Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 02 Тамыз 2018 12:37

Ең ерекше ескерткіштер

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 

     Шабыт - шығармашыл адамның шарықтау шыңы. Оны өнер адамдары жақсы түсінеді. Ал, он саусағынан өнер тамып, тасты да ұршықша иіретін мүсіншілер талантқа ғана сенеді. Еңбектің де орны бөлек олар үшін. Дүниеге әкелген дүниелері ғасырлардан сыр шертіп, жылдардың жылнамасын жар салып тұрғандай. Енді барлық ескерткіштер сәтті шығады деп айту қиын. Соның ішінде ең ерекше ескерткіштер жер бетінде жетерлік. Әр жылдың 18 сәуірінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аталып өтіледі. Атаулы күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен болатын. Қазіргі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті енеді. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне тіркелген, құнды жәдігерлер. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі "Әзірет Сұлтан" тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Таңбалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірген еді.

    Қазақстанның өзінде ұлттық құнды­лық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Бой түзеген әрбір ескерткіш өзіндік ерекше мағынаға ие. Олар көшелердің көркін келтіріп қана қоймай, саяхатшылардың да көзайымына айналып келеді.

   Қазақ жеріндегі белгілі тұлғаларға қойылған мүсіндер мен атты ескерт­кіш­­терден өзге, айтулы оқиғалар мен тарихи оқиғаларға, мекен атауына не­месе кинофильм кейіпкерлеріне қойыл­ған ерекше ескерткіштер жайлы жұрт көп біле бермейді. Таптаурындардан жа­лыққан халық жанға жайлы, көздің жа­уын алатын тың дүниелерге сусап қал­ған. Қайда барса да, бір-біріне ұқсап са­лынған батырлар немесе тұрған, отырған болмаса т.б тарихи тұлғалар. Әрине, бабалар ұлықталуы керек. Десе де әр мү­сіннің өзіндік қолтаңбасы, ерекшелігі болуы тиіс. Көкке топырақ шашудан ау­лақ­пыз. Сондықтан барды бағалап, қазақ жеріндегі ең ерекше ескерткіштерге шолу жасағанды жөн көрдік.

 

Біздің елде қайғылы тарихи оқиғаларға орнатылған ескерткіштер көп. Павлодар қаласындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына орнатылған анасының өліміне зар жылаған бала бейнесі бейнеленген. Ол Павлодардан шыға берісте, ескі мұсылман зиратының жанында орын теуіпті. Бір кездері дәл сол жерден жаппай жерленген ашаршылық құрбандарының мәйіті табылған еді. Сондықтан қызылжарлықтар бұл орынды қасиетті деп есептейді. Ал, Астана қаласындағы Ашаршылық құрбандарына орнатылған ескерткіш те көңілге қаяу саларлық әсері бар. Өзгесіне ұқсамайды, әрі жазушы жазып жеткізе алмайтын ащы өксікті мүсінші қоланың көмегімен-ақ өзгеше бейнелеп шыққан.

  Қарағандыдағы қайтыс болған шах­терлерге орнатылған ескерткіш те ерек­ше. Негізінен ескерткішті жарылыс­тан ­қақ жарылған террикон құрайды. Барельефтің бірінде бетін көмір басып қалған шахтер бейнеленген. Қызыл стелла - от, қуат, сонымен қатар үрей белгісі. Ком­позицияның ішкі жағында ақ мәрмәр тек­ше - қайтыс болғандардың ақ жаны дегенді білдіреді. Ал, бергі жағында тізесіне бала­сын құшақтап, қайғырған ана. Баланың ба­сында шахтерлік каска. Ана­ның бір бөлігі ғана қоладан жасалған, жар­ты бөлігі қайтыс болған туысымен бірге кетті де­генге саяды екен. Жүректі шым ет­кі­зетін ескерткіштің тарихы осыншалық ауыр. Сол себеепті де ол қарағандылықтар үшін қадірлі.

  2010 жылы Қызылағаш ауылында су қоймасының жарылуынан болған су тас­қ­ыны салдарынан 40 адам, оның ішінде 12 бала қаза тауып, ауылды түгелімен су ша­йып кеткені мұқым елге мәлім. Бұл қай­ғылы жағдай қалың қазақтың қабыр­ға­сын қайыстырып кеткені белгілі. Осы қайғылы оқиғаға орай орнатылған ескерт­кіш бой көтерді. Сәулетті сәнді, бірақ тарихы осындай азалы.

  Махаббат кейіпкерлеріне арналған ескерткіштер де көптің көңілінен шығып жүр. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға ар­налған ескерткіш бар. Ескерткіш "Жастар" саябағында орналасқан екен. Мүсінді орнату үшін демеушілердің қолдауымен саябақ толық жөнделіп, абат­тандыру жасалған. Бұдан бөлек, махаббат символына айналған "Қыз Жібек пен Төлегенге" арналған ескерткіш Тараз бен Арал қалаларында орналасқан. Содан соң, Астана қаласындағы қоладан жасалған қос ғашықтың мүсіні мәңгілік махаббат символын сипаттайды. Дәл осы қаладағы ғашықтар саябағында "Алтын жүрек" мүсіні бейнеленген. Ол да махаббатты жүрегінің тұмары еткен жандарға арналады. Қуантарлығы, бір-біріне ұқсау, идея қайталануы деген сынды олқылықтар мұнда кездеспейді. Сонымен қатар, 2005 жылы Англияда "Болашақ" бағдарла­ма­сы­мен оқитын қос ғашық Болат Карентаев пен Айнұр Сүлейманованың оқиғасы да мүсіншілерге шабыт берген. Олар ұшақпен Қазақстанға қайтып келе жатады. Ақтауды бағыттаған ұшақ Бакуден ұша бергенде Каспий теңізіне құлап, апат болады. Су астынан қос ғашықтың бір-бірін қатты құшақтап жатқан мәйіті та­былады. Екеуі бір белбеуді бір-біріне қапсыра байлап алған екен. Осы жан тебірентерлік оқиғаға орай және ғашықтардың символы ретінде марқұм Болаттың туып-өскен жері Тараз қа­ласында ескерткіш орнатылған. Адал­дықтың айшығы болған ескеркіш ел аузында әлі айтылып жүр. Ғашықтар оқиғасы да соған сай жер-жерлерге таралу үстінде.

   Осы тұста тағы бір қызық ақпар айта кетсек. Кеңес Одағында түсірілген "Сәттілік джентельмендері" фильміндегі "Хочу в Джамбул, там тепло, там моя мама" деген цитатасына орай бұрынғы Жамбыл, қазіргі Тараз қаласында осы фильмнің үш кейіпкеріне ескерткіш орнатыпты. Ал, Ақтөбе қаласында "Қан мен тер" трилогиясының кейіпкерлеріне арналған ескерткіш бар. Мұндай ес­керт­кіш Арал қаласында да менмұндалайды. Аралдықтар Ә.Нұрпейісовтің әдебиет үйін ашып, "Соңғы парыз" романының кейіпкерле­ріне арналған ескерткіш орнатты.

   Қызылорда облысы да ерекше ес­керт­кіштерге кенде емес. Облыс кө­лемінде 517 тарихи-мәдени мұра нысан­дары мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 30-ы республикалық, 256-сы жергілікті маңызы бар нысандар. 231 ескерткіш алдын-ала есепке алынған та­рихи-мәдени мұра ескерткіштер тізі­мі­не алынған екен. Ал, Қызылорда қала­сының өзінде 78 тарихи-мәдени мұра объектілері тіркелген. Соның ішінде ХІХ ғасырдың мүлкі Көтібар мұнарасы да өз ерекшелігімен көпті тәнті еткен. Ол Ақжарма ауылынан батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Қала ішін­дегі Қорқыт ата, теміржол вокзалы, су қыспақты мұнара, М.Шоқай, үш ке­мең­гер ескерткіштері өз ерекшелігімен қызылордалықтарға жақсы таныс.

   Әлбетте, бір мақаламен барлық кө­рікті орындарға шолу жасау мүмкін емес. Десе де, оқырманға қызықты ақпараттар осылар. Сырттай тамсанғанымен ес­керт­­кіштердің тарихын түсіндіретін ақпараттық тақталар аздық етеді. Осы мәселе қолға алынса, ескерткіштерге деген теріс көзқарастар оңалары айқын.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 61 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 02 Тамыз 2018 12:43

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C