Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 03 Қазан 2018 06:01

Тәнге түсер таңбаға сұраныс көп

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 

    Қазір елден ерекшеленіп, жұрттан даралану үшін Толағайдай тау қопарып, Желаяқтай желмен жедел ұшудың қажеті шамалы. Бәрі оңай. Керек десеңіз, ойға келген ойсыз қылықты да қызықты етіп, ел алдына ұсынсаңыз болады. Талайын көз көріп, құлақ естіп жүр. Сондықтан бірдеңеге таңқалып, таңырқау деген қасиет қазірдің өзінде тасада қалып жатыр. Қоғамда дара болып қалуды даналықпен емес, дарақылықпен түсінетін жастар көп. Денеге сурет салу, татуажбен тамаша болып көріну, пирсинг жасату, мұның барлығы тән сұлулығын жоғары қоятындар үшін жат дүние емес. Десе де тәнтаңбаның тамыры тереңге жайылып, күннен күнге сәнге айналуының өзі алаңдатарлық. Соңғы кезде "татуировка" термині ел аузында көп айтылып жүргені белгілі. Бұл дегеніміз халықтың қызығушылығы мен сұранысының артып келе жатқанын білдіртеді емес пе?

    Сән қуалаған жанның кез келген нәрседен мән іздеп жатуы екіталай. Елді еліктірген нәрсеге бірінші болып қадам басқанын мақ­тан көретіні де заңдылық. Көңі­лінен шықса көзді жұмып, әп-сәтте татуировка жасатуды да олжа кө­реді. Алайда, ешкім түп төркініне көңіл аударып жатқан жоқ. Деректерге сүйенсек, татуировка ежелгі көне тайпа өкілдерінің ұлттық ерекшелігі ретінде саналған көрінеді. Ал, кей тайпаларда жазаланған адам­ның денесіне осылай сурет салып, масқаралау үшін таңбалаған. Мәселен, Египетте, кейіннен Жапонияда, Қытай мен Мексикада, Никарагуада қылмыскерді жазалау үшін пайдаланылған екен. Ең қызығы, терминді ғылымға енгізген әйгілі саяхатшы Джеймс Кук болған деген дерек бар. "Татуировка" термині Тынық мұхитындағы сансыз аралдарды мекендейтін аборигендердің "тату" сөзінен шыққан. Ал, аборигендер Американың үндістері секілді үстеріне түрлі шашақтарды тағып, терілерін тесіп сурет салатын. Демек, бүгінгі "өркениетті" адамдардың денелерін татуировкалап жүргені - сол ортағасырлық жабайы халықтың "татулары". Бірақ, ежелгінің ерекше бел­гісіне бүгінгі көзқарас мүлдем басқаша. 6000 жыл бұрын пайда бол­ған татуировканың не сиқыры бар? Жабайы халықтың ойлап тапқан дүниесінің әлі күнге дейін сақтал­уына не себеп? Осы секілді сауалдар ойға еріксіз оралады. Сұраққа тұщымды жауап алу мақсатында өңіріміздегі сән салондарды аралап, татуировка салатын білікті ше­берді сұрастыруға шықтық. Еш қиын­дықсыз іздегеніміз табылды. Алғашқы кезде "татуировка салатын адамды табу қиын болар. Оның үстіне қазақылықты сақтаған Сыр елі болғаннан соң сәннің бұл түріне халықтың сұранысы жоқ шығар" деп ойлаған едік. Қателесіппіз.

   - Біздің аймақта денеге сурет салу сәнге айналып келе жатыр. Халықтың сұранысы әзірге орташа деңгейде. Себебі, біздің менталитет мұндай сәннің түріне қарсы. Содан болар татуировка сал­ғанға да, салдырған жанға да тел­міре қарайды. Менің бұл кәсіп­пен айналысып жүргеніме 3 жылдай уақыт болды. Он алты жасымнан бастадым. Аудиториямның басым көпшілігі қыздар екенін де жасырмаймын. Шамамен 18-30 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер осы тәнтаңбаны салдыртуға құмар. Келген жастардың бір ғана ойы бар, олар заманауи көрінгісі келеді, сәннен қалмай, ел арасында ерекшеленуді мақсат етеді. Енді бірі арнайы салдырады. Әр салдырған суреті я болмаса жазуының астарында өзіне мәлім оқиға, естелік тұ­ратынын да айтып жатады,- дей­ді татуировка маманы Айбек Абжан.

    Жан сұлулығынан тән сұлулығын басты орынға қоятын жас қыздардың бұл әрекеті ерсі кө­рінетінін біз айтпасақ та белгілі. Тәуекелге бел буып, денеге өшпестей із қалдыру ұр­пақ үшін қауіпті екенін тағы айтамыз. Қынжылтатын бір жайт бар. Ойланбастан от басып, денсаулығына мән бермеуі де асығыс шешімнің, еліктеушіліктің нәтижесі. Ақыр соңында "аһ" ұрып, сан соғып қалатыны да жасырын емес. Медицина мамандарының айтуынша, ине арқылы түрлі аурулар адам денесіне тарайды. Жұқпалы аурулардың түр-түрі де осы бір иненің әсерінен бойға жайылатындығы да бесенеден белгілі. Сондай-ақ тату мен пирсинг қатерлі ісік ауруына себепші болатын басты фактор. Денеге сурет салудың салдары неге әкеліп соғатынын осыдан-ақ аңғаруға болады. Қазіргі таңда кәмелеттік жасқа толған сұлулардың сурет салдыртып, сән қуып, мәз болып жүргенімен соңы не болатынына ешкім жауап бере алмайды. Қарап отырсақ, жаһанданудың жат қылығын жанымызға жақын тартқанымыздың бір зардабы осы. Яғни, бұл болашақ ел жастарының денсаулығы мәз болмай тұрғандығынан хабар беріп тұрғандай. Бесіктен белі шықпай жатып, шет елдің мәдениетіне құ­мар жастар деннің саулығынан бұ­рын дененің сұлулығы үшін бар тапқан табысын жаратып әлек. Бұл жөнінде татуировка құның сұрап, маманмен тілдестік. Айбектің ай­туын­ша, ең төменгі баға 2000 теңгеден басталады, ал көлеміне байланысты баға бағамы да шарықтап өсе беретін көрінеді. Ең бастысы, сапалы әрі тұтынушының көңілінен шы­ғып жататынын айтады ол. Әри­не, көңіл қалаған нәрсенің көрікті шы­ғуы кімді болса да қуантады. Содан болар қаржының қомақтылығына қарамастан қалтасынан оңай шығарып беретіндігі. Бүгінгі күнге дейін татуировка салатын шеберге ешкім шағым айтып келген емес. Ал, қа­жетті құрал-жабдықтарының тазалығы жөнінде сұрағанымызда ойланбастан нақты жауап берді. "Бір рет қана қолданатын құрал болғандықтан, оны екінші рет тұтынушыға пайдаланбаймын. Арнайы гигиеналық-санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс жасаймын",- дейді Айбек Абжан.

    Мамандар сурет салуда қолданылатын бояулар құрамында денатурат, метил спирті, этиленгликоль, альдегидтер сияқты улағыш заттар болатындықтан, адам саулығына кері әсер беретінін айтып жүр. Осы орайда облыстық тері-венерология­лық диспансеріне барып, өңірімізде тері ауруларына шалдыққан және тату инесі арқылы жұқпалы ауруға душар болған жандар тіркелген-тіркелмегенін білу үшін барғанымызда  мамандар ақпарат беруден бас тартты. Одан бөлек мұндай жұқпалы дерттің алдын алу мақсатында жасалатын шараларды сұрағанымызда да нақ­ты жауап бермеген еді. Өзімізден гөрі шетелдің ақпараты ашық. Біз өз ау­руымызды әлі жасырып жүрміз. Ал, Португалия мен Америкада денені піскілеп сурет салу мен тесудің бір­де-бір пайдасы жоқ екеніне көз жеткізген. Біздің қазақ оны да айтқысы кел­мей­ді. Вашингтон университетінің ғалымдары түрлі зерттеу жұмыстарын жасау арқылы татуировкадан аурудың 22 түрін жұқтыруға болатынын анықтаған. Сондықтан да ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды іздегеніміз дұрыс болмақ.

     Ислам дінінде денеге қандай да бір сурет салу харам болып саналатынын айтады. Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.ғ.с) хадисінде: "Суретті салған адамға және де салдыруды ниет етіп салдырған адамға Алла елшісінің лағынеті болады",- дейді. Ал "Ниса" сүресінің 119-ая­тында денеге өзгеріс енгізу жайлы жазылған. Адам баласы мұндай жат әрі жаман әдеттерге шайтанның азғыруы арқылы баратынын айтқан. Яғни, денені жарақаттап сурет салу шариғат бойынша харам деп көрсетілген. Егер салмақты сөзді ұғатын қоғам болса, ерсі көрінер сән­нің бұл түрі жат болары анық.

    Жалпы тәнтаңбаның ерте кезде өзіндік мән-мазмұны болған, дәлі­рек айтсақ, әр адамның қоғамдағы рөлін денесіне салынған суреттері арқылы аңғарған. Қарақшыны да, ұрыны да елге масқаралау бағытында жүзеге асырған. Тәнге түскен белгі арқылы кімнің кім екенін осылайша оңай анықтаған. Ал, қазір­гінің адамы суретті денесіне мақтаныш үшін салып жатады. Алайда, денеге салынған мәңгі өшпес суреттің кімге керегі бар?! Біздің мақсат -  татуировка салдырған жандарды табалау емес, бар болғаны ойлы оқырманға ой тастау.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 52 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ЖАСЫН МІНЕЗ, ЖАСТЫҚ ЛЕП Киелі мекеннің мерейтойы »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C