Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Шабыт

Шабыт (8)

Бейсенбі, 12 Қазан 2017 09:42

ӨЛЕҢ – МЕНІҢ ӨМІРІМ...

| Автор: 

Серігім менің өмірлік

Тағдырдың көрдім небірін,

"Қоласын" да, "темірін".

Өксігімді басатын,

Өлең  - менің өмірім...

 

Өлең - менің бар мұңым,

Өлең - менің тағдырым.

Құс қиялмен қосылып,

Білдірмейтін барлығын.

 

Жаныма өлең жұбаныш,

Әкелер демде қуаныш.

Қайғыны кейде сезінем,

Кеткендей ұзап тым алыс.

 

Құс та тастап кетпейді,

Сапарлас болған серігін.

Өлеңге өзге жетпейді,

Өмірлік өлең серігім...

 

Алғашқы сезім

Алғашқы сезім - ақ сезім,

Балауса нағыз нәзік гүл.

Санадан өшпес пәк сезім,

Қағылған мәңгі қазық бұл.

 

Дүйсенбі, 07 Тамыз 2017 09:47

Баға бағамдары

| Автор: 

0 деген баға ауыр,

1 мен 2-ге бауыр.

Тәртібі де тым төмен,

Бірақ, 0-ден тәуір.

 

3-ке келсек нақтырақ,

Ажарлап айтсақ  жақсылап.

Алдағы 1 мен 2-ден,

Жаман емес, жақсырақ.

 

Жұма, 21 Шілде 2017 13:19

Мен енді үйленемін

| Автор: 

Жас жұбайым бұл менің жанымдағы,

Түсінемін шынымен бағым бәрі.

Табылғаны маған да бір тұсаудың,

Қимай тұрмын жастық шақ бәріңді әлі.

 

Содан бастап ақ таң да атқан лезде,

Біздің жүрек жақсыға жаққан кезбе.

Мойыныма қыл арқан салынар ма,

Саусағыма алтынды таққан кезде.

 

Бізді өсер деп, сол шақта ойлапты кім?

Болар тойды бүгіннен тойлапты мың.

Көкжиектен бататын күн сияқты,

Қолын бұлғап барады бойдақтығым.

 

Жігіт ек жақсы жандар көзге ілетін,

Бөтен жерде болмайды өзге де түн.

Телефонда сақталған қыздар аты,

Болды ғой "сварщик" деп өзгеретін.

 

 

Бейсенбі, 19 Қаңтар 2017 12:59

ҰСТАЗЫМДЫ ҮЛГІ ТҰТАМЫН

| Автор: 

         Мұғалімнің жұмысы сырттай өте қарапайым бол­ға­нымен, тарихтағы ең ұлы істің бірі. Ұстаз-барлық әлем­дегі жердің бетін көркейткен,  шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана десемде қателеспеймін.

    9-сыныпты бітіріп, колледжге қалаған маманды­ғым бойынша оқуға түскен күннен бастап, мектептегі алған біліміме үстеме өмірде өз жолымды табуға, өмірге жарқын көзқараспен қарауға үйреткен, қазақ әде­биетінің маманы, ұстазым Гүлжаһан Мнажадинова.

     Өнегесінен шәкірттері нәр алып, шуақты жүзіне мейірім ұялаған ұстаздар қай кезде де құрметке лайық деп білемін.


ҰСТАЗЫМА

 Ұстаздарым иесі ол ғаламның,

Ұстаз деген анасы барша адамның.

Бүкіл әлем мойындаған еңбегін,

Ақ ниетті пәк сезімнен жаралдың.

 

Ұстаздарды құрметтеймін мәңгілік,

Ұстаз сөзі жайнап тұрар жаңғырып.

Ұстаз деген кешірімді келеді,

Жасасақ та кейде біздер сан қылық.

 

Көрінесіз ұстаз шексіз ғалам боп,

Жүрегімде екінші бір анам боп.

Бітірерміз міне енді колледжді,

Қоштасамын сіздерменен амал жоқ.

 

Сырларым бар айтылмаған көп менің,

Биіктерге өзіңізбен жеткенмін.

Еңбек етіп үлес қосам еліме,

Тәуелсіздік туы биік текті елім.

 

Желтоқсанды естігенде күрсіндік,

Сіздер оны көрдіңіздер бұл шындық.

Қыршын кетіп аты аңызға айналған,

Өрімдей жас өтті өмірден бұл сұмдық.

 

Ұнамайды сізге білем мақтаған,

Мақтамаймын, мен сізбенен мақтанам.

Көп нәрсені үйреттіңіз ерінбей,

Мақтаған да кезіңіз бар, жақтаған.

 

Біздер үшін ерен еңбек еттіңіз,

Еңбекпенен осы күнге жеттіңіз.

Ұзақ өмір тілеймін мен мол табыс,

Шәкірттерге талай терді төктіңіз.

 

 

Тәуелсіздік - тұғырым


Тәуелсіздік - халқымның бостандығы,

Бейбіт өмір сүріп бір жатқандығы.

Сан ғасырлық тарихтың нәтижесі,

Дамуға ерен үлес қосқандығы.

 

Тәуелсіздік келген жоқ оңайлықпен,

Бабалар бұл арманды көптен күткен.

Көк туымыз желбіреп көгімізде,

Мәңгілікке мирас болып бізге жеткен.

 

Біз тәуелсіз қазақтың жастарымыз,

Ашық болсын арайлы аспанымыз.

Қазақ елі келешек кемелденіп,

Бірлігіміз нығайсын, достығымыз.

 

Гүлденді әсем қала Астанамыз,

Көркеюде әлі де бас қаламыз.

ЭКСПО-да елімді әлем танып,

Талай істі біздер де басқарамыз.

 

Білімді жастармыз жалындаған,

Қазақтан шыққан талай ғалым, данам.

Елін, жерін мұра етіп мәңгілікке,

Ұрпағына қалдырған ата-бабам.

Жайна МАЖИТОВА

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда

аграрлық-техникалық колледжінің студенті

 

Сәрсенбі, 18 Қаңтар 2017 06:34

Жүректен шыққан жыр

| Автор: 

ЖАҢА ЖЫЛ

Ақ шапаққа бөленіпті

Дала нұр.

Ақ ұлпаға ораныпты

Қыр-адыр.

О, халайық,қуанайық

Қарсы алып,

Келіп қапты

Мерекелі Жаңа жыл!

Хош келдіңіз,тағы бізге жыл басы!

Қазағымның

Өрлей берсін Ордасы.

Қолдай берші

Қазыналы еліңді,

Қазағыма қорған болып,

Елбасы.

Байтақ елдің молайсыншы

Ырзығы,

Тани берсін қазақ елін

Жер жүзі.

Құтты болсын  тәуелсіздік

Әкелген,

Нұрлы таңның,

Биылғы жиырма бес  жылдығы.

О, қазағым, мұнан да зор

Өрлей бер,

Құлашынды шың-қияға

Сермей бер.

Ғасыр соңы -

Елу миллионға  жуықтап,

Көш түзетер

Табыс жүгін теңдей бер.

Ұзақ сонар

Ашылып бір жол алдан,

Көбейе түс, сырттан келер

Оралман.

Әкеле бер мол табыстар

Еліме,

Жерде мына түлеп,

Қайта жаңарған.

 

 

АҚША ҚАРҒА АҚ ТІЛЕК

Жаңа жылда қар ұшқындап жапалақ,

Ұрып қолды қуанамыз шапалақ.

Биік қырдан ойға қарай сырғимыз,

Темір табан, ағаш ерлі шананы ап.

Бәйгелерге түскендей бір сәйгүлік,

Әр шананың арттарына мінгізіп.

Божыларды ұстатамыз оларға,

Ал шананы ешбір атсыз жүргізіп.

Жаңа жылдан басталады, ой, қызық,

Аулап балық, қалың мұзды ойғызып.

Аулаларға ақ қалалар жасаймыз,

Қатырамыз шелекпен су құйғызып.

Жаңа жылда тазарады саф ауа,

Аппақ көрпе жамылады Жер-Ана.

Ақ теректер, сүмбіл талдар мүлгиді,

Аяз сүйіп, соққан желмен самала.

Қызарады қалып орны бетіңде,

Ықтайды мал жүрмей желдің өтінде.

Түн баласы иттер тыным таппайды,

Үріп, қорып жүрер ауыл шетінде.

Ою салып терезеге қыраулар,

Түлкі, қоян қарға ұлпа, мың аунар.

Қар бар жерде құлпырады бәрі де,

Ал ол жоқта көбейеді "тұмаулар",

Ішеміз шай қыста, жазғы бал қосқан,

Қысқа күнде ойнап ойын тынбастан.

Аула, қора тазалаймыз күн сайын,

Қиын ойып малдың астын сыз басқан.

Жер бетінде қарлар жауса керемет,

Болар ертең елге байлық, берекет.

Ақ тілегім, ақша қарлар, ақ алтын,

Жауа берсін, жер бетіне себелеп.

Баян ОРТАЕВА,

№189 орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі

 

 

Ұстаздарға тілек

  Бар байлығым шәкірттерім дейтін ұстаздарымыздың ден­деріне саулық, отбасы бірлігі мен амандығын, ең­бек­теріне табыс тілейміз.

Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы,

Біздің мектеп - мейірімнің тұрағы.

Білім берген үлкен-кіші апайлар,

Ұлтымыздың жанып тұрған шырағы.

Тазалық та, тәрбие де, тәртіп те,

Үшеуі де сақталады мектепте.

№ 278 орта мектебінің

6 "А" сынып оқушылары

 

 Сыныбым - мақтанышым

    Біздің сынып жан-жақты әрі талантқа толы. Оқу жы­лы жа­ғымды жаңалықтарға толы болды. Қала мек­теп­терінің ара­сында өткізілген "Күзгі балл" конкур­сы­на қа­ты­сып, жүлделі І орынды Бақберген Сейтжапбар мен Қарақат Ал­манатқызы ие­ленсе, облыстық спорттық са­йыста жүлделі І орынды ие­лен­ген Теңізбай Батыр рес­пуб­ликалық сайысқа жол­дама ал­ды. Сыныптастарым түр­лі үйірмелерге қатысады. "Айбат" то­бы түрлі іс-ша­ра­ларда ән салады, қыздарымыз мың бұ­­ралып билегенде көп­шілік риза болады. Көркем сурет­тер­мен таң қал­ды­ра­ды. Мен осы сыныпта оқығаныма қуаныш­ты­мын. Шын жүректен алғашқы ұстазыма мың алғыс ай­тамын.

Диана АСЫЛБЕКОВА,

6 "А" сынып оқушысы

 

 Ұстазыма

Білімнің ордасына жетелеген,

"Шәкірттерді білімді етем" деген.

Ешқашан ауырмашы, сырқамашы,

Мен сенің арманыңды биік етем.

 

Анамыздай жанашыр асыл адам,

Мен сенің нұсқауыңнан тәлім алам.

Еңбегіңнің жемісін көру үшін,

Білімнің биігіне қанат қағам.

 

Ұстазым, ұлағатты ұлы арманым,

Мен сенің сөздеріңнен үлгі аламын.

Асқар таудай көрмесем бейнеңізді,

Ештеңе өндірместен құр қаламын.

 

Ұстазым ұлы шыңның нұсқаушысы,

Адалдықтың көк туын ұстаушысы.

Шәкірттері сол шыңды бағындырса,

Болар еді шәкіртінің қолдаушысы.

Дильназ ӘМІРБЕК,

7 "Б" оқушысы

 Ана тілім

Ана тілім - асқақтаған айбыным,

Ана тілім - ғажап тілім байлығым.

Тіліміздің өлместігін мәңгіге

Мойындаған барша әлем дәл бүгін.

 

Ана тілдей тіл бар ма мынау әлемде?

Әрбір сөзі шоқ басқандай көңілге.

Ата-бабам сақтап келген Ана тіл

Басты тіл боп мәңгі қалар соны біл.

 

Тіл дегенім мөлдір таза бұлақтай,

Тіл дегенім мәңгі сөнбес шырақтай.

Тіл дегенім мың бұралған даңғыл жол,

Сол ғажаптың жанашыры өзің бол!

 

Ана тілім ғажап тіл берекелі, еңселі,

Туған тілім құрметтеймін, аялаймын мен сені.

Мына біздей рухы биік Қазақ елі тұрғанда,

Шет елде де жасай бер қазақ тілі, мен сенем.

Ақжүніс АБИБУЛЛАЕВА,

7 "Ә" сынып оқушысы

 Тіл

Түсінсең осы мән-жайды,

Тілімізді білмеу болмайды.

Тілді білмей жастарым,

Келешекті қалай қорғайды.

 

Бар еді менің айтарым,

Келмейді-ау кейде байқағың.

Сағынып жеткен азаттық

Тілімізді жүр мазақ қып.

 

Жүреді біреулер шаттанып,

Шұбарлап сөйлеп мақтанып.

Өз тіліңді, дініңді біліп жүр

Алдыңда көп міндет, мақсат тұр.

 

Мен қазақпын тіліне бай,

Мен қазақпын дініне бай.

Тілімізді мадақтап,

Жүреміз қалай қуанбай.

Аружан ЖАМБЫЛ,

7 "А" сынып оқушысы

 Ана тілі 

Ана тілі - асыл күні бабамның,

Қуатым бар ақ сүтіндей анамның,

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен балаңмын.

 

Қазақ болып туғаныма мақтанам,

Қазақ болып жүрегіммен шаттанам.

Туған тілде таза сөйлеп, мадақтап,

Мәңгілікке қазақ болып мен қалам.

 

Ана тілім - дана тілім, бақ тілім,

Асыр салып, шаттанатын шақ бүгін.

Өсірген ой-білімді,

Сүйемін туған тілімді.

Диас ҚОЙШЫБАЕВ,

7 "Б" сынып оқушысы

 

Жұма, 27 Мамыр 2016 06:33

ТІЛГЕ ТІЛЕК

| Автор: 

Тәуелсіздік алғанша тілім менің,

Бодандықта болғанда білінбедің.

Ормандардың өктемі басым болып,

Қоғадай боп көзге тым ілінбедің.

 

Бойдағы оянғанда ұйқы сезім,

Енді өзіңді ерекше сергек сезін!

Сайда емес самалмен қыраттағы,

Қызғалдақтай құлпырар келді кезің...

Біреу қолдау көрсетпес көктен келіп,

Құлпыра түс тұрғанда көктем келіп...

Сақ болғайсың санаңды шырмауықтай,

Шырмап алып жүрмесін шеттен келіп.

 

Сенің ешкім көрмесін көргеніңді,

Мен де қақсай бермейін көргенімді.

Қара суық тап болып қазан ұрмай,

Өмір бойы жая бер өркеніңді!..

Менің атам Тұтқыш Аймағанбетов 1889 жылы Шымкент облысы, Созақ ауданы Тасты совхозында дүниеге келген. Соғыс жылдары кезінде ауылдың әкімі болған. Ал, әжем Ханшайым Мамекеева 1917 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1941-1945 жылдары әжем мен атам соғыстағы жауынгерлерге көмек ретінде азық-түлік, тон, етік, жүншұлық жіберген.

Нағашы атам туралы айтсам, Зейнолла Үмбетов (суреттегі кісі) 1910 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол кісі үлкен оқу орнын бітірген. 1941 жылы соғысқа кетіп, әскери бастық болған.Соғыстан аман-есен оралып, Шиелідегі Пушкин атындағы мектепте директор қызметін атқарған. Ал, нағашы әжем Бейбарагүл Ахметова 1922 жылы Аралда дүниеге келген. Менің нағашы әжемнің жасаған жақсылығы, жүншұлық, қолғап тоқып майданға жіберген. Әжемнің әкесі балықшы болған, соғыстың кезінде Лениннің өтінішімен Поволжье халқына 17 вагон балық жіберуге атсалысқан. Сол кезде әжем де күні-түні вагонға балық тиесуге көмектескен. Менің ата-әжелерім осындай үлгілі кісілер болған. Оларды мәңгі есте сақтап, мақтан етіп жүремін.

Гүлдана Аймағанбет,

№120 Жамбыл атындағы орта мектебінің 2 «б» сыныбы оқушысы

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер