Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Дидар

Дидар (64)

Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:30

Киелі мекеннің мерейтойы

| Автор: 

   

    Ала жаздай төккен тер, еселі еңбек пен моншақтап төгілген маңдай тердің арқасында молшылыққа кенелудеміз. Тынымсыз еңбектің жемісі күздің осы бір кезінде көзге көрініп, ел мерейін асқақ ететіні ақи­қат. Даланы сары кілеммен көмкерген күз мезгілі диқаншылар мен егіншілер үшін үлкен мереке. Себебі қоңыр күз алқабын баптап, жылдық азығын еселеп еңсеріп алатын уақыт. Егінін жинап, төл басын көбейтіп, атадан қалған кәсіпті ел игілігі үшін нәсіп етіп отырған ең­бек ерлерінің осы бір қызметі құр­метке лайықты. Осы орайда Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойымен орайластырып, "Алтын күз - 2018" мерекесі тойланды. Киелі мекеннің төрінде өткен думан екі күн­ге созылды. Шиелінің шырайлы хал­қына мереке сыйлаған алтын күз жәрмеңкеден бастау алып, мәдени-танымдық іс-шаралармен жалғасын тапты.

   Молшылықтың символы болған "Алтын күз" мерекесі облысымыздың әр қиырында өзінше тойланды. Табиғаттың сарқылмас сыйынан сапалы өнім шығарып, кетпенін күнге сүйдіріп еңбектенетін шаруалар үшін күз мезгілінің берері мол. Маңдай терді қажет ететін еңбектің жемісін жәрмеңке арқылы көруге болады. Жыл сайын дәстүрге айнал­ған Алтын күз мерекесі Шиеліде ерекше аталып өтті. Қос мереке қарсаңында аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жиылған халық, өзіне керек өнім­ді алып, сауда сәнін келтірді. "Сапаржай" орталық автобекетте бір саппен тізіліп, жағалай орналасқан жиырма екі ауылдық округінің еңбеккерлері өздері шығарған өнімді аудан жұртшылығына ұсынды. Жергілікті ауыл шаруашылығының тауарлары 20 пайызға арзандатылған бағамен саудаға қойылғанын айта кетейік. Сондықтан да ауа-райы­ның салқындығына қарамастан аудан тойына келген халықтың қарасы қалың. Сапалы әрі табиғи өнімге қашанда сұраныс көп. Базар бағамынан бір­шама арзан сатылған азық-түлік тауарларына әрбір тұрғын таңдау жасап, қолға алған ақ қалтасын молшылыққа толтыруда. Әрине, бұл ауыл халқының еңбекті бағалап, сапасын саралап тіршілік ететіндігінің белгісі. "Алтын күз - 2018" мерекесі аясында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық өнімде­рінің жәрмеңкесіне аудан әкімі Әшім Оразбекұлы арнайы келіп, табан ақы тер төгіп, аянбай еңбек етіп келе жат­қан ауыл тұрғындарын мерекемен құт­тықтап, мол табыс тіледі. Келген қо­нақтар мен кент тұрғындары ел несібесін молайтқан ауылшаруашылық саласының азаматтарына өз алғыстарын білдірді. "Қыстың қамын жазда ойла" дегенді әдетке айнал­дыр­ған қазақ халқы жәрмеңкенің жәрдемімен өз үлесіне қол жеткізді. Отыздан астам өнім түрлері қойылып, 331,1 тонна өнімді саудаға шығарды. Осы ретте аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеде 2,4 тонна ет, 266 тонна көкөніс, 40 тонна бақша өнімдері, 7 тонна сүт өнімдері және 5 тонна балық сатыл­ған. Жалпы, биылғы жылы жәрмеңкеде 30 млн. 675 мың теңгенің өнімі саудаға шығарылған. Мерекелі күздің берекелі жәрмеңкесі қызу қарқынмен өткеніне куә болдық. Алтын күздің қуа­ныш сыйлай біл­генін әрбір тұрғынның жылы жүзі­нен  аңғаруға болады.

Сәрсенбі, 03 Қазан 2018 06:01

Тәнге түсер таңбаға сұраныс көп

| Автор: 

 

    Қазір елден ерекшеленіп, жұрттан даралану үшін Толағайдай тау қопарып, Желаяқтай желмен жедел ұшудың қажеті шамалы. Бәрі оңай. Керек десеңіз, ойға келген ойсыз қылықты да қызықты етіп, ел алдына ұсынсаңыз болады. Талайын көз көріп, құлақ естіп жүр. Сондықтан бірдеңеге таңқалып, таңырқау деген қасиет қазірдің өзінде тасада қалып жатыр. Қоғамда дара болып қалуды даналықпен емес, дарақылықпен түсінетін жастар көп. Денеге сурет салу, татуажбен тамаша болып көріну, пирсинг жасату, мұның барлығы тән сұлулығын жоғары қоятындар үшін жат дүние емес. Десе де тәнтаңбаның тамыры тереңге жайылып, күннен күнге сәнге айналуының өзі алаңдатарлық. Соңғы кезде "татуировка" термині ел аузында көп айтылып жүргені белгілі. Бұл дегеніміз халықтың қызығушылығы мен сұранысының артып келе жатқанын білдіртеді емес пе?

    Сән қуалаған жанның кез келген нәрседен мән іздеп жатуы екіталай. Елді еліктірген нәрсеге бірінші болып қадам басқанын мақ­тан көретіні де заңдылық. Көңі­лінен шықса көзді жұмып, әп-сәтте татуировка жасатуды да олжа кө­реді. Алайда, ешкім түп төркініне көңіл аударып жатқан жоқ. Деректерге сүйенсек, татуировка ежелгі көне тайпа өкілдерінің ұлттық ерекшелігі ретінде саналған көрінеді. Ал, кей тайпаларда жазаланған адам­ның денесіне осылай сурет салып, масқаралау үшін таңбалаған. Мәселен, Египетте, кейіннен Жапонияда, Қытай мен Мексикада, Никарагуада қылмыскерді жазалау үшін пайдаланылған екен. Ең қызығы, терминді ғылымға енгізген әйгілі саяхатшы Джеймс Кук болған деген дерек бар. "Татуировка" термині Тынық мұхитындағы сансыз аралдарды мекендейтін аборигендердің "тату" сөзінен шыққан. Ал, аборигендер Американың үндістері секілді үстеріне түрлі шашақтарды тағып, терілерін тесіп сурет салатын. Демек, бүгінгі "өркениетті" адамдардың денелерін татуировкалап жүргені - сол ортағасырлық жабайы халықтың "татулары". Бірақ, ежелгінің ерекше бел­гісіне бүгінгі көзқарас мүлдем басқаша. 6000 жыл бұрын пайда бол­ған татуировканың не сиқыры бар? Жабайы халықтың ойлап тапқан дүниесінің әлі күнге дейін сақтал­уына не себеп? Осы секілді сауалдар ойға еріксіз оралады. Сұраққа тұщымды жауап алу мақсатында өңіріміздегі сән салондарды аралап, татуировка салатын білікті ше­берді сұрастыруға шықтық. Еш қиын­дықсыз іздегеніміз табылды. Алғашқы кезде "татуировка салатын адамды табу қиын болар. Оның үстіне қазақылықты сақтаған Сыр елі болғаннан соң сәннің бұл түріне халықтың сұранысы жоқ шығар" деп ойлаған едік. Қателесіппіз.

Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 06:10

ЖАСЫН МІНЕЗ, ЖАСТЫҚ ЛЕП

| Автор: 

 Ақын жүрегі нәзік. Кейде алай-дүлей. Ал, бірде тас­танда қатты, мұздан да суық. Жылап отырып күлдіруі, күліп отырып жылатуы мүмкін. Бұл сөздің, өлеңнің өміршең құдіреті. Мұны өлеңсүйер қауым да жақсы түйсінеді.

    Осындай ауыр жолды таңдап алып, "ақын" деген арда есімді арқалаған жастар да жетерлік. Жырлары жусан иісіндей жұпар, өлеңдері жұп-жұмыр, жып-жинақы өнер иелерінің тамылжыған туындыларын оқырманға таныстыруды жөн көрдік. Газет бетінде алдағы уақытта "өзіндік айтары бар" жас ақындардың жасампаз өлеңдері "Жусан жыр" айдарымен жарияланатын болмақ. Көңілдері өлеңге сусап қалған оқырман жаңа буынның беталысын бағамдай жатар. Дегенмен де жас­тардың жаңашыл жырлары талай жүректерді жібітіп жібереріне сенімдіміз.

   Бүгін жырсүйер қауымға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Екі шетел тілі мамандығы бойынша АЯ-15-3 оқу тобының студенті Айнаш Бөлекбайдың қос өлеңін ұсынып отырмыз.

 

  Газет - идеологияның басты құ­ра­лы. Келмеске кеткен Кеңес заманында да бұл солай болған, қазірде де ақпарат құралдары жаңалықтың бастау бұлағына айналды. Бірақ, бү­гінгі нарықтың алапат күші баспасөз басылымдарын жаңа бағытқа икемдеп, бәсекелестікке жол ашып берді. Дүрмекке ілесуде әр басылым тақырыптық бағыттарына қарай өз оқырманын қалыптастырып, аудиториясын жинай бастады. Сыр елінде де ақ­парат құралдары жыл артына жыл қосып, мазмұны жағынан байып, жа­ңа деңгейге көтерілуді мақсат тұтты. Ал, осыдан бес жыл бұрын ақпарат айдынына қосылған "Ақмешіт жастары" газеті де жастардың қалауын дөп басып, оқырман ойын бір арнаға тоғыстыра білді. Жастардың төл басылымына айналды. Оған себеп те жоқ емес еді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен жарық көр­ген жастар газеті бүгінде бес жыл бедеріне шықты. Газеттің шығарма­шы­лық әлеуетінің қалыптасып, оқыр­манмен байланыс орнату жолындағы осы 5 жылда іргелі ізденіс­тер мен байыпты бастамалар Сыр елінің медиакеңістігіне таралды.

   Оқырман ойымен санасып, қоғам талқысына түскен тақырыпты талдау, сырлы сұхбаттар әзірлеу, ойлы ма­қалалар жазу әр редакцияның өзін­дік стилі арқылы дамиды. Басылымның бас редакторы Айжан Абдуллаева "Ақмешіт жастары" газеті 32 салалық тақырыпты, 150-ге жуық айдарды қамтитынын алға тартты. Ел өміріндегі оқиғаларды екшейтін "Айна", "Тұғыр", "Қамшы", "Бағдар", "Дода", "Демалыс" беттері оқырманға ой тастайды. Мұнан өзге сараптамалық мақалалар топтамасын әзірлей­тін "Таразы", журналистік зерттеуге ек­пін берілген "Нысана", кәсіпкерлерге арналған "Бағдар", діндегі ділгір мәселелерді таразылайтын "Діңгек", көшбасшы жастардың бейнесін ашу­ға бағытталған "Темірқазық", жас отбасылардың мәселесін мінберге шығаратын "Шаңырақ" арнайы беттері газеттің тақырыптық бағытының айқын екенін аңғартады.

Сәрсенбі, 05 Қыркүйек 2018 06:13

СӘН ИНДУСТРИЯСЫ: ШЕКАРАСЫЗ ШЕКСІЗДІК

| Автор: 

   

    Әлемдік сән нарығында есімі әйгілі Коко Шанель, Кристиан Диоp, Gucci сондай-ақ, Дольче мен Габбананың қай туындысы болмасын, көп­ші­ліктің сұранысы мен қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Тіпті, түп­нұсқасы болмаса да, әлем­дік бренд белгісіне көз тоқтатып, сатып алуда қар­жысын аямайтын ха­лық көп. Мұның себебі белгілі, сән индустрияда қолтаңбасын қал­дыр­ған атақтылардың көбісі шетелдіктер. Подиумдарды бағындырған дизайнерлер, қа­лың жұрттың назарын аударатын дефилелер шетелден бастау алғаны белгілі. Сән үйіндегі бренд­тердің сапасы да жоғары, бағасы да соған сай салмақты. Әрине, шетел асып Шанельдің костюмін пә­ленбай долларға алатын қазақ кемде-кем. Диордың иіс суы мен сәнді сөмкесіне қаржы жұм­сай­тын адам некен-саяқ. Сондықтан да қалтаға салмақ түсірмейтін, бренд­тің баламасын базар бағамына айналдырып сатып алғанды құп көретіндердің қатарын есептеу қиын емес. Осы ретте ойымызға отандық дизайнерлердің өнімдері неліктен қымбат? Қазақстандағы сән индустриясының ахуалы қай деңгейде? Міне, осындай сананы жаулаған сан сұрақтың жауабын саралап, мамандардың пікіріне сүйене отырып тақырыпты таразыладық.

    Сән - үнемі қозғалысты, дамуды қажет ететін құбылыс. Бүгінгі күні сән индустриясы - бизнестің көзі, қаржы көп түсетін кә­сіптің бастауы. Сан ға­сырдан бері жалғасып ке­ле жатқан сән әлемі уақыт өткен сайын жаңарып, халықты өз көшіне ілестіре алмауы да заңдылық. Десе де трендтен қалмай, өз стилін қалыптастырып үлгергендер де бар арамызда. Әрине, қойға кие­тінді тойға, тойдың киімін қойға киетін ха­лық емес­піз. Алайда, ал­пауыт елмен тереземіз теңес­ті­руді мақсат етсек, сән индустрия­сы­ның да алға жылжуына ең­бек ету қажет. "Өкініш­ке орай, Қазақстанда сән саласы елеулі болып саналмайды. Біз­дің елде мерекелерге арналған киім­дер­ді ғана жасауға көп кө­ңіл бө­леді. Ал, бүкіл әлем­дік ди­зай­нерлер тек көптің көзіне бірден түсетін ерекше үлгідегі таңданарлық киімдерді ғана емес, оның жайлы болуы үшін қызмет етеді. Шетелдік әріптестеріміз халықаралық та­лап­қа сай коллекция үшін 13 тақырыптық топты ұсынады. Сондықтан да үнемі ізденіс үстінде жүреді",- дейді белгілі дизайнер Аяжан Жақсыбай осы кезге дейінгі сұхбатында.

Бейсенбі, 02 Тамыз 2018 12:37

Ең ерекше ескерткіштер

| Автор: 

 

     Шабыт - шығармашыл адамның шарықтау шыңы. Оны өнер адамдары жақсы түсінеді. Ал, он саусағынан өнер тамып, тасты да ұршықша иіретін мүсіншілер талантқа ғана сенеді. Еңбектің де орны бөлек олар үшін. Дүниеге әкелген дүниелері ғасырлардан сыр шертіп, жылдардың жылнамасын жар салып тұрғандай. Енді барлық ескерткіштер сәтті шығады деп айту қиын. Соның ішінде ең ерекше ескерткіштер жер бетінде жетерлік. Әр жылдың 18 сәуірінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аталып өтіледі. Атаулы күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен болатын. Қазіргі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті енеді. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне тіркелген, құнды жәдігерлер. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі "Әзірет Сұлтан" тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Таңбалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірген еді.

    Қазақстанның өзінде ұлттық құнды­лық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Бой түзеген әрбір ескерткіш өзіндік ерекше мағынаға ие. Олар көшелердің көркін келтіріп қана қоймай, саяхатшылардың да көзайымына айналып келеді.

   Қазақ жеріндегі белгілі тұлғаларға қойылған мүсіндер мен атты ескерт­кіш­­терден өзге, айтулы оқиғалар мен тарихи оқиғаларға, мекен атауына не­месе кинофильм кейіпкерлеріне қойыл­ған ерекше ескерткіштер жайлы жұрт көп біле бермейді. Таптаурындардан жа­лыққан халық жанға жайлы, көздің жа­уын алатын тың дүниелерге сусап қал­ған. Қайда барса да, бір-біріне ұқсап са­лынған батырлар немесе тұрған, отырған болмаса т.б тарихи тұлғалар. Әрине, бабалар ұлықталуы керек. Десе де әр мү­сіннің өзіндік қолтаңбасы, ерекшелігі болуы тиіс. Көкке топырақ шашудан ау­лақ­пыз. Сондықтан барды бағалап, қазақ жеріндегі ең ерекше ескерткіштерге шолу жасағанды жөн көрдік.

 

   

   Журналистің жұмысы қауырт. Әрі қыдыруға, серуен құруға у­а­қыты да бола қоймайды. Елді елең еткізген кез келген жаңалықтар мен дүйім жұртты дүрліктірген мәселелерді дер кезінде халыққа жеткізу - тілшілердің басты мін­деті. Десек те, соңғы жылдары БАҚ өкілдерінің ақпаратқа тез қол жеткізуіне жаңа жол ашылды. Себебі осы кезге дейін кез келген сала басшысына төте сауал қойдырып, саладағы мәселелерді ашып алуда журналистерге бағыт беретін ортақ алаң болмаған еді. Әрісі, екі-үш жыл көле­мінде Өңірлік коммуникациялар орталығы құрылып, журналистердің ақпарат алмасу мүмкіндігі молайды. Облыс орталығынан тілшілерге тез ақпарат таратып жүр­ген ұжым тарихи орындарға сенбі күні серуен ұйымдастырды.

 

Сәрсенбі, 14 Наурыз 2018 05:16

ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНІП ЖҮРСІЗ БЕ?

| Автор: 

   

   Фактурм сайтында Алекс Чаузовтың ағылшынша сөздік қорының негізін құрайтын 400 сөз тура­лы мақаласы жарияланған екен. Автордың айтуы бойынша, алдымен сөздік қорды байытып отырсаңыз, тез тіл үйренуге болады. Ал, кейбір тіл үйренушілер "сөз жаттамаңыз, сөйлем жаттаңыз" деп кеңес беруде. Тіл мамандарының көбісі ағылшын тілін үйрену барысында тыңдаудың басты рөл атқаратынын айтқан. Адам тіл қызме­тінің 40-50 пайызында құлағын (тыңдау), 25-30 пайызында тілін (сөйлеу) қолданса, көзін 11-16 пайыз, ал қолын 9 пайызында (жазу) пай­даланады екен. Тыңдау арқылы сөздердің айтылуы мен дыбыстал­уын есте сақтауға болатынын тәжі­рибе жүзінде іске асырып, оң нәтиже шығарған. Бүгінде Америкада бі­лімін жетілдіріп жүрген Шыңғыс Мұ­қан тіл үйренудің ешқандай құ­пия­сы жоқ деп санайды. Оның айтуынша, "бар болғаны оқу реттілі­гін сақтаған жөн. Алдымен, айтылған сөзді түсіну (Listening), содан соң сөйлеу, ойыңды жеткізу (Speaking), әрі қарай - оқу, мәтінді түсіну (Rea­ding), соңғысы - жазу (Writing)" деп түсіндірген.

    Сонымен Шыңғыс Мұқанның мағлұматын саралай келе, біз сіздерге тіл үйренудің тиімді жолдарын ұсынбақпыз.

   Ағылшын тілін үйренуге аптасына 10-12 сағат бөлудің өзі жеткілікті. Тек жалқаулыққа салынып, жарты жолда тастап кетпесеңіз болғаны.

Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2017 09:16

ИСПАНИЯ немесе 65 МИЛЛИОН ТУРИСТ

| Автор: 

Астанасы - Мадрид

Халқының саны - 45 906 111

Жерінің көлемі - 505 990 км2, әлемде 51 орын

Басқару түрі - конституциялық монархия

Ресми тілі – испан

Ақша бірлігі еуро

 

   Испания! Әйгілі фламенко биі, бұ­қалар сайысы, Херес шарабы, дәмді апель­синдерімен дүние дидарына танылған қызуқанды халқы бар ел. Туризмі қайнап, саудасы жайнап жат­қан кәрі құрлықтағы адам аяғы үзіл­мей­тін мемлекет. Осы уақытқа дейін біз Азия мен Еуропадағы 30-дан астам елдердің сан түрлі мәдениеті мен ұс­­танымдарын жазып келдік. "Алуан түр­лі әлем" айдарын туризмге тура жол салған Испаниямен аяқтаймыз.

   Испания - Еуропаның оңтүстік-батысында орын тепкен сан ғасырлық тарихы бар мемлекет. Өз кезегінде испандықтар ел болып ірге қа­даған кезден бастап жуан жұдырықты мемлекеттердің дамуы мен күй­реуін бастан өткерген халық. Жалпы тарихы палеолит дәуірінен басталады. Испанияның гүлдену тарихында арабтардың үлесі мол. Архитектуралық сәулет өнерінде қолтаңбасы қалған арабтардың мәдениеті Испанияның әрбір қаласында меңмұндалап тұрады.

   Ең алдымен, Испания - туризм­нің отаны. Мұнда ресми мәліметтерде 50 миллионға жуық, кей деректерде 65 миллионға жуық туристерді бір мезетте қабылдай алған. Демек, кәрі құрлықтағы туризмнен теңге құ­рап, табысын еселеп отырған бі­рінші мемлекет. Қызық іздеп келушілер ғасырдан астам тарихы бар көне орындар мен әйгілі «Барселона» футбол клубының ойынын тамашалауға арнайылап келеді. Дәм­ді кофесі мен салқын шарабына кезекке тұратындар да аз емес. Се­бебі, Испания шарап өндіру сала­сында Франция мен Италиядан ке­йінгі ел.

   

    Туризм тек қызықты орындарды аралатудан тұрмайды. Осыншама ағыл-тегіл жиһанкездерді бір арнаға жиған Испанияға тек қыдырып емес, ақша табу үшін де келе­тін­дердің қарасы қалың. Орталық Африка, Азияның бірқатар елдерінен қаржы табуға келген жұмыс­кер­лер тіл білмесе де нәпақасын тауып жүр. Фантазияда шек бар ма? Азын-аулақ тиын-тебен үшін кө­шені қақ жарып, кино-өнер жұл­дыз­дарының портретін салып, түрлі аспаптарда ән ойнап, сан алуан сайқымазақтардың бейнесіндегі киімдер киіп, туристермен суретке түсіп қар­жы табады. Мұны да айта кетейік. Турист көп болғасын, тиісінше тұ­рақ­тайтын орынға сұраныс жоғары. Әйтсе де, Испания санаулы ақ­­­шасы бар туристер үшін аса қымбат ел емес. Орта деңгейдегі қонақ үй­лер 10-15 мың теңгеге жетіп қалады. Бұл біздің аймақтардағы қонақ үйлермен бірдей, кейде төмен. Табыс түсірудің жолын білетін испандықтар туризмге осылайша жол салып келеді.

   Туризмді төрге шығарып отыр­ған тағы бір дүние. Испанияда автобус-туризм жолға қойылған. Әрбір он ми­нут сайын қала ішінің барлық ай­мақ­­тарына әлемнің бірнеше тілінде аудиогиді бар көліктер туристерге Испанияның көрікті жерлерін та­ныс­тырады. Жеңілдіктер де жоқ емес. Алғаш билет алған жолаушылар же­ке құлаққап, маршрут сызбасын тегін алады екен. Мұнан өзге, бір билет алып, орта жолда түсіп, тарихи орынға тоқтап, толық аралап, келесі автобусқа бұрынғы билетпен жүруге мүмкіндік бар. Испанияға аял­­даған туристер елдегі қоғамдық кө­ліктегі жүйені мақтайды. Сапардан түйген әсерлерінен ой қорытсақ, Испанияда қоғамдық көліктердің арнайы жолағы бар. Яғни, бағыты бір автобустар бір сызықта, өзге бағыттағылары бөлек жолда қатынайды. Автобустың жолына жеке кө­ліктер кіре алмайды. Бұл уақытты үнем­дейді, әрі жол-көлік оқиғасын бол­дырмаудың жолы.

   Испания туралы жан-жақты ақ­параттар өте көп. Халқының еріншек келетіні, бүгінгі істі ертеңге қалдырып, күн созып жүретіні, әрбір аймақ­тарындағы тілдік диалектикасы бү­гінде испандықтарды еуропалықтардан өзгеше етіп тұрады. Испания жұртының өзіне тән дәстүрлері де аз емес. Соның бірі - тамақтану мәдениеті. Бұл елдің халқы таңғы асын үйде мүлдем ішпейді. Танертең ашық тұратын дәмханалар, көшені бойлай тепкен кофеханалардың иесі таң сәріде табыстың жақсы түсетінін бі­леді. Сол себептен де болар, Испания Еуропадағы мейрамханалары көп ел.

   Еуропалықтардан үйреніміз де, жиренеріміз көп. Мәселен, Испания - біржыныстылардың тұрақты өмір сүруіне рұқсат беретін ел. Жыныстық азшылыққа ұшыраған мұндай жұптар еркін өмір сүру керек деген қағидаға келгенімен, біздің ұғымға қайшы екені рас. Мұнан басқа, испандықтар әрбір асқа шошқаның етін қосып, тағам ұсынады. Демек, мұсылман адамдарының тұрақтап қалуына кедергі келтіретін бір фактор осы. Әрине, бірақ ел ішінде шош­қаның етін жатсынбайтын кейбір қа­зақтарымызға бұл аса бір қиынға соқ­пас.

   Сөз соңында испан жұртының "Испания" деген сөзінің астарын аша кетсек. "Испания" фин тілінде "қояндар елі", ал иберия тілінде "батыс қа­ла" деген қос атауды береді. Алайда, бұл атаулар бүгінгі Испанияның өмі­рімен мүлдем қабыспайды деуге болады. Аударманың мағынасы солай болғанымен, бұл елдің ұстанымына қайшы келеді.

   Қашан да елдердің даму динами­ка­сын сөз еткенде салыстырып, жан-жаққа қарайтынымыз рас. Бұл ретте Испания Еуропадағы қызыққа толы, өзіндік калориті бар, көруге тұрарлық туристік орындарға толы ел. Кісі өлімі төмен, медицинасы қымбат, туризмнен төрге шыққан Испания алыстағы ұлты бөлек, діні басқа ұлттарды өзіне баурай алатын, ішкі тартымдылығы жоғары мемлекет болып қала бермек.

А.ҚАРАКЕСЕК

Суреттер smileplanet.ru

Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2017 11:31

КЛАССИКАНЫҢ ОТАНЫ

| Автор: 

Астанасы - Вена

Халқының саны - 8 621 512

Жерінің көлемі - 83 879 км2, әлемде 112 орында

Билік түрі - федеративтік парламенттік республика

Ресми тілі - неміс, венгр, словак тілдері

Ақша бірлігі – еуро

    Классика - өнердің шыңы. Атағы әлемге жайылған биік өнердің биігінен түспеген Шуберт, Штраус, Моцарт, Бетховен секілді таланттарды өнерге қосқан Австрия расында да классиканың отаны. Сән-салтанаты жарасқан зәулім опера театрлары, классикалық жанрдағы таза музыкалар, симфониялық сазды оркестр Австрия жұртын өнер мәдениетіне баурай білді. Бүгінде Австрия осы мәдени мұраларымен дүйім елдің алдына шығып, классикалық үлгідегі менталитетті енгізді. «Алуан түрлі әлем» айдарында таза қалалары, биік театрлары, мол мәдени орындары арқылы көптің құлағына жеткен Австрияға аялдаймыз.

    Австрия Республикасы - Чехия, Германия, Словакия, Италия мемлекеттері­мен шектесетін таулы ел. Өзіне тән табиғаты, қолайлы климатты кәрі құрлықтағы елдің бірі. Халқының саны тым жоғары болмаса да, тіршіліктерін тоқтатып алатындай қаржылық қиындықтары жоқ, әлемде өмір сүруге қолайлы мемлекет саналады. Тарихы тым әріде. Австрия ата­уы алғашқыда 996 жылы жазылған құжаттарда кездескен. Кейіннен ел Габсбургтер империясы болып аталып, біраз елдерді өзіне қаратты. Мұнан кейін Австрия-Венгрия монархиясы ретінде құрылып, бі­рінші дүниежүзілік соғыс тұсында Австрия-Венгрия құрамынан ыдырап, тә­уелсіз ел ретінде танылады. Демек, 1918 жылы авст­рия­лықтар дербес ел ретін­де өздерін танытты.

     Әр елдің өзіне тән артықшылығы һәм кемші­лігі болады. Баса айтатыны, Австрияда біздегідей қа­ғазбастылық басым. Құ­жат арқалап, кезек күтіп әу­реге түсетіндер көп. Оның үстіне, қажетті-қа­жетсіз қағаз сұраушылар көп. Тағы бір деталь. Мұн­да сырттан келіп қоныстап қалатындар аз. Себебі жер­гілікті заң аса бір сырт елдің адамдарына құшағын кең ашпайды. Турист ретінде қызықтатып, бел­гілі уа­қытта қалуға рұқсат. Мұ­ның сыры елдегі қауіп­сіздікті күшейту деп ұғы­на­лық. Турист демекші, Австрия жиһанкездерді өзіне магниттей тартып алатын қасиетке ие. Мұн­да ресми деректерде жылына 8 миллионға жуық ха­лық келеді. Тұтас Австрия халқы бір жылда ат басын бұрады деген сөз. Туризмнен түсер табыс та аз емес. Әсіресе, таулы ел болғасын, тауы бар орындарда сервистік қызметтер жолға қойылған. Мұны жол­жазба сапарлардан анық оқуға болады.

Page 1 of 5

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C