Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 28 Қараша 2017 06:11

ТАРИХЫ ТҰНЫҚ ТҰМАНДЫ АЛЬБИОН

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

       Сан түрлі мемлекет бір ғаламда тіршілік кешуде. Әлем картасында өзіндік бедері мен беделі бар елдердің ішінде жерінің көлемі айтарлықтай атырапты алып жатпаса да, дамыған елдердің біразына ауыз салып, өз әмірін жүргізген Ұлыбритания қашанда әлемдік өркениеттің ұлы державасында тұрған мемлекет. Британ билігінің күні бүгінге дейін монархияның символдық жолын сақтап қалуы, талай елдерді тізе бүктіріп, өз дегеніне иландыруы британдықтардың жұмыр жердегі орнын айшықтай түседі. Жаһандық тарих сахнасында тұтас империялар құлап, жаңа мемлекеттер орнығып, заман өзгеріске түссе де британдықтарды басқарып отырған ІІ Елизавета 65 жылдан бері тақтан түскен емес. Тоқсанның төріне шыққан монарх ІІ Елизавета бүгінде британ халқының тірі тарихы екені дау тудырмайды. Мұның бәрі тұрақтылық арқылы қанға сіңген. "Алуан түрлі әлем" айдары оқырмандарды британ мәдениетімен жақынырақ таныстыруға бел буды.

     Ұлыбритания - Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында Ирландия аралының сол­түс­тік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мем­­лекет. Халқының 80%-ына жуығы ағылшындарды құрайды. Мұ­нымен қоса елде шотланд­тықтар, уэльстіктер мен ир­ландықтар мекен етеді. Негізінде Ұлыбритания 4 әкімшiлік-саяси бөліктен: Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландиядан тұрады.

            Британдықтар туралы ел арасында бұқаралық ақпарат құралдарында мә­лімет көп. Біз елдің байлы­ғы мен ұстанымы, адамда­ры­ның тіршілігі туралы тоқ­талғанды жөн көрдік. Себебі күні бүгінге дейін Ұлыбританияға табаны тиген қазақстандықтардың қарасы көп. Әсіресе, британ билігінің білім жүйесіне ден қойып, білім жиюға кел­ген қазақ студенттері ағылшындардың өмірімен жақын таныс. Бірі мемлекеттік "Болашақ" бағдарламасы, ендігі бірі жеке­лен­ген университеттердің білім гранттарына қолы же­тіп, британдықтармен бірге білім алып жүр. Неліктен, тұманды Альбион әлем жас­тарын қызықтырады де­ген сауал туындайды. Жауабы қарапайым. Ең әуелі - тілдік білім. Ағылшын тілі - бизнес, саяхат, әлемдік қатынас тілі. Ұлы­британия ағылшындардың ордасы, яғни тілдің тұнығын меңгеруге мүмкіндік бар. Мұнымен қоса британ білімі бизнеске бағыттал­ған, яғни процеске емес, нә­тижеге мән береді. Білім беру саласында озық тә­жірибесі, тиімді жүйесі бар, әрі маңдайалды атағы жер жарған университеттер білімнің биік шыңын дә­лел­деуге есік ашады. Со­ны­сымен де құнды, сонысымен де биік. Сондықтан да бәсекеге қабілетті білім алуға ұмтылатындар көп ойланбай осы елден білім арқалап қайтады.

Астанасы - Лондон

Жерінің көлемі - 243 809 км2, әлемде 78 орын

Халқының саны - 65 700 015

Ірі қалалары - Бирмингем, Лидс, Глазго, Белфаст, Манчестер, Эдинбург, Ливерпуль

Билік түрі - парламенттік монархия

Ресми тілі - ағылшын

Ақша бірлігі - фунт стерлинг

 

    Ұлыбритания - тарихқа тұнып тұрған мемлекет. Ке­шегі өткен тарихқа деген бүгінгі ұрпақтың құрметі мұнда аялдаған өзге елдің адамдарына бірден сезіледі.  Лондондағы мың­ға жуық тарихи орындар мен көнеден сыр шер­те­тін тарихи орындар британдықтардың кеше кім бол­­ғанын сөзсіз ұғындырады.

    Бірқатар деректерде, британдықтардың заңға деген жауапкершілігі жоғары екені жазылады. Бұл тіпті қоғамдық көліктерден бастау алады. Айталық, арнайы билет арқылы жүру, топырлатып адам алмау сын­ды тәртіптер бұл азаматтардың ортақ заңға деген көзқарастарын білді­ре­ді. Мұнда такси қызметіне жүр­гізушілік қасиеті бар ғана адамдарды алмайды. Елдің тарихы мен көрікті орын­дарын, көпшіліктің көңілін таба білетін жүргізушілерді қызметке тартады. Себебі жылына бір рет такси жүргізушілері мемлекеттік орынға емтихан тапсырады.

           Адам аяғы үзілмейтін елде сырттан келіп-кететін­дер көп. Әйтсе де, қылмыс әле­мінде Ұлыбритания аса қара тізімге іліге бермейді. Мұнда ел ішіндегі тұрғындардың да, сырттан келетін жұмысшылардың да құқы­ғы сақталады. Қылмысқа жол бергендер лайықты түр­де жазасын алады. Біздегідей қылмыс жасаған адам­­­ның ізін таба алмаса, жылы жауып қоя салмайды екен. Мұны елге барған жур­­­налистер де айқын айта ала­ды. Кейбір қылмыстар 10-15 жыл, тіпті одан да көп уа­­қыт бойы тексеріледі екен. Демек, Ұлыбритания­да тәртіпке бас ию байлыққа бағынбайды.

      Ұлыбритания бай-манаптардың тоғысқан жері, ірі бизнес құрылымдарының топтасқан ордасы. Қым­­батшылығы өз алдына, адамдардың өмір сүру мәдениеті бөлек.

     Ұлыбританияны әлемге әйгілеп тұрған көрікті жерлері аз емес. Мұны бүгінде жарты әлемнен аса халық білетін шығар. Алыстан адам­­дарды магниттей тар­та­тын Тұманды Альбион жұ­мырбасты пенденің бір көріп қайтуға ынтықтыратын қасиетке ие ел. Сөз соңында, біреу білер, біреу біл­мес деген оймен Ұлыбританияның Тұманды Аль­бион деп аталуының сырын аша кетсек. Британ аралдарын қоршаған Солтүстік Мұзды мұхиты мен Атлант мұхитынан көтерілген бу­дың әсері­нен тұман түзіліп, бұл аймақты тұман торлайды. Сон­дықтан тұманды атал­ған. Ал, альбион кельт сөзі­нен аударғанда "тау" дегенді білдіреді. Осы себепті Ұлы­бри­тания "Тұманды Альбион" атты бейресми атауға ие.

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 246 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ӨРКЕНИЕТ БЕСІГІ САЛЫҒЫ ТӨМЕН СЫРАЛАР ЕЛІ »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C