Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 05 Шілде 2016 12:45

2018 ЖЫЛДАН БАСТАП БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

     Бүгінгідей сананы тұрмыс билеген заманда халық үшін маңдай тер еңбектің құны қымбат. Біреу базардан береке табады, біреу құрылыс жағалап нәпақа іздейді, ендігі бірі кең кеңседе отырып жалақыға жетеді. Жалақыдан жалақыға жығылып жететіндер де аз емес. Елімізде экономикалық белсенді халық саны жылдан-жылға артып келеді. Еңбекке деген белсенділік зейнетақы төлемдерінің ұлғаюына мүмкіндік береді. Жылдан-жылға өзгерістермен толықтырылып отыратын "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету" заңында базалық зейнетақының төлем тәртібі туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитететінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Фарида Қамитбекқызына жолығып, зейнетақы заңындағы жаңалықтарды сұрадық.

      Маманның айтуынша, бүгінде барлық зейнеткер еңбек өтіліне қарамастан 11965 теңге мөлшерінде бірдей базалық зейнетақы алады. Енді екі жылдан кейін, яғни 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу тәжірибесі мен еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Демек, адам көбірек жұмыс жасаған сайын оның жинақтаушы және бюджеттік қаражат есебінен төленетін базалық зейнетақысы арта береді.

   - Егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жыл және одан кем немесе еңбек өтілі жоқ болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Ал, 10 жылдан артық жұмыс жасағандарға әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады. Еңбек өтілі 20 жыл болса 70 пайызға, 30 жыл көлеміндегілерге 90 пайыз, 35 жылдан асқан еңбеккерлерге 100 пайыз базалық зейнетақы тағайындалады,-дейді Фарида Едігеева.

    Ұзақ жылдардан бері әлеуметтік салада қызмет етіп келе жатқан Фарида Қамитбекқызы мұнымен қоса ынтымақтық зейнетақы жүйесінде орын алған бірқатар өзгерістер барын түсіндірді.

   

"ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін кемінде 5 жыл тұрған азаматтар ҚР Заңына сәйкес, ерлер 50 жасқа жеткенде, жалпы еңбек өтілі 25 жыл, әйелдер 45 жасқа жеткенде, жалпы еңбек тәжірибесі 20 жыл болған жағдайда зейнетақы тағайындалады.

     Департаменттің бөлім басшысының сөзінше, бұрынғы заң бойынша аталған аймақта тұру уа­қыты 10 жыл болса, жаңа заң бойынша бұл мерзім 5 жылға қысқартылған.

    Сонымен қатар жаңа заңдылықтың жаңалығы көп балалы аналарға қатысты. Бүгінгі қолданыстағы енгізілген заңның 11-бабының 3-тармағы бойынша 5 және одан да көп бала туған, асырап алған, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жастан зейнеткерлікке шығуға құқылы. Ескеретіні, бұл жағдайда бала 8 жасқа дейін асырап алынуы керек.

      Тағы бір өзгеріс. Енді қазақстандықтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналған қаражатты мерзімінен бұрын ала алады. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ҚР ағымдағы заңнамасында зейнетақы қорындағы қаражат жеткілікті көлемде жинақталған жағдайда, зейнетақылық ануитетті зейнеткерлік жасқа жетпей алуға бола­тындығы қарастырылғандығын атап өтті.

    - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану мүмкіндігі заң жүзінде қарастырылған. Дегенмен, бұл мәселені біз қазір терең зерттеп жатырмыз. Мұндай мүмкіндік қазақстандықтар үшін болашақта тиімді болар еді. Өйткені, қазірдің өзінде өздеріне жеткілікті қаражат жинағандар бар. Олар өздерін зейнет жасына жеткен соң қамтамасыз ете алады,-дейді ол.

      Әзірге бұл мәселе Үкімет қарауында жатыр. Нақты қабылданған шешімді Ұлттық банк төрағасы алдағы уақытта мәлім етпек.

А.ҚАРАКЕСЕК

 

 

Оқылды: 1883 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 05 Шілде 2016 12:52
Осы категориядағы басқа материалдар: Оқуға түсе алмаған жұмыссыз жастарға жағдай жасалмақ »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C