Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 06:10

ЖАСЫН МІНЕЗ, ЖАСТЫҚ ЛЕП

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 Ақын жүрегі нәзік. Кейде алай-дүлей. Ал, бірде тас­танда қатты, мұздан да суық. Жылап отырып күлдіруі, күліп отырып жылатуы мүмкін. Бұл сөздің, өлеңнің өміршең құдіреті. Мұны өлеңсүйер қауым да жақсы түйсінеді.

    Осындай ауыр жолды таңдап алып, "ақын" деген арда есімді арқалаған жастар да жетерлік. Жырлары жусан иісіндей жұпар, өлеңдері жұп-жұмыр, жып-жинақы өнер иелерінің тамылжыған туындыларын оқырманға таныстыруды жөн көрдік. Газет бетінде алдағы уақытта "өзіндік айтары бар" жас ақындардың жасампаз өлеңдері "Жусан жыр" айдарымен жарияланатын болмақ. Көңілдері өлеңге сусап қалған оқырман жаңа буынның беталысын бағамдай жатар. Дегенмен де жас­тардың жаңашыл жырлары талай жүректерді жібітіп жібереріне сенімдіміз.

   Бүгін жырсүйер қауымға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Екі шетел тілі мамандығы бойынша АЯ-15-3 оқу тобының студенті Айнаш Бөлекбайдың қос өлеңін ұсынып отырмыз.

 

 АҚЫННЫҢ БӘРІ...

Беймәлім құдай, жанымды жырға сатыпты,

Алысып жырмен арайлы таң да атыпты.

Өмірмен қатар өлеңмен өмір сүретін...

Ақынның бәрі... - Бақытты!

 

Білмедім бірақ, біз нендей қайғы татыппыз?

Мұңдана бердік: мезгілсіз, күйсіз, уақытсыз.

Мақтанып күліп, шаттанып тұрып мұңаяр...

Ақынның бәрі... - Бақытсыз!

 

Адамға басқа, ақынға басқа атырап,

Үңіліп жүрер, үндемей ғана бақылап.

Ақылы болып азғантай іске алданар...

Ақынның бәрі... - Ақымақ!

 

Табыла кетер тылсымды жырдан жан емі,

Толқыны бөлек, бұлқынып жатар әлемі.

Қисынсыз сәтте қиялға шомып кететін...

Ақынның бәрі...- әдемі!

 

Бәрібір бізге: кедейсіз, байсыз, сіз кімсіз,

Ұната берер, кетпесең болды із-түссіз.

Жүректе біреу жоғалған күні... қараңыз,

Ақынның бәрі...- Ұсқынсыз!

 

 МЕН СІЗДІ КҮТКІМ КЕЛЕДІ

Қаңтардың омбы қарында

Суыққа белшемнен батып,

Шілделі отты жалында

Ыстық жел, ыстық леп шарпып,

Мен сізді күткім келеді...

 

Вокзалда сағаттар санап,

Алыстан келе салатындай,

Таусылып тағаттар сәл-ақ,

Тәңірім бере салатындай,

Мен сізді күткім келеді...

 

Гүл өмір қауыз жарғанша,

Жүрегім арызданғанша,

Өлімді күттіріп қойып,

Өмірмен қарызданғанша

Мен сізді күткім келеді...

 

Мың сұлу сүйіп тоңғанша,

Болса да сүйіктің қанша,

Бәрінен баз кешіп кетіп,

Күйіп те сүйіп болғанша

Мен сізді күткім келеді...

 

Анаңыз: "Келінім, балашым" дегенше,

Балаңыз: "Анашым" дегенше,

Көшеден біздерді көріп...

"Не деген жарасым!" дегенше

Мен сізді күткім келеді..!

 

 Айнаш БӨЛЕКБАЙ:

 -  Өлеңдерім нәзіктікке, қызға ғана тән қылық пен өзім үшін құнды құпиялардан тұрады. Бұл әлемде өзіндік үн, ерекше сарын жасағым келеді. Өлең менің - бойтұмарым. Ақын қыздардың осы бір қалтарысы мен бұлтарысы көп жолдағы жыр шумақтарын жата-жастана оқимын. Осы бір үлкен мұхитқа тамшыдай болса да үлесімді қос­қым келеді. Өлең деген - сезім, өмір. Мен бұл өмірдің аяқталғанын қаламаймын.

 

Оқылды: 49 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C