Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2017 09:16

ИСПАНИЯ немесе 65 МИЛЛИОН ТУРИСТ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Астанасы - Мадрид

Халқының саны - 45 906 111

Жерінің көлемі - 505 990 км2, әлемде 51 орын

Басқару түрі - конституциялық монархия

Ресми тілі – испан

Ақша бірлігі еуро

 

   Испания! Әйгілі фламенко биі, бұ­қалар сайысы, Херес шарабы, дәмді апель­синдерімен дүние дидарына танылған қызуқанды халқы бар ел. Туризмі қайнап, саудасы жайнап жат­қан кәрі құрлықтағы адам аяғы үзіл­мей­тін мемлекет. Осы уақытқа дейін біз Азия мен Еуропадағы 30-дан астам елдердің сан түрлі мәдениеті мен ұс­­танымдарын жазып келдік. "Алуан түр­лі әлем" айдарын туризмге тура жол салған Испаниямен аяқтаймыз.

   Испания - Еуропаның оңтүстік-батысында орын тепкен сан ғасырлық тарихы бар мемлекет. Өз кезегінде испандықтар ел болып ірге қа­даған кезден бастап жуан жұдырықты мемлекеттердің дамуы мен күй­реуін бастан өткерген халық. Жалпы тарихы палеолит дәуірінен басталады. Испанияның гүлдену тарихында арабтардың үлесі мол. Архитектуралық сәулет өнерінде қолтаңбасы қалған арабтардың мәдениеті Испанияның әрбір қаласында меңмұндалап тұрады.

   Ең алдымен, Испания - туризм­нің отаны. Мұнда ресми мәліметтерде 50 миллионға жуық, кей деректерде 65 миллионға жуық туристерді бір мезетте қабылдай алған. Демек, кәрі құрлықтағы туризмнен теңге құ­рап, табысын еселеп отырған бі­рінші мемлекет. Қызық іздеп келушілер ғасырдан астам тарихы бар көне орындар мен әйгілі «Барселона» футбол клубының ойынын тамашалауға арнайылап келеді. Дәм­ді кофесі мен салқын шарабына кезекке тұратындар да аз емес. Се­бебі, Испания шарап өндіру сала­сында Франция мен Италиядан ке­йінгі ел.

   

    Туризм тек қызықты орындарды аралатудан тұрмайды. Осыншама ағыл-тегіл жиһанкездерді бір арнаға жиған Испанияға тек қыдырып емес, ақша табу үшін де келе­тін­дердің қарасы қалың. Орталық Африка, Азияның бірқатар елдерінен қаржы табуға келген жұмыс­кер­лер тіл білмесе де нәпақасын тауып жүр. Фантазияда шек бар ма? Азын-аулақ тиын-тебен үшін кө­шені қақ жарып, кино-өнер жұл­дыз­дарының портретін салып, түрлі аспаптарда ән ойнап, сан алуан сайқымазақтардың бейнесіндегі киімдер киіп, туристермен суретке түсіп қар­жы табады. Мұны да айта кетейік. Турист көп болғасын, тиісінше тұ­рақ­тайтын орынға сұраныс жоғары. Әйтсе де, Испания санаулы ақ­­­шасы бар туристер үшін аса қымбат ел емес. Орта деңгейдегі қонақ үй­лер 10-15 мың теңгеге жетіп қалады. Бұл біздің аймақтардағы қонақ үйлермен бірдей, кейде төмен. Табыс түсірудің жолын білетін испандықтар туризмге осылайша жол салып келеді.

   Туризмді төрге шығарып отыр­ған тағы бір дүние. Испанияда автобус-туризм жолға қойылған. Әрбір он ми­нут сайын қала ішінің барлық ай­мақ­­тарына әлемнің бірнеше тілінде аудиогиді бар көліктер туристерге Испанияның көрікті жерлерін та­ныс­тырады. Жеңілдіктер де жоқ емес. Алғаш билет алған жолаушылар же­ке құлаққап, маршрут сызбасын тегін алады екен. Мұнан өзге, бір билет алып, орта жолда түсіп, тарихи орынға тоқтап, толық аралап, келесі автобусқа бұрынғы билетпен жүруге мүмкіндік бар. Испанияға аял­­даған туристер елдегі қоғамдық кө­ліктегі жүйені мақтайды. Сапардан түйген әсерлерінен ой қорытсақ, Испанияда қоғамдық көліктердің арнайы жолағы бар. Яғни, бағыты бір автобустар бір сызықта, өзге бағыттағылары бөлек жолда қатынайды. Автобустың жолына жеке кө­ліктер кіре алмайды. Бұл уақытты үнем­дейді, әрі жол-көлік оқиғасын бол­дырмаудың жолы.

   Испания туралы жан-жақты ақ­параттар өте көп. Халқының еріншек келетіні, бүгінгі істі ертеңге қалдырып, күн созып жүретіні, әрбір аймақ­тарындағы тілдік диалектикасы бү­гінде испандықтарды еуропалықтардан өзгеше етіп тұрады. Испания жұртының өзіне тән дәстүрлері де аз емес. Соның бірі - тамақтану мәдениеті. Бұл елдің халқы таңғы асын үйде мүлдем ішпейді. Танертең ашық тұратын дәмханалар, көшені бойлай тепкен кофеханалардың иесі таң сәріде табыстың жақсы түсетінін бі­леді. Сол себептен де болар, Испания Еуропадағы мейрамханалары көп ел.

   Еуропалықтардан үйреніміз де, жиренеріміз көп. Мәселен, Испания - біржыныстылардың тұрақты өмір сүруіне рұқсат беретін ел. Жыныстық азшылыққа ұшыраған мұндай жұптар еркін өмір сүру керек деген қағидаға келгенімен, біздің ұғымға қайшы екені рас. Мұнан басқа, испандықтар әрбір асқа шошқаның етін қосып, тағам ұсынады. Демек, мұсылман адамдарының тұрақтап қалуына кедергі келтіретін бір фактор осы. Әрине, бірақ ел ішінде шош­қаның етін жатсынбайтын кейбір қа­зақтарымызға бұл аса бір қиынға соқ­пас.

   Сөз соңында испан жұртының "Испания" деген сөзінің астарын аша кетсек. "Испания" фин тілінде "қояндар елі", ал иберия тілінде "батыс қа­ла" деген қос атауды береді. Алайда, бұл атаулар бүгінгі Испанияның өмі­рімен мүлдем қабыспайды деуге болады. Аударманың мағынасы солай болғанымен, бұл елдің ұстанымына қайшы келеді.

   Қашан да елдердің даму динами­ка­сын сөз еткенде салыстырып, жан-жаққа қарайтынымыз рас. Бұл ретте Испания Еуропадағы қызыққа толы, өзіндік калориті бар, көруге тұрарлық туристік орындарға толы ел. Кісі өлімі төмен, медицинасы қымбат, туризмнен төрге шыққан Испания алыстағы ұлты бөлек, діні басқа ұлттарды өзіне баурай алатын, ішкі тартымдылығы жоғары мемлекет болып қала бермек.

А.ҚАРАКЕСЕК

Суреттер smileplanet.ru

Оқылды: 224 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 27 Желтоқсан 2017 04:37
Осы категориядағы басқа материалдар: « КЛАССИКАНЫҢ ОТАНЫ ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНІП ЖҮРСІЗ БЕ? »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C