Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2017 11:31

КЛАССИКАНЫҢ ОТАНЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Астанасы - Вена

Халқының саны - 8 621 512

Жерінің көлемі - 83 879 км2, әлемде 112 орында

Билік түрі - федеративтік парламенттік республика

Ресми тілі - неміс, венгр, словак тілдері

Ақша бірлігі – еуро

    Классика - өнердің шыңы. Атағы әлемге жайылған биік өнердің биігінен түспеген Шуберт, Штраус, Моцарт, Бетховен секілді таланттарды өнерге қосқан Австрия расында да классиканың отаны. Сән-салтанаты жарасқан зәулім опера театрлары, классикалық жанрдағы таза музыкалар, симфониялық сазды оркестр Австрия жұртын өнер мәдениетіне баурай білді. Бүгінде Австрия осы мәдени мұраларымен дүйім елдің алдына шығып, классикалық үлгідегі менталитетті енгізді. «Алуан түрлі әлем» айдарында таза қалалары, биік театрлары, мол мәдени орындары арқылы көптің құлағына жеткен Австрияға аялдаймыз.

    Австрия Республикасы - Чехия, Германия, Словакия, Италия мемлекеттері­мен шектесетін таулы ел. Өзіне тән табиғаты, қолайлы климатты кәрі құрлықтағы елдің бірі. Халқының саны тым жоғары болмаса да, тіршіліктерін тоқтатып алатындай қаржылық қиындықтары жоқ, әлемде өмір сүруге қолайлы мемлекет саналады. Тарихы тым әріде. Австрия ата­уы алғашқыда 996 жылы жазылған құжаттарда кездескен. Кейіннен ел Габсбургтер империясы болып аталып, біраз елдерді өзіне қаратты. Мұнан кейін Австрия-Венгрия монархиясы ретінде құрылып, бі­рінші дүниежүзілік соғыс тұсында Австрия-Венгрия құрамынан ыдырап, тә­уелсіз ел ретінде танылады. Демек, 1918 жылы авст­рия­лықтар дербес ел ретін­де өздерін танытты.

     Әр елдің өзіне тән артықшылығы һәм кемші­лігі болады. Баса айтатыны, Австрияда біздегідей қа­ғазбастылық басым. Құ­жат арқалап, кезек күтіп әу­реге түсетіндер көп. Оның үстіне, қажетті-қа­жетсіз қағаз сұраушылар көп. Тағы бір деталь. Мұн­да сырттан келіп қоныстап қалатындар аз. Себебі жер­гілікті заң аса бір сырт елдің адамдарына құшағын кең ашпайды. Турист ретінде қызықтатып, бел­гілі уа­қытта қалуға рұқсат. Мұ­ның сыры елдегі қауіп­сіздікті күшейту деп ұғы­на­лық. Турист демекші, Австрия жиһанкездерді өзіне магниттей тартып алатын қасиетке ие. Мұн­да ресми деректерде жылына 8 миллионға жуық ха­лық келеді. Тұтас Австрия халқы бір жылда ат басын бұрады деген сөз. Туризмнен түсер табыс та аз емес. Әсіресе, таулы ел болғасын, тауы бар орындарда сервистік қызметтер жолға қойылған. Мұны жол­жазба сапарлардан анық оқуға болады.

        Халықтың табысын еселеп отырған тек туризм ғана емес. Австрия металлургия, тамақ, химия, то­қы­ма өнеркәсіптері, құрылыс пен машина жасау салаларында қаржы түсіріп тұр. Мал шаруашылығында да екі қолға бір күрек табылып отыр. Қағаз өнер­кәсібінде алға жылжу бар. Де­мек, экономика тұрақты. Бұл елдің көңілін тоқ қы­лады.

    Австрия десе, көп жұрт мәдениеті мол елдің бірі деп баға береді. Олай деп айтуға да себептер жоқ емес. Еуропалықтар еркін халық дейтін болсақ, дәл осы Вена тұрғындарының өмі­рінде мәдениеттің орны тым бөлек. Біздегідей мерейтой немесе айтулы дата­ларда мәдениет ошақтарын жағаламайды, тұрақты уа­қытпен, аптасына бірнеше мәрте театр, музейлерге бас сұғады. Бұл қалыптасқан қағида. Содан болар, австриялықтар классикалық шедеврлерді тыңдау үшін тұрып тұруға да да­йын.

    Тағы бір мәдениет.    Австрияда велик тепкен жұрт көп. Жұмыс орны, қызметтегі лауазымына қарамай ве­лик мінген жұртты көру таңсық емес. Мұны сол ел­ге барған журналистер қа­ламына үнемі арқау етеді. Венаға барған белгілі журналист Қайнар Олжай Еу­ропа елдері ішінде Австрия­ның великке мін­ген халықын бізбен салыстырып көреді.

    - Велик болған соң, оны қоятын тұрақ керек. Бұл әр­бір ғимарат алдында бар. Велик теуіп шөлдегендердің де жағдайы ойластырылған. Парктер мен саябақтарда құтыға ауыз су құ­йып алатын шүмектерді көр­дік. Тегін. Қазақстанда ақысын бермесең, мысығың тышқан аулауды қой­­ған уақытта мұндағы кө­шелердегі тегін ауыз су­дың өзі таңсық. Әр жердегі шығатын тегін су - автокөліктен великке ауысқандарды қолдаудың бір тәсілі,-дейді Қайнар Олжай.

    Венада өз көлігіңіз болмаса 20 еуро тұратын карточка алып, қоғамдық великке отыруға мүмкіндік бар. Елде жалға беретін 120 нүкте бар екен. Бір қызығы, бір сағат велик айдаған адам ақы төлемейді. Бір сағатқа жетпей қайта келіп, басқа велик мініп, күнұзақ шаруа бітіруге болады.  Бұл туристердің көзіне түсетін бірінші атрибут.

    Австрия халқы тазалықты бірінші кезекке қояды. Көшелерінде бір тілім қоқыс қалдықтары көрінбейді, жеке үйлері де жинақы. Бұл да мәдениеттің еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қанына сіңгені. Бірақ, жергілікті жұрт үшін баспана мәселесі әлі де бас қайғы. Тұрғын үй тым қымбат. Қал­тасы көтермейтіндер көшпелі өмірдің қиындығымен күресіп келеді.

   Картадан қарасаңыз да, ел арасында сауал тастасаңыз да, Австрия республикасы туралы аса көп мәлі­мет келтіре бермейді. Өзі­мен-өзі жатқан, әлемдік өр­кениетте мәдени орнын ойып тұ­рып алатын Австрия алыс­тан көпке қол бұлғайды. Дамыған елдің даму формуласының бірі осы.

А.ҚАРАКЕСЕК

Суреттер smileplanet.ru

Оқылды: 231 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2017 12:36
Осы категориядағы басқа материалдар: « Польша ИСПАНИЯ немесе 65 МИЛЛИОН ТУРИСТ »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C