Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:30

Киелі мекеннің мерейтойы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Ала жаздай төккен тер, еселі еңбек пен моншақтап төгілген маңдай тердің арқасында молшылыққа кенелудеміз. Тынымсыз еңбектің жемісі күздің осы бір кезінде көзге көрініп, ел мерейін асқақ ететіні ақи­қат. Даланы сары кілеммен көмкерген күз мезгілі диқаншылар мен егіншілер үшін үлкен мереке. Себебі қоңыр күз алқабын баптап, жылдық азығын еселеп еңсеріп алатын уақыт. Егінін жинап, төл басын көбейтіп, атадан қалған кәсіпті ел игілігі үшін нәсіп етіп отырған ең­бек ерлерінің осы бір қызметі құр­метке лайықты. Осы орайда Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойымен орайластырып, "Алтын күз - 2018" мерекесі тойланды. Киелі мекеннің төрінде өткен думан екі күн­ге созылды. Шиелінің шырайлы хал­қына мереке сыйлаған алтын күз жәрмеңкеден бастау алып, мәдени-танымдық іс-шаралармен жалғасын тапты.

   Молшылықтың символы болған "Алтын күз" мерекесі облысымыздың әр қиырында өзінше тойланды. Табиғаттың сарқылмас сыйынан сапалы өнім шығарып, кетпенін күнге сүйдіріп еңбектенетін шаруалар үшін күз мезгілінің берері мол. Маңдай терді қажет ететін еңбектің жемісін жәрмеңке арқылы көруге болады. Жыл сайын дәстүрге айнал­ған Алтын күз мерекесі Шиеліде ерекше аталып өтті. Қос мереке қарсаңында аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жиылған халық, өзіне керек өнім­ді алып, сауда сәнін келтірді. "Сапаржай" орталық автобекетте бір саппен тізіліп, жағалай орналасқан жиырма екі ауылдық округінің еңбеккерлері өздері шығарған өнімді аудан жұртшылығына ұсынды. Жергілікті ауыл шаруашылығының тауарлары 20 пайызға арзандатылған бағамен саудаға қойылғанын айта кетейік. Сондықтан да ауа-райы­ның салқындығына қарамастан аудан тойына келген халықтың қарасы қалың. Сапалы әрі табиғи өнімге қашанда сұраныс көп. Базар бағамынан бір­шама арзан сатылған азық-түлік тауарларына әрбір тұрғын таңдау жасап, қолға алған ақ қалтасын молшылыққа толтыруда. Әрине, бұл ауыл халқының еңбекті бағалап, сапасын саралап тіршілік ететіндігінің белгісі. "Алтын күз - 2018" мерекесі аясында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық өнімде­рінің жәрмеңкесіне аудан әкімі Әшім Оразбекұлы арнайы келіп, табан ақы тер төгіп, аянбай еңбек етіп келе жат­қан ауыл тұрғындарын мерекемен құт­тықтап, мол табыс тіледі. Келген қо­нақтар мен кент тұрғындары ел несібесін молайтқан ауылшаруашылық саласының азаматтарына өз алғыстарын білдірді. "Қыстың қамын жазда ойла" дегенді әдетке айнал­дыр­ған қазақ халқы жәрмеңкенің жәрдемімен өз үлесіне қол жеткізді. Отыздан астам өнім түрлері қойылып, 331,1 тонна өнімді саудаға шығарды. Осы ретте аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеде 2,4 тонна ет, 266 тонна көкөніс, 40 тонна бақша өнімдері, 7 тонна сүт өнімдері және 5 тонна балық сатыл­ған. Жалпы, биылғы жылы жәрмеңкеде 30 млн. 675 мың теңгенің өнімі саудаға шығарылған. Мерекелі күздің берекелі жәрмеңкесі қызу қарқынмен өткеніне куә болдық. Алтын күздің қуа­ныш сыйлай біл­генін әрбір тұрғынның жылы жүзі­нен  аңғаруға болады.

   Таң бозарып атқаннан күннің көзі қайтқанша тынымсыз жүрген Сыр халқы И.Құтпанұлы атындағы орталық стадионға жиналды. Қаз-қатар тігілген киіз үй, мерекелік көңіл-күй, ауылдың шынайы кө­рінісі көз алдында тұр. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін мәз болысып, салқын күздің сыбдырын сезбестен ауданның 90 жылдық мерейтойына куә болды. Тоқсан жылда талай тарихи оқиғалар мен есте қалар ыстық естеліктердің орын алғаны бәрімізге мәлім. Киелі мекеннің топырағынан түлеп ұшып, бүтін бір қазақ елінің атын шығарып, есімі алтын әріппен тарих төрінен орын алған дара тұлғалардың бейнесін театрландырылған қойылымдар арқылы ел назарына ұсынды. Шиелі аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері өңірден шыққан әрбір тұлғаға жеке-жеке тоқталып, болмысын ашып көрсете білді. Алаңды алғаш кесіп өткен Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай кешегі күнге көрерменмен бірге саяхат жасаса, ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаев кетпен-күрегі бар шәкірттерімен егіс алқабын аралағаны дала академигінің даналығын анғартып тұрғандай. Нартай Бекежановтың "Нартай бригадасы" сырнайлатып ат арбамен егістікті әуезді әуенмен аралауының өзі өнерлі халықты көз алдымызға алып келгендей көрінді. Сыр ақыны Әбділда Тәжібаевтың "Сырдария" әні кө­ріністің кереметтілігін, мазмұны мен мағынасын жеткізсе, кеншілермен әңгімелесіп келген Шахмардан Есеновтың бейнесі де шиеліліктер үшін әсерлі болды. Берекелі күз айы­ның қадірлі мерекесін тойлауға жан-жақтан қонақтар келіп, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ шара барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов арнайы мерейлі мерекеге келіп, тарихы кемел, тамыры терең Шиелі ауданының 90 жылдығымен құттықтады. Шиелі мекенінде 41 Еңбек Ерінің жолын жалғап, ауылшаруашылығына өзін­дік үлесін қосып келе жатқан қаншама аудан азаматтары бар. Дәс­түрге айналған "Алтын күз" мерекесі аясында агроөнеркәсіптік саланың барлығында нәтижелі еңбек еткен, табысқа кенелген ауыл шаруашылық саласының үздіктерінің мәртебесі артып, марапатқа ие болды. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы марапат иелерін құттықтап, алғысын білдірді.

    - Бүгінгі қол жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз халықтың ынтымағы мен бірлігінің арқасында және атқарған еселі еңбегі мен қажырлы қызметінің жемісі деп білемін. Бұл жетістіктер - шежірелі Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойына лайықты тарту болды. Той - халықтың қазынасы, ағайынды араластыратын, алысты жақындастырып, дәстүрді жаңғыртатын мереке. Шиелі ауданы барлық кезде осындай ынтымақ пен бірліктің арқасында үлкен жетістікке жететініне мен сенімдімін. Биыл су тапшылығы байқалса да, шаруашылықтардың бірлігінің, қайсарлығы мен ерік-жігерінің мықтылығының нәтижесінде тиісті өнім жиналды. Облыс бойынша күрішке алғашқы болып орақ түсті, - деді аудан басшысы.

    Шиелі ауданы - талай алып тұл­ғалардың мекені. Алтын күз мерекесі аясында тағы бір тағылымды шараның басы-қасында болдық. Салтанат сарайында аудан тарихынан сыр шертетін "Шиелі шежіресі" атты кітаптың тұсаукесері өткізіліп, ғылыми-танымдық конференциямен өз жалғасын тапты. Конференцияға ғалым, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, журналистер мен зиялылар, еңбек ардагерлері мен жастар қатысты. Мерекелік жиында еңбек ардагері Б.Жәукебаева баяндама жасап, Шиелінің өткені мен бүгініне, тарихи орындары мен киелі мекендеріне тоқталып, зерделей түсті. Бойында шежіресі тұнған, даласы дархан, қойнауы қазынаға толы Сыр еліне, туған өлкеге құрметпен қа­рау­ға, оны ардақтауға атсалысуға барша шиеліліктерді шақырды. Сонымен қатар қала әкімі Н.Нәлібаев­тың құттықтау хатын қала әкі­мінің аппарат басшысы А.Есмаханов оқып, мерейлі мерекемен құттықтап өтті.

     Шайырлар туған Шиелінің тоқсан жылдық тойында сөз қадірін білетін, суырып салма өнердің шыңына шығып, топ жарған айтыскерлердің кестелі сөзіне куә болу үшін келген халықты көріп, көңілін бір жайланғандай болды. Алтын күздің сәніне айналған дәстүрлі сөз додасына туған жердің топырағынан шыққан айтыскерлер қатысты. От ауызды, орақ тілді он ақын киелі мекеннің кереметтілігін жарыса тілге тиек етті. Араға он жыл салып, сахнаға сағындырып оралған Еркін Садықұлы мен ауданның бас ақыны Кенжебай Жүсіп айтыстың шымылдығын ашып, 90 жылда жеткен жетістіктерден жыр арнады. Екінші болып Талғат Күзенбаев пен Бекжан Ержігіттің өнеріне ел тамсана қарап, көтеріңкі көңіл-күйге бө­ленді. Күйеу бала мен қайын аға арасындағы әзіл-қалжыңға құрал­ған айтыс көптің көңілінен шықты. Осылай жалғасқан айтысқа жұрт ризашылығын білдіріп, мәз-мейрам болып тарасты. Мерекелік кө­ңіл-күйдің жалғасы орталық стадиондағы кең көлемде өткізілген концертке ұласты. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік шарада әннен шашу шашылды. Көңілді жаулаған керемет кеш­тің куәсі болған жастар да ел ішіне белгілі өнер иелерінің әндерін қосыла шырқады.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА,

Шиелі ауданы

Оқылды: 474 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:51
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тәнге түсер таңбаға сұраныс көп

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C