Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Дүйсенбі, 26 Наурыз 2018 05:14

Қызылордам

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Қызылордам – сүйікті менің қалам,

Ғимараттар көркейген әсем ғалам.

Тарихы бар екі жүз жыл қойнауында,

Арнасын жыр өзіңе бүгін балаң.

 

Қорқыт баба қобызын сарнатқанда,

Жел бағыттан жаңылып, ұмытқанда.

Кезеді түрлі әуен сырды бүккен,

Тыңдарсың көңілмен ұғып қана.

 

 

Жыр, терменің айнымайтын ордасы,

Ұзаққа шабар ақындардың додасы.

Сөзіне, өзіне де қасиет қонған,

Көсемдердің бас қосқан елордасы.

 

Ақ күрішті, мұнайлы жерім қандай!

Дархан пейіл, кең көңіл елім қандай!

Қарияны көреді киелім деп,

Сыйлайды аналары ерін хандай!

 

Деген екен жерімен ел көгерер,

Алыс кетсем бағаң да арта берер.

Қызылорда, гүлденіп, жайнай берші!

Жер жоқ мына жаһанда саған жетер!

Назерке ЕРБОЛАТОВА,

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің оқушысы

Қараөзек ауылы

Оқылды: 77 рет Соңғы рет өзгертілді: Дүйсенбі, 26 Наурыз 2018 05:41
Осы категориядағы басқа материалдар: « ӨЛЕҢ – МЕНІҢ ӨМІРІМ...

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C