Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 03:13

Польша

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

        Сөмке асынып жолға шығатын жиһанкездер ең бірінші кезде уақыт пен ақшаға мән береді. Ақшасы бар болғанымен, аз уақытқа аялдауға келген саяхатшылар дүниенің қызықтарын толық көре алмайды. Ал, уақыты көп, қаржысы аз туристер көрікті жерлерді көруге қолы жете бермейді. Сондықтан да дүние кезген туристер осы екі жағдайды назарға алады. Қазір кез келгеннің қолында қаржысы болса тұтас әлемді аралап, қор жинап қайтуға мүмкіндігі бар. Бірақ, жер шарында шекарадан оңай өтіп кете алмайтын елдер бар. Еуропа елдерінің ішінде Польшаны да сол қатардан көруге болады.

АстанасыВаршава

Халқының саны - 38 637 382

Жерінің көлемі - 312 679 км2, әлемде 69 орын

Ірі қалалары - Варшава, Краков, Лодзь, Гданьск

Билік түрі - парламенттік республика

Ақша бірлігі – поляк злоты

   Польша - Орталық Еуропадағы мемлекет. Хал­қының басым бөлігін поляктар құрайды, қалғандары немістер, белорустар, украиндар. Түптамырды терең қазсақ, поляктар мен қазақтардың тарихы ұқсас. Небір нәубетті жылдарды бастан кешірген поляк халқы даму жолына түсем дегенше түрлі кедергілерден өтті. Әрине, та­рих­қа тереңірек бармағанды жөн көрдік. Польша екінші дүниежүзілік со­ғыс­тан кейін ауыр экономикалық қиындықтарды бастан өткерді. Ірі қалалары қирап, соғыс кезінде күл-талқаны шыққан ғи­мараттарды қайта қалпына келтіру үшін күш салды. Бүгінде соғыстың салқынын көрген қалалардың архитектурасы жақсар­ғанмен, әлі де ескі тарихты көзге әкеліп тұрады. Жалпы поляктар елдің ең­сесін тіктеп алу үшін экономикалық батыл қадамдарға барды. Ауыртпалықты, елдегі жағдайды көтере алмаған кейбір жер­гі­лікті халық көрші елдерге үдере көшіп кетті. Дегенмен көп ұзамай Поль­ша­ның даму қарқынына қан жүгіріп, бүгінде кәрі құр­лықтағы дамыған елге айналды.

        Поляк халқы оқу-бі­лімге ден қойған, әлем елдері арасында білімді азаматтары көп ел. Мұнда 1364 жылы ең алғашқы оқу орны ірге көтерген. Қазір сол білім ордаларының ұзын-саны жүзге жуықтап қалыпты. Білімге бет бұр­ғандығының тағы бір дә­ле­лі, елде Нобель сыйлығын иемденген 17 адам тұрады. Польшада орта бі­лім беру үш сатыдан тұрады: базалық мектеп, гим­на­зия, лицей, техникум. Ба­­залық мектепке 7 жасынан бастап қабылдаса, гим­­назияға түскен оқушылар өзге мектептерге орын ауыстыра алмайды, соң­ғысы лицейлерде оқушылар мамандық таңдау жолын меңгереді. Ал, жоғары білім алу тегін. Ақылы оқу орындарының бағасы да қалта көтеретіндей жағдайда.

Польша Еуропадағы бизнеске қолайлы ел. Ел ас­танасы Варшавада кәсі­бін дөңгелетіп отырған кә­сіпкерлер көп. Оған себеп тірлік етіп, бизнес ашуға берілген несиенің төмен­дігі. Ресми ақпарларда несие пайызы бар-жоғы 2 пайызды көрсетеді. Сондықтан болар, Польша бизнес жасауға ыңғайлы елдердің ара­сында 24 орынға ие. Италия, Ресейдің өзі поляктардан әлдеқайда көш соңында.

   Қазіргі күні әлеуметтанушылар поляктардың қартайып бара жатқанын айтып жар салуда. Мұны ескерген билік сәби сүюге ниетті отбасыларға көмек беріп, қолдау көрсетеді. Тағы бір жағдай. Поляк хал­қы перзентінен бас тартатын аналарды кешірмейді. Мұнда түсік жасатуға заңмен тыйым салынған деседі. Бұл қадамдар поляктардың ұлт ретінде жойылмауына себеп.

  Ал, егде тартқан қариялардың өзі зейнетақыға қа­рық болып, алаңсыз тір­ші­лік етуге мүмкіндік алады. Әлбетте, зейнетке жетем де­генше де бел жазбай ең­бек етуге тура келеді. Поль­шада әйелдер 60 жас, ерлер 65 жаста зейнетке шығады. Тіпті билік осы жылдан бас­тап 67 жасқа дейін ұзартуды көздеген. Алайда, жер­гілікті халық наразылығынан кейін бұл тақырып жы­лы жабылып қалды.

   Поляктар туризмнен, әсіресе қысқы туризмді дамыту арқылы қазынаға қар­жы түсіріп келеді. Мұ­нан өзге машина құрастыру, көмір өндіру, қара ме­тал­лургиядан табысын еселеп отыр.

   Әр елдің өзіне тән ерекшелігін іздейтініміз рас. Польша посткеңестік елдердің бірі ретінде тарихи ғасырлап тамыр тартқан ғимараттарымен танымал ел. Ең бастысы, мұнда бай мен кедейдің арасында айтарлық алшақтық болмайды екен. Мұны өз көзімен көріп келген туристердің сөзінше, қо­ғам­дық орындарда ауқатты адамдар мен  кедей адамдар да бірге тамақтана береді. Демек, әлеу­меттік теңсіздік жоқ.

    Айтып айтпай не керек, өндірістік ел Польша аз уақыт ішінде кәсіпкерлік арқылы дамыған елдердің ізінен қуып жетті. Осы ретте, Польша деген сөздің мәнін аша кетейік. Польша сөзі "ашық алаңдағы адамдар" деген мағына береді екен. Бұдан түсінеріміз, поляктар ашық бизнес жүргізу арқылы ел бюджетін еселеп, халқын сақтап келеді.

А.ҚАРАКЕСЕК

 

 

Оқылды: 244 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « САЛЫҒЫ ТӨМЕН СЫРАЛАР ЕЛІ КЛАССИКАНЫҢ ОТАНЫ »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C