Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 14 Наурыз 2018 05:16

ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНІП ЖҮРСІЗ БЕ?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Фактурм сайтында Алекс Чаузовтың ағылшынша сөздік қорының негізін құрайтын 400 сөз тура­лы мақаласы жарияланған екен. Автордың айтуы бойынша, алдымен сөздік қорды байытып отырсаңыз, тез тіл үйренуге болады. Ал, кейбір тіл үйренушілер "сөз жаттамаңыз, сөйлем жаттаңыз" деп кеңес беруде. Тіл мамандарының көбісі ағылшын тілін үйрену барысында тыңдаудың басты рөл атқаратынын айтқан. Адам тіл қызме­тінің 40-50 пайызында құлағын (тыңдау), 25-30 пайызында тілін (сөйлеу) қолданса, көзін 11-16 пайыз, ал қолын 9 пайызында (жазу) пай­даланады екен. Тыңдау арқылы сөздердің айтылуы мен дыбыстал­уын есте сақтауға болатынын тәжі­рибе жүзінде іске асырып, оң нәтиже шығарған. Бүгінде Америкада бі­лімін жетілдіріп жүрген Шыңғыс Мұ­қан тіл үйренудің ешқандай құ­пия­сы жоқ деп санайды. Оның айтуынша, "бар болғаны оқу реттілі­гін сақтаған жөн. Алдымен, айтылған сөзді түсіну (Listening), содан соң сөйлеу, ойыңды жеткізу (Speaking), әрі қарай - оқу, мәтінді түсіну (Rea­ding), соңғысы - жазу (Writing)" деп түсіндірген.

    Сонымен Шыңғыс Мұқанның мағлұматын саралай келе, біз сіздерге тіл үйренудің тиімді жолдарын ұсынбақпыз.

   Ағылшын тілін үйренуге аптасына 10-12 сағат бөлудің өзі жеткілікті. Тек жалқаулыққа салынып, жарты жолда тастап кетпесеңіз болғаны.

    Ағылшын тілін әртүрлі форматта оқыңыз. Себебі, жалығып, шаршап кетпейсіз. Сондықтан арасында жаңалықтар, кинофильм мен мултьфильмдер көруге тырысыңыз. Мей­лі, сіз оны түсінбесеңіз де есту ар­қы­лы кейбір сөздердің дыбысталуы­на құ­лақтың үйреншікті болып қалады.

   Күнде он шақты сөзді жаттап, үнемі қайталап жүруді қалыптастырыңыз. Бір күнде он сөз болса, келесі күні он бес сөз жаттап, кіші­гірім сөйлем құрауға болатынын ескеріңіз.

   Сөйлем я болмаса мәтін аударуды да әдетке айналдырыңыз. Бұл ретте сіздің біліміңіз сыналады. Жа­ңа сөздермен таныс боласыз және жеделдікке жақын болатыныңызға сенімдіміз.

  Ең бастысы, шет тілін үйреніп жүрген ортаны қалыптастырыңыз. Тіл табысуға, диалог құруға оңай болмақ. Ой бөлісіп, пікір алмасып, емін-еркін сөйлеп кетуге септігін тигізетіні анық.

   Интернет арқылы онлайн курс­қа тіркеліңіз. Өзіңіз секілді тіл меңгеріп жүрген жандармен виртуалды байланыс орнатасыз. Ең бастысы, қателігіңізге  нұсқап, ешкім сізді кемсітпейді. Барлығы өз қалауыңыз бойынша.

    Шет тілді шетел асып меңгерсе, керемет болады деген сөздің жетегіне ере бермеңіз. Бар болғаны қарапайым қағидалар бойынша өзіңізді қадағалаңыз. Адамда ынта болса, зор нәтижеге қол жеткізуге болады.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 78 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C