Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Сан сұрақ - нақ жауап

Сан сұрақ - нақ жауап (6)

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 12:02

Мұғалімдер мен оқушылар үшін

| Автор: 

      Биылғы жаңа оқу жылы 2017 жылдың 2 қыркүйегінде басталды. Өзгерістер орын алды. Біз орта мектеп мұғалімдері мен оқушылар үшін қанша мерзімде оқып, қай мезгілде демалатыны жөнінде керек мәліметті жария еткенді жөн көрдік.

   Оқу жылының ұзақтығы: мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1 - сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12) - сыныптарда - 34 оқу аптасы. Мейрам күндері­не түс­кен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кі­рік­тірілуі ескеріле отырып, қайталауға ар­нал­ған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

   Оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:

   1) 1-11 (12) - сыныптарда: күзгі каникул - 7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы каникул - 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан - 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі каникул - 13 күн (2018 жыл­ғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда).

  Мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан - 2018 жылғы 7 қаң­тарды қоса алғанда), көк­темгі - 15 күн (2018 жылғы 21 нау­рыз - 4 сәуірді қоса алғанда).

  Мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: 7 күн мерзімде (2018 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленді.

 Дереккөз:

Қызылорда қалалық білім бөлімі

 

   Педагог қызметкерлердің аттестациядан өту ере­­же­­сіне байланысты оқырмандардың (мектеп, балабақ­ша қызметкерлері) "Ұстаз мәртебесі" газеті редак­циясына ха­барласып, сұрақтарын қойған бола­тын. Қо­йылған сауалдар негізінде Қызылорда облыс­тық білім бас­­қармасы мамандары жауаптарын қайтар­ды.

  - Қазіргі уақытта педагог қызмет­керлер біліктілік санатына байланысты аттес­тациядан өтіп жатыр. Педагогтардың айтуларын­ша, қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіліпті. Жаңа бекітілген ереже бойынша біліктілік санатына өту үшін педагогтарға қандай талаптар қойылады?

   - 27.01.2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №83 бұйрығына сәйкес Мек­тепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы ор­та, техникалық және кәсіптік, орта білімнен ке­йінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асы­ратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педа­гог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлға­лар­ды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілді.

  Сондай-ақ, Жаңа бекітілген ереже бойынша бі­лік­тілік санатына өту үшін педагогтардың құжат­тарын қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы №632 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы ор­та, техникалық және кәсіптік, орта білімнен ке­йінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санат­та­рын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткі­зуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүр­гізілуде.

   - Жаңа ережеде әр 5 жыл өткен сайын біліктілік са­­натын растау талап етілмейтін көрінеді. Осы қан­ша­­лықты рас?! Ол ережеде нақты бекітілген бе? Жаңа ере­­женің білім сапасын арттыруға етер әсері, қосар үлесі қандай?

   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұй­ры­ғының 2-қосымшасы 23-тармағында педагог қыз­меткерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттары Қазақстан Республикасының бар­лық аумақтарында бес жыл бойы сақталады. Педагогикалық салада Қазақстан Республикасының шегінде жаңа жұмысқа ауысқан кезде педагог қыз­меткерлердің қазіргі кездегі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады деп көр­сетілген.

     Аттестаттау педагог қызметкер мен оларға теңес­тірілген тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес­тігін оның кәсіби құзыреттілігін бағалау негізінде анықтау мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымда­ры­ның педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өт­кізу кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін жүр­гізіледі.

   

    Білім саласына қатысты сұрақтар көп. Әлеуметті алаңдатқан саладағы сұрақтарға орай ҚР Білім және ғылым министрлігі ресми сай­тында жолданған сауалдарға жауап жол­дайды. Бүгінгі тақырып ұстаздардың оқу жүкте­мелеріне қатысты өрбіп отыр.

   Бастауыш сынып оқушыларының пси­хо­логиялық және физикалық жүкте­ме­лерін, жас ерекшеліктері есебін ескере отырып, аптасына 3 сағат жүргізілетін "Дене шынықтыру" пәнін бастауыш сынып мұғаліміне жүргізу ұсыны­лады. Нәтижесінде - бастауыш сынып мұғалі­мі­нің ап­талық жүктемесі 18-19 сағатты құ­райды. Сауат ашу 6 сағат, математика  4 сағат, жа­ра­ты­лыс­тану  1 сағат,   дүние тану 1 сағат, өзін-өзі та­ну 1  сағат, көркем еңбек 1 сағат,  дене шы­нықтыру 1 сағат сондай-ақ вариативті ком­понент (дамыту мақса­тындағы сабақтар) 2 сағат.

Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігі

     Ағзалар донорлығы мәселесі кез келген жан үшін жеңіл қабылданатын шешім емес. Бұл бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады, себебі мұндай жағдай әр адам­ның басынан өтуі мүмкін. Объективті шешім қабылдау үшін тиісті ақпа­раттан хабары бар адамның маңызды рөл ойнайтын саласы. Бір адамның қабыл­даған шешімі басқа бірнеше адамның өмірін құтқарып қалуы мүмкін. Кейбір адам­дар үшін жалғыз ықтимал ем ағзаларды немесе тіндерді ауыстырып қон­дыру. Ал өмірден өткен адам 7 адамның өмірін құтқарып қалуына мүмкіндігі бар. Көбіне ағзалар донорлығымен трансплантация стереотиптілікпен және үрей­мен ілеседі. Төмендегі ақпаратта сіздің шешім қабылдауыңызға түрткі бо­лар кейбір сұрақтардың жауабы қамтылған. Шешім қабылдау кезінде транс­план­тацияға мұқтаж жанның орнында әркімнің болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн.

 

Ағзалар трансплантациясы заңды ма?

     Қазақстанда донордың ағзаларын алу және транспланттау заңға сәй­кес жүзе­ге асырылады. Донорлық пен транс­­­­плантация "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексімен жә­не ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің заңға тәуелді актілермен реттеледі.

 

Кімнің ағзалары донор бола алады?

     Трансплантация мақ­сатында ағзалар доноры ретінде тірі адамның мәйіті бола алады. Қазақстанда ағзалардың басым көпші­лігі мәйіт­терден алынады, мұн­дай­да мидың өлімі белгіленуі тиіс.

 

Мидың өлімі деген не?

    Мидың өлімі (бас миы­ның қайтымсыз өлі­-­мі) - жұмыс жасайтын жү­рек және өкпені мәж­бүрлі вентиляциялау кезінде тіркелетін бас ми функцияларының то­лық және қайтарымсыз тоқтау күйі. Ми­дың өлі­мі адамның өлімі­мен теңдеседі. Мидың өлі­мін белгілеу негізінде өлім жазасы туралы қо­рытынды беріледі.

 

Тірі ағза донорлары

     Тірі ағза ретінде реципиентпен генетикалық бай­ланысы немесе тін үйлесімдігі бар тұлға бола алады. Тірі донор жан-жақты медициналық тексеруден өтіп, консилиумнан оның ті­нін немесе ағзаларын алу мүмкіндігі туралы қо­рытынды алу қажет. Тірі донордан ағзаларды алу оның нотариалдық куәландырылған жаз­баша келісімімен жү­зеге асырылуы мүмкін.

Тірі донорлардан қандай ағзаларды ауыстырып қондыруға болады?

    Трансплантация мақ­са­тында тірі донордан жұп ағзалардың тек біреуі ғана, ағзаның бір бөлігі немесе тіні алынуы мүмкін, олардың болмауы денсаулықтағы бүйрек, бауырдың бір бө­лігі үшін қайтымсыз бұзылуға әкелмейді.

 

Қайтыс болғаннан кейінгі ағзалар донорлығы

     "Халық денсаулығы жә­не денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне сәйкес, егер денсаулық сақтау ұйы­мы мәйіт­тен ағзаларды алу сәтінде аталмыш тұлғаның тірі кезінде не­месе оның жұбайы(зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілі оның тіндері мен ағзаларды алуға жол берілмейді.

     Басқаша айтқанда, Қазақстанның барлық азаматтары қаза болғаннан кейін донор ретінде қа­ралады, бірақ тікелей ке­ліспеген жағдайларды қоспағанда. Әлеу­меттік тә­­жірибеде жү­йе "келі­сім презумпция­сы" қа­ғи­­дасы ретінде си­патталады, мұн­да бас тарту ту­­ралы мәлі­меттер адамның келісімін болжайды.

     Қазақстанда қаза бол­ған адамның еркін жақын туыстарынан, жұ­ба­йынан (зайыбынан) немесе заңды өкілін бі­лу­ге болады. Сондықтан қа­за­дан кейін донор бол­­ғысы келген тұл­ғалар тірі кезінде шешім қа­был­дап, бұл туралы жұ­ба­йы(зайыбы), жақын туыстарын немесе заңды өкіл­дерін хабардар ету қажет.

 

Кімдер жақын туыстары және заңды тұлғалары болып саналады?

    Заңнамаға сәйкес жа­қын туыстар ата-ана (әке), асырап алушы (асы­рап алушылар), асырап алынған балалар, бір әке-шешеден туған және бір әке-шешеден тумаған аға-сіңілілер, ата-әжелер, немерелері болып табылады. Заңды өкілдерге мыналар жатады: ата-аналар(әке), асы­рап алушы (асырап алу­шылар), қамқоршы немесе жанашыр, патронаж тәрбиеші және олардың ор­нындағы басқа тұлғалар.

 

Мәйіттердің қандай ағзалары мен тіндерін ауыстырып қондыруға болады?

    Қаза болған адамда жү­­рек, бауыр, бүйрек, ұйқы безі, өкпе және аш ішектер, сондай-ақ тін­дер-көз­дің қасаң қабығы, сүйектер, сіңір­лер, жү­рек клапандары және т.б. сияқты ағзалар алынуы мүмкін.

 

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық шарттар қандай?

    Мәйіттен ағзаларды алу кезінде екі қағида шар­ттарды сақтаған жөн:

    1. Мидың өлімін белгілеу.

  2.  Қайтыс болған адам­ның тірі кезінде донорлықтан бас тартуы, не оның жұбайы(зайыбының), жақын туыстарының және заңды өкіл­дерінің бас тартуы туралы мәлімдемесінің болмауы.

 

     Ағзаларды сатып алу-сатуға, мәжбүрлі түрде алуға рұқсат етіледі ме?

   Адамның ағзаларын мәж­бүрлі түрде алуға және оларды ауыстырып қондыруға тыйым салынады және заң бойынша қудаланады. Адамның ағзаларын сатып алу-сатуға тыйым салынады.

Лиза

НҰРСҰЛТАНОВА,

бас нефролог, бүйрек бөлімшесінің меңгерушісі

   Жақында ҚР Денсау­лық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұ­мыссыз жастарды "Жұ­мыспен қамту" бағдарламасы аясында ағылшын тіліне және ком­пью­терлік сауаттылық­қа оқытуды ұсынды.

   "Біз оқуға түсе алмаған, оқу бітірген соң жұмысқа орналаса алмаған жастарды компьютерлік сауаттылыққа, ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне үйретуді ұсынамыз", - деді Т. Дүйсенова.

   Министр, жастар тә­жірибесі аясында берілетін жалақыны 38 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін жоғарылатуды ұсын­ды.

   "Үшіншіден, ҰБТ-ның шекті деңгейін ала алмаған мектеп бітірушілері үшін кәсіби жұ­мысшы мамандықтары бо­йынша, жұмыс беруші­лердің ұсынысымен төле­нетін 12 айлық оқы­туды енгізу қажет деп санаймыз", - деді денсаулық сақ­тау және әлеуметтік даму министрі.

   Оның айтуынша, атал­ған ұсыныстарды қа­былдау үшін қажетті тиіс­ті есептеу жұмыстары бір апта ішінде дайын болатынын xабар­ла­ды.

   "Тағы бір ұсыныс, теx­ни­калық және кәсіби бі­лім беру мекемелеріне, кол­ледждерге түсе алмаған жастарды еліміздің Қарулы күштеріне тарту бойынша жұмысты Қорғаныс министрлігімен жасақтау қажет деп ойлаймын. Осының аясында құрылыс батальондарын құру тәжірибесін жан­дандыруға болар еді және соның аясында ма­ман­дарымыз жетпей жат­қан салаларға бағыттауға болады", -деді министр Т.Дүйсенова.

«Ұстаз-ақпарат»

     Бүгінгідей сананы тұрмыс билеген заманда халық үшін маңдай тер еңбектің құны қымбат. Біреу базардан береке табады, біреу құрылыс жағалап нәпақа іздейді, ендігі бірі кең кеңседе отырып жалақыға жетеді. Жалақыдан жалақыға жығылып жететіндер де аз емес. Елімізде экономикалық белсенді халық саны жылдан-жылға артып келеді. Еңбекке деген белсенділік зейнетақы төлемдерінің ұлғаюына мүмкіндік береді. Жылдан-жылға өзгерістермен толықтырылып отыратын "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету" заңында базалық зейнетақының төлем тәртібі туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитететінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Фарида Қамитбекқызына жолығып, зейнетақы заңындағы жаңалықтарды сұрадық.

      Маманның айтуынша, бүгінде барлық зейнеткер еңбек өтіліне қарамастан 11965 теңге мөлшерінде бірдей базалық зейнетақы алады. Енді екі жылдан кейін, яғни 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу тәжірибесі мен еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Демек, адам көбірек жұмыс жасаған сайын оның жинақтаушы және бюджеттік қаражат есебінен төленетін базалық зейнетақысы арта береді.

   - Егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жыл және одан кем немесе еңбек өтілі жоқ болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Ал, 10 жылдан артық жұмыс жасағандарға әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады. Еңбек өтілі 20 жыл болса 70 пайызға, 30 жыл көлеміндегілерге 90 пайыз, 35 жылдан асқан еңбеккерлерге 100 пайыз базалық зейнетақы тағайындалады,-дейді Фарида Едігеева.

    Ұзақ жылдардан бері әлеуметтік салада қызмет етіп келе жатқан Фарида Қамитбекқызы мұнымен қоса ынтымақтық зейнетақы жүйесінде орын алған бірқатар өзгерістер барын түсіндірді.

   

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер