Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 05 Қыркүйек 2018 06:13

СӘН ИНДУСТРИЯСЫ: ШЕКАРАСЫЗ ШЕКСІЗДІК

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Әлемдік сән нарығында есімі әйгілі Коко Шанель, Кристиан Диоp, Gucci сондай-ақ, Дольче мен Габбананың қай туындысы болмасын, көп­ші­ліктің сұранысы мен қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Тіпті, түп­нұсқасы болмаса да, әлем­дік бренд белгісіне көз тоқтатып, сатып алуда қар­жысын аямайтын ха­лық көп. Мұның себебі белгілі, сән индустрияда қолтаңбасын қал­дыр­ған атақтылардың көбісі шетелдіктер. Подиумдарды бағындырған дизайнерлер, қа­лың жұрттың назарын аударатын дефилелер шетелден бастау алғаны белгілі. Сән үйіндегі бренд­тердің сапасы да жоғары, бағасы да соған сай салмақты. Әрине, шетел асып Шанельдің костюмін пә­ленбай долларға алатын қазақ кемде-кем. Диордың иіс суы мен сәнді сөмкесіне қаржы жұм­сай­тын адам некен-саяқ. Сондықтан да қалтаға салмақ түсірмейтін, бренд­тің баламасын базар бағамына айналдырып сатып алғанды құп көретіндердің қатарын есептеу қиын емес. Осы ретте ойымызға отандық дизайнерлердің өнімдері неліктен қымбат? Қазақстандағы сән индустриясының ахуалы қай деңгейде? Міне, осындай сананы жаулаған сан сұрақтың жауабын саралап, мамандардың пікіріне сүйене отырып тақырыпты таразыладық.

    Сән - үнемі қозғалысты, дамуды қажет ететін құбылыс. Бүгінгі күні сән индустриясы - бизнестің көзі, қаржы көп түсетін кә­сіптің бастауы. Сан ға­сырдан бері жалғасып ке­ле жатқан сән әлемі уақыт өткен сайын жаңарып, халықты өз көшіне ілестіре алмауы да заңдылық. Десе де трендтен қалмай, өз стилін қалыптастырып үлгергендер де бар арамызда. Әрине, қойға кие­тінді тойға, тойдың киімін қойға киетін ха­лық емес­піз. Алайда, ал­пауыт елмен тереземіз теңес­ті­руді мақсат етсек, сән индустрия­сы­ның да алға жылжуына ең­бек ету қажет. "Өкініш­ке орай, Қазақстанда сән саласы елеулі болып саналмайды. Біз­дің елде мерекелерге арналған киім­дер­ді ғана жасауға көп кө­ңіл бө­леді. Ал, бүкіл әлем­дік ди­зай­нерлер тек көптің көзіне бірден түсетін ерекше үлгідегі таңданарлық киімдерді ғана емес, оның жайлы болуы үшін қызмет етеді. Шетелдік әріптестеріміз халықаралық та­лап­қа сай коллекция үшін 13 тақырыптық топты ұсынады. Сондықтан да үнемі ізденіс үстінде жүреді",- дейді белгілі дизайнер Аяжан Жақсыбай осы кезге дейінгі сұхбатында.

  Айтуынша, 90-жылдары Қазақстанның бюджетіндегі жеңіл өнеркәсіп кө­лемі 25%-ды құраса, бү­гінде ЖІӨ-нің бір пайызын құрап отыр. Бұл көр­сеткіш дизайнерлерге әлі де болса қарқынды жұмыс жасау керек екендігін аңғартады.

  Қазіргі таңда қазақстандық сәнқойлардың қо­лынан шыққан киім-кешектер шоурумын ашқан Динара Сәтжан бірнеше жылдан бері өз кәсібін жандандыруда. Ол отандық сән саласының дамып келе жатқандығын алға тар­тады. Фэшн-бизнес біздің еліміз секілді өте жас деп есептейді.

   Бүгінгі күнге дейін 70 жылдан астам тарихы бар "Сымбат" академиясының бағындырған белесі, шыққан шыңы шығармашыл жанға шабыт сыйлайды. Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң, яғни 1947 жылы құрылған сән академиясы бағытынан адаспай, жаңа леппен өз атын қалыптастырып қой­ған еліміздегі ірі холдингтің бірі. Алғашқы атауы "Республикалық киім, аяқ-киім және трикотаж үйі" аталған сән саласының тұңғышы Болгарияда, Лейпцигте, Италияда өткен халықаралық фестивальдерде өнер көрсетіп, ел құндылығын киімде бейнелеп қазақ атын әлемге таныта білді. Осыдан-ақ fashion-индустриядағы бет алыс­тың бағыты қалып­тас­қанын аңғаруға болады. Дегенмен, қарапайым халықтың тұр­мысы отандық брендтегі тауарды тұтына алмайтындығы тағы да шындық. Бағасы қалта кө­тер­мейтін болған соң сәннің соңғы жаңалығын тағатсыздана күтетін жандар жоқтың қасы. Мойындау керек, біз өз елімізде тігілген туындының игі­лі­гін әлі де сезіне алмадық, алайда шетелдік сәнбикелер ашкөздене күннен-күнге жаңа дүние­нің жарыққа келуін күтуде. Сол үшін де түрлі сән ап­та­лықтары мен фестивальдер жиі өткенін қалайды. Себебі по­диум­ның берері көп. Біріншіден дизайнердің жұмысы халыққа ұсынылса, топтамадан таңдау жасап, тапсырыс беретіндер де жетіп артылады. Бұл дизайнерге берілген мүм­кін­дік.

    Біле білсек, әр маусым са­йын дизайнерлер көптеген экс­клюзивті заттарды шы­ғарады. Дегенмен, олар­дың бірегейі ғана тарихта қалып, өміршең болады. Мәселен, Коко Шанель ұсынған қара көйлек әлі де әйелдер қауымының сұлулығын арттырып, мү­сініне ерекшелік беретіні анық. Сондықтан да әрбір әйелдің гардеробында мін­детті түрде романтикалық стильдегі қара көйлектің ілулі тұратыны ақиқатқа айналды. Ал, Lady Dior сөмкесі танымал адамдардың ажырамас аксессуарына айналғаны қашан.

   Dior сөмкесі мәңгілік классика іспеттес. Формасы жағынан да еш өзгеріске ұшырамайтындықтан көпшіліктің көзі үйренген сөмке әрдайым көңіл көн­шітеді. Праданың былғары киімдері де әлі күнге дейін бағалы, "жылдың ең үздік жұп­ар иісі" атағын жеңіп алған Дольче мен Габбана шығарған парфюмерасы ел ішінде жатталып қал­ған. Бұл тұрғыда тарихта қалу үшін отандық дизайнерлер қандай қадамдарға бара алады?

   Дегенмен елдегі дизайнерлердің оған өз жауабы бар. Мұ­ны белгілі дизайнер Аида Кауменованың мына бір әңгімесінен айқын бі­лінеді.

   - Жырақта жүргенде елге, Отанға деген сезім мен құрмет артады деген рас екен. Мен бел­гілі сән­герлерден дәріс алып, көп нәрсе үйреніп шықтым. Десек те, дәл сол жат елде "Мен не­­ге ұлттық беде­ріміз, сақтал­ған киім үлгі­лерін тікпеймін?", "Неге отандық сән әлемін дамытуға өз үлесімді қоспаймын?" деген ойлар мазалады. Сөйтіп, оқуымды тә­мамдап, елге оралғаннан соң батыстық сән үлгілерінен кем түспейтін, ұлттық нақыш сақталған киім ті­гуді қолға алуды мақсат ет­тім. Менің сән әлеміне кел­уім­нің өзі Отанға, елге деген махаббатымнан деп бі­лемін. Сондықтан мен киім үлгілері арқылы қазақ қы­зына тән инабаттылық, ұяң­дық, ата-дәстүрге деген құрметті көр­сет­кім келді. Біздің брендіміз ол - ұлттық нақыштағы киімдері­міз,- дейді Аида Кауменова.

   Ұлттық киімнің сұлу­лы­ғы мен көз тартар әсем­дігін Батыс өңіріндегі шеберлер ерекше жеткізеді. Кейде, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау өңірі шеберле­рінің қолынан шыққан туындыны көргенде қазақы өрнектер­дің жоғары екенін іштей сезінесің. Ал, Алматы мен Астана қа­ласындағы дизайнерлер мерекеге арналған кешкі көйлектер мен сахналық стан­дарт­қа сай көйлектердің не­ше түрі ті­гілетін болса, батыс жақтан сәукеле мен бешпенті үйлескен қа­зақтың нағыз бренді дайындалады.

    Қалай десек те, көкейде бір сұрақ туындайды. Оқу орындарында арнайы дизайнерлер даяр­ланады, керек десеңіз, кә­сіптік колледждер де тігінші мамандығын оқытады. Бірақ, сән саласының өркендеуіне үлес қо­сатын жас мамандар қайда жүргені бел­гісіз. Ынта-жігерімен оқып, қалаған мамандығы бойынша білім алған жастар кә­сіп бастап, өз ісін дөңгелетіп жүр­гендері бар. Алайда, сұраныстың жоқтығы қынжылтады. Ірі қа­ла болмағандықтан дизайн мамандығымен көтерілу қиын. Сонан соң салың суға кетіп, жар­­­ты жолдан еңбектенуге ері­ніп құлай жөнелді. Бұл біздің ай­мақтағы сән индустриясының бүгіні.

   Десе де үмітті үзбей, қала ішін­дегі бірқатар ательелерді аралап, сән үйінің жұмыстарына назар сал­ған едік. Қайнаған қызу тір­шілікті байқадық. Әуелі, "Самал Сәнімхан" сән үйіне кіріп, киім үлгілерімен таныстық. Кестелі көйлек, оюлы бешпент, ке­ремет кәжекей, сәукелесі алыстан көз тартады. Сән үйінің директоры Самал ханымды сөзге тартып, келелі істің бас­талуына не түрткі болғанын сұ­радық. Айтуынша, біздің ай­мақ Ақтау қаласымен салыс­тырғанда қазақы бұйымдар мен киімдерді, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты ұстануда артта қалып қойғанымызды жасырмады.

    - Біз әлі де арзан қол өнімді тұтынып, жарқырап жүр екен­біз. Осы ретте, неге қыз-келіншектерге арналған сән үйін ашпасқа деген ой келді. Әрине, бастапқы кезде қиындықтардың туындағаны рас. Ақ­тау­дағы дизайнермен келі­сіп, бірнеше көйлектерді сатып алып, халыққа ұсын­дым. Алғашында барлығы қорқынышпен қарап, сырт көздің сынына ұшыраймын ба, әлде тым қазақыланып кеттім бе деген ой қа­лыптасты. Дегенмен, көп ару мұн­дай таптаурын ойдан арылып, мерекелік шаралар мен ұзату тойда барынша әде­міленіп шығуға қадам бас­ты. Сұраныс та арта бастады, ендігі мақсатым сән үйі­нің аясын кеңейту. Ол үшін дизайнер мен бірнеше тігін­шінің қажеті анық. Ал, біздің өңірде сапалы кадр табу тіп­тен қиын,- дейді Самал.

    Сән саласында проблема баршылық екенін осы салада жүргендер де мойындайды. Кадр мәселесі, матаның сырттан келуі, киім­нің шығарылуы мен тігілуіне кететін қаржының көлемін есепке алған отандық дизайнерлер өнім­нің бағасы басқаға қарағанда қым­баттырақ бағалайды. Шикізат сырттан келетін болғандықтан, өз шығынын жабу үшін үстіне қаржы қою бизнеске тән құбылыс дегенге келтіріп отыр сала мамандары.

   Соңғы уақытта, сән мен стиль қалыптастырып, өзгеден ерекшеленіп, көңіл қалаған дүниеге қол жеткізу үшін тігіншінің жұмысына тәуелділік артуда. Қарапайым тігіншіге келетін халық саны көп. Өз қалауы бойынша киім тіктіртіп, ыңғайлы әрі сәнді болғанын қалайтын әрбір жан өзіне ұнайтын шеберге сенім артып жатады. Десе де, ті­гін­шінің кәсібіне сүйенгендер азын-аулақ қаржы жұмсайды деген ой қате. Әр көйлек­тің үлгісі мен сәніне қарай бағасы да құбылмалы. Сапалы матасы мен тігісінің жатықтығы да қол еңбегі болған соң, соған сай баға да қойылады. Ең бастысы, сәнді киіну мен стиль қалыптастыру кезінде қателікке бой алдырмауымыз қажет.

    Сәнді киіну - тек брендтік тауарды тұтыну емес. Кері­сін­ше, өз дене бітіміне қарай ыңғайлы әрі жарасымды образды анықтап алу. Мода - шексіздік. Шегі жоқ шекара. Жаңа ескіден туындайтын сән әлемі үнемі қозғалыста. Біріне үлгерсең, екіншісін қуа­лап жетем дегенше біз ойламаған сәнді дүние есік қағып тұратыны анық.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

 

Оқылды: 39 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C