Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 21 Шілде 2017 13:19

Мен енді үйленемін

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жас жұбайым бұл менің жанымдағы,

Түсінемін шынымен бағым бәрі.

Табылғаны маған да бір тұсаудың,

Қимай тұрмын жастық шақ бәріңді әлі.

 

Содан бастап ақ таң да атқан лезде,

Біздің жүрек жақсыға жаққан кезбе.

Мойыныма қыл арқан салынар ма,

Саусағыма алтынды таққан кезде.

 

Бізді өсер деп, сол шақта ойлапты кім?

Болар тойды бүгіннен тойлапты мың.

Көкжиектен бататын күн сияқты,

Қолын бұлғап барады бойдақтығым.

 

Жігіт ек жақсы жандар көзге ілетін,

Бөтен жерде болмайды өзге де түн.

Телефонда сақталған қыздар аты,

Болды ғой "сварщик" деп өзгеретін.

 

 

Келінді де кербез қып таңдайды үйің,

Өзге жанға арналған қалмай сыйың.

Аяқталмай жатқанда жоспарларың,

Аяқ асты үйленген қандай қиын?!

 

Тәтті дәмді әлде де тата аламыз,

Үйленгендер тағдыры қатал аңыз.

Келін кезі есіне түсер ме екен,

Келін жұмсап жатқанда ата-анамыз.

 

Жастықтың қызығына тоямын ба?

Жігерленем, жалқаулықты жоямын да.

Таныстардың қатарын көбейтемін,

Үш жұртымды түгендеп қоямын да.

 

Алдағымда болатын серім-сенім,

Жігерленем көңілден жеңілсе мұң.

Бүкіл әлем бақытын тілейтіндей,

Сәлем салып тұрғанда келіншегім.

 

"Отбасылық" дегенді ұқпайтынмын,

От басып қалмауға да мықтайтын тым.

Жастық шақта қол бұлғап бара жатыр,

Құс жастықты құшақтап ұйықтайтын түн.

 

Жігіттіктің шыңынан түспей шыдап,

Басқа арнаға өмірді күштей бұрап.

Бойдақтықты қимайтын сияқты ма,

Бір күрсініп аламын, іштей бірақ.

 

Ұғынып көңілімнің күйбелеңін,

Мен де бір ерте есейген күйге енемін.

Беріліп шын сұлуды сүйген едім,

Сол аруға,

Мен енді үйленемін!

Айдар Әділжанұлы

 

 

Оқылды: 271 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ҰСТАЗЫМДЫ ҮЛГІ ТҰТАМЫН Баға бағамдары »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C