Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 08:59

САЛЫҒЫ ТӨМЕН СЫРАЛАР ЕЛІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

      Еуропа - капитализмнің бастау бұлағы. Сауда-саттық, ішкі- сыртқы байланысты табыс көзіне айналдырғандар да кәрі құрлық елдері. Әсіресе, алақандай жерде отырып дамудың төте жолын тапқан елдер аз емес жер шарында. Соның бірі туризмге ту тігіп, табысқа кенеліп отырған ЧехияШағын және орта бизнестің қазығы қағылған, салығы төмен, бағасы қолайлы Еуропадағы бұл мемлекет жер-жаһанға дамыған мемлекет ретінде өзін толық көрсете алды. "Алуан түрлі әлем" айдары бұл жолы сыраханалары мол Прага астанасы Чехияға аялдайды.

    Чехия - Германия, Польша, Австрия, Словакиямен шектесіп жатқан әлемдегі кішігірім елдің бірі. Географиялық тұрғыда ел Богемия, Моравия, Силезия сынды 3 негізгі әкімшілік аймаққа бө­лінеді. Бірінші дүние­жүзілік соғыс салдарынан Австро-Венгрия мемлекеті ыдырап, 1918 жылы Чехия, Словакия және Карпатасты Русі бірігіп, дербес Чехославакия республикасы құрылады. Алайда, бұл бірігу ұзаққа созылмайды. Нәтижесінде Чехословакия Чехия мен Словакияға бөлініп тынады. Содан бері екі елдің жұрты өз алдына ел болып, дамудың жолдарын іздеп кетеді. Әрине, бүгінде қос ел түрлі салада байланыс барысын арттырып, сауда-экономикалық тұрғыда алыс-бе­ріс жұмыстарын жүр­гізеді. Қысқаша тарих осы­лай өріледі. 

    Чехия Шығыс Еуропадағы Словениядан кейінгі экономикасы жоғары ел саналады.  Чехия билігі тә­уелсіздік алғаннан кейін даму үшін тоқтап тұрған зауыттарға қан жүргізді. Бұл үшін сырттан қаржы тартып көрші елдерден көмек сұрады. Мұндай оңтайлы сәтті пайдаланған немістер чехиялықтарды қаржылық құрсаудан құт­қарып, ақшалай жәрдем етті.

   Әдетте Еуропа елдеріне саяхаттау қалтаны қа­ғып түсіреді. Тамақтану, кө­рікті жерлерге бару, гид қызметін жалдау құны қыруар қаржыны қажет етеді. Бұл ретте Чехия туристерге пана болар жердің бірі. Мұнда жылына 10 мил­лионнан аса турист табан тірейді. Себебі Чехия астанасы Прагаға аялдаған сәттен бастап Еуропадағы бірнеше мемлекетке саяхаттай алады. Қызыл шатырлы үйлер, көне тарихты көз алдына әкелетін іргесі мың жыл бұрын қаланған ғимараттар қызық көрушілерді ішкі тартымдылығымен тартып әкетеді. Сол себепті де Прага Еуропаның жүрегі саналады. Дәл осы чехиялықтардың елордасы шақы­рым­дап жол жүретін жиһанкездердің тұрақтап, тіпті қайта айналып келетін қалашығына айналып кетті. Әрине, чехтар қаржының қайдан түсіп тұрғанын біледі. Барынша тарихымен тереңірек таныстырып, сырттан келетіндердің қаржысын гид қызметі арқылы қағып әке­теді. Гид демекші, Прагада арнайы үйі жоқ бомждардың алаңы бар. Мұнда көше кезген жұмыссыздар жиналып тіршілік етеді. Бірі өжіре астына, бірі қоқыс салатын жәшікте ұйық­тайды. Алайда, күндіз көше кезбелері табыс табады. Себебі Чехияда бомждар туристерге қызмет етеді. Қаланың барлық нүктесін жазбай танитын қаңғыбас қызметкерлер көрсеткен қызметіне ақы­сын әлдеқайда арзан алады. Бір қызығы сол, алыстан келген туристер дәл осы бомждардың қызметіне жүгінеді. Өмір деген осылай да жүреді. Көзге оғаш көрінгенімен, еуропалықтар үшін бұл күнкөрістің қамы.

Астанасы - Прага

Халқының саны - 10 564 106

Жерінің көлемі - 78866 км2

 (әлемде 115 орын)

Билік түрі - парламенттік республика

Ірі қалалары - Прага, Броно, Пльзень

Ресми тілі - чех тілі

Ақша бірлігі - чех кронасы

    Чехия халқы қоғамдық мәселелерге біздегідей бас ауыртпайды. Елде салық төмен, кәсіпкерлерге де шүйлігіп алатындар жоқ. Қоғамдық көліктің жүру кестесінде де прблема жоқ. Қоғамдық көлік жолға қо­йылған. Жергілікті халық ар­найы сайт арқылы маршруттың қай уақытта, қай аялдама тұрғанын анықтай алады. Бұл туристерді тартудың жолы, әрі қаржы кө­зі, әрі жергілікті халық са­бы­лып көлік күтпейді. Мұн­­дай жүйенің бізге де артықтығы болмайды.

      Чехия билігі өз қолы өз аузына жеткен тұста ең бірінші қауіпсіздік мәселесін жолға қойды. Сырттан ағылып келетін босқандардан бас тартты. Десе де, қарама-қайшылықсыз та­ғы да болмайды. Чехия қа­лаларында қалта ұрлығы мен тұрақта тұрған көлікті айдап әкететін қарақшылар көп. Бұл жергілікті тұрғындар ішінен де табылады. Әсіресе, ұрлыққа үйсіз-күйсіз жүргендер ұрынады. Егер де Чехияға аялдасаңыз қалтаңызға қарап жүр­ге­ніңіз абзал.

    Чехия десе сыра еске түседі. Бұл елдің халқы әлемдегі ең сыра тұтынатын халық. Жылына бір адам кемінде 148 литр сыра ішетін көрінеді. Жылына екі мәрте сыра фестивальдерінің өтуі туризмге жарнама іспетті. Дүниенің төрт бұрышынан сан түрлі сыралардың дәмін татуға келеді. Чехия - сыралар мекені деген қосарлы тіркес­тің де ел ішінде таралып кетуі содан. Демек, сыра елдің ішкі-сырты саясатындағы табысты еселеп отырған тетік.

     Азық-түлігі арзан, киім-кешегі қалтаға қо­лайлы Чехия тек туристер ғана емес, білім іздеп келетін студенттерге қо­лайлы ел. Оның ішінде өз қазағымыз да бар. Шет елде оқудың сыры неге десеңіз айталық, Чехия еуропалық стандарттары толық, әрі тегін білім алуға мүмкіндік беретін бірден бір ел. Өзге елден келетін жастардың арнайы тіл курсын оқи отырып, тегін білім алуға қолы жетеді. Мұны оқудың ізіне түскен студенттер жақсы біледі. Ал, ақылы білім беретін оқу орындарының бағасы еліміздің білім ошақтарымен тең, тіпті оқу ақысы бізден төмендері бар. Әри­не, жат елдің білімін алып, елге қызмет ету парыз.

    Орта жұмысшысы 920 доллар, зейнеткері 480 доллар алатын Чехия әлем картасында алақандай болып көрінгенмен, өз алдына даму схемалары бар ел. Тарихты туризмге айналдырған елден үйренеріміз де, жиренеріміз де көп. Қалай десек те, Чехия Еуропаның жүрегі болып қала бермек.

А.ҚАРАКЕСЕК

Суреттер  smileplanet.ru

 

 

Оқылды: 168 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 09:18
Осы категориядағы басқа материалдар: « ТАРИХЫ ТҰНЫҚ ТҰМАНДЫ АЛЬБИОН Польша »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C