Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Қазан 2017 06:38

Дарынды оқушы – ұлтымыздың болашағы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Қыркүйек айының 11-13-і аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Абай ауданында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың шығарма­шылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін да­мыту мақсатында XVIII республикалық Абай оқулары өткізілді. Байқауда елі­міздің әр өңірінен 90-ға жуық оқушы бақ сынады.

   Расында, бала санасында әдебиетке деген құш­тар­лық­ты бүгіннен бастап қалыптастыру керек. Оның үсті­не, өскелең ұрпақты Абай Құнанбайұлының мұраларына қызықтыру, поэзияға баулу кезек күттіретін мәселе емес. Мұны облыстың әр ауданынан келген үміткерлер де жете түсінсе керек, олар бойындағы барлық өнерлерін ортаға салып, қазыларға өздерінің осал еместігін дәлелдеуге ты­рысты. Байқауға қатысушыларға Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ филологиясы факультетінің деканы, филология ғылым­да­рының докторы, профессор Айбар Қабекенұлы Қады­ров төрелік етті. Байқауды ашқан басқарма басшысы Талғат Шәкенұлы: "Абай әлемі бізді жеті түнде адас­тыр­мас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұ­рысын сараптай аламыз. Өз халқын өсіп, өркендесін дей­тін әр азамат әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ас­­сын деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзін жан жүре­гі­мен түйсінген азаматтар қатары жыл сайын Абай оқу­ла­рына қатысқан саналы ұрпақпен толығып келеді" деген пікір білдірді.

   Абай оқулары төрт бөлім бойынша сарапқа салынды. Айтар болсақ, оқушылар "Өлең-сөздің патшасы, сөз сара­сы" атауымен Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқыса, "Көңілім әнді ұғады" аталыммен Абай әндері мен күй­лерін орындады. Ал, "Жүйріктен жүйрік озар жа­рысқанда" атты жас дарындар байқауы бойынша оқу­шы­лар өз шығармаларымен сынға түссе, "Ұлылар әлемі" бай­қауында оқушылар берілген тақырыпқа эссе жазды.

 Байқаудың бірінші бөлімі бойынша киелі Қармақшы жерінде орналасқан білімнің қара шаңырағына айнал­ған, талай қыранды қанаттандырып, талай ұланды ұясы­нан ұшырған  білім ордасы №80 мектеп-гимна­зия­­сының 6-сынып оқушысы Ақерке Жансанова қа­тысты. Ақерке Абай және Шәкәрім мұраларынан 370 өле­ңін, сондай-ақ "Ескендір" және "Еңлік - Кебек" поэ­ма­сын мүдірмей жатқа оқып, таң қалдырды. Байқау ба­рысында "Үш тілді меңгеру - заман талабы" деп білетін жас дарын Абайдың "Қыс" өлеңін үш тілде жатқа орын­дап берді.

   А.Жансанова Абай, Шәкәрім мұраларын жаттауда қиын­­дықтарды жеңуге қазақ поэзиясына деген сүйіс­пен­­шілігі себеп болатынын айтады.

    Ең алғаш мектептің табалдырығын имене аттаған әр­бір оқушының қолына «Әліппе» ұстатып, әрқайсысының ал­­дына мақсат қоя білетін оқушы атандырып, бола­ша­ғы­на жол ашқан, қияға қанат қақтырған ордалы мек­теп­­тен әлі талай Ақерке сынды дарынды оқушылардың шы­ғарына сеніміміз мол.

М.Жүнісова,

№ 80 мектеп-гимназиясының қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімі

Төретам кенті,

Қармақшы ауданы

 

Оқылды: 318 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C