Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 05 Қыркүйек 2018 09:14

«АҚМЕШІТ ЖАСТАРЫ» жастардың идеясын іске асыратын газет

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 

  Газет - идеологияның басты құ­ра­лы. Келмеске кеткен Кеңес заманында да бұл солай болған, қазірде де ақпарат құралдары жаңалықтың бастау бұлағына айналды. Бірақ, бү­гінгі нарықтың алапат күші баспасөз басылымдарын жаңа бағытқа икемдеп, бәсекелестікке жол ашып берді. Дүрмекке ілесуде әр басылым тақырыптық бағыттарына қарай өз оқырманын қалыптастырып, аудиториясын жинай бастады. Сыр елінде де ақ­парат құралдары жыл артына жыл қосып, мазмұны жағынан байып, жа­ңа деңгейге көтерілуді мақсат тұтты. Ал, осыдан бес жыл бұрын ақпарат айдынына қосылған "Ақмешіт жастары" газеті де жастардың қалауын дөп басып, оқырман ойын бір арнаға тоғыстыра білді. Жастардың төл басылымына айналды. Оған себеп те жоқ емес еді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен жарық көр­ген жастар газеті бүгінде бес жыл бедеріне шықты. Газеттің шығарма­шы­лық әлеуетінің қалыптасып, оқыр­манмен байланыс орнату жолындағы осы 5 жылда іргелі ізденіс­тер мен байыпты бастамалар Сыр елінің медиакеңістігіне таралды.

   Оқырман ойымен санасып, қоғам талқысына түскен тақырыпты талдау, сырлы сұхбаттар әзірлеу, ойлы ма­қалалар жазу әр редакцияның өзін­дік стилі арқылы дамиды. Басылымның бас редакторы Айжан Абдуллаева "Ақмешіт жастары" газеті 32 салалық тақырыпты, 150-ге жуық айдарды қамтитынын алға тартты. Ел өміріндегі оқиғаларды екшейтін "Айна", "Тұғыр", "Қамшы", "Бағдар", "Дода", "Демалыс" беттері оқырманға ой тастайды. Мұнан өзге сараптамалық мақалалар топтамасын әзірлей­тін "Таразы", журналистік зерттеуге ек­пін берілген "Нысана", кәсіпкерлерге арналған "Бағдар", діндегі ділгір мәселелерді таразылайтын "Діңгек", көшбасшы жастардың бейнесін ашу­ға бағытталған "Темірқазық", жас отбасылардың мәселесін мінберге шығаратын "Шаңырақ" арнайы беттері газеттің тақырыптық бағытының айқын екенін аңғартады.

   Басылым 5 жыл бедерінде жастардың идеясын іске асыратын алаңға ай­налды. Апта сайын оқырманмен қауышып, жастардың көкейде жүрген ойлары мен озық идеяларын бұқараға насихаттауды мақсат еткен жастар басылымының шығармашылық құра­мы үнемі ізденіс үстінде жүреді. Тақырып табудағы тапқырлық, ерекше оқи­ғаларға өзгеше бояу беру, сұхбаттан сыр суыртпақтау сынды газеттің ішкі әлеміндегі қалтарыстар жастарды газет оқуға шақырып тұрады. Соның арқасында болар бүгінде басылымның таралымы 10 мыңға жеткен.

   Жаңалығы желмен жарысқан ақпараттық заманда оқырманға тек оқиға­ларды баяндап, ақпараттарды жеткізетін түрлі сайттар белең алды. Дегенмен, мақсатты аудиториясы бар басылымдар үшін арнайы ізденісті талап ететін зерттеулер жүргізу газеттің кәсі­билігін байқатады. Бұл ретте "Ақмешіт жастары" газетінің тілшілері биылдан бастап түрлі тақырыптарға тереңірек баруды көздеп, журналистік зерттеу жасауға ұмтылды. Мәселен, мүмкін­ді­гі шектеулі балалардың білім алу мүм­кін­діктерін ашып жазуы, аяқ киімнен келер қауіптің қалай нарыққа еніп жатқанын, салық саясатындағы өзекті проблемалардың бар екенін айту, сырт елден нәпақа табуды көздеген жастардың өмірін боямасыз баяндау басылымның ізденіске бет бұрғандығын айқын дәлелдейді.

    Сөз жоқ, "Ақмешіт жастары" газеті ба­сым бағытты жастарға бұрады. Ел өмірінің әр қиырында қызмет істеп, түрлі салаларда тер төгіп жүрген белсенді жастардың бейнесін ашып, табысты жолын жатық тілмен жеткізуде шығармашылық құрамның өз әдісі бар. Бас редактор Айжан Жұмабекқызы жастар тақырыбын жазуды 5 критерий бойынша бөліп қарастыратынын қаперге салды.

    Ол қандай бес бағыт дерсіз? Алғаш­қы­сы - ақпараттық бағытта. Жастар ара­сында ұйымдастырылған іс-шараларды және мәселе көтерген дөңгелек үстел мен жиналыстарды ақпараттандыру. Екіншісі - көшбасшы, іскер, өз ортасында жетекші жастар жайында эссе, очерктерді оқырманға ұсыну. Мұ­нан бөлек, зияткерлік қабілетке ие, өнертапқыш жастардың жаңалығын жариялау. Жастардың қалыптасуына қажетті сыни ой-пікірлерге де орын бе­ріледі. Соңғысы - дерек пен дәйекке негізделген сараптамалық-талдамалы материалға ұсыну. Мұның бәрі топтасып келгенде жастар саясатындағы оңды өзгерістер мен ішкі проблемаларға қозғау салады.

   Жастар басылымы аз уақыт ішінде жас журналистердің төселуіне де жол салып берді. Қалам ұстаған қауымның бағытын бекітіп, тәжірибе жинауы сол арқылы өзін ширауына үлкен алаң бол­ғаны жасырын емес. Айталық, аймаққа есімі танылып үлгерген Дастанбек Садық, Дәулет Қырдан, Елжас Әбділда сынды журналистерді қалыптастырды. Кейінгі толқынның ізін жал­ғаған Әсел Бегман, Ерасыл Шәрібек, Айгүл Әлішерова, Мөлдір Кенжеғұлова, Ержан Қожас, Ерхан Ақын есімдері оқырманға ойлы мақалаларымен танылуда.

    Оқырманды тартуда газеттің безендірілуі де басты орынға ие. Жастар газеті жыл артына жыл қосып, әр нө­мірдің бас тақырыптарын тартымды дизайнмен беруді жолға қойды. Көз тартып тұратын көріністерді қаз-қалпында беру, бейнелі суреттерді ойнатып беру басылымның еркін бағытты көздейтінін байқатады.

    "Ақмешіт жастары" газетінің бастамасы тек оқырманға ақпарат берумен ғана шектелмейді. Редакция өз тарапынан мерейлі даталарға сәйкес түрлі байқаулар мен іс-шаралар ұйымдастыруда.

   - Біздің басылым жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында жас ақындар мүшайрасын, үздік мақалалар, эссе жанрында тақырыптық байқауларды тұрақты өткізіп тұрады. Биыл көктемде газет имиджін көтеру мақсатында 14 пен 29 жас аралығындағы оқырмандар арасында 1 минуттық бейнебайқау ұйымдастырып, оған республиканың түкпір-түкпірінен 200-ге жуық жас қатысты. Газеттің және сайттың оқырмандарын арттыру, оқырманмен тығыз байланыс орнату мақсатында мұн­дай байқаулардың маңызы зор,-дейді бас редактор Айжан Абдуллаева.

    Бес жылдық белесті де редакция ұжымы оқырманды олжалы етпек. Газеттің беделін көтеруге бағытталған сайыстар ұйымдастыру, оқырманмен ойласу, шығармашылық байқау өткізу сынды бастамалармен қуантуда.

    Сыр жастарының төл газетіне айналған, өзіндік айтары қалыптасқан, аудиториясы бар "Ақмешіт жастары" газеті даму деңгейінен тоқтап қалмақ емес. Жыл артына жыл қосып, шығармашылық әлеуетін шыңдап келе жатқан жастар басылымы оқырман іздеп оқитын басылымға айналады деген сенім бар.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

Оқылды: 208 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 05 Қыркүйек 2018 12:24

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C