Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 27 Маусым 2018 10:24

Журналистерге шабыт сыйлаған сапар

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

   

   Журналистің жұмысы қауырт. Әрі қыдыруға, серуен құруға у­а­қыты да бола қоймайды. Елді елең еткізген кез келген жаңалықтар мен дүйім жұртты дүрліктірген мәселелерді дер кезінде халыққа жеткізу - тілшілердің басты мін­деті. Десек те, соңғы жылдары БАҚ өкілдерінің ақпаратқа тез қол жеткізуіне жаңа жол ашылды. Себебі осы кезге дейін кез келген сала басшысына төте сауал қойдырып, саладағы мәселелерді ашып алуда журналистерге бағыт беретін ортақ алаң болмаған еді. Әрісі, екі-үш жыл көле­мінде Өңірлік коммуникациялар орталығы құрылып, журналистердің ақпарат алмасу мүмкіндігі молайды. Облыс орталығынан тілшілерге тез ақпарат таратып жүр­ген ұжым тарихи орындарға сенбі күні серуен ұйымдастырды.

 

Қаратау сілемдеріндегі сырлы суреттер

   Бұл жолғы шара тым өзгеше. Бұ­рынғыларына ұқсамайды да. Кілең жас журналистер жинал­ған. Бойындағы шабытына қанат бітіріп, шығармашылықта шыңға шыға беру үшін тау бөктеріне бару ең ұтымды шешім. Иә, қарт Қаратаудың қыратты қатпарлары, тау сілемдеріндегі сырлы суреттер адам баласына өзгеше күй сыйлайтыны анық. Осыны ескерген Өңірлік коммуникациялар орталығы "Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелерге" жас тілшілердің жолын түсірді. "Құдайдың құдіретін көргің келсе тауға бар" дейді қазақ елі. Шынымен тау кереметіне аң-таң болып, бабаларымыздың тасқа қашап жазып кеткен тарихын өз көзімізбен көрдік. Ат жалына жармасқан шабандоз, бұқа, жылқы, түйе, қас­қыр, шоқпар ұстаған аңшы, абыздар бейнесі, арба және басқа да аң-құстар мен елік бейнелері бізді өзіне еліктіріп әкетті. Қатпар-қатпар Қаратауға қарап тұрып, қазақияның қасіретті тағдырына куәгер болғандай күй кешесің. Даланың долы жүзін ысқырық жел күй­­­діріп, бетін басып жылаған баладай әсер қалдыратын қара тастардың ішіне бүккен сырлары да соншылықты тылсымнан сыр шер­теді. Сауысқандық шатқалы қазыналы қарт қария секілді. Айтары көп. Тасқа дейін тіл бітірген бабаларымыз жүрген жолда ықы­лым дәуірдің суреттері сауысқанша сайрап, бір құпия сырды айтқысы келетіндей.

   Еңбекші ауылдық округіндегі Қаратау жотасындағы шатқал елден 50 шақырымдай алыста екен. Үш бөліктен тұратьн тарихи орын 500 гектар аумақты алып жатыр. Ең көрнекі бейнелер қатарына шоқ­пар ұстаған аңшы, бастарына аң мен құс іспетті маска киіп, үс­тіне мал терісін, яғни құйрық те­рісін қалдыра тіккен арнаулы киім­­­дері бар абыздар көрінісі көп­тің көңілінде қалды. Мұның өзі бел­гілі бір діни-наным сенімнің ұш­­қы­нынан сыр тартатындай. Шиелі аудандық музейінің басшысы Бекболат Әбуовтің айтуы бойынша, мұнда 8-10 мыңға жуық сюжеттер бар екен. Барлығыда мем­лекеттік қорғауға алынған. Десе де, демалуға келгендер қо­қыс­пен лас­тап, тарихи суреттердің түп нұс­қа­сы­на залалдарын тигізіп кететін кө­рінеді. Одан қалды, тау-тастарына бояулармен сурет салып, аты-жөндерін жазып кетіп, табиғатқа жа­­­нашырлықпен қарамайды екен. Өмір өркешіне жармасқан жан­дай Ұлы елдің ұрпақтары өз қолтаңбаларын тасқа таңбалап кеткен. Иә, таңбалы тастар бізге жеткен құнды аманат емес пе!? Ал, сол аманатқа қиянат жасап жүрген жандар заңмен жазалануы тиіс.

   Бала Сауысқандықтың бойындағы өзенді бой­лап жү­­ре берсең, бойыңды өз­геше се­зім би­лей­ді. Көненің кө­­зіндей бол­ған жар­тастарға өрмелеп шығып, шың басындағы жазуларды қол­мен ұстап, көзбен көр­дік. Ал, тау етегіндегі тастан тасқа секірген шопан ата тұқымы, маң-маң басқан түйелер кәдімгі қазақтың байырғы өмірін елестетеді. Құдды бір өткен ғасырда жүргендейсің. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтарда салынған суреттер де алғашқы бейнелеу өнерінің өзгешелігі мен даралығын дәлелдеп тұрғандай. Тау төбесіндегі ауа да тамаша. Нағыз туризм­нің қанат жаятын тұсы екен бұл. Тек насихаты мен танымалдылығын арттыру әлсіз болып жатқандай. Шиеліліктер болса осы жұ­мыс­ты қолға алуда журналистерден көп үміт күтеді.

Үш хандықтың астанасы

   Қыз бұрымындай бұйраланып ағып жатқан сұлу Сырдың бойындағы қалалар талайдың таңданысын тудырып келеді. Оның ішінде Сығанақ қаласының орны ерек. Сауысқандықтан алған әсерімізге қоса одан әрі керемет қуат жинау үшін Сығанақ қаласының тарихи орнына қарай жол тарттық. Әуелі Һисамиддин Сығанақидың күм­безді кешеніне келіп табан тіредік. Ел арасында "Сунақ ата" атанып кеткен әулиеге келіп зиярат етуші­лердің де қарасы қалың екен.

   Осы тұста ХІІ ғасырда өмір сүр­ген, ұлы қазақ тарихында өш­пес­тей есімі қалған бірегей тұлғаның өмірдерегімен толықтай та­ныс­тық. Сунақ ата 1132 жылы дү­ниеге келіп, 1199 жылы 67 жасында қайтыс болған екен. Ол Сығанақ қаласы қорғанының күн шығысында 300 метр қашықтықта орналасып, сол жерге жерленіпті. Осы жерден ағып жатқан бұлақ суының да кермек дәмі бар. Мұздай су шөліңді әп-сәтте басып, шыжыған ыстықта, аптаппен күресуге күш береді. Содан соң, Сыр еліне танымал ғұламаға құран бағыштап, Сығанақ қаласының ежелгі орнына қарай ойыстық.

    Иә, бұл қала - тарихтың теперішін, талай хандар мен жаушылық заманның зұлматын көрген жер. Сығанақ Ұлы дала елінің астанасы болған. Атақты жазушы Ілияс Есенберлин өзінің "Көшпенділер" атты тарихи трилогиясында Сығанақ қаласы туралы айтылады. Осы жердің топырағын табанымызбен басып, хан сарайы болған жерге куәгер болудың өзі өзгеше сезім сыйлады.

   Тағы да айта кететін таң қаларлық жайт бар. Қазақ елінің үш хандығына астана болған Сығанақ қаласының әлемнің барлық көне жазбалары мен карталарында кө­рініс табады. Бұл дегеніміз бү­гінгі қазақ ұлтының рухын асқақтатып тұрған тарихи дерек көзі емес пе!? Мұны да біз сапар барысында білдік.

   Мұндағы тарих саласының жі­лігін шағатын ма­мандар тағы бір қызықты дерек айтты. ХІІІ ғасыр тарихшысы Джувейниде Сығанақ қаласының моңғолдарға көрсеткен қарсылығын дәлелдейтін суреттеме бар екен. Оқиға 1220 жылы болған. Қаланың тас-талқан болып қирауы мен тұр­ғындарының түгелдей қыры­луы сынды суреттемелер мұнда айқын жазыл­ған. Ол тағы да Жошы әскерінің Сырдария бойымен төмен жылжи келе бір қаладан кейін келесі қаланы алып отыр­ғанын жазады. Ал, Сығанақ болса, жеті күн бойы жан алысып, жан беріседі. Содан соң барып тізе бүккені бүкпесіз айтылған. Дегенмен де, өміршең қала өзінің өр­шіл­ді­гімен қайта тұрғызылып, ХІІІ ғасырда "Гетумның жүрген жолы" суреттемесінде "Сгнак" деп тарих сахнасына қайта шығады. Сығанақ қаласының сая­си тіршілігін, мәдениетін, ұлан-байтақ базарын, қала құрылысын, үйлерін толығырақ жазған ғалымдар Шараффудин Иезди, Фазуллула Ибн Рузбихан,-деп жазады  Әлкей Марғұлан. Мұның өзі қаланың дең­гейін бір­шама көтеріп тастайды.

  "Сығанақ тарихы" музейдің ең құнды экспонаттарының қатарына көне қаладан табылған құмыра, диірмен, садақ оқтары, ою-өрнекті керамикалық заттар, қыз-келіншектердің әшекей бұйымдары, жүзік, сырға, айна жатқызылады. Бір сөзбен қорыта айтқанда, 2017 жылдың 18 мамырынан бастап Жаңақорғанда өзіндік қолтаңбасы бар "Сығанақ тарихы" музейі халыққа есігін айқара ашып отыр. Ашық аспан астындағы Сығанақ қаласы да болашақ үлкен туристік алаңға айналмақ. Біз барған сапарда білгеніміз, ойға түйгендеріміз, көзбен көргендеріміз осы.

  Тілшілер тынымсыз тіршіліктен бір күн босап, осындай тағылымға толы сапарға шығып қайтты. Шара соңында Өңірлік коммуникациялар орталығы ұйымдастырған "Мен қатысықан брифинг" байқауының жеңімпаздары марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Бір күнде тауға да, тарихи қалаға да барған тілшілер сапарды Екпінді көлінің жағасында қорытындылады.

 Айдар САЙЛАУОВ,

Қызылорда-Шиелі-Жаңақорған-Қызылорда

 

Оқылды: 72 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 27 Маусым 2018 13:02

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C