­лап­тың басында әлеуметтік ахуал тұр. Де­мек, шетелде білім алу - мем­ле­кет қар­жы­сына қыдырып қайту емес, кәсіби бі­лігі жоғары кадр ретін­де елге қайта ора­лу. Мұны шет елден білім жиып кел­ген әрбір қазақстан­дық жас мо­йындайды.

      Білім саласында 13 жылдан бері қолданысқа енген ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа фор­матта өтетіндігін жұрт­шылық жақсы біледі. Ал­ғашында, ішкі қарсы­лықтың болғаны рас. Алайда, білімдегі рефор­ма­ларды сынақтан өт­кізіп, тәжірибесі толыс­қан педагогтардың өзі ескі жүйеден айыры­латын кезең жеткендігін айтып келді. Қалай де­сек­ те, түлектердің білі­мін сынға алатын ұлттық тес­тілеудің жаңа фор­маты айналымға еніп, нақ­ты бекіді. Осыған дейін де түрлі пікірлерді тоғыстырып үлгерген ұлт­тық тест баланың бі­лім деңгейін таразы­лау­дың жүйелі жолы бола білді.

   Оқушы мен мектептің білімін таразылайтын ұлт­тық тестілеудің бас­талуына да бір айға жуық уақыт қалды. Мектеп­терде қауырт дайындық, уақыт жақындаған сайын оқушылардың да үміті мен күдігі басым. Оның үстіне, жаңа формат білім алушылардың екі есе да­йындықта болуын қажет етеді. Білім сынына тү­сетін оқушылардың қары­мы қай деңгейде? Бейінді пәндерді игерудің барысы қалай? Аталған сауал­дар­ға жауап іздеуде бір­неше мектептерге барып, ұстаздар мен оқушы­ларды сөзге тарттық.

  Алдымен, жаңа формат жайында аз-кем ақ­парат. Оқушылар екі кезең бойынша сынақтан өте­ді. Қорытынды аттестаттау, бұл мемлекеттік бітіру емтиханы және жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. Түлектер бітіруші емтиханда бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні бойынша таңдау жасайды. Айта кету керек, барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді. Тарқатып айтар болсақ, оқушылар ана тілі және әдебиетінен  белгілі тақырып шеңберінде эссе жаза­ды, ал, алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан тапсырады. Сонымен қатар, Қазақстан тарихынан билет арқылы ауызша емти­хан өткізсе, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тіл­дерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу сынағы болады. Соңғы пән, яғни таңдау бойынша бір тест жазады. Бір ескеретіні, қоры­тынды аттестаттауды барлық оқушылар тапсы­рады.

  Жастар арасындағы жұмыс­сыз­дықты жойып, оларды жұмыспен қамту қай уақытта да қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Отандық ғылымның алдыңғы қа­тарда болып, егемен елдің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлауды мақсат еткен "Болашақ" университеті және колледжі, "Болашақ" медицина колледжі өткен жұмада жұмыс берушілер мен жас мамандар арасында кездесу ұйымдастырды. Кездесу кеші жастар арасындағы жұмыссыздықты жо­йып, жұмыс берушілер мен жас мамандардың бір-бірімен байланыс орнатуына, тәжірибе алмасуына ықпал етуді көздейді. Шараны экономика ғылымдарының док­торы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, "Болашақ" университетінің ғылыми жетекшісі Бақберген Досманбетов сөз сөй­леп, ашты. Өз кезегінде ол өмір шындығын алға тартып, төрт жыл бойы мамандығы бойынша білім алған жастардың барлығы бірдей сол саланы жүз пайызға меңгеріп шыға бермейтінін айтты. Сонымен қатар, барлығы да жастардың құлшынысы, жасаған еңбегімен келетінін де тілге тиек етті.

  Мұнан кейінгі сөз алған облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Жасұлан Алдабергенов пен облыстық кәсіпкер­лік палатасы "Адами капиталды дамыту" бөлімінің басшысы Жанна Искакова жастардың бойындағы жауапкершілік қасиеті мен ынтасы жайында ой қозғады.

   - Бүгінгі таңда жаһандық кризистен ешкім ешқайда қаша алмайды. Біз анализ жасай отырып, тек қана Қызылорда облысының өзінен әр жыл сайын 8000-9000 сту­дент колледж бітіріп, диплом алып шығатынын білдік. Ал сіздер қай жерден, қашан, қандай ақпарат көзінен жыл сайын біздің өңір­де осынша жаңадан жұмыс орындары ашылды дегенді естідіңіздер?! Естіген адам бар ма? Жоқ, әрине, -деген Жанна Бақытқызы бүгінгі күні мемлекет тарапынан жұмыссыз жастарға көрсетіліп жатқан қол­даулар төңірегінде әңгіме өр­бітті. Сондай-ақ, жұмыссыз жастардың жеке кәсібін ашуына байланысты түрлі жолдардың барын, оған қандай қадам жасау керек­тігін де түсіндіріп кетті.

    Қазақстанның әлемдік қо­ғамдастыққа ықпалдасуы үшін білім беру саласының алдында озық тәжірибелерді зерделеп мек­тептік тәжірибеге енгізу міндеті тұр.

  Күрделі де қиын жауапкер­ші­лікті арқалаған мектеп ди­ректорларының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасарлары кәсіби құзыреттіліктер аясында білім жетілдірумен, инновациялық ізденіс жолында педагогикалық-психологиялық өрісін өсіріп оты­руға міндетті. Мемлекет тарапы­нан көптеген қаражаттар бөлі­ніп, еліміздің көптеген жер­ле­рінде басшылар мен педагог­тердің біліктілігін көтеру курс­тары өткізілуде.

  Осындай жаңартылған маз­мұнда құрылған білім беру мен тәрбиелеуде, жаңа технология­лар­ды игеруде басшы кадрлар­дың біліктілігін арттыратын бірден-бір тиімді білім беретін ұйым "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызмет­кер­лерінің біліктілігін артты­ратын республикалық инс­титуты екені баршаға мәлім.

   2017 жылдың 24 сәуір мен 5 мамыр аралығында Қызылорда қаласындағы И.Әбдікәрімов атын­дағы агро-техникалық кол­ледж базасында аталмыш инс­титут мамандары мектеп дирек­тор­­ларының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасарларына "Бі­лім беру маз­мұ­нын жаңарту жағ­дайында білім беру ұйым­дары директорлары­ның бейінді оқыту жөніндегі орын­басарла­рының кәсіби құзы­реттілігін дамыту" тақыры­бын­да біліктілік арттыру курсын өтті. Бұл курсқа Қызыл­орда об­лысының барлық аймақ­та­рынан жиналған мектеп ди­рек­торының бейінді оқыту ісі жө­ніндегі орын­басарлары қа­тысты.

   Курс жетекшісі "Педагогика және инклюзивті білім беру" ка­федрасының аға оқытушысы, пе­дагогика ғылымдарының ма­гист­рі Сандуғаш Көмекова жалпы курс мақсаты мен оқу-та­қырыптық жоспар мазмұнын таныстырудан бастап, "Білім беру ұйымдарының қызметі мен пе­дагогтар жұмысын реттейтін нормативті-құқықтық заң шы­ғарушы құжаттар", "Бейіндік оқыту бойынша білім беру ұйымдарындағы менеджмент және оның ақпараттық қамтама­сыз етілуі: теория мен техно­ло­гия", "Басқару және оқытудағы көш­басшылық" және т.б. тақы­рыптар аясында қызықты дәріс­тер оқыды, семинар-тренингтер өткізді. Білім беру ұйымдарын­дағы бейіндік оқыту бойынша түрлі жұмыстар аясында әріптес­терімізбен бірлесе отырып, ынтымақтастықта орындаған көптеген тапсырмалар орындауда қызу пікірталасқа түсуіміздің өзі біздің көзқарасымыздың өзгеруі­не түрткі болды. Сондай-ақ, жаңаша кәсіби ой қалыптасты­р­уы­мызға, бейіндік кәсіптік құзыреттілігімізді дамытуға зор үлесін қосты. Курс барысында өзіндік, жоба жұмыстары мен шағын-сабақтарды дайындадық. Күнделікті берілген түрлі бағытта құрылған дәріс-тренингтерді кері байланыс арқылы қорыту, сол күнгі жұмыстың нәтижесінің шағын хабарламасы болып жинала берді. Осындай қызуы да қызықты жұмысымызды бас­қарып, қазіргі оқыту үрдісінің жүрісін талдап, бейінді оқыту ісін қалай ұйымдастыру қажеттігін ұғындыру барысында бізге жаңа құлшыныс пен тың идеяларды ұсынып, көшбасшы бола білген тобымыздың тренері педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Сандуғаш Оралханқызына құр­метіміз шексіз. Осы курстың жо­ғары деңгейде өтілуіне Қызыл­орда облыстық оқу орталығының директоры С.Асқаров пен Қы­зылорда аграрлық техникалық жоғары колледж директоры С.Тәуіпбаев өз үлестерін қосты.

      Әлеуметтанушы Кетти Деведсон бү­гінгі мектепте отыр­ған оқушы­лар­дың 65 па­йызы ержеткен кез­­­де қазір өмірге ке­ліп үлгермеген бей­мәлім кәсіптермен шұ­­ғыл­данатындығын ай­тады. Бұл алдағы уа­қытта нарық эко­но­мика­сын­да жаңа ма­ман­дықтар пайда бо­лады деген сөз. Тех­­­нологиялық ре­во­лю­цияның бета­лы­сы­на қарасақ, таяу он­жыл­дық уа­қытта қа­з­іргі кәсіп­тер­дің жар­­тысы жойылып ке­теді. Мұ­ны Ел­басы жа­қында жа­рия­ла­ған мақала­сында да сал­мақ­тады.

   Қазақстан төр­тінші өнеркәсіптік ре­волю­цияға аяқ бас­ты. Жаңа этап ав­томаттандыру, ро­бо­тотехника, на­но­тех­нология, ІТ са­ла­ла­рына арқа сү­йейтін кезең келген­дігінің көрінісі. Демек, бо­лашақ мамандар сұ­ранысты қажет ете­тін мамандықтарға мойын бұруы керек.

  Қазірде бірін-бірі қайталайтын кәсіп иелері қыс­­қарып, мамандықтардың аясы кеңейді. Десе де, әлі де бірқатар бағыттарда маман қажеттігі се­зіледі. 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша сұ­ранысқа ие мамандықтардың мониторингіне назар салатын болсақ, елге оператор, электрик, құ­рылысшы, әр түрлі техника жүргізуші, ма­ши­нист, слесарь, инженер, статист, зертханашы, дә­рі­гер, мейірбике мамандықтарына кадр қажет. Аталған міндеттерді орындауда билік құр қарап отырған жоқ. Қызылорда аймақтар арасында ал­ғаш болып жастардың мамандық таңдауына бағыт беретін "Bilim fest: "Ұлт табысы - бәсекеге қа­білеттік" атты оқу орындарының көрмесі ұйым­дастырылды.

  Бүгінде оқушылар арасында мамандық таң­дауда екіұдай пікірде жүргендер аз емес. Бірі білі­мі­не, ендігісі мамандықтың болашақтағы қажет­ті­лігіне алаңдайды. Осы себепті Қызылорда қа­ла­сы әкімдігі аймақтағы жоғары оқу орындары мен ар­­наулы орта білім беру ұйымдарын бір алаңға жи­нап, мамандықтар көрмесін өткізді. Та­нымдық-ба­­залық көрмеде өңірдегі 13 колледж, 3 жоғары оқу орны мектеп бітіруші түлектеріне арнап ақ­па­рат­тық-насихаттық жұмыстарын жүргізді. Әрбір оқу ор­­ны мамандықтар тізбесіне орай, түлектерге арнап түр­лі бағыттағы парақшалар та­ратып, қызмет көр­сетті.

  Орталық алаңдағы көрме жұмысында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қы­зылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қарабалаев болашақ жас мамандарға арнал­ған мамандықтар көр­ме­сі­нің маңыздылығын атап өтті.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер