Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 12 Қазан 2017 09:29

КӘРІ ҚҰРЛЫҚТЫҢ ҚАҚПАСЫ ҺӘМ БІЗГЕ БЕЙМӘЛІМ БЕЛЬГИЯ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Бұл Еуропа! Еркіндіктің лебі ескен, мәдениет пен стильдің өзіндік аурасы сабақтасқан кәрі құрлық елдері көпке осындай атрибуттарымен белгілі. Өркениетке ертерек мойын созған дәл осы Еуропаның қақпасы Бельгиядан бастау алады. Себебі ел аузында Бельгия Еуропаның алтын қақпасы аталып кеткен. Бір кездері дамыған елдің көшін бастап, дүйім жұртқа өзіндік мәдениетімен танылған шағын елдің шартарапта алатын орны ерек. "Алуан түрлі әлем" айдары Еуропа елдеріне із басады. Алғашқы аялдама - Бельгия.

   Бельгия Корольдігі - Батыс Еуропада орын тепкен, оңтүстігінде Франция, шығысында Алмания және Люксембург, солтүстігінде Нидерланд, батыста Солтүстік теңізбен шектесетін кішігірім ел. Еуропа елдерінің маңызды мәселелерін шешетін, түйін шығаратын ЕуроОдақ пен НАТО-ның мүшесі.

   Бельгия жерінде екі ұлттың валлондар мен фламандардың мәде­ние­ті қабысқан. Сол себептен де бұл елде көптілді, алуан түрлі көзқарастарды айқын аңғаруға болады. Тарихы да өз алдына бір тақырып. Сонда да, қысқа қайыра кетейік, Бельгияда ерте кезден белг тайпалары өмір сүрген деседі. Кейіннен сол тайпаларды Рим империясы басып алып, жаңадан провинция құрады. Бельгия жеріне көз тіккен герман тайпалары көшіп келіп, орнығады. Осылайша, Бельгия бірнеше уақытқа дейін Франк мемлекетінің құрамында болып, тек 16 ғасырда ғана Еуропаның бірқатар мемлекеттерімен бірігіп Солтүстік Францияның бір бөлігі саналып, Нидерланд атауына ие болады. Бертін келе, Бельгия испандардың қол астына өтіп, испан билігінің ықпалымен жүреді. Әйтсе де, бұл көпке ұзамайды. Елде өнеркәсіптің тамырына қан жүгіріп, елдің біраз бөлігі Нидерланд корольдігіне бірігеді. Ел ішіндегі соғыстардан кейін 1831 жылы Бельгия басыбайлы отарлық санадан айырылып, тәуелсіздігін алады.

    Бельгия билігін алаңдатқан негізгі мәселе - жердің тапшылығы. Біздегідей қара жердің қазығын қағылып қойып, бос жатқан жерлер жоқ. Бәрі де өндірістік мақсатты көздейді. Халық санының артуы жер тапшылығын туындатады. Әйт­кен­мен, Еуропа елдері арасында өмір көрсеткіштері бойынша көш басында. Мұны бельгиялықтардың еңбе­гіне төленетін айлық жалақыдан кө­ру­ге болады. Айталық, статистика­лық мә­ліметтер орташа айлық  3500 евро, бұл біздің теңгеге шаққанда 133000 тең­ге төленеді. Жұмыссыз отырған аза­маттарға да аталған қаржы көлеміндей төлем төленеді. Әлбетте, Еуро­па­да өмір сүру қымбат. Десе де, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемақы, бір реттік бала күтіміне берілетін жәрдемақылар да қалыпты тіршіліктің тініне жетіп артылады. Бір қуанышқа бір қайғы дегендей, соңғы жылдары Бельгияда жұ­мыссыздық мәселе­сін­де де қолбайлау бар. Кей деректерде Бельгияның жұмыссыздық деңгейі 8,6 %-ға жеткен. 11 миллион халықтың тең жартысы жұмыс таппай қиналады. Оған машина құрастыру, текстиль, әйнек, химия өнеркәсібі салаларына деген сұраныс төмендігі себеп. Әйтсе де, Бельгия өндіріс көзі қара металлургия арқылы жан санын аман сақтап отыр.

    2002 жылдан бері ел тұрғындары электронды куәлік алуға көшкен. Электронды қолтаңба ар­қылы жүзеге асырылатын куәлік құ­жат арқалаудың машақатынан айырады.

     Бельгия 400 түрлі сыра дайындалатын әлемдегі жалғыз ел.  Эскпортқа да, импортқа да жетіп артылатын сыра зауыттарының көптігінен жылына түрлі фестивальдер мен кон­курс­тар ұйымдастырылады. Тіпті жұмыр жерді аралап жүрген саяхатшылардың өзі Бельгия сырасының дәмін тату үшін арна­йы­лап ат терлетеді. Сонымен қоса, тәттіқұмар туристер де Бельгияға беттейді. Жылына 220 000 тонна шоколад өндіретін бұл ел шоколад саудасынан да кіріс кіргізіп отыр.

    Бельгия білімге басымдық беретін ел. Әсіресе, ұстаздар жас баланы өз тарихын терең білуге баулиды. 12 жыл білім алады. 6 жастан бастап оқушы мектепке қабылданады. Ақы­лы мектептер де есігін айқара ашады. Мемлекеттік және жеке меншік оқу орындары да жетіп артылады. Оқу ақысы да стандартты бағалардан әрі аспайды.

    Бельгия астанасы Брюссельді аса бір архитектурасы бар  қала деп айтуға келмейді. Қалай болса, солай салынған, түрлі пішіндегі үйлер мен ғимараттар ескі қалашықтарды еске түсіреді. Әйтсе де, Еуропаның кіші­гірім қалашығы саналатын Брюссель үшін бұл мәдениет жолы. Айталық, тар көшелерінің бойында түрлі жанр­дағы суреттер алыстан меңмұндалайды. Әлеуметтік мәселелерді әзіл­мен түйреген суреттер келген жан­ның назарын өзіне аудармай қоймайды.

    Әлемдік өркениеттің бастауында тұрған, ұлт мұрасын сақтай отырып, жаһандануға қадам басқан Бельгия­ның бұл бізге мәлім қырлары ғана. Біз білмейтін тұстары қаншама!

А.ҚАРАКЕСЕК

Суреттер  smileplanet.ru

Оқылды: 70 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер