Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Дүйсенбі, 07 Тамыз 2017 09:47

Баға бағамдары

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

0 деген баға ауыр,

1 мен 2-ге бауыр.

Тәртібі де тым төмен,

Бірақ, 0-ден тәуір.

 

3-ке келсек нақтырақ,

Ажарлап айтсақ  жақсылап.

Алдағы 1 мен 2-ден,

Жаман емес, жақсырақ.

 

 

Мүмкін емес еленбеу,

Толық 4-те кемелдеу.

Бар айыбы бірақ та,

Бір саты 5-тен төмендеу.

 

Бәрінен де 5 жақсы,

Бұдан өтпес еш жақсы.

Тәртіпті келсе түзегің,

Еш-тен қалқам кеш жақсы.

Ойлан!

 

Тазшабала теңеуі

Ақша - алтын,

Дүние - күміс,

Табу салтым,

Теңге - тыныс...

Қарманасың,

Жалданасың,

Малданасың,

Алданасың...

Шамданасың,

Таңқаласың?!

Саған ауыр,

Оған жеңіл,

Еңіреп сен,

Мейлің егіл...

Көңілі - көмір,

Пейілі - темір,

Қалқам солай,

Қазіргі өмір...

 

Ар мен Ақша

Ар мен ақша

              арбасты,

Арбасу ұзақ  жалғасты.

Арға ақша әзілдеп,

Жағасына да жармасты.

Ысырып қойып ұсағын,

Ірі ақша ашты құшағын.

Түсірмек болып торына,

Арға құрды  тұзағын.

Күлді кейде долданды...

Қарсыласты, қорғанды.

"Арды сатып алам!"  деп,

Түрлі тәсіл қолданды...

Кейде тілі күрмелді,

Кейде тіпті  күңіренді.

Түсіру үшін тұзаққа,

Түлкі болып  түрленді.

Деп "жасықтық жасама!"

Тарқылдады тасаға.

Отырғызбақ алданса,

Арсыз деген ашаға.

Міне осылай,

Екеуі жүр шайқасып.

Бәрі емес, біреулер,

Жүр күштерін байқасып.

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ

Оқылды: 271 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мен енді үйленемін ӨЛЕҢ – МЕНІҢ ӨМІРІМ... »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C