Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Білім

Білім (142)

    Тәрбиесіз берілген білім тақыр жерге егілген дән тәрізді. Оның мәйекті дәні де, дәйекті сәні де болмасы бесенеден белгілі. Бұл жөнінде ілгері-ке­йінді ғұмыр кешкен ұлт ағартушылары айтудай-ақ айтқан бола­тын. Шынында да "ауруын жа­сырған өледі" деп, атам за­маннан аузымыз тоз­ғанша айтып келе жатқан мә­тел тағы да осы жер­де алдымыздан шықты. Себебі бүгін біз жал­пы білім беретін мектептердегі оқу­шы­лардың са­бақ үлгерімін ынталандыру жайына нақты тоқ­талғалы отырмыз.

   Кешегі келмеске кеткен кеңестік қоғам тұ­сында мек­теп қабырғасындағы шәкірттерді мінсіз мінез-құл­қы мен үздік сабақ үлгерімі үшін гра­мо­талармен ма­дақтап отыратын. Рас, мұндай ын­та­ландыру шара­ларын мектеп әкімшілігінен бас­тап аудандық, облыс­тық білім бөлімдері, басқар­малары арқылы қазіргі таң­да да өткізіп түратыны шүбәсіз. Алайда "көрген көзде жа­зық жоқ" де­мекші, қазіргі ірілі-ұсақты мақтау-ма­ра­пат­тар­дың көбісінің қадірі жоқ. Қазіргі оқушыларға мек­­теп әкімшілігі, сынып жетекшісі жақсы үлгі­рімі үшін сауда орындарынан мақтау, мадақтау қағаздарын өз ақшасына алдыртып, сонымен ынталандыратынын жұрттың бәрі біледі.

   

      Тоқсаныншы жылдары техникасы тұ­ралап, өндірісі тоқтап өнім бермеген өн­діріс орындары бар кезде де жұмысшы мамандығы оқытылды. Дағдарыс белден қысып, қаржы көзі тарылған уақытта ха­лықтың көңілінде сауал көп болатын. Қай­да барамыз? Қай жаққа бағыт аламыз? Осы сауалдарды ортаға тастаған жұрт­шылық кәсіптік саланың болашағына күмәнмен қарады. Алайда, жылдар өте келе, кәсіпкерлік қанат жайып, өн­діріс орындары қайта ашылып, зауыттар салына бастады. Жұмыс күшінің қа­жет­тілігі қайта сезілді. Кәсіптік саланың ең­се­сі көтерілді. Билік қызуы қайта жан­ған кәсіптік бағытқа бет бұрып, мамандар даярлай бастады. Жеке меншік оқу орын­дары ашылды. Әйткенмен, талапшыл қалталылардың бәрінің бірдей жас ма­мандарға көңілі толмады. Бұл кәсіптік бағытты мақсат тұтқан колледжерге сын болды. Содан болар, соңғы 5 жылда жұ­мысшы мамандығын оқытатын кол­ледж­дер нарық талабы, сұраныс өлше­міне қарай маман даярлай бастады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жүр­гізді. Кәсіптік саланың қарқын алып ке­т­уіне күш жұмсаған билік біраз істің басын қайыруға болатынын білді. Әйткенмен, межелі міндеттерді орындауда алдан шыққан проблемалар саланың алға басуына кедергісін келтірді.

    Биылдан бастап кәсіптік техникалық білім тегін беріледі. Ол қалай жүзеге асады? Тегін білім алудың тетіктері қандай? Жұмысшы мамандығында білім алатын жастардың жағдайлары нешік? Президент тапсырмасының орындалу барысы қалай? Колледждер әзір ме? Осы тақылеттес сұрақтардың жауабын сараламақ ниетте мамандарға жолықтық, саланың жүрек қағысын сезіну үшін сараптама жүргіздік.

    Кәсіптік білім беру жүйесі­нің басты мақсаты - өзін жан-жақты жетілдіре алатын сту­дент­ті білікті маман ретінде да­мыту. Біліммен жан-жақты қаруланған, белсенді, ынталы, құзыреттілігі жоғары маман ғана қоғамдағы бәсекелестікке түсе алады. Бұл қызметтің қай саласында еңбек ететініне қарамастан бұрыннан қалып­тасқан дәстүрлі мамандықтар, салыстырмалы түрде айтқанда қазіргі таңдағы жаңа маман­дық­тар - болашақ қызметкер­лердің барлығына ортақ талаптар.

   Кәсіптік білім беру маз­мұны мен құрылымын жаңар­тудың алға шығуы оқу проце­сін ұйымдастырудың жаңа түрін табуды меңзейді. Жаңа білім беру парадигмасын жү­зеге асыру көзделеді. Студент­терді кәсіби маман ретінде даярлау мәселесі әр оқытушы­ны толғандыратыны сөзсіз. Мұны шешу үшін оқу орында­рын­да оқытушы мен студент­тің, студент пен оқытушының арасында жүйелі қарым-қаты­нас болуы және студенттерге білім беретін оқытушының білімі мен біліктілігі жоғары, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын болуы керек.

 

            Бала ес біліп, оң-солын ажырата бі­летін дәрежеге жеткенге дейін өмірдің әр сатысынан сабақ алып өседі және осы ар­қылы қо­ғамда жаңа тұлға қалыптасады. Бүгінде бала­лардың бойына жақсы қа­сиет­терді сіңіру жолында балабақшалар әлемдік тәжірибеде кездесетін белгілі технологиялар бойынша жұмыс жасап келеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқы­туда қолданылатын заманауи әдістер мен технологиялардың ба­ла тәрбиесіне оң ықпал ететінін байқауға болады.

    ХХ ғасырда ЮНЕСКО жас ұрпақ тәрбиесі мен оның дамуын толық әрі нақ­ты негіздер келтіре отырып революция жа­саған төрт педагогты анықтаған. Оның бірі америкалық Джон Дьюи, неміс педагогі Георг Кершенштейнер мен советтік педагог Антон Макаренко және италияндық Мария Монтессори. Иә, соңғысы бала­бақ­ша ұстаздары мен ата-аналар үшін "Монтессори технологиясы" арқылы етене таныс есім. Мақаламызда Мария Монтессоридің кім болғанына, оның техноло­гия­сының маңыздылығына және ең не­гізгісі ата-аналарға қалдырған өсиеттеріне тоқталатын боламыз.

    Мария Монтессори - Италия елінің мақтанышы. Педагог, ғалым, философ, ойшыл, сондай-ақ, Италия тари­хындағы нәзік жандылар арасынан шыққан алғашқы дәрігер. Ол ерте кезден-ақ балалар дәрігері болуды ар­мандаған. Дегенмен сол кезеңдерде оның бұл ойы орындалмас армандардың бірі еді. Яғни, Италияда медицина тек ер азаматтарға арналған сала деген ұстаным болған. Алайда, мұндай кедергілер Мария Мон­тессоридың алдында ешқандай да тосқауыл бола алмаған. Алға қойған мақсатына ұмтыла бі­летін ол Рим университетінің медицина фа­культетіне оқуға тү­сіп, екі жылдан кейін медицинаны меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізген.

    Бала психологиясы мен педагогикасын зерт­теу арқылы Мария Монтессори мынадай ой түйеді: "Ақыл есі кем балалардың жағдайы тек медицинаның ғана емес, пе­дагогиканың да басты мәселелерінің қа­тарында болуы тиіс. Мұндай балалармен ауруханада емес, мектепте жұмыс жа­­сай білу керек". Бұл идеялар сол кезеңдерде толықтай заңға қайшы келетін, ол үшін қоғамның мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарасын қалыптастыру жә­не кез келген дәстүрлі мектептердің салтын өзгерту қажет болды. Осы жолда оның алдында көптеген кедергілер мен қиындықтар кездеседі. Бала тәрбесіне қатысты жаңа технологияны қалыптастыру үшін ол ұзақ жылдар еңбек етеді.

     ХХ ғасырдың алғашқы жылында "Италияның әйелдер лигасы" ортофрения (әлеу­меттік ортаға қалыпты көзқарас қа­лып­тастыру) мектебін ашып, Мария оның директоры болуға келіседі. Оған бар бол­ғаны үш ай уақыт ішінде нәтижелі жұмыс жа­сау тапсырылады. Ол алғаш рет мүм­кіндігі шектеулі балалардың дамуына мүм­­кіндік сыйлайтын орта қалыптастыруға қадам жасайды.

     Ал, үш ай өткеннен кейін білім министрлігінің комиссия өкілдері, қалалық кеңес бөлімі және лиганың мүшелері оның жасаған жұмысының нәтижесін бағалауға келеді. Алдымен комиссия алдында Монтессоридің өзі сөз сөйлейді, мұнан кейін мектеп мұғалімдері комиссия тарапынан қойылған сауалдарға жауап береді және қо­рытынды бөлімінде балалар аз уақыттың ішінде өздерінің үйренген дүниелерін көрсетеді.

   

Жұма, 03 Ақпан 2017 06:42

Оқулық оңбай, оқу оңбайды

| Автор: 

  Соңғы кезде ата-аналар да баласымен бірге сабақ оқуға мәжбүр болуда. Себебі үйге берілетін тапсырмалардың дені оқушының ғана емес, ата-аналарды да үстел үстіне таңып қойды. Тіпті оны әзілдің сынына түйрегендер де аз болмады. Сол себептен де болар, "оқу­шылардың оқулықтарында олқылық көп" дейді бүгінгінің ата-аналары. Баласының біліміне немқұрайлы қарай алмайтын ата-аналардың бұл әрекетіне биліктің де жауабы әзір. Қайткенмен де, соңғы уақытта әлеуметтік желі ішінде ҚР Білім және ғылым министрі атына жолданған мәселелерді ел біліп отыр. Бәрінің де баласы бар. Демек, ортақ мәселеден оңды жауап күтеді. Баланың біліміне бағыт беретін оқулықтардың онсыз да салмағын айтып жүргендер аз емес. Стандартқа сай оқулықтардың осыншама оқушыны ойландыратындай дәрежеге жеткізуінің себебі неде?

    Білім процесінің ауырлап кетуінің себебін оқу жүйесіндегі оқулықтардың сапасынан іздеу керек шығар. Осы себепті бауыр еті баласына барын тосатын ата-ана қауымының әлеуметтік алаңдаушылығын туғызған оқулықтар төңірегіндегі түйткілге назар салдық. Түсініксіз тұстарына да тоқтадық.

    Оқулық белгілі бір стандартқа сай жазылатынын ескерсек, бұл қызметті өз ісінің мамандары атқаратынын білеміз. Әйткенмен, оқулық практикаға енісімен түрлі пікірлер қайшыласа кетеді. Жасырып жаба алмаймыз, оқулық жыры бүгін ғана айтылып жүрген жоқ. Ашық алаңдардың арқауына да айналды. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, соңғы 10 жыл көлемінде шығарылған оқулықтардың сапасына көп­шілік күмәнмен қарайды. Әри­не, бұл оқулықтардың бәрінің сапасы сын көтермейді деген сөз емес. Соңғы үлгідегі дизайн, түрлі қаптамадағы жаңа оқулықтардың стандартқа сай шығарылып жатқанын көз көріп жүр. Мәселе, ішкі мазмұнында болып отыр ғой.

    Қос ғасырдың білім деңгейін таразылаған ғалым, академик Серік Қирабаевтың оқулықтар мәселесінде айтары бар. Ғалым "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында білім жүйесіндегі оқулықтардың олқы тұстарын қарау қажеттігін қадап айтқаны бар еді.

    - Қазір маған осы оқулық деген нәрсенің жанашыр иесі жоқ сияқты болып көрінеді. Әрине, министрлік тізгінін ұстап отыр ғой. Дегенмен, нақты жұмыс, бас­иелік жетіспейді. Бұрын осы іспен тікелей айналысатын тісқаққан нақты адамдар болушы еді. Бәрін жөн-жөнімен, рет-ретімен ақылдасып шешетінбіз. Қазақстан Білім академиясы жанындағы оқу-әдістемелік кеңесі, оның әдебиет секциясы дейтін болды. Мен осы секцияны көп жылдар басқардым. Бағдарламалардың барлығын талқылап барып бекітетінбіз. Осындай игі дәстүрлер ұмытылып қалды. Алдыңғы кезекке шығармашылдық емес, шенеунікшілдік шығып кетті ғой,- дегені бар ғалымның.

   

    Биылғы жылы газетіміздің өзгерген мазмұндық, дизайндық құрылымына орай оқырмандардан көптеген ой-пікірлер, ұсыныстар түсіп, хаттар жолданып жатыр. Сондай хаттардың бірі сонау шалғайдан, Арал ауданы, Ақбасты ауылының мұғалімінен келіп түсті. Басылымның №1 (140) санында жарияланған "ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек?" атты шымкенттік әріптесінің өткір мақаласына үн қосқан ұстаздың материалын оқырманға ой тастау үшін ұсынып отырмыз.

    Адамзат үшінші мыңжыл­дық­қа қадам басты. ХХІ ғасыр­дың ал­ғашқы ширегінің де біраз уақытын еңсеріп тастадық. Уақыттың алға жылжуы, қоғам өмірінде болып жатқан өзгеріс­тер, жаңа техно­логия жаңалық­тарының өмірге ден­деп енуі күнделікті тіршілігі­мізге өз түзетулерін енгізіп жатыр.

    "Ел мен елді, адам мен адамды теңестіретін білім" дей­ді кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов. Ендеше тәуелсіз елі­міз­дің білім жүйесіндегі мек­теп­тердің жайы қандай? Мек­тептің жүрегі саналатын мұға­лім­дер­дің ахуалы нешік? Оқу­шы білімінің тиянақтылығы жолында жасалып жатқан әдіс-тәсілдердің іске асырылуы қандай? Осындай сұрақтар білім саласында қызмет ететін әрбір қызметкерді ойлан­дыратыны сөзсіз.

    Қазір мемлекет жер-жердегі мектептерге шындап көңіл бөліп отыр. Елбасының баста­масымен "100 мектеп, 100 ауру­хана" бағдар­ламасы өз нәти­же­сін беріп жатыр. Ескі мектеп­тер жаңа типте салы­нып, үш ауысымды оқытуды бол­дыр­мау, алыс ауылдарға жаңа үл­гідегі мектептер салу қолға алын­ды. Заманауи мектептер оқу про­цесіне керекті жабдықтармен жасақ­талуда. Мұнда әр пән каби­нетіне орай жарақтанды­рыл­ған компьютер, лингафон, мультиме­диалық кабинеттер де бар, демек оқушылардың білім негіздерін үйреніп, білік дағды­ларын қалып­тас­тыруға жағдай жасалған.

    Ал, осыншама қаражатқа жа­рақтандырылған мектептің кадр­лық мәселелері шешілген бе? Ше­шілген болса, қандай жетістік­терін айтуға болады? Шешілмеген бол­са, қандай мәселелері түйткіл­ді, олармен қалай жұмыс істелуі керек?

    "Менің ойымша, ХХІ ғасыр мектебі заманауи үлгіде болуы керек. Онда әр пәннің жеке каби­неті, әр сабақтың өзіне керекті құрал-жабдықтары оқу­шыға ба­рынша ыңғайлы бол­ғаны жөн. Асхана, кітапхана және шебер­хана секілді арнау­лы бөлмелерімен қоса олардың іші қазіргі үлгідегі жаңа жиһаз­дармен жасақталуы тиіс. Оқу­шылар дене шынықты­ру­мен шұғылданатын және әр түрлі спорт секциялары жұмыс іс­тейтін спорт зал кешені де мін­детті. Бұл мектепте компьютер мен интерактивті тақта да жа­ңар­тыл­ған технологиямен жаб­дықталып, жас ұрпақтың игі­лі­гіне пайдалануы керек. Осын­дай білім орда­сын­да білімді де білікті мамандар жұмыс істей­ді. Сонда ғана келер ұр­пақ жоғары дәрежелі білім алады".

   

     Әрбір ата-ананың бала тәрбиесіне келгенде өзіндік же­ке ұстанымы болса да, олар өзгелердің қағидаларына назар аударатыны жасырын емес шығар. Себебі оның бү­гінгі тәрбиелеп отырған бүлдіршіні - келешек өмірінің жал­ғасы, елдің ертеңі. Қажетіне жарата білген жандар үшін ғаламтор бетінде ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты кеңес­тері жетерлік. Ғаламтор көздерінде жарық көрген ойсаларлық жазбаларды қазақша сөйлетіп, оқырмандар назарына ұсынуды жөн санадық.

    Иә, ата-ана болу жауапкершілігі ең қиын әрі маңызды қызметтердің бірі. Ол белгілі бір салада жүріп, таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін ғана жұмыс жа­сау және уақытымен еңбек демалысына шығып оты­ра­тын қызметпен салыстырып қарауға да келмейді. Сондай-ақ, өмірдің белгілі бір кезеңінде әрбір ата-ана "карьералық" өсу жолындағы осы қызметінде жауабы күрделі сауалдарға кезігеді.

 Баланы шапалақпен жазалаған дұрыс па әлде бұрыс па?

    Медальдың екі жағы болатыны секілді, осы сауалға кел­генде әлем ғалымдарының (бұл тақырып аясында көп­теген зерттеу жұмыстары да жүргізілген) көзқарасы екіге бөлінеді.

    Шапалақпен жазалауды жақтаушылар жағы, тек осы әдіс арқылы ғана өсіп келе жатқан баланы дұрыс жолға салуға болады және есейгенде олар тура жолдан таймайды деп санайды. Көпшілігі балаға физикалық жаза қолдану ата-ана мен баланың да пайдасына шешілетініне сенімді. Яғни, тұлға болып қалыптасқан шағында олар әділ, мықты, адал және осы секілді талаптармен жақсара түседі. Сонымен қатар, жақтаушы ғалымдар тәртіп­сіз­дік жасаған баланы шапалақпен жазаламау адамды опық жегіздіретін нәтижелерге алып келетіндігін айтады, яғни балалар шектен тыс өзіне сенімді және өзімшілдігі басым болады.

    Алайда ке    й ата-аналар өздерінің ішкі ашуларын бала­ларына жиі қолданып жатады. Баланың болмашы қателігі үшін шектен тыс қатаң жаза қолданып жататын ата-аналар да кездеседі.

   Ал, жас ұрпақты ұрып тәрбиелеуге қарсы пікір біл­ді­ретін ғалымдар, мұның балалар үшін ғана емес, сондай-ақ олардың ата-аналары үшін де қауіпті екеніне сендіреді. Яғни, қол көтеру баланың өзіне деген бағасын төмендетіп, оның коммуникативті жетілуін тежейді.

 

        Қырда қой баққан қазақтың қазіргі кәсібі тек мал бағудан тұрмайды. Кәсібіне қарайлап, бейімділігіне бағыт алған жастардың мамандықтарға деген көз­қарасы бөлек. Оның үстіне қазір ерінбей еңбек етіп, талмай білім іздеп, жалықпай жұмыс жасайтын кезең. Әлем дамуының қар­қынына көз тастап, жан-жаққа жал­тақ­тамай, батыл бастама жасайтын уақыт. Жұртқа жағдай айтып, билікке алақан жайып, жұмыс сұрау - нарықтық қағида емес. Бұл қазіргі перспективалы жастар­дың өмірлік ұстанымына айналған кредо. Кәсіп көзін сұрап тұрған аймақтарға батыл түрде барып, техниканың тілін тауып жүрген жастар да аз емес. Солардың дені кәсіптік колледждерде білім жиып жүр. Расында, мемлекет кәсіптік бағытқа қайта оралды. Президент жұмысшы табының қажеттілігін қаперге салып, нақты тап­сырма берді. Мемлекеттік бағдарлама жа­салды. Бұдан былай, мемлекеттік не жеке колледжге талап күшейеді. Педагоги­калық құрам санатының жоғары болуы, сағат санын анықтаудағы артықшылық­тар, баланы қабылдаудың ережелерінің та­лабы күшейтіліп жатыр. Бұл нені білдіреді?

    Жақында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі база­сында аймақтағы барлық кәсіптік кол­ледж басшылары жиналды. Жайдан-жай емес. Мақсат ҚР Білім беруді және ғы­лымды дамытудың 2016-2019 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелерімен танысу еді. Аймақтағы білім саласы басшыларымен болған кездесуде кәсіптік саланың алдағы жылдарға жасалатын жұмыстары пысық­талып, кемшіліктер назарға алынды.

   Атап өту керек, бұл ке­ңесу алаңы бұрын-соңды өт­кізіліп жүрген жин­а­лыстардан бөлек, саладағы ділгір мәселелерді ортаға тастауға, педагогтардың ұсы­ныс-тілектерін тың­дауға бағытталған басқосу болды.

   

      Халықаралық қатынас тілі ретінде мойындалған ағылшын тілі бүгінде білім саласына дендеп енді. Себебі білімдегі жаңашылдықтар мен жаңа технологиялардың бәрі де ағылшын тілінде жүргізіледі. Әсіресе, ғылыми технологияға негізделген кітаптар мен жобалар да ағылшын тілінде жарық көруде. Мә­селен, әлемде жылына жүз мың кітап шықса, соның сексен мыңы шет тілінде шығарылады. Демек, бі­лім­нің базасы - тіл біліміне байлаулы тұр.

  Ағылшын тілін қызығушылық деп емес, қажет­ті­лік деп түсінетіндер қатары көбейді. Әрине, бұл басымдықты шет тіліне бұру деген сөз емес. Әйткенмен көштен қалмаудың жолы - тіл білу.

  Бірнеше жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мек­­тебі, Қазақ-түрік лицейлері мен Дарынды балаларға арналған мектептерде үштілділік сатысы білім процесіне енді. Бірақ қалай? Көптің көкейінде жүрген сауалдардың бірі де осы еді. Әсіресе, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізу басы ашық сұрақ ретінде санада сақталып қалғаны рас.

    Қай кезде де реформаға тосырқай қарайтын қоғамның бұл алаңдаушылығы жылдарға жалғасты. Себебі күрделі компоненттерге құрылған химия, физика, биология, математика пәндерін ағылшын ті­лінде меңгерту тәуекелден бұрын, тәжірибені қажет етті. Аймақта алғашқылардың бірі болып осы білім саласындағы бастаманы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты бас­тады. Жаратылыстану пәндерін шет тілінде меңгерту үшін мектеп ұжымы тәжірибесі мойындалған практик мамандардың базасын зерттеді, мұғалімдердің кәсіби білігіне талап қойды. Инновацияға негізделген тәжірибені мектеп осыдан екі жыл бұрын қолданысқа енгізді. Мектеп-интернат директоры Балзия Абдуллаева тілді меңгертуде кездескен қиын­­шылықтар мен проб­лемаларды ашып айтты.

     Алматылық ананың ҚР Білім және ғы­лым министрі Ерлан Кенжеғалиұлының өзі­не тікелей сауалдар қоя отырып жолдан­ған ал­ғаш­қы бейнежолдауынан кейін, оқу­лықты құрастырушылар тарапынан жауап берілді. Бірақ оған қанағаттанған ата-аналар болмады. Керісінше, алматылық 1-сынып оқу­шысының анасы Салтанат Тәжиеваның ашық айтқан пікіріне қолдау білдіріп, нара­зылығын танытқан ата-аналардың қатары күн санап артып келе жатқанын байқадық. Оқулықтағы бағдарламалардың мәселесі, мұғалімдердің қағазбастылығы және оқу­шы­ның сөмкесінің салмағына қатысты айтылып жатқан арыз-шағымдар көбеюде. Мәселені алғашқы болып көтерген ана екінші бейнежолдауында сөмкенің салмағы қанша болатынын дәлелдеп көрсеткен де болатын. Осыған орай министрліктің тарапынан жауап берілді. Бірақ министрдің өзі емес, тағы да министрліктің тапсырмасы бойынша өзге мамандар. Нақтырақ айтсақ, Назарбаев зияткерлік мектебінің білім беру бағдарламалары орталығының директоры Жанар Нұрбапашқызы Әбділдина отандық арналардың біріне сұхбат берген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министр­лігі өзінің Фейс­бук парақшасында: "Білім жә­не ғылым министрлігі жаңа оқулықтардың сапасы, оқытудың ерекшеліктері мен жал­пы білім беру бағдарламаларының сапасы тақырыбын жалғастырады. Мәселенің ау­қымы кең болғандықтан, мұның министр­лік­тегі бірнеше департаменттің қызметіне қа­тысы бар",-деп жазған.

     Сұхбатында Жанар Әбділдина жаңа бағдарламаларды даярлау кезінде мамандар шетелдік тәжірибеге ғана емес, отандық практикаға де сүйенгендігін айтады. Сондай-ақ, материалдармен жұмыс істеу кезінде жалпы білім беретін қарапайым мектептердің мұғалімдерімен қатар еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындарының 37 оқытушы ғалымы, жалпы саны 150-ден астам маман жұмыс жасағанын жеткізеді. Айтуынша, дүниежүзі бойынша 6 жасар бі­рінші сынып оқушыларының тапсырмаларына мониторингтік зерттеу жасалған.

    Бірақ мұнымен ата-аналардың білдіре­тін наразылығы тоқтап қалды ма? Жоқ! Ата-аналар бірінші сынып табалдырығын енді аттаған балаларының біліммен дос бол­ғанын құптағанымен, балалығымен ерте қоштаспағанын қалайды. Бала тұрмақ ата-ананың орындауына қиындық туғызатын тап­сырмалар турасында біз төмендегі пікірлерді назарларыңызға ұсынамыз.

   

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер