Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 04:07

ӨРКЕНИЕТ БЕСІГІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

        Су үстіне үй тұрғызып, сән әлеміне әр берген, әлем асына айналған пицца мен макаронның отаны саналатын әлемде жалғыз ел бар. Өркениет бесігіне баланған Еуропаның үшінші экономикасы Италия қашанда жер-жаһандағы халықты өзіне баурап тұратын қасиетке ие елдердің бірі. "Барлық жолдар Римге бастайды" деген тәмсілдің де бұл елге қаратыла айтылғаны көп нәрсені аңғартады. Жүз жыл бұрынғы бұл тіркесті қазір Франция халқы еншілеп алып, "Барлық жолдар Парижге тартып тұрады" деуі Италияның данқын асырып, мақтауын келістіріп тұр. "Алуан түрлі әлем" айдары музыканттар шоғырланған Италияға аялдайды.

    Италия - Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде орна­лас­қан мемлекет. Елдің тарихын тереңнен тамыр тартпай-ақ қоялық. Италия ежелгі дәуірден бері келе жатқан байырғы тарихы бар мемлекет. Өз дәуірінде бірде құлдырап, бірде өркендеген итальялықтар ХХ ғасырда үштік одақ құрамына енгенімен, бірнеше елдерді басып алып, әмірін жүргізеді. Франция, Грекия, Югославиямен болған соғыстар, қырғи-қабақ қақтығыстарды бастан өткерген. 1945 жылы сәуір айында жалпыхалықтық көтері­ліс­тен кейін ел толығымен азат етіледі. Араға бір жыл салып, 1946 жылы елде референдум өтіп, Италия республика болып жарияланады. Тарихты қаза берсек, айтар әңгіме көп. Қысқаша тарих осылай өрбиді.

 

 Италия әлемдік өркениетте өз ұлттық тағамдары арқылы танылған. Мә­селен, әр елдің асханасынан табылатын пиццаның өз алдына тарихы бар. Ел ішінде аштық орнап, дағдарыс кезінде билік басында отырғандар халық­қа қолжетімді ас түрін ойлап табады. Нанға соус жағып, кейіннен оған қы­занақ қосып жеген халық тағамы сол кездегі патша­йым Маргаритаға ұнап қал­ып, көпке танылған пиц­цаның бір түрін Маргаританың құрметіне қоя­ды. Жалпы итальялықтар ұғымында пицца - қара халықтың тағамы. Ашаршылықтан аман алып қалған тағам түрі әлемге тез тарап кететінін бастапқыда халық білмеген. Міне, бүгінде пиццаның мыңға жуық түрі бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Бұл ел­дің тұрғындары макарон өнімдерін қатты ұнатады. Жылына әрбір тұрғын кемінде 25 кг макарон тұтынады. Сондықтан сырттан бидайды көп импорттайды. Өзге де Еуропа елдері се­кілді Италияда да ірімшік, зәйтүн майы мен шарап өндіруден алдына жан салмайды. Қазірдің өзінде 2000-ға жуық шарап түрі, 500 түрлі ірімшік, 300-ден аса жергілікті тағамдар, 1000-ға жуық пицца түр­лері Италия асханасының байлығын байқатады.

    Италияда мекен ететін халық екіге бөлініп тіршілік етеді. Оңтүстігі мен солтүс­ті­гінде тіршілік ететін ха­лық бірін-бірі аса ұната қой­майды. Елдің солтүстігі өндіріс орындары мен кә­сіпорындарға арналса, оң­түстігі ауыл шаруашылығына бағытталған.

    60 миллионнан аса хал­қы бар Италия халқы жер тапшылығын бір кісідей сезінеді. Әр адамға 31 шаршы метрден келеді. Сондықтан бос жатқан жерлерді ауыл шаруашылығына мақсатты түрде пайдаланып, өнім өндіріп, сырт­қа саудалайды. Халықтың көптігі өз алдына жұмыссыздық мәселесін де шығарып береді. Италия астанасы Римде жұмыссыз қа­лып қоятын азаматтар көп. Оның сыры кәсіпкерлер қысқа мерзімді, уақытша қызметтерге келісім-шарт негізінде жұмысқа алады. Елді еңбекпен қамтып отыр­­ған саланың бірі - туризм. Италияға жылына 50 миллионға жуық турист ат басын тірейді екен. Сервистік қызмет көрсету үшін итальяндар барын салады. Алыстан келіп арқаланып қайтатын туристер мұнда Милан, Неаполь, Венеция қалаларына аялдап, қызық көруге асығады.

Астанасы - Рим

Халқы - 61 миллион

Жерінің көлемі - 301340 км 2

Ірі қалалары  - Милан, Неаполь, Венеция, Флоренция

Билік түрі  - парламенттік республика

Ресми тілі  - итальян

Валютасы  - еуро

    Егер Еуропа елдерімен салыстырмалы түрде қа­райтын болсақ, Италияда айлық-жалақы аса жоғары емес. Орташа жалақы 1560 еуродан аспайды. Біздің теңгеге шаққанда 608 мың теңге. Әрине, біз үшін бұл көп ақша. Әйтсе де Еуропаның бірқатар елдерінен сәл төмендеу. Десе де, Италия жұрты көлік тізгіндеуде көрші мемлекеттерден көш ілгері. Орта есеппен алғанда 1000 адамға 682 көліктен келеді. Мұндай статистика Германия мен Жапония елдерінен бір сатыға биік екенін көрсетеді. Көліктің көп болуын Италиядағы көлік өндірісімен тікелей байланыстырамыз. Велосипед пен мопед шығару табысты еселеп отыр.

   Италияның білім беру саласының тарихы тым тереңде. Әлемдік білім маз­мұны Болон процесі дәл осы Италиядан бастау алады. ХІ ғасырда Болон университеті құрылып, барлық Еуропа елдерінің университетіне ортақ үлгі ретінде қол­данылған. Мұндай жү­йе қазақстандық оқу орындарында пайдаланылады. Тиімдісі, Италияда оқу бағасы қалтаға қонымды. Жылына 2000 еуроға білім алуға мүмкіндік бар. Біздің ақшада 780000 теңге. Ұлт­тық университеттермен бір­дей. Тағы бір оңтайлысы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан студенттерге арнайы жәр­демақы да қаралған. Оқу жолына түскен жастардың көпшілігі дизайн, архитектура, машина құрастыру ма­мандығын меңгеру үшін шетел асады. Көңіл қуантарлығы, Италияда оқу бі­тір­ген жастар жұмыс іздеп сандалып, уақытын өлтіріп алмайды. Университет жанындағы орталық студенттердің жұмысқа аяғы ілігіп кетуіне күш салады. Жан-жақты келісім-шарттар негізінде жолдама беріп, сынақтан өткізеді.

   Италияның сән әлемін­де өзіндік қолтаңбасы бар. Giorgio Armani, Dolce & Gabbana, GUCCI, Pradа брендтері Италияны әлемге әйгілеп тұр. Қалай айтсақ та, Италия өрке­ниет көшінде өз жауһар туындылары мен классикалық музыка мен ежелгі мәдениеті арқылы із салды. Еуропаның бірінші экономикасына айналу үшін барын салатын итальяндықтар аз уақытта елдік мақсатына жетуі мүмкін. Мұны уақыт көрсетпек.

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 210 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 12:42

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C