Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 12 Қазан 2017 09:42

ӨЛЕҢ – МЕНІҢ ӨМІРІМ...

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Серігім менің өмірлік

Тағдырдың көрдім небірін,

"Қоласын" да, "темірін".

Өксігімді басатын,

Өлең  - менің өмірім...

 

Өлең - менің бар мұңым,

Өлең - менің тағдырым.

Құс қиялмен қосылып,

Білдірмейтін барлығын.

 

Жаныма өлең жұбаныш,

Әкелер демде қуаныш.

Қайғыны кейде сезінем,

Кеткендей ұзап тым алыс.

 

Құс та тастап кетпейді,

Сапарлас болған серігін.

Өлеңге өзге жетпейді,

Өмірлік өлең серігім...

 

Алғашқы сезім

Алғашқы сезім - ақ сезім,

Балауса нағыз нәзік гүл.

Санадан өшпес пәк сезім,

Қағылған мәңгі қазық бұл.

 

"Әліппе"

Дыбыстардың таңбасын,

Таныстырған "Әліппе".

Таңбасын біліп алғасын,

Құштар болдым әріпке...

 

Ұстаз

Еңбекқор жан елдегі, -

Ұстаздың ерен еңбегі...

Орнықтырған санаңа,

Сол берген білім сендегі.

 

Білімнің бастау бұлағы -

Біле білсең мектепте.

Сәуле берер шырағы,

Сол шырақтан шет кетпе.

 

Күз

Жапырақтар сарғайып,

Ағаштар неге реңсіз.

Қалды ма десем "қартайып",

Келіп қапты ау, күрең күз.

 

Ауыл өзені

Талдыда өзен сағасы,

Арнасы толы болатын.

Жиделі тоғай жағасы,

Құстар ұшып, қонатын.

Жағаға келіп кешкілік,

Жататын олар қонақтап.

Құстардың үні естіліп,

Бір тынбайтын толастап...

 

Таңсәріден тынымсыз,

Сайраушы еді бұлбұлы.

"Тоналған" тоғай түк үнсіз,

Бұлбұл да жоқ бұл күні.

 

Себебі, өзен сарқылған,

Сиреген тоғай бүгінде.

Табаны құрғап, тартылған,

Құм қалған қазір түбінде.

 

Бала сезім

Бала сезім - бал сезім,

Негізі - балдың нәрінде.

Бойдағы түгел бар сезім, -

Білгісі келер бәрін де.

 

Қала менен дала да,

Бәрі қызық балаға.

Көрсете білсек өнеге,

Өмірлік қалар санада...

 

Ғашықтық

Бір ғашықтық тұтанып,

Лап етіп бірден сөнеді.

Бар біреуі шын анық,

Бәріне төзіп, көнеді...

 

Лап етіп жанып сөнгені, -

Сенімсіз сезім тайғанақ...

Бәріне төзіп көнгені, -

Көрген емес тайғанап.

 

Тау бөктері

Тау тастары тұнып тұр,

Көп құпия сырларға...

Әлімсақтан "құлып" тұр,

Сыр ашпайды шыңдар да.

 

Ауасы шипа жанға жай,

Тамаша тау бөктері.

Шаруа менен малға жай,

Керемет майса көктеді.

 

Таулы аймаққа барғанда.

Тұрады тауға беттегім.

Болмайын деп арманда,

Бұрылмай оған кетпедім.

Балаға сұрақ

Байғыз, үкі, жарқанат,

Бұларда да бар қанат.

Түнде  ғана ұшады,

Күндіз неге ұшпайды?!

 

Аспан әлеміне саяхат

 

Айлы түнде

Айлы түн тым әсерлі,

Маңайдың бәрі мүлгіген.

Сезбейсің қауіп-қатерді,

Сүйемін солай түнді мен.

 

Жымыңдаған аспанда,

Жұлдыздармен

сырластым...

Ай төбеден асқанда,

Қиялменен қырды  астым...

 

Үркер шоқ жұлдызы

Болмайды деп бірікпей,

Бірін-бірі түртпей,

Топтасып бәрі бір жерге,

Тұрақтаған үрікпей.

 

Жеті қарақшы

Төртеуі төрт бұрышта,

Көктегі олар күзетші.

Үшеуі тұрмай бұрышқа,

Жетеуі жерді күзетті...

 

Шолпан жұлдызы

Сонау көкте тым қашық,

Таңсәріге шын ғашық,

Шолпан ұзақ тұрады,

Шұғыламен сырласып...

 

Көкжиектен күн шығып,

Арайлап таң атқанда.

Шолпан сұлу қымсынып,

Жол береді ақ таңға.

Қазыбек Әшірбекұлы

Оқылды: 77 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Баға бағамдары

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер